Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет22/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Шартты рефлекстің жіктелуі: Рецептор белгісіне қарай шартты рефлекстер экстрарецептивтік (сыртқы қабылдағыштық) және интерорецептивтік (ішке қабылдағыш) болып үлкен 2 топқа бөлінеді.
Экстрорецептивтік шартты рефлекске көру, есту, иіс, дәм, түйсіну және температуралық рефлекстер жатады. Олар организммен қоршаған ортамен арақатынасында маңызды рөл атқарады.
Интерорецептивтік шартты рефлекстер ағзаларды механикалық тітіркендіргенде, оларда қысым көтерілгенде, қанның химиялық құрамы, осмостық қысымы, ішкі ортаның температурасы өзгергенде пайда болады.
Тиімділігіне қарай шартты рефлекстер вегетативтік және аспаптық болып 2 топқа бөлінеді.
Вегетативтік шартты рефлекстерге тамақтану, жүрек-тамыр, тыныс алу, жыныс рефлекстері кіреді.
Аспаптық рефлекстерге бұлшық еттердің шартсыз қимыл әсерленісі негізінде ұйымдастырылады, мәселен цирктегі жануарлар көрсететін ойын. Шартты рефлекстер тітіркендіргішінің түріне қарай табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргіштердің шын белгілеріне қалыптасады. Мәселен, тағамның иісіне немесе түріне сілекей бөлінеді. Ал, түрлі тағаусыз тітіркендіргіштеріне тұйықталатын шартты рефлекстер жасанды болады. Жануарлардың жаратылысында табиғи шартты рефлекс ұрпақтан ұрпаққа олардың тіршілік тәсілдеріне сәйкес қалыптасады.Табиғи жағдайда шартты рефлекстер ортаның бірнеше тітіркендіргіштеріне ұйымдастылылады. Сондықтан оларды қарапайым және кү.рделі деп бөледі.
Шартты рефлекстің түзілу заңдылығы

  1. Адамның тіршілік процесіне пайда болған әсерленістері үнемі ауысып отырады.

  2. Организм тіршілігіне оны қоршаған орта әсерлері үнемі жайсыз жағдайлар жасап отырады. Сондықтан организмде эволюциялық даму кезінде оларды белсенді түрде жеңіп шығу үшін ерекше жетілген бейімделу амалддары қалыптасады. Сөйтіп организм туа біткен икемделу бағдарламасына негізделген және тіршілік тәжірибесіне сәйкес адамға тән үйреншікті мінезін жаңа түрлері қосылды. Мінездің даралама бейімделу негіздеріне шартты рефлекстік әсерленіс жасайды.

  3. Организмнің әртүрлі тіршәілік жағдайларына жекелей бейімделу нәтижесі, оның шартты рефлекстік іс-әрекетінің динамикасы, мидың негізгі қоздырушы және тежеуші процестерін қарым-қатынасына байланысты болады.Мидың қарама қарсы тұрған қозу және тежеу процесінің бірлігі барлық шартты рефлекстік іс-әрекетінің механизмін жасайды. Бұл жүйке процестері бір-бірімен өзара әрекеттесіп шартты рефлексті қалыптастырады. Жүйкедегі қозудың өрістеуі иррадиация жайлысы деп аталады. Бұл жүйке процессінің негізі қасиеті жайылыс бір орталықта пайда болып, басқа жүйке орталықтарына өрістей алады. Мәселен эпилепсия ұстағанда мидың бір бөлігінен шыққан қозу біртіндеп ми қыртысының қозғалтқыш аймағына тегіс жайылады, сондықтан құрысу байқалады. Сол сияқты клиникада ауырсынудың жайылуыда байқалады.

Ал жүйке процесінің жайылуына қарама-қарсы оның бір жерге жиналуын шоғырлану дейді. Шартты рефлекс шоғырлануының қысқа мерзімді кезінен қозудың жалпылай өрістейтін жалпылама сатысы басталады. Шартты стимул ұштастырылған сайын, согналарлық әсерленіс бәсеңдейді. Сөйтіп шартты жауап тек сигналдық тітіркендіргішке беріледі. Бұл мамандану сатысы. Уақытша байланыстың осы кезі биотоқтық өзгеруіне біршама кедергі жасайды, шартты тітіркендіргіштің әсеріне ұштастырылады. Бұл процесс шартты рефлекстік дағдының мамандануын, тітіркендіргіш-ң айқын анықталуын, ажыратылуын қамтамасыз етеді. Диффенсация деп аталады. Ажыратылу процесі жүйке орталығында қозу және тежелу құбылыстарының шоғырланысы арқылы болады.Оның негізін жүйке процестерінің өзара индукциясы қалайды. Индукция-ми қыртысындағы қоздырылған немесе тежелген аймақтарында қарама-қарсы процестердің болуы не күшеюі.Ал егер соңғы құбылыстар қозу немесе тежелу процестері аяқталғанда шықса, онда бірізді не уақыттық индукция туады. Тежелу аймақтары ықпалынан қозудың күшеюі енмесе пайда болуы оң индукция, ал қозу аймағы ықпалы салдарынан тежелу процессінің тууын теріс индукция деп айтады. Индукция-уақытша құбылыс. Сөйтіп қозу және тежелу құбылыстарының көрінісі олардың өзара күрделі әрекеттері шартты рефлекстің қалыптасуын және солар арқылы организмнің қоршаған ортаға ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етеді.
Шартты рефлекстің пайда болу механизмі: И.П.Павлов айтуы бойынша уақытша байланыс ми қыртысының шартты және шартсыз тітіркенуін қабылдайтын орталықтарының арасында тапталып жолдар пайда болу үшін 2 тітіркендіргіш болу керек: шартты және шартсыз. Шарттыға электр шамы алынса, шартсызға тағам алынады. Тәжірибеде электр шамды дағады, 5-10 сек кейін итке тамақ беріледі. Электр шам жағылғанда , көздің фоторецепторлары қозады, жүйке импульс көру анализаторының мидағы орталығы. Тағам берілгенде ауыз қуысындағы сезім орталық сопақша мида орналасады.Сопақша мидан жүйке импульс ми қыртысына жеткізіледі, ми қыртысындағы ас қорыту орталығы болып саналады. Осылай электр шам жағып 5-10 сек кейін тағам берілсе 2 жүйке орталықтарының аралығында уақытша байланыс пайда болады. Осындай жағдай көбіне қайталанса уақытша байланыс тұрақты байланысқа айналады. Осы себептен шартты рефлекс пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет