Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет45/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Аккомодацияның механизмі. Аккомодация кезінде көз бұршағының қисықтығы өзгереді, сондықтан оның сәуле сындыру қабілеті де өзгереді. Жақын тұрған нәрселерді қарағанда көз бұршағы қисықтығын өзгертіп, өте дөнестене түседі. Сондықтан нүктеден шығарған сәулелер көз ішінде көбірек сынады да, торлы қабықта түйіседі. Сондықтан нүктеден шығарған сәулелер көз ішінде көбірек сынадыда, торлы қабықта түйіседі. Аккомодация механизмі көз бұршағының дөңестігін өзгертетін кірпікті еттердің жиырылуымен байланысты. Көз бұршағы екі жағынан да серпімді талшықтармен кірпікті денеге бекітілген жұқа мөлдір қабықшамен қапталған. Кірпікті дене біріңғай салалы ет талшықтарынан тұрады. Ол жиырылғанда серпімді талшықтарды тарту үшін босаңсиды, осының арқасында көз бұршағында қысым азаяды да, ол өзінің созылғыштық қасиеті салдарынан дөңестеу пішінді қабылдайды. Сөйтіп кірпікті еттері аккомодациялық жүйке талшықтарымен камтамасыз етіледі. Атропинді (симпатикалық жүйкенің әсері) көзге тамызғанда, осы бұлшықетке қозудың өтуі тиылады. Демек жақын нәрселерге қарағанда көздің икемделуін кемітеді. Ал парасимпатикалық заттар (пилокарпин т.б.) керісінші, бұл етті жиырылтады.



Көз рефракциясының кемістігі
Көздің жарық сәуле сындыруының рефракциясы негізгі екі түрлі кемістігі бар: Жақыннан көргіштік (миопия), және алыстан көргіштік (гиперметропия). Бұл кемістіктер көз алмасының қалыпсыз ұзындығымен байланысты.
Жақыннан көргіштік. Егер көздің бойлау осі аса ұзын болса, заттар бейнесі торлы қабыққа жетпейді. Алыстағы нәрселерді дұрыс көру үшін, жақыннан көргіш адам көзінің алдына екі жағы ойыс әйнек орналастыруы керек, сонда көз бұршағының сәуле сындыру күші азаяды. Соның арқасында сынып өткен сәуленің бейнесін торлы қабыққа ауыстыруға болады.
Алыстан көргіштік. Алыстан көргіш көздің бойлау осі қысқа болғандықтан алыстағы заттардан шыққан сәулелер торлы қабықтың артына жиналады да, оның бетіне заттардың бейнелері бұлдыр болып түседі. Осының нәтижесіне алыстан көретін адамдар оқу үшін екі жағы дөңес шынысы бар көзілдірік киюі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет