Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет43/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Есту мүшесі.
Есту мүшесі 3 бөліктен тұрады:сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ.
Сыртқы құлақ-құлақ қалқаны және сыртқы есту түтігінен тұрады.
Құлақ қалқаны-терімен қапталған серпімді шеміршектен түзелген. Бос қайырылған жиек құлақ шиыршығы, оған параллель-қарсы шиыршық, алдыңғы томпақ-құлақ бүртігі және соның артында жатқан –құлаққа қарсы бүртік. Құлақ қалқаны шеміршексіз құлақ сырғалығымен аяқталады.
Сыртқы есту түтігі-2 бөліктен тұрады: шеміршекті және сүйекті. Шеміршек бөлігі ішкі бөлігімен самай сүйектің даңғыл бөлігіне қосылады. Осы бөліктің терісінде май және церумикалды бездер көп.
Дабыл жарғағы-сыртқы және ортаңғы құлақты бөліп тұрған мембрана, фиброзды ұлпадан түзелген. Ортасында кіндігі бар.
Ортаңғы құлақ -2 бөліктен тұрады: дабыл қуысы және ішкі есту түтігі.
Дабыл қуысы самай сүейегінің пирамидасына орналасқан, 3 сүйегі бар: балғашық, төс, үзеңгі. Дабыл қуысының көлемі 1 куб см., 6 қабырғасы бар.
Латералды –дабыл жарғағын және сыртқы есту жолының сүйекті табақшасынан түзілген.
Медиалды-лабиринтке жалғасып тұр, 2 терезесі бар: ұлу және кіреберіс.
Артқы-самай сүйектің үңгіріне қараған.
Алдыңғы-қасында ұйқы артериясы орналасқан.
Жоғарғы –бас қаңқасын бөліп тұр.
Төменгі-бас қаңқасының негізгі қарап тұр.
Дабыл қуысындағы 3 сүйек буындар арқылы қосылып тұр.
Қызметі:
-дыбыстарды сүйек арқылы өткізу
-дыбыстарды сопақша терезеге жеткізу
Ішкі есту түтігі-евстахий түтігі-жұтқыншақтан ауаны дабыл қуысына жеткізіп қысымды реттейді. Есту түтігі шеміршек және сүйек бөліктерінен түзілген. Түтік жұтқыншаққа ашылады. Шырышты қабықшасында - кірпікті эпителий, бездер және лимфа түйіндері бар.
Ішкі құлақлабиринт-самай сүйектің пирамидасында орналасқан. Лабиринттің 2 түрі бар: шеміршекті және сүйек.
Сүйек лабиринті-3 бөліктен тұрады: кіреберіс, жартылай дөңгелекті өзектер, ұлу.
Кіреберіс –лабиринттің ортаңғы бөлігі сопақша қуыс, латералды бетінде ұлу және кіреберіс терезелері бар. Медиалды бетінде қыры орналасқан. Осы қыр кіреберіс қуысын екіге бөледі: алдыңғы -сферикалық, артқы-эллипстік.
Ұлу –иірімді сүйекті өзек, ол кіреберістен бастап 2,5 иірілім жасайды.
Сүйек жартылай дөңгелекті өзектер -3 доға тәрізді сүйекті жолдар, бір-біріне перпендикуляр орналасқан. Әрбір өзек 2 аяқпен аяқталады, сонда 5 аяқ пайда болып кіреберіске ашылады..
Шеміршекті лабиринт-сүйек лабиринтінің ішінде орналасқан. Шеміршек лабиринт дәнекер ұлпадан түзілген. Дәнекер ұлпаның беті жалпақ эпителиймен қапталған. Сүйек және шеміршек лабиринттерінің арасында сұйықтығы бар қуыс бар. Бұл сұйықтық перилимфа деп аталады. Осы жерден перилимфа ұлу каналдары арқылы мидың тор қабатының астына жетеді.
Шеміршек лабиринтің ішіндегі сұйықтық - эндолимфа. Шеміршекті лабиринтта эллипс және сфера тәрізді қапшықтармен 3 жартылый иірімді және ұлу түтіктері бар. Екі қапшық бір-бірімен түтік арқылы байланысқан, осы жерден эндолимфатикалық түтік кетеді.
Эллипс тәрізді қапшық 5 тесік арқылы жартылай иірімді түтікпен байланысады, ал сфера тәрізді қапшық ұлу түтігімен байланысады. Сфера және эллипс тәрізді қапшықтардың шеміршек жартылай иірімді өзектерінің ішкі беті желе тәрізді затпен жабылған. Осы заттың бетінде сезімтал кірпікшелі жасушалар орналасқан. Осы жасушалар эндолимфаның тербетілгенінен (жүргенде, бұрылғанда, еңкейгенде) қабылдап VІІІ жұп бас сүйек нервісі арқылы мишыққа және сопақша миға жеткізеді.
Шеміршекті лабиринттің ұлу түтігі кіреберістен басталып ұлудың ішіне жалғасады. Кесіп ішін қараған кезде ұлу түтігі 3 бұрышты. Ішінде кортиев мүшесі орналасқан-бұл есту мүшесі. Кортиев мүшесінің 2400 жіпшелері бар. Дыбыс дабыл жарғағы дабыл қуысындағы сүйекшелер арқылы кіреберіс перилимфасына беріледі, содан соң эндолимфаға. Сөйтіп кортиев мүшесіне жетіп VІІІ жұп ми жүйкесі арқылы ішкі құлақтан мидың көпіріне жетеді. Ол жерден мидың самай бөлігіне есту орталығына жетіп дыбыс пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет