Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар



бет3/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,39 Mb.
#4752
1   2   3   4   5   6   7

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

5 Дәріс



Тақырыбы: Жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ауытқулардың сипаты

1. Дизонтогенездік даму ерекшеліктері

2. Дизонтогенездің түрлері

3. Асоциалды мінез-құлық көріністері

«Дизонтогенез» термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді. Бала дамуының проблемасы психикалық және дене кемістігінен тұрады, яғни бұл жалпы дамудағы ауытқушылыққа әкеледі. Ауытқудың сипаттарына қарамастан, оның бір көрінісі тұтас кемістікте көоінеді, кейбіреулері түзетіледі, ал басқалары жинақталады. Ерте психологиялық-педагогикалық сәйкестік алғашқы кемістікке кері әсер етеді.

Дамуында ауытқушылығы бар балалар реабилитациясы және психологиялық-педагогикалық коррекциясы бала дамуындағы қалыпты бұзылудың сипаты анықталғанда ғана тиімді. Қазіргі кезде арнайы психологияда және педагогикалық коррекцияда дамудағы ауытқушылықтың әртүрлі классификациясы бар (В.В.Лебединский, В.А.Лапшин және Б.П.Пузанов; О.Н.Усанова). В.В.Лебединский психикалық дизонтогенез проблемасын зерттеген. Нақты психологияның параметрлерінен дизонтогенез сипатталады:

- функционалды локолизациялық бұзылудың ерекшеліктері. Бұзылудан екі негізгі ауытқушылық пайда болады-жеке(дамымай қалу немесе бөлек анализаторлық жүйенің бұзылуы) және жалпы(түзілуші сырқы жүйенің бұзылуы);

- неғұрлым көрініс көп болса, соғұрлым психикалық дамымай қалу көп көрінеді;

- алғашқы және қайталанған ауытқушылықтардың қатынасы. Алғашқы бұзылу ауытқушылықтың биологиялық сипатынан тұрады(есу кемістігі, көру кемістігі және анализаторлардың бұзылуы, мидың органикалық бұзылуы).Қайталанған бұзылу аномальды даму процесінде көрінеді.

- ішкі функциялық қатынас. Оған изаляциялық механизмдер, патологиялық фиксациялар, уақытша және қалыпты регрессиялар жатады. [1, 45]

Дизонтогенездің әртүрлі түрлерінде аталынған психологиялық параметрлер әрқалай кездеді. В.В.Лебединский дизонтогенездің келесідей түрлерін көрсеткен:

1. Жалпы қалыпты дамымай қалудың типтерінің дизонтогенезі. Бұл нұсқаға ерте көрініс жатады. Қалыпты дамымай қалудың мысалы – олигофрения.

2. Тежелген даму. Таным процестерінің баяу темпте қалыптасуы.Тежелген дамудың түрлері: конституциялық, соматогендік, психогендік, церебралдық. .

3. Дамудың бұзылуы. Бұзылған дамудың этиологиясына тұқымдық аурулар, врутриутробтық, туғанға дейінгі және туғаннан кейінгі инфекциялар, орталық жүйке жүйесінің травма алуы және интоксикациясы, бірақ патологиялық көрінісі миға онтогенездің ке этапында әсер етеді( 2-3 жастан кейін). Дамудың бұзылуына- органикалық деменцмя жатады.

4. Дамудағы жетіспеушілік. Бұл түр жеке анализаторлардың жүйесіндегі күрделі бұзылумен байланысты.( көру, есту, сөйлеу, тірек- қимыл аппараттары).

5. Жалпы дамымай қалудың күрделілігі бақыланады, тежелген, бұзылған дамулардың жеке психикалық функциялары қаралады.

Бұған ерте балаық аутизм жатады. Аутизм қарым-қатынастың мүлдем жойылуымен немесе төменділігімен сипатталады.

6. Дисгармондық даму. Бұған туа біткен немесе ерте қабылданған психикалық дамудың пропорционалдылығы жатады. Дисгармондық дамудың сипаты-психопатия және жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы.



Ауытқушы мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты атаймыз. Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады.Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – бұл оның немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі – бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ол салмақты әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде деликвенттік және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр. С.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктеледі.



  1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылуымен байланысты (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т.б.) жасалған теріс әрекеттері.

  2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау).

  3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, таксикомания, өзіне-өзі қол жұмсау)

Осылайша ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға дейін. Асоциалдық көріністер сыртқы мінез-құлық жағынан ғана емес, мінез-құлықты іштей реттеудің: әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі бағалай алудың деформациясынан да байқалады. Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз. Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды, осы мінез-құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауіп төңдіреді. Демек, баланың, жеткіншектердің мінез-құлқына қандай да бір бағыт, мазмұн, мән берсек, біз онымен баланың адами және басқа да қасиеттері мен сапаларының негізінде жатқан үрдістер мен тетіктердің дамуына еркін әрі мақсатқа бағытталған ықпал етеміз. Керісінше осы сияқты және басқа да әрекеттер мен мінез-құлықтарға кедергі жасау арқылы біз баланың жеткіншек тұлғасының тиімті қасиеттері мен сапаларының дамуына бөгет жасап кідіртеміз (И.Невский). Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның қалыптасуына ықпал ететін құрал ретінде көрініс табады.

Мінез-құлықты тұлғаның өсу немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының куәгері ретінде феномен деп қарастыра отырып, мінез-құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында өтіп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз қажет. Сол себепті де оқушының қандай да бір мінез-құлқының ерекшелігін ауытқушылық деп жіктемес бұрын психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеру қажет. Қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері енгізіледі. Күрделі зардаптарға алып келетін дөрекі педагогикалық қателік жіберіледі. Керісінше, мінез-құлықтың жағымпаздығын немесе ыңғайлылығын мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырад, ол ретінде тартылады.

Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Оларды мынандай топтарға бөлуге болады. Итермелеуші негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары. Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайлармен және шарттарымен негізделеді. Белсенді ыңғайланушылық немесе енжар ыңғайланушы мінез-құлық былай қалыптасады: деструктивті-агрессивтік, топтық іс-әрекеттердің және өзінің сол топтағы жеке мінез-құлқының төңкеріспен қайта құрылуға бағытталып өзгеруі; деструктивті-компенсаторлық, топтық іс-әрекеттердің және өзінің мінез-құлқының қайта құрылуы оның талаптарына қатты көнушілікпен қатар жүреді және бекітіледі. 1950 жылы американ әлеуметтанушысы А.Коэн деликвенттік үлкен мәдени теориясын ұсынды. Бұл теорияның негізгі деликвенттілік типтегі адамдардың үлкенмәдениет ерекшелігінде, олардың басқа жолмен жетістікке жетуі, “үлкен” қоғамға қарағанда қалыпты жолмен жетістікке жету, өзін-өзі сыйлау және басқа адам тарапынан сыйлауға ұрлық, агрессивтілік, вандолизм жатады. Ал үлкенмәдениетке агрессивті мінез-құлық, ұрлық жатады. Олар мафиялар, бандылар, қылмыстық топтардың өзара ішінде көрінеді.

Адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасу теориясы әртүрлі болады. Олардың ішінде: биологиялық-адамның сыртқы келбеті құқықбұзушылығыбейім екенін анықтайды (Ламброзо, Шелдок); психологиялық адамның психика ерекшелігі маңызды, яғнионың құқықбұзуға, жан-жолға дайын екенін анықтайды. (Фрейд), әлеуметтілік тәжірибенің негативті жақтарын жинау, қоғам талаптары мен тәрбиеге қарсы тұру. (Дюргейм, Мертон, Миллер және т.б.) әртүрлі теориялардың қорытындысы, биологиялық және психологиялық теорияның тұлғадағы ерекшелікті көрсетеді, яғни тәрбиедегі, дамудағы девианты болуы мүмкін.

Ауытқушы мінез-құлық негізінде биопсихологиялық мінездеме, оның әлеуметтік тәрбиесінің процесі және нәтижесі, мінез-құлықтың негативті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі жатыр: тұлғаға бағытталған кері жағы (қызығушылық, талап қою, мотив, мақсат, идеал), оларға сәйкес келетін негативті әдет (негативті бағытталған және қарсы әдет) тұрақты сезімдер, олар әлеуметке қарсы, аморальды мінез-құлықты, іс-қимылды және істеген істерін реттеп отырады.

Адам девиантты болып бірте-бірте қалыптасады. Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуының негізгі шарттары мыналар:



  • әлеуметтік норма мен тұлғаның арасындағы қарама-қайшылықтың тууы;

  • балаға қарсы әлеуметтік талап қоюдың, келіспеушіліктің болуы;

  • заңға қарсы қимылдың болуы (ұсақ бұзақылық, өтірік айту, ұрлық жасау және т.б.)

  • заңға қарсы қимылдық пікір айту;

  • асоциалды мінез-құлық тәжірибесінің жинақталуы (зорлық, бұзақылық, зорлық-зомбылық);

  • асоциалды мінез-құлықты топқа қосылу;

  • заңды бұзу;

  • қылмыс жасау.

Адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын фактор тобы, жасөспірім кезіндегі ауытқушы мінез-құлыққа әкелетін мәселелер.

- А) кризистік құбылыс, жасөспірім кезеңіндегі жыныстық даму кезеңіндегі қарқынды және тең емес организмнің дамуы; физикалық және психикалық сезінуі, эмоционалды тұрақсыздық;

- Б) үлкендермен, ата-ана, мұғалімдермен өзара қатынас кезіндегі “жан-жолда” өзіне деген талаптың болуы.

- В) қатынасты “бағыну моралі” позициясынан, “тең мораль” позициясын ауыстыру.

- Г) үлкендер мінез-құлықты жоғары бағалау.

- Д) құрдастарымен қарым-қатынас кезінде мінезінің өзгеруі, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін сендіруге тырысу, негативті қалыптасуының факторы ретінде;

- Е) Негативті факторлар тұлға қалыптасуының ортасы. Отбасы, тұлғаның негативті қалыптасуының факторы ретінде:

а) Отбасындағы адамгершілікке қарсы жағдай: ішімдікке салыну, ұрыс, төбелес, өзара қарым-қатынас кезіндегі қатыгездік, әділетсіздік.

б) Отбасы құрамының мәселелері: толық емес отбасы, бір балалы отбасы, көп балалы отбасы, дистантты отбасы, бұнын бәрі баланың педагогикалық жетіспеушілігіне әкеп соғады. Тұлғаның қалыптасуы ата-анасының біреуінің шамадан тыс көңіл бөлуі және тәрбиелеу процесінің болуы. Бұл негативті факторлардың отбасына әсері, баланың үйіне, отбасына, ата-анасына деген қарсы қатынасын көрсетті. Олардың үйден кетуіне және көп уақытын үйде өткізбеуіне себепші болады. Бұл шартта “көше балалары” категориясы қалыптасады. Бұған қатысушылар: үйдегі агрессивті жағдай, балаға деген қатыгездік, оның бала тәрбиелеуді апасы мен атасына баланың қолдауынсыз беру, тәрбиенің жетіспеушілігі, баладағы дұрыс қызығушылықтар мен әуестіктердің болмауы.

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

6 Дәріс



Тақырыбы: Аутодеструктивті мінез-құлық

  1. Аутодеструктивті мінез-құлықтың сипаттамасы

  2. Аутодеструктивті мінез-құлық түрлері

  3. Аутодеструктивті мінез-құлықтың профилактикасы


Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына  қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен, төмендегідей түрлері кең тараған:
   1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және  парасуицидалды). Суицидтілік аутодеструктивті мінез-құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады.  А.Е. Личко  демонстративті, аффективті және шын  суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын (кенеттен пайда болған дағдарысқа жауап ретінде төтеп бере алмай, өз-өзін өлтіру) түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын-алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез-құлық – өз-өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу.

    2. Тағам қабылдауға тәуелділік (булимия және анорексия) – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез-құлқының бұзылуы.


     3. Аддиктивті мінез-құлық – химиялық (психоактивті заттарды шектен тыс қабылдау–алкоголизм, наркомания, токсикомания, шылым шегу) және химиясыз заттарға тәуелділік. А.В. Котляров (2006) химиясыз аддикцияға  экзистенциалды тәуелділікті жатқызады   (метафизикалық уланудан өмірдің мәнін іздеу, соның ішінде психотерапияға тәуелділік), сыртқы келбетіне тәуелділік, жалғыздыққа тәуелділік, өзіне ерекше мәні бар адамды бақылауға тәуелділік, баспасөз жаңалықтарына, жарнамаларға тәуелділік, бір нәрсеге ие болуға
тәуелділік (хобби, үй жануарларына үйірлік, коллекциялау), шектеу сенімдеріне тәуелділік, сараңдық синдромы, алған түрлі жарақаттарына, ауруларына тәуелділік, графомания, «бас алмай» оқу. Якимова Т.В. (2009) химиясыз аддикцияны «танымдық аддикция» деп атаған дұрыс деп санайды.
4. Фанатикалық мінез-құлық ( деструктивті-религиоздық табыну, спорттың немесе музыканың қандай да бір түрімен шамадан тыс айналысу).  Фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі   деструктивті табыну. Егер спортпен айналысу немесе  музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болса,  ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына, ерік бостандығына қауіп төндіреді. 
5. Аутистік мінез-құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден (эскапизм), адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан  көрінетін мінез-құлық. Аутистік мінез-құлықты   аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм –  әлеуметтік өзара қарым-қатынасты қабылдаудың және қарым-қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы.  Аутистік мінез-құлық кезінде  психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай,  басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз-өзімен «араласуды» дұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету  мүмкін емес болса, не поддается психологической коррекции, ал  аутистік мінез-құлықта қауіпсіз жағдайда қарым-қатынас дағдыларын жаттықтыруда  психологиялық топ пайдалы  ресурс болуы мүмкін.
6. Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің   өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне  көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі  өз-өзін төмен бағалау, қарым-қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады.
7. Өмірге қауіп төндіретін іс-әрекетке бару- бұл экстремалды спорт түрі, жоғары жылдамдықта машина айдау, т.б. Мұндай «қызығушылықтардың» өмір мен денсаулығына қауіп төндіретініне қарамастан, кейбіреулердің қолдауы табылып, айналадағылар олардың «батырлығы» мен «ерлігіне» таңғалады. 
    Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады  – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды),  өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер үшін маңызы зор.
 Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық.  Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.
Көптеген психологтар, мысалы, Хухлаева О.В.  аутодеструктивті мінез-құлық мәселелерін шешуде түзетуден гөрі алдын алу шараларына көбірек көңіл беру керектігін айтады.  Алдын-алу шаралары дегенде бұзылған мінез-құлықты, мысалы, алкоголизм немесе суицидтілікті  жеке бөліп алмай, жалпы психологиялық және психикалық денсаулықты сақтауға бағытталуы тиіс. Психологиялық сау адамның әртүрлі аутодеструктивті  мінез-құлық түрлеріне шалдығу мүмкіндігі төмен болады. Никифоров Г.С. и Березовская Р.А. (2003),  психикалық саулық критерийлерін жүйелей отырып, психикалық саулықтың көп кездесетін түрлерін бөліп көрсетті:
- психикалық  процестер саласында – өзін-өзі, субьективті образдарды тиімді қабылдау,  зейінін шоғырландыра алу, жаңалықтарды есінде сақтау, логикалы түрде өңдей алуға қабілеттілігі, сыни тұрғыдан ойлай білуі, өз ойларын жинақтап, реттей білуі; 
- жеке басы ерекшеліктері саласында: оптимистік, тұрақтылық, тепе-теңдікті сақтай білу, өз-өзін меңгере білу, адамгершілік қасиеттің болуы, адамдарға үйірлік және өз-өзін тиімді бағалай алуы, тез ашуланбау, еңбексүйгіштік, тәуелсіздік, әзілді түсіне алу, өз-өзін сыйлау, бақылау, жігерлілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық;
- адамның үйлесімділік, біріккендік, тепе-теңдік деңгейіне, өз-өзін, әлеуметтік денсаулығын  дамытуға бағытталуына да  көп мән беріледі. Оның  критерийлері –  әлеуметтік шындықты адекватты қабылдай білу, айналасындағыларға қызығушылық таныту, қоғамдық пайдалы іске бағытталуы, өзінің жоғары мәдениеттілік деңгейін көрсете алуы, жауапкершілік, батырлық.   
Психологиялық және психотерапевтік практикада психикалық саулық  пен психикалық ауытқушылықтың критерийлерін әр маман өз практикасы бойынша әртүрлі көрсетеді. Мысалы, психоаналитик А. Миллер психикалық дені сау деп басынан өткеріп жатырған түрлі жағдайларды өз «Менінің» бір құрам бөлігі деп сенетін адамды айтады. Бұл «өз-өзімен байланыс» табиғи жағдайы  адамның өз сезімдері мен тілектерін түсіне білуге көмектеседі, өзіне іштей тірек орнатып, өз-өзін сыйлауға мүмкіндік береді. Ол өзінің жан қалауымен өмір сүре алады, қайғырады, қажет етсе, басқалардан көмек сұрайды. Ол өзінің нені қалайтынын немесе нені қаламайтынын біледі жәны оны басқалардың көңіліне қарамай  айта алады.  А. Маслоу дені сау адам деп шындықты дұрыс қабылдай алатын адамды айтады, оларда өзін кінәлі сезіну мен ұялу сезімі болмайды, олар тәуекел істен, тәжірибеден қорықпайды (өзін қабылдай алуға қабілеттілік, өз кемшіліктері үшін уайымдамау). Дені сау адам тек шындыққа жанаспайтын жағдайда, ауытқушылықты көрген кезде ғана жайсыздықты (дискомфортты) сезінеді.  Психикалық дені сау адамның негізгі белгілері – қарапайымдылық, табиғилық, сыртқы орта әсерлеріне тәуелсіздік, еріктілік, белсенділік, өмірдің қызықтарына қуана білу.  Мұндай адамдардың шындық өмірмен қарым-қатынасы іштей реттеліп отырады,  олардың жеке құндылықтары болады. Олардың барлық уақыты өз-өзін жетілдіруге, дамытуға жұмсалады да, аутодеструктивті мінез-құлық түлерінің пайда болуына жол берілмейді. 
7 Дәріс

Тақырыбы: Қиын оқушылардың аддиктивті мінез-құлқы.

1. Аддиктивті мінез-қылықтар жайлы түсінік.

2. Әлеуметтік жағдайлар мен балалардың дербес ерекшеліктері негізінде туындайтын аддиктивті мінез-қылықтардың деңгейлері.

3. Жаман қылықтарға бейімділік

«Тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқушылықтары» категориясындағы тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық сияқты топтамалар да кездеседі.Тәуелді мінез-құлық өзіндік ауқымды әлеуметтік мәселені тудырады. Өйткені бұл формада мынандай негативті жағдайға ұшырайды: еңбекке жарамдығын жоғалтады, ортасымен жиі конфликтіге түсуі, қылмыс жасауы. Ежелден әр түрлі тәуелді мінез-құлық формаларын жат әдеттерге жатқызған, мысалға: алкоголизм, мөлшерден тыс тамақтану, азарттық ойындар және т.б. жатады. Қазіргі медицинада кеңінен қолданылатын патологиялық әдеттер термині бар, белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді). Аддиктивті мінез-құлық тұлғаның девиантты мінезінің бір түрі. Қазіргі кезде тәуелділіктің мынандай түрлері тараған:

1. Психоактивті заттар. 2. Алкоголь 3. Тамақ. 4. Әртүрлі ойындар. 5. Жыныстық қатынастар. 6. Діни ошақтар

Тізбектелген объектілерден келесі тәуелді мінез-құлық формалары көрсетіледі:

- химиялық тәуелділік (темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық);

- тамақтанудың бұзылуы (мөлшерден артық тамақтану, аш болу, тамақтан бас тарту);

- гэмблинг-ойынға тәуелділік (компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық);

- сексуалды аддикция (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм);

- діни деструктивті мінез-құлық (религиоздық фанатизм, сектаға бару);

- заманның өзгеруіне байланысты тәуелді мінез-құлқының жаңа бір формалары етек алуда: бүгінгі күні компьютерлік тәуелділік кең жайылуда.

Сексуалды мінез-құлық нормаға сәйкес болады, егер ол: - екі жақты келісіммен;

-кәмелетке толғандармен; - тірі адамға бағытталса; -девианттілік белгілері болмаса.

Онда сексуалды мінез-құлықтағы ауытқушылықтарды былай бөлеміз:



  1. қылмыстық сексуалды әрекеттер (зорлау, жезөкшелік, балаларға бағытталу)

  2. сексуалды девиациялар (жануарлармен жыныстық қатынасқа түсу, садомазахизм, фетишсекс т.б.)

  3. маргинальды мінез-құлық (промисуитет, нудизм, гомосексуализм)

  4. жалпы қабылданған сексуалды мінез-құлық(ересектердің келіссіммен гетеросексуалды мінез-құлқы)

Аддиктивті (тәуелділік) мінез-құлық тұлға ауытқушылықтарының бір формасы, ол бейімделу мен өзін реттеу мақсатында белгілі бір нәрсені мөлшерден тыс қолдану. Әртүрлі тәуелділік формалары бір түрден екіншісіне немесе қатар байланыста ұстауы жүреді. Мысалы: темекі шегуші көп жылдардан кейін шылымнан бас тарту кезінде тамақтануға құмарлана түседі. Тұлғаның тәуелділік мінез-құлқы психофизиологиялық қалыптың өзгеруімен сипатталады. Сырттай бұл көрініс өз- өзімен күрес, өз-өзіне бақылау жасаудан арылу есебінде көрінеді

Аддиктивті мінез-құлық бірден пайда болмайды, ол үздіксіз процесс процесс, тәуелділіктің дамуымен қалыптасады. Аддикцияның бастапқы кезі, индивидуалды ағымы және аяқталуы болады. Мысалға, анашаға тәуелділік келесі стадияларда жүруі мүмкін:

1) Анашамен танысу эпизодтық қолдану фонында, өзін бақылай алу кезінде жүреді.

2) Біртіндеп өзін бақылау үстінде ұстай отырып,тұтынудың тұрақты индивидуалды ритмі қалыптасады. Бұл кезең психологиялық тәуелділік болып есептеледі, өйткені мұнда объект шынымен де белгілі бір уақытта психофизиологиялық қалыпты жақсартады.

3) Максималды дозаны қолдана отырып, уақытын жиілету. Физикалық тәуелділік толығымен өзін бақылаудан айырылады. ләззат әкелуден қалады, тек оны ауруды сезінбес үшін қолданады.

4) Әлеуметтік құлдырау (дозаның жоғары болуы, суицид, СПИД, т.б.)

Тағы бір тәуелділік мінез-құлқының ерекшелігі оның циклділігінде. Бір циклділігінің фазалары:


  • аддиктивті мінез-құлыққа іштей дайындық;

  • қызығушылығының артуы;

  • аддикция объектісін белсенді іздеуі

  • объектінің алуы мен жетудегі спецификалықалаңдаушылығы;

  • босаңсу;

  • тыныштық алу.

Бір аддиктивті цикл бір ай немесе бір күнге дейін созылады. Тәуелділік мінез-құлқы міндетті түрде ауру немесе өлімге дейін әкелмейді, бірақ жекелік өзгерістер мен әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі. Аддиктивті құбылыс үнемі аддикция объектісіне жоғары құндылы эмоционалды қатынасты тудырады. Мысалы: анаша, шылымның үнемі артық болуын қадағалайды. Рационалды механизмі күшейеді, яғни аддикцияның интеллектуалдылықты жөн көруі («бәрі шылым шегеді», «алкогольсіз стрессті жою мүмкін емес») және «қалауынша ойлау» туады («мен өзімді бақылай аламын», «барлық анаша шегушілер- жақсы адамдар»).

Сонымен қатар барлық «басқа» адамдарға сенімсіздік туады, әсіресі арнайы мамандарға («олар мені түсінбейді, өйткені олар өздері мұның не екенін білмейді»).

Аддиктивті құбылыс тәуелді объектіні тіршіліктің мақсаты, ал оны қолдану- өмір салты деп түсіндіреді. Аддиктивті құбылыстың ең бір негативті көрінісі анозогнозия- ауруды жоққа шығару немесе оның өте ауырлығы. Өзінің тәуелділігін мойындамау (мен маскүнем емеспін, егер қойғым келсе қоямын). Осылайша тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлық –бұл аутодеструктивті қылық, белгілі бір затты қолдануда тәуелділіктің психикалық қалыптан ауытқуы. Субъективті бұл алаңдаушылық сол аддикция объектісіз өмір сүре алмайды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет