Барлығы – 135 сағат


ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет43/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45


7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Әдістемелік нұсқауда оқу әрекетін орындау әдістемесі, оқу процесін жүзеге асыруы көрсетіледі немесе нақты тапсырманы орындау барысы түсіндіріледі. Олар оқу әрекетінің мақсатын анықтайды және материалға қойылатын нормативті талаптарды белгілеуге тиісті.

Практикалық сабақтардың басты функциясы - дәріс барысындағы студенттердің теориялық білімдерін практикалық сферада жүзеге асыру.

1.1. Семинар сабағының тақырыптық жоспарына қойылатын талаптар:

- Практикалық сабақ жоспарының мамандықтың оқу жоспарына сәйкестілігі;

- Практикалық сабақтардың дәріспен, лабораториялық жұмыстармен және курстық жобалармен байланыстыратын құжаттарының (Сабақ кестесінің, курстың тақырыптық және оқу бағдарламаларының болуы) болуы;

- Жаңа техникалық құралдарды пайдаланып, практикалық сабақтың белсенділігін арттыру;

- Дәріс беруші мен оқытушының арасына байланыс орнатып, практикалық сабақ тақырыбын дәріс берушімен, ал дәріс мәселесін оқытушымен талқылау;

- Студенттердің практикалық сабаққа қатысты білім деңгейлерін анықтай отырып, олардың семинарларды тапсыру есебін қадағалау;

- Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарын, яғни олардың көлемін, құрылымын анықтау.

1.2. Практикалық сабақтың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Практикалық сабақтың тақырыбының оқу бағдарламасына сай келуі;

- Басқа ғылым салаларымен байланысын анықтау;

- Студенттердің жеке жұмысқа деген қабілеттіліктерін арттыру;

- Алға қойылған негізгі мәселені реттеудің амал-жолдарын таба білу;

- Студенттерді хрестоматиялармен, практикумдармен және арнайы құжаттар жинағымен таныстыру.

1.3. Әдістемелік іске қойылатын талаптар:

- Практикалық сабақтың дәрістермен логикалық байланысын қамтамасыз ету;

- Оқытушының және студенттердің практикалық сабаққа дайындығын қадағалау;

- Талас туғызып отырған мәселені әділетті және дұрыс шешу;

- Практикалық сабақтың студентке ауырлық және қиындық әкелетін мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, олардың жеңіл түсіндірілуіне әдіс-амалдар табу;

- Әр студенттің қабілеттілігіне сай жеке тапсырма беру;

Практикалық сабақтардың кең тараған түрлері:



    • Әңгімелесу;

    • Мәлімдеу;

    • Диспут;

    • Теориялық конференция;

    • Тақырыптың өзектілігін ашу;

    • Жеке проблемалардың толықтай талқылануын қадағалау;

    • Семинарлық сабақтың шығармашылық талқылау кезеңінің болуына мүмкіндік беру.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:

  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),

  • ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.
Студенттердің білімін тексеру сұрақтары

1. І д.ж.с. жылдарындағы Ресейдің әлеуметтік – экономикалық және ішкі саяси даму жағдайы.

2. Большевиктердің жаңа декреттері. В.И. Лениннің революциялық қызметі.

3. Азамат соғысының басталуы және шетел интервенциясы.

4. Ақтар мен қызылдардың терроры және оның мәні.

5. КСРО–ның құрылуы.

6. Жаңа экономикалық саясат - өндіріс пен шаруашылық салаларында.

7. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның маңызы.

8. Индустриализация процесі және өнеркәсіптің дамуының жаңа жолы.

9. 1920-1930 ж.ж. КСРО–ның сыртқы саясаты.

10. КСРО және ұжымдық – қауіпсіздік жүйесінің құрылуы.

11. КСРО мен Испания арасындағы соғыс.

12. Кеңес- неміс келіссөздері мен келісімдері, оларға саяси баға беру.

13. Кеңес- фин соғысы және оның нәтижелері.

14. Фашистік Германияның КСРО–ға баса көктеп кіруі. «Барбаросса» жоспары.

15. Қырым, Украина, Кавказ территорияларындағы антикеңестік, ұлттық қозғалыстар.

16. Ұлы Отан соғысының көрнекті басшылары және оларға саяси баға.

17. Смоленск шайқасы және оның маңызы.

18. Ленинградты ерлікпен қорғау.

19. Кеңес әскерінің Москва түбіндегі шайқасы.

20. Сталинград шайқасы: соғыстағы түбегейлі бетбұрыс.

21. Курск шайқасы және оның маңызы.

22. Тегеран конференциясы және оның шешімдері.

23. ІІ майданның ашылуы.

24. Потсдам және Ялта конференциялары, олардың шешімдері.

25. Ұлы Отан соғысындағы Германияның сөзсіз тізе бүгіуі.

26. Қызыл армияның Жапонияға қарсы әскери жоспарлары, Жапонияның талқандалуы және сөзсіз тізе бүгіуі.

27. Елдің соғыста бүлінген шаруашылықтарын қалпына келтіру жолдары.

28. ІІ д.ж.с. геосаяси салдарлары. БҰҰ- ның құрылуы.

29. Блоктық теке–тірес. «Қырғи–қабақ» соғысы - мемлекетаралық теке–тірес формасы ретінде.

30. ІІ д.ж.с. қорытындылары мен сабақтары.

31. КСРО–ның ХХ ғ. 50 ж. ІІ жартысындағы әлеуметтік – экономикалық және рухани саяси дамуындағы ерекшеліктер.

32. КСРО–ның халықаралық шиеленісті бәсеңдетудегі сыртқы саясаты.

33. И.В. Сталиннің қайтыс болуы. Сталин тұлғасының тарихи маңызы.

34. Н.С. Хрущевтің алғашқы реформалары.

35. КОКП–ның ХХ съезі және Сталиннің жеке басына табынуды әшкерлеу.

36. 1955 ж. Варшава Пактісі.

37. 1968 ж. Прага көктемі және КСРО–ның күш қолдануы.

38. 1955 ж. Германия және КСРО арасындағы Мәскеу шарты.

39. КСРО мен Қытай қатынастары.

40. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

41. КОКП–ның ХХІІ съезі және оның салдарлары.

42. КСРО–ның 60 ж. шаруашылық реформалары және олардың сәтсіздікке ұшырауы.

43. КСРО–дағы социалистік лагерьрлер.

44. 1970 ж. КСРО-ның ауыл шаруашылығындағы қиындықтар.

45. 1970 ж. демографиялық өзгерістер: урбанизация және оның салдарлары.

46. Москвадағы ХХІІ олимпиада ойындары.

47. 1960 – 70 ж.ж. КСРО–ның сыртқы саясаты.

48. 1970 ж. шиеленістің бәсеңдеуі және Хельсинки процесінің басталуы.

49. Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі және оның әскери–саяси салдарлары.

50. Брежневтің қайтыс болуы. Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің ролі.

51. М.С. Горбачевтің билік басына келуі. М.С. Горбачев реформасының алғашқы әрекеттері.

52. Социализмді «жетілдіру» жолдары және оның мәні.

53. «Қайта құрудың» кереғар сипаты және оның мақсат-міндеттерінің ойластырылмауы.

54. Демократизацияланудың басталуы: жариялылық, саяси жүйенің реформалары, орталық пен әкімшіліктегі биліктің жаңа құрылымы.

55. 1980 ж. экономикалық реформалар: мекеменің дербестігі мен жеке меншік құрылымы.

56. 1980 ж. саяси реформалар: мақсаттары мен кезеңдері.

57. Германияның бірігуі және Одақтас республикалардың дербестікке ұмтылуы.

58. КСРО–ның біртұтас шаруашылық кешенінің дамуы және ыдырауы.

59. Беловежск келісімі және КСРО–ның ыдырауы.

60. 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы Минск кездесулері.

61. ТМД–ның құрылуы.

62. ТМД–ның құрылуының басты мақсаттары мен ұстанымдары.

63. ТМД–ның ортақ нарық құру әрекеттері.

64. ТМД–ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құрылуы.

65. Орталық Азия елдері арасындағы терроризмге қарсы күрес шаралары және оның құқықтық базасы.

66. 1991 ж. Армян Конституциялық заңының қабылдануы.

67. Әзербайжан республикасының тәуелсіздігі және Әзірбайжан-Ресей қауіпсіздігі туралы шарт.

68. Белорусь республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Декларациясы.

69. Грузияның тәуелсіздігі туралы Референдум.

70. Қазақ КСР–н Қазақстан Республикасы етіп қайта құру. Конституциялық заңы және Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы президенттік қызметі.

71. А.Ақаевтың президенттікке сайлануы және Қырғызстанның БҰҰ–на кіруі.

72. «Молдова Республикасының азаматтығы туралы Заң». М.Снегурдың президенттікке сайлануы.

73. Тәжікстан Республикасының 1991 жылдағы Тәуелсіздік Декларациясы және оның республикадағы саяси күштерге әсері.

74. Түркменстан Коммунистік партиясының Демократиялық партияға айналуы. Жеті Азия мемлекеті басшыларының бас қосуы.

75. И. Каримовтың президенттікке сайлануы. Өзбекстан Коммунистік партиясының Халықтық –демократиялық партияға айналуы.

76. Украина Жоғарғы Кеңесінің «Украин КСР–нің президентін сайлау туралы» Қаулысы. Украинаның алғашқы президенті Л. Кравчук.

77. Ресей Федерациясының президенті В.В. Путиннің Украинаға іс-сапары және оның нәтижелері.

78. . Ресей Федерациясының егемендігі туралы Декларация. Б. Ельциннің билікке келуі.

79. Ресей қоғамының әлеуметтік құрылысының өзгеруі: жаңа таптар мен әлеуметтік топтардың қалыптасуы.

80. Ресей – шешен қатынастарының сипаты.
Емтиханға дайындық сұрақтары.

1. Ресейдегі абсолюттік монархияның қалыптасуы.

2. ХІХ-ХХ ғ.ғ. Ресейдің әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы.

3. Ресейдің ХІХ ғ. қоғамдық – саяси қозғалыстары.

4. ХІХ ғ. Ресейдің ішкі саясатының басты бағыттары.

5. Самодержавиенің құлауы және саяси дағдарыс.

6. Ақпан буржуазиялық революциясы: жүру барысы және қорытындылары.

7. Ресей І д.ж.с. жылдарында.

8. 1917 ж. Қазан революциясы: оның басты проблемалары және саяси сын.

9. 1917 ж. шілде-қазан айларындағы саяси партиялардың басты бағдарламасы.

10. Ресейдегі азаматтық соғыс және оның қорытындылары.

11. Бірпартиялық саяси жүйенің қалыптасуы.

12. Ресейдегі ақтар қозғалысы.

13. КСРО-ның құрылуы.

14. 20-30 ж.ж. КСРО-ның мемлекеттік құрылысы.

15. Кеңес Одағындағы православие шіркеуі.

16. КСРО-дағы социалистік құрылыс және оның нәтижелері.

17. 1920-30 ж.ж. халықаралық қатынастар.

18. Фашизм идеологиясы.

19. 1939 ж. Кеңес-герман келісімі.

20. ІІ д.ж.с. басталуы және КСРО-ның позициясы.

21. Ұлы Отан Соғысы.

22. Соғыстан кейінгі сыртқы саясат: капиталистік және социалистік жүйелер.

23. КСРО-ның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

24. И.В. Сталиннің саяси портреті.

25. В.М. Молотовтың саяси портреті.

26. Н.С. Хрущевтың саяси портреті.

27. Г.Н. Маленковтың саяси портреті.

28. Л.И. Брежневтың саяси портреті.

29. 1950-1960 ж.ж. экономикалық реформалар.

30. 80-90 ж.ж. Кеңес Одағының саяси реформалары және оның қорытындылары.

31. 80-90 ж.ж. КСРО-ның халықаралық қатынастары.

32. КСРО-ның құлауы.

33. ТМД-ның құрылуы және оның басты мақсаты.

34. Армян Республикасы.

35. Азербайжан Республикасы.

36. Белорусь Республикасы.

37. Грузия Республикасы.

38. Қазақстан Республикасы.

39. Қырғыз Республикасы.

40. Молдова Республикасы.

41. Тәжікстан Республикасы.

42. Түркменстан Республикасы.

43. Өзбекстан Республикасы.

44. Украина Республикасы.

45. Ресей Федерациясы.


Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары

  1. 1905-1907 ж.ж. революция және оның қорытындылары.

  2. Ресейдегі Конституциялық монархия идеясы (ХІХ-ХХ ғ.ғ.).

  3. ХХ ғ. б. Ресейдегі саяси дағдарыс.

  4. ХІХ ғ. Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыстар.

  5. Патшалық Ресейдегі Казачество.

  6. ХХ ғ. Ресейдің саяси қызметкерлерінің тарихи портреттері (студенттердің таңдауы бойынша).

  7. Ресейлік және Батыс Европалық социалистік демократия (салыстырмалы анализ).

  8. Ресей І д.ж.с. жылдарында.

  9. 1917 ж. Ақпан революциясы және оның Ресей тарихындағы алатын орны.

  10. Уақытша үкімет билігі.

  11. 1917 ж. Қазан революциясы: оның проблемалары, революцияға саяси баға.

  12. Тұңғыш орыс революциясының саяси лагерьлері мен партиялары.

  13. Қосүкімет тұсындағы саяси партиялардың өзара күресі (1917 ж. ақпан-маусым).

  14. Ресейдегі азамат соғысы және оның нәтижелері.

  15. Ресейдегі бірпартиялық жүйенің қалыптасуы.

  16. Ресейдегі ақтар қозғалысы және оның тағдыры.

  17. КСРО-ның құрылуы.

  18. Кеңестік Ресейдегі Православие шіркеуі.

  19. 20-30 ж.ж. КСРО-ң халықаралық қатынастардағы орны.

  20. Фашизм: оның идеологиясы.

  21. 1939 ж. кеңес-герман келісімі және оған саяси баға.

  22. ІІ д.ж.с. басталуы. КСРО-ның саяси позициясы.

  23. Ұлы Отан Соғысы (соғыстың басталуы, басты ошақтары, полк басшылары, партизандық қозғалыстар, ІІ майдан үшін соғыс).

  24. Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  25. Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО-ның қоғамдық-саяси өмірі.

  26. И.В. Сталиннің, В.М. Молотовтың, Н.С. Хрущевтің, Г.М. Маленковтың, Л.И. Брежневтің саяси портреттері (студенттің таңдауы бойынша).

  27. 1950-1960 ж.ж. экономикалық реформалар.

  28. 1980-1990 ж.ж. кеңес қоғамының саяси жүйесінің реформалары. КСРО-ның құлауы.

  29. Тәуелсіз Елдер Достастығының құрылуы. Жүйенің мақсаты мен ұстанымдары.

  30. Тәуелсіз мемлекеттің нарықтық экономикаға көшуі: оның қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары.



11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.

Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:

    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.


Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау

  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:



«Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы

0,6

8,4

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




2

Жеке тапсырма

4,8

9,6



















+













+










3

Бақылау жұмысы

2

28

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




4

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

1

14




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

...

т.б.























































Р1 + Р2




60














































...

Емтихан




40














































Барлығы




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет