Барлығы – 135 сағат


Дәрістің мазмұны: ХҮІІІ ғ. І ширегіндегі Россияның экономикалық және әлеуметтік саясаты



бет25/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45

Дәрістің мазмұны:

  1. ХҮІІІ ғ. І ширегіндегі Россияның экономикалық және әлеуметтік саясаты.

  2. Анна Ивановнаның тұсындағы Ресей. Империяның ішкі саясаты;

  3. ХVІІІ ғ. елдің ішкі саясаты: Дворяндар мен көпестердің мүмкіндіктерінің артуы. «Дворяндардың еркіндігі туралы Манифест»;


9-дәріс

ХVІІІ ғ. І - ширегіндегі Россияның экономикалық және әлеуметтік саясаты.

Петр І-нің сыртқы саясаттағы елеулі табыстары Россия экономикасындағы қайта құруларсыз мүмкін емес еді. І Петр патшалық құрған жылдары Россия өзінің экономикалық дамуында орасан зор өзгерістер жасады. Әр алуан салалы 200 – дей монфактуралар ашылды. Метал өндіруден дүниежүзінде І орынға шығып, Еуропалық рынокқа метал сатушы елге айналды. Техникалық құрылымы жағынан орыс зауыттары Батыс Еуропалық деңгейде болды. Бұл нәтижелер мемлекеттің экономикаға батыл араласуының салдары болатын.

Мемлекет меркантилизм және протекционизм саясатын жүргізді. Тиімді тауар түрлерін өндіруді маңызды мәселе деп есептеді. Жаңа өнеркәсіп аудандары құрылды. Мысалы: Орал өнеркәсіп ауданы. Бұл ауданда ауыр және жеңіл өнеркәсіп орындары салынды. (мата, мақта, тері, қағаз өндірістері). Мемлекет ішкі, сыртқы саудаға монополия орнатты.

Мемлекеттің экономикалық саясаттың екінші бір саласы салық саясаты болатын. Салықтың негізгі бөлігі шаруалардың мойнына түсетін. Салық тұрақты және экстра ардинарлық болып екіге бөлінді. Салық түрлері: ақшалай натуралды, жұмыспен өтеу т.б. Шаруалар сонымен қатар рекрут салықтарын өтеді, жолдар салды, каналдар қазды, көпірлер тұрғызды, әскери бекіністер тұрғызды, сондықтан да шаруалар жыл бойы өз қожалықтарынан қол үзді. Мемлекеттік қазыналарды толықтыру мақсатында жамбас салығы салынды. 1718-1724 жж. қалалар мен уездерде ер адамдар санағы жүрді. Бұл санақ нәтижесінде сарай қызметкерлері де салық төлеуге тиісті болды. Салықтан тек қана дворяндар мен дін иелері босатылды.

Салық ауыртпалығы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды туғызды. Шаруалар өз қожаларынан қаша бастады. Тіпті кей кездерде қару алып та қарсыласты. Мысалы, 1707-1708 жж. Дон атаманы Кондрати Булагиннің көтерілісін атауға болады.

Петр І дәуірінде дворян сословиясы тұрақты түрде армида қызмет істеді, олар ең төменгі шеннен бастады. 1722 ж. «Табель о рангах» деген құжат бойынша барлық әскери азаматтық қызметкерлер 14 дәрежеге бөлінді. Әрбір қызметкер өзінің қызметі барысында 14 дәрежеге дейін көтеріле алды. Мысалы: 8 дәрежеге жеткендері офицер шенін алып, мұрагерлік дворян сословиесінен өтті.

1714 ж. патша бұйрығы бойынша жер иелеріне жерді бөліп сатуға, сыйлауға тыйым салынды. (единонаследие).

Әлеуметтік саясатта монфактураларды жұмыс қолымен қамтамасыз ету қарастырылды. Әрине крепостной право өнеркәсіптің дамуын тежеді. Монфактуралардағы жұмыс қолы, негізінен ерікті шаруалар тобынан қалыптасты, яғни, 1649 ж. «Собор Уложениясына» ілікпегендер есебінен. 1721 ж. Петр І монфактураларға крепостной шаруалармен қоса тұтас деревняларды сатып алуға рұқсат берген жарлығын жариялады. Кейін бұндай шаруаларды «посессиондық шаруалар» деп атады. Бара-бара крепостной шаруалар еңбегіне негізделген манфактураларда еңбек өнімділігі төмендеп, Россияның Еуропадан артта қала бастауының негізіне айналды. Дегенмен де Петр І дәуірінде Ресейде қуатты индустриялық база жасалып, бірақ елдегі капиталистік қатынастардың даму тенденциялары тежеле берді.


Билік және басқару органдарының реформасы.

1708 ж. Россияны губернияларға бөлу жөнінде патша жарлығы жарияланды. Бұрынғы бірнеше уездер провинцияларға, ал бірнеше провинциялар губернияларға бірікті. Алғашқы кезде 8 губерния құрылды. Губерниялар басында губернаторлар немесе генерал-губернаторлар отырды. Одан кейін жоғары басқару жүйесіне реформа жасалынды. Бұрынғы Москва Русінде ең жоғарғы билік Боярлар Думасының қолында болатын, әрине Дума билігі патша билігімен шектелетін. Енді Боярлар Думасы сословиелік орган ретінде өзінің маңызын жойды, заң патша атынан жарияланатын болды.

1711 ж. басқарушы Сенат құрылды. Бұл патша жорықтары кезіндегі билік жүргізетін орган болатын, бара-бара Сенат тұрақты органға айналып, Петрдің мемлекеттік жүйесіндегі маңызды органға айналды. Сенат барлық Чиновниктармен жаңа мекемелерді сайлады. 1722 ж. 12- қаңтардағы жарлық бойынша Сенаттың басқару жүйесіндегі прволары кеңейтілді. Сенат прокуратура функцияларын атқара бастады.

Петр І мемлекеттік бақылау ісін жетілдіру мақсатымен фискалитет жүйесін құрды. Бұл мекеме әкімшілік қызметі үстінен құпия бақылау жүргізді. Фискалитет жүйесі Батыс Еуропада кеңінен тараған тәжірибе болатын. 1725 ж. генерал – фискал және оның көмекшісі обер – фискал функциялары туралы арнайы нұсқау жарияланды.

Петр қайта құрулары ішіндегі ең маңызды өзгерістердің бірі шіркеу басқару жүйесі туралы реформа болды. Бұл мемлекет пен шіркеу арасындағы қарым-қатынас мәселесін шешті. Консирвативті позициядағы москвалық дін иелері Петр реформасына қарсылық білдірді сондықтан 1700 ж. патриарх Адриан қайтыс болғаннан кейін жаңа патриарх сайланбады, діни билік уақытша Рязан митрополитин Стефан Яворскииға берілді. 1701 ж. дін органдарының қолынан монастырлық және епископтық-вотчиналық жерлерді басқару правосы светтік шенеуніктер қолына берілді, яғни, мемлекеттің шіркеу жүйесіне бақылау күшейді.

1721 ж. Дін коллегиясы – Сенот құрылды. Сенот президенті болып, Стефан Яворский сайланды.

1920 ж. қалаларды басқару реформасы жүргізілді. Қала халқы екі категорияға бөлінді. 1. Регулярный, яғни қозғалмайтын мүлігі және сауда кәсібі барлар.

2. Қаланың қара халқы мен жұмысшылары.

Қаланы басқару жүйесі құрылды. Қала магистраттары құрылды. Олар қаланың барлық тұрмыс – тіршілігін басқарды.

Сонымен ХҮІІІ ғ. І ширегінде Россияда орта ғасырлық басқару жүйесінің орнына өте мықты бюрократиялық жүйе құрылды. Алайда, бұл жүйе ресейлік самодержавиялық билік шеңберіндегі жүйе болатын. Сондықтан да мемлекеттегі барлық саяси билік монархтың қолына жинақталды. Монарх барлық заң шығарушы билікті өз қолына жиып, құқық көзіне айналды. Белгілі тарихшы А.С. Лаппо-Данилевскидің айтуынша «Патша өз пікірі негізінде шешімдер қабылдап, саяси мақсаттар мен міндеттерді өзі ғана анықтап отырды». Сол кездегі Андрей Нартовтың әңгімелерінде мынандай анықтама берілген: «Говорят чужестранцы, что я повелеваю рабами как невольниками. Я повелеваю подданами, повинующимися моим указам. Сии указы содержат в себе добро, а не вред государству. Английская вольность здесь не уместна, как к стене горох. Надлежит знать народ, как оным управлять».

Сонымен Петр І дәуірінде Россияда абсолюттік режим қалыптасты. Батыс елдерінде абсолютизмнің классикалық формалары орныққан болатын. Алайда Батыс Еуропада капитализмнің қарқынды дамуы жағдайында абсолютизмнің қарсыласы буржуазия болып есептелеінетін, ал Россияда бұл жоқ. Сондықтан Россияда абсолюттік монархияның азиаттық диспотизмге тән белгілері болды. Петр І реформаларына баға бере келе өзінің көлемі мен салдарлары жағынан орасан зор өзгерістер болып, Россия прогрес бағытында орасан зор қадам жасады, Россия өте маңызды сыртқы саяси мәселелерді шешті. Алайда реформалар феодалдық-крепостниктік система шеңберінде жүргендіктен осы системаны консервациялап, жаңа тенденциялардың дамуына мүмкіндік бермеді. Ал бұл жағдай Россияның Батыстық өркениеттің дамыған елдерінен артта қала беруіне негіз болды.
Ұлы Петр тұлғасына баға.

ХІХ ғасырдағы «батысшылдар» Петр дәуіріне, тұлғасына өте жоғары баға берді, ал, «славянофилдер» орыстық ұлттық ерекшеліктерді жойды деп айып тақты. Белгілі орыс тарихшылары С.М. Соловьев, В.О. Ключевский Петр тұлғасына өте жоғары баға береді. Петр тұлғасына біржақта баға беруге болмайды. Оның мемлекет қайраткері ретіндегі қызметін өте жоғары бағалаймыз, шын мәнінде Петр реформалары Россияның негізгі даму бағыттарын анықтап берді. Россияда ірі өнеркәсіп құрылып, тұрақты армия және флот құрылды, Россия ұлы державаға айналды, оның халықаралық байланыстары ұлғайды, Россия еуропалық мемлекеттер қауымдастығына кірді. Светтік білім, мәдениет дамыды. Қоғамның көптеген әлеуметтік топтарының тұрмысы мен өмірі өзгерді.

Алайда Петр реформалары, тұтас мемлекеттік саясаты күштеу және зорлау әдістерімен жүргізілгендігін ұмытпау керек. Петр қайта құруларының көлеңкелі жақтары да болды. Асығыс европизациялау саясаты қоғамның тек жоғарғы тобын ғана қамтыды, сөйтіп үстем таппен бұқара арсындағы байланыс үзілді. Қоғамның үстінен басшылық құрған қуатты бюрократиялық аппараттың құрылуы барысында тоталитарлық мемлекеттің негізі қаланды. Осы Петр дәуірінде бақылау жүйесі, жала жабу, жазалау, өлім жазасына кесу сияқты әдістер әдетке айналды. Қоғамда қорқу, қауыптену, үрейлену атмосферасы орнықты. Бұқаралық санаға жеке бас культі идеялогиясы енгізілді.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет