Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы



бет4/16
Дата07.03.2023
өлшемі58,79 Kb.
#171430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы
Документ Microsoft Word, Қазақстан Республикасының Президентін жолдауы 2014 жыл 11 қараша
Техникалық және кәсіптік білім
Республикада 896 техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі - ТжКБ) оқу орны жұмыс істейді, онда 600,7 мың жас білім алады.
Тренингтер, конкурстар, викториналар, олимпиадалар, конференциялар, шығармашылық кештер, спорттық жарыстар және т.б. сияқты тәрбие жұмысының нысандары қолданылады.
ТжКБ оқу орындарында «тәуекел топтарының» балаларын анықтау жұмыстары жүргізіледі, білім алушыларға психологиялық көмек көрсетіледі, психологиялық қызмет жұмыс істейді.
Жастар арасында өндіріс кәсіптерін танымал ету мақсатында жыл сайын «Үздік кәсіп иесі» кәсіби шеберлік, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсуі мен Қазақстанның музыка өнерін насихаттау, музыка бағытындағы ТжКБ білім алушыларының кәсіби даярлығын арттыру үшін музыкалық колледждерде білім алушы орындаушылардың республикалық конкурстары өткізіледі.
Сондай-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі:
1) жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың азаматтық және адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал ету;
2) оқудан (негізгі жұмысынан) бос уақытта қосалқы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру арқылы жас азаматтардың кәсіби бейімделуіне және жұмысқа орналасуына ықпал ету;
3) кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету;
4) жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қоғамдық маңызы бар жастар бастамаларын дамыту болып табылады.
Тәрбие жұмысының мәселелері педагогикалық және қамқоршылық кеңестер отырыстарында қарастырылады. 550 оқушылық өзін-өзі басқару органы жұмыс істейді. «Кәсіп kz» республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жастар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.
ТжКБ оқу орындарындағы тәрбие жұмысына жүргізілген талдау қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеу проблемалары жедел шиеленіскенін көрсетеді. Бір жағынан студент жастарды дербестігі, іскерлігі мен икемділігі, өзінің тағдырына жауаптылығы, сапалы білім алуға және кәсіби даярлануға аса қызығушылық танытуы ерекшелендіреді. Екінші жағынан өтпелі жасқа, стрестік жағдайларға, толық емес отбасындағы тәрбиеге, ата-аналардың тәрбиеге уақытының жетіспеушілігіне, жастар арасындағы психологиялық жанжалдарға және тұрмысы нашар отбасыларға байланысты проблемалар бар. Білім алушылардың бір бөлігі девианттық мінез-құлықты адамдардың санатына қосылып кетеді. Сондай-ақ колледждер мен кәсіптік лицейлердегі тәрбие жұмысының проблемалары менталитетті, өмір сүру салтын, әлеуметтік-экономикалық факторларды өзгертудің күрделі процестеріне негізделеді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагогтердің, психологтардың жетіспеушілігі, спорттық секциялар, клубтар, үйірмелер, тренажерлық залдар, мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс-шаралары санының жеткіліксіздігі, жүйелі мониторингтің болмауы сияқты проблемалар бар. Сауалнама деректерінің талдауы бейімделу кезеңінде студент жастармен нақты жеке жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет