Барлығы – 60 сағат


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ КАРТАСЫ



бет2/4
Дата21.07.2017
өлшемі0,78 Mb.
#21421
1   2   3   4


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ КАРТАСЫ





Оқулықтың

аталуы


Барлығы

Ескерту

лер


Кітапха

нада


Кафе

драда


Студент

терге


берілетіні (%)

Электрон

дық нұсқауы






1

2

3

4

5

6

7

1

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М., 1983











-




2

Новиков А.И., Святенко Е.С. Руководство к лабораторным занятиям по гистологии с основами эмбриологии
















3



Мұхит Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері А. «Санат»,1998





-




-




4

Қ.Нұғматжанов «Гистология және эмбриология негіздері»

Алматы «Қанар» баспасы, 1969



5




40








5. ДӘРІСТІК КЕШЕН (ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ, КӨРНЕКІЛІК, ТАРАТЫЛУ МАТЕРИАЛДАРЫ, ҚАЖЕТТІ ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ)
Апта 1

Кредит сағат 1

Дәріс № 1

Тақырыбы: Гистология пәні және мақсаты

Дәріс мазмұны:


  1. Ұлпаға түсінік. Гистология ілімінің тарихы. Гистология (грек сөзі- histes - ұлпа, logos - ілім) – жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін дамуын зерттейтін ғылым. Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Алғаш микроскоптың пайда болу тарихы. Ұлпа – белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан клеткалар мен клеткааралық заттардың комплексі.

  2. Ұлпаларды морфологиясы мен қызметіне қарай жіктеу, онто- және филогенезде дамуы. Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің нәтижесінде Франс Лейдиг 1853 ж. жасаған бірінші классификациясы. Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топқа бөлді. Олар: 1. Эпителиальдық ұлпалар

2.Дәнекер ұлпалар

3.Бұлшықет ұлпалары

4.Жүйке ұлпалары

Заварзиннің осы ұлпалардың төрт типін екі топқа біріктірген.

1. Жалпы маңызды ұлпалар (эпителиальдық және дәнекер ұлпалар)

2. Мамандалған ұлпалар (бұлшықет және жүйке ұлпалары).

Шала жіктелген клеткаларды Заварзин А.А. камбиялық клеткалар деп атаған.


  1. Гистологияда қолданылатын техника. Гистологияда қолданылатын зерттеу тәсілдері.

Клетканың жалпы морфологиясын оқып-үйрену зерттеу әдістерінің дамуына тығыз байланысты. Гистологиядағы зерттеу әдісі – клеткаларды, ұлпалар мен мүшелерді микроскопиялау.Көбіне фиксацияланған материалдармен жұмыс істеледі. Жиі қолданылатын бекіткіштер: формальдегид, қосхромдық қышқыл калий, сірке, пикрин және осмий қышқылдары мен этил спирті.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 9-23 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. Беттер


Апта 2

Кредит сағат 1

Дәріс № 2

Тақырыбы: Эпителий ұлпаларының жүйелері

Дәріс мазмұны:


  1. Эпителий ұлпасының морфологиясы және қызметі, оны талдау негіздері. Эпителиалдық ұлпа немесе шекаралық ұлпа деп те аталады. Эпителий сөзі «эпи»-үсті және «телий»-еміздікше, яғни еміздікшелерді жауып тұрады деген ұғым. Эпителий дененің барлық сыртқы беті мен серозалық қабықшаларды қаптайды және ағзаның көптеген бездерін құрайды. Эпителий ұлпасының клеткасы – эпителиоцит. Эпителий ұлпасының регенерациялық қабілеті жоғары. Негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Кейбір жағдайда белгілі эпителиалдық клеткалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын атқарады.

2. Эпителий ұлпасын морфологиялық, физиологиялық, фило-онтогенетикалық тұрғыдан талдау. Эпителий ұлпасы морфологиялық белгілеріне қарай бір қабатты және көп қабатты деп. Бөлінеді. Бір қабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай жалпақ, куб, циліндр тәрізді деп бөледі.Ұрықтық жапырақшалардан шығу те гін ескере отырып онто және филогенетикалық классификациясын Н.Г.Хлопин ұсынған:

1. Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий

(жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері);

2. Энтодермадан дамитын энтородермалық эпителий

(ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийі);

3. Мезодермадан пайда болатын цело-нефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің эпителий мен мезотелий)

4. Жүйке түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо-глиялық эпителий

(эпендима)

5. Мезенхимадан түзілетін эндотелий.

3. Тері эпителийлері. Бір қабатты, көп қабатты кутикулалы тері эпителийлері. Тері эпителийлерінің негізгі морфологиялық түрлері.

Тері эпителийі өзінің құрылысы жағынан алуан түрлі. Омыртқалыларда тері

эпителийі көп қабатты, ал омыртқасыздарда бір қабатты.

Тері екі қабаттан тұрады: терінің өзі немесе дерма деп. аталатын дәнекер ұлпалық бөлік пен эпедермис деп. аталатын эпителиальдық қабаттан тұрады. Мүйізделген көп қабатты эпителий құрылысы мен қасиеттері түрліше қабаттарын үш зонаға біріктіреді. 1. Өсу зонасы. 2. Дәнді зона.

3. Муйіз зонасы. Мүйіз қабатта кератоглиалин кератинге айналады. Кератин теріде денемізді кеуіп қалудан, механикалық зақымданудан және микробтардың енуінен қорғайды.
Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 162-180 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 102-107 беттер



Апта 3

Кредит сағат 1

Дәріс № 3

Тақырыбы: Эпителий ұлпаларының жүйелері

Дәріс мазмұны:

1 Без эпителийі. Экзокринді және эндокринді бездер, олардың онто- және филогенезде пайда болуы, құрылысы мен қызметіне сипаттама. Секрет циклі жайында түсінік. Эпителий ағза бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі –ағза тіршілігіне қажет заттарды түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер ағзада секрет бөлу қызметін атқарады.Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді.Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Экзокриндік бездер экзоэпителиалдық және эндоэпителиалдық болып ажырайды. Экзокриндік экзоэпителиалдық бездер бір жасушалы және көп жасушалы болып келеді. Экзокриндік экзоэпителиалдық көп клеткалы бездер өзегінің құрылысына қарай жабайы және күрделі бездер болып бөлінеді.

2. Ішек эпителийлері. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішек эпителийлерінің ерекшеліктері, түзілуі, физиологиялық регенерациясы. Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Негізгі функциясы - ылғал беттерді қорғау. Секреторлық және сіңіруші клеткалардан тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлап тұрады. Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі бөліміндегі эпителиалдық клеткалардың құрылысы бірдей емес, сондықтан оларды екі топқа бөліп қарастырады: 1. Ішектің қуысындағы қорытылған өнімдердің сіңуін қамтамасыз ететін клеткалар.

2. Шырыш бөлетін секреторлық клеткалар.



Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 166-180 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 102-107 беттер



Апта 4

Кредит сағат 1

Дәріс № 4

Тақырыбы: Дәнекер ұлпалар жүйесі

Дәріс мазмұны:


  1. Дәнекер ұлпаларына жалпы сипаттама, құрылысы мен қызметі, морфо-физиологиялық талдау. Ішкі орта ұлпалары онтогенез де мезенхимадан дамиды. Ішкі орта ұлпаларының негізгі топтары дәнекер ұлпасының өзі, май ұлпасы, қан мен лимфа, шеміршек пен сүйек ұлпалары. Ішкі ортаның ұлпалары әр түрлі функция атқарады. Клеткааралық затына бай организмнің ішінде орналасқан тіректік-трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын ұлпалар болып сипатталады.

  2. Ретикулярлы ұлпа. Борпылдақ дәнекер ұлпасының гистогенезі, талшықтары мен аморфты заттарының пайда болу механизмі. Ретикулярлы ұлпаның аты латынның „ретикулум” деген сөзінен шыққан. Құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас. Клеткалары тармақтармен байланысып тор құрайды. Тордың қуысында ұлпалық сұйық зат болады, сонымен қатар көп мөлшерде қан клеткалары да кездеседі. Ретикулалық ұлпа ағзаның көптеген жер інде, әсіресе сүйек майында, көк бауырда, лімфа бездерінде, ішектің кілегейлі қабықшасында, тамақтың баданша бездерінде көп болады. Ретикулалық ұлпаға фагоцитоз тән.

Борпылдақ дәнекер ұлпасының бұл түрі адам мен сүтқоректілердің ағзасында кең тараған. Ол терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары: фибробластлар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пігмент клеткалар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты заттан тұрады.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 166-180 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 123-130 беттер


Апта 5

Кредит сағат 1

Дәріс № 5

Тақырыбы: Дәнекер ұлпалары. Қан және лимфа.

Дәріс мазмұны:


  1. Сүтқоректілердің қан клеткаларына жалпы сипаттама және оларды талдау. Қанның клеткалық элементтерінің морфологиялық белгілері. Қан – трофикалық және қорғаныш қызметін атқаратын сұйық дәнекер ұлпа. Ол пішіндік элементтерден тұрады. Қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер, қан пластинкалары тромбоциттер. Эритроциттер мен пластинкалар қызметтерін тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әр түрлі міндеттерін қанда емес дәнекер ұлпасында атқарады. Эритроциттер оттегін тасымалдауға бейімделген жоғары дәрежеде жіктелген клеткалар. Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды және бұлар ядролы клеткалар.

  2. Иммунитет жүйесінің Т және В лимфоциттері, филогенездегі клеткалы және гуморальды иммунитеттердің қарым қатынасы. Лимфоциттер клеткалардың екі популяциясынан тұрады: 1) тимусқа тәуелді лейкоцит тер немесе тимоциттер деп. Аталатын тим уста орналасқан лимфоциттер. Тимустан шыққаннан кейін бұларды Т-лимфоциттер деп атайды. Т – лимфоциттер клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде клеткаларды, кем-кетікті дамыған клеткаларды жойып жібереді, патогендік вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы тұрады, сонымен қатар қан васалу бағытын анықтайды; 2) В – лимфоциттер. Алғаш рет Фабрицус бурсалары деп. Аталатын құстың лимфоидтық мүшесінде байқалған. В – лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді бактериялық және қайталаушы вирустық инфекциядан қорғайды.

  3. Қанның жасалуы (гемопоэз). Қанның дамуын гемопоэз (haima-қан, poesis - жасалу) дейді. Гемопоэздің екі түрін ажыратады эмбриондық және постэмбриондық. Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңдегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін эритропоэз, гранулоциттердің жетілуін гранулопоэз, тромбоциттердің дамуын тромбоцитопоэз, моноциттердің түзілуін моноцитопоэз, лимфоциттердің жасалуын лимфоцитопоэз деп атайды.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 181-194 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 113-122 беттер


Апта 6

Кредит сағат 1

Дәріс № 6

Тақырыбы: Тірек-механикалық ұлпалар топтары

Дәріс мазмұны:


  1. Тығыз жинақталған және жинақталмаған дәнекер ұлпаларының құрылысы, гистогенезі, биохимиялық ерекшеліктері. Тығыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы зор. Оның құрамында клеткалар мен аморфтық заттар аз болады да, талшықтар басым келеді. Тығыз дәнекер ұлпа терінің негізін, сіңірді, шандырды, желкені құрайды.

Дәнекер ұлпалық талшықтардың орналасуына байланысты тығыз дәнекер ұлпасының екі түрін ажыратады: тығыз қалыптаспаған және тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпалар.

  1. Шеміршек ұлпалары, құрылысы, қызметі, топографиясы және ерекшеліктері. Шеміршек тіректік функція атқарады. Шеміршек ұлпасының үш Турін ажыратады: гиалиндік, серпілмелі, талшықты.

Гиалинді (гректің гиалос - әйнек) шеміршек ұлпасы гиалин шеміршегін құрайды. Шеміршектердің ең қаттысы, хондриобластлар мен хондриоциттер деп. Аталатын клеткалардан, клеткааралық аморфты және талшықты заттан тұрады. Бұл түрінде қан тамырлары болмайды. Шеміршектің қоректенуі перихондрдың тамырлар торы арқылы қамтамасыз етіледі.

  1. Гиаленді, эластинді және талшықты шеміршектердің пайда болуы Шеміршек ұлпасы склеротомның мезенхимасынан дамиды, регенерациясы перихондр арқылы жүреді.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 207-212 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 128-132 беттер



Апта 7

Кредит сағат 1

Дәріс № 7

Тақырыбы: Тірек-механикалық ұлпалар топтары

Дәріс мазмұны:


  1. Сүйек ұлпасының құрылысы, қызметі, химиялық құрамы. Сүйек ұлпасы тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға қатысады, ал сүйектің қызыл майы қанның пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйек – клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелген дәнекер ұлпасы. Негізгі заттың 30% жуығы коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70 % бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйек ұлпасының клеткалары остеобласттар, остеоциттер және остеокласттар. Остеобласт – сүйектің өсуін қамтамасыз ететін тірі клеткалар. Остеоциттер жұлдыз пішінді көп өсінділі клеткалар. Қалыптасқан ұлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айрылған, жоғары дәрежеде мамандалған клеткалар.

  2. Сүйектің дамуы. Ұрықтық дәнекер ұлпасынан немесе мезенхимадан тікелей дамуы. Сүйек екі жолмен дамиды: 1) ұрықтық дәнекер ұлпасынан немесе мезенхимадан тікелей дамуы. 2) шеміршектің орнына дамуы. Сүйектің ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамуы шеміршек орнында дамудан бұрын басталады. Келешек сүйектің орнында коллагендік талшықтары көп және жедел көбейетін ұсақ клеткалары бар дәнекер ұлпасы пайда болады. Дәнекер ұлпасының клеткалары остеобласттарға айналады Синтездеу қабілетінің артуы мен остеобласттар аморфтық клеткааралық зат пен коллагендік талшықтарды түзеді. Негізгі зат қалыптасқаннан кейін остеобласттар сүйек ұлпаларына – остеоциттерге айналады.

  3. Сүйектің шеміршектің орнына дамуы. Сүйектің шеміршек орнына дамуы адам мен омыртқалыларда эмбриондық және постэмбриондық кезеңде жүреді. Остеогенездің бұл типінде шеміршек бұзылады. Эмбриондық гистогенез процесінде шеміршек ұлпасы сүйектен бұрын пайда болады. Ұрықтарда алдымен шеміршек қаңқасы түзіледі. Шеміршекте қан тамырлары болмайды, сондықтан оның өсуі белгілі бір шекте ғана жүреді, кейін өсуі тоқталып ыдырап сүйекке айналады.


Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 212- 226беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 132 – 139 беттер



Апта 8

Кредит сағат 1

Дәріс № 8

Тақырыбы: Бұлшықет ұлпасы

Дәріс мазмұны:


  1. Бұлшықет ұлпасы. Жалпы сипаттамасы. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы. Бұлшықет ұлпасы – организмнің қозғалысы мен ішкі органдарының жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпалар. Бұлшық еттің үш түрін ажыратады: 1. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы; 2) Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы. 3. Жүрек бұлшық ет ұлпасы.

Бұлшықеттің бұл түрінің жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Құрылымдық бірлігі бірыңғай салалы ет клеткалары.

  1. Көлденең жолақты бұлшық еттері. Олардың ерекшеліктері, құрылысы, дамуы, регенерациясы. Көлденең салалы бұлшықет ұлпасы, қаңқа еті немесе сомалық ет деп. Те аталады. Құрылымдық элементі симпласт, ол көп ядролы талшық, піші ні циліндр тәрізді. Көлденең салалы бұлшық ет талшығын сарколемма деп. Аталатын плазмалық мембрана қаптап тұрады. Бұлшықет талшығының цитоплазмасын саркоплазма деп атайды.

  2. Жүректің жолақты бұлшық еттері. Жүрек еті (миокард) вентралдық мезодерманың висцеральдық жапырақшасынан дамиды. Құрылымдық-функциялық бірлігі жүрек бұлшықет клеткасы – кардиомиоцит. Чурек ет талшықтары ұштарымен жалғасқан жеке клеткалардан тұрады. Көлденең салалы бұлшықетке ұқсас. Өзіне тән ерекшелігі – бұлшықет талшығында көлденең орналасқан „аралық жолақ” деп. Аталатын ерекше құрылым бар.


Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 226-236 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 128-155 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 139-144 беттер



Апта 9

Кредит сағат 1

Дәріс №9

Тақырыбы. Жүйке жүйесінің ұлпалары

Дәріс мазмұны:


  1. Жүйке жасушаларының жалпы сипаттамасы және оларды талдау. Жүйке ұлпасы – жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық элементі. Ол жүйке клеткалары немесе нейроннан және глиялық клеткалардан тұрады. Импульстарды орталық жүйке жүйесіне беретін нейрондарды афференттік немесе сенсорлық нейрон дар дейді, ал эфференттік қозғаушы нейрон дар импульстарды орталық жүйесінен эффекторларға береді. Сезімдік, аралық және қозғаушы нейрон дар қосылып рефлекторлық доғаны құрайды.

2. Жүйке клеткалары, өсінділері, морфологиясы және қызметтері. Нейрондардың гистогенезі. Нейронның денесін сома деп атайды. Импульстарды клетканың денесіне өткізетін өсінділерді дендриттер деп, импульстарды клетканың денесінен басқа клеткаларға немесе шеткі органдарға өткізетін өсінділер аксондар немесе нейрит деп аталады. Синапс - нейрондардың өзара жанасқан жері.

3. Нейроглия, нерв талшықтары классификациясы. Нейроглия – нерв ұлпасының көмекші және маңызды құрамды бөлігі. Нейроглия клеткалары нерв импульстарын өткізбейді, бірақ олар нерв ұлпасында тіректік, қорғаныс және изоляциялық фукнциялар атқарады.Нейроглия клеткаларының бірнеше типтері бар: нерв түтігінен дамитын макроглия мен мезенхимадан пайда болатын микроглия. Нерв талшықтары – қабықшалармен қапталған нерв клеткаларының өсінділері. Қабықшаларының құрылысына қарап нерв талшықтарының екі түрін ажыратады: миелинсіз және миелинді.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 236 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 215 238 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 144-153 беттер



Апта 10

Кредит сағат 1

Дәріс №10

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің ұлпалары

Дәріс мазмұны:

1. Синапстар. Жалпы мінездеме, нәзік құрылысы. Синапстардың химиялық және электроникалық түрлері. Синапс - нейрондардың өзара жанасқан жері. Синапстарды құрылысы мен орналасуына қарай үш топқа бөледі: нейрондараралық, рецепторлық-нейрондық және нейроэффекторлық. Нейрондараралық синапстар аксодендриттік, аксосомалық және аксоаксондық болып бөлінеді.Синапстық саңылаумен шектескен бір мембрананы, яғни аксонның нейролеммасын пресинапстық мембрана, ал екіншісін, дендриттің нейролеммамен жанасатын – постсинапстық мембрана дейді. Синапстардың қозудың берілуі ерекше химиялық заттың, медиатордың, ацетилхолиннің бөлінуіне байланысты.

2. Рецепторлар. Рецепторлардың түрлері. Рефлекторлы доға. Рецепторлық нерв ұштары – рецепторлар. Бұл нерв ұштары сезімдік нейрон дар дендриттерінің ұштық аппараттары. Організм денесінде шашыраңқы таралған. Олар сыртқы ортадан, сол сияқты ішкі органдардан түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайды. Осыған сәйкес рецепторлардың екі тобын ажыратады: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. Рецепторлардың белгілі түрінің қабылдайтын тітіркенішінің ерекшелігіне байланысты барлық сезімдік ұштарды механорецепторлар, барорецепторлар, хеморецепторлар, терморецепторлар деп бөледі.

Әдебиеттер:

Н.А. Мануилова Гистология с основами эмбриологии 238-254 беттер

Антипчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. М. 215 - 238 Беттер

М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері 144-153 беттер



6. СЕМИНАР(ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ.

Жоспарланбаған
7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

ОЖСӨЖ
8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ПРОЕКТ(ЖҰМЫС) ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Апта 11

Кредит сағат 1

Сараман № 1

Тақырыбы: Микротехникамен танысу

Мақсаты: 1. Микроскоп бөлшектерінің аттары мен олардың атқаратын жұмысын білу және гистологиялық препараттарды зерттеуде оларды қалай пайдалану керектігін меңгеру.

  1. Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі жолдарымен танысу және олардың әрқайсысының мәнін түсіну

1-ші тапсырма. Микроскоппен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен танысып З.Қ.Тоқаевтың оқулығынан жазып алу. 2-ші тапсырма. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптарды меңгеру және оларды әзірлеу тәсілін үйреніп, дәптерге жазу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Гистологиялық препарат дегеніміз не?

  2. Гистологиялық препаратты бекітудің мақсаты неде?

  3. Бекіту ретінде нені жиі қолданады?

  4. Гистологиялық материалды қатыру тәсілдерін ата?

  5. Гистологиялық препарат қандай талаптарға сай болуы керек?

  6. Қандай микротехникалық әдістермен препараттың тазалығына және айқындығына жетуге болады?

  7. Қандай құрылымдарды оксофилді, базофилді және аргентофилді деп атау ұйғарылған?

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет