Басталуы Т. Айбергенов «Ана»



бет7/17
Дата11.05.2022
өлшемі1,31 Mb.
#142648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
ana-degen-altyn-azy-altyn-ba
срсп3
3. Айша бибі
Айша бибі — шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі — Айғожа.
Айша бибі кесенесі – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан.Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған.Пішіні шаршыланып біткен, ауданы – 7,6 х 7,6 м, бұрыштар, бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында 3 х 1,4 м құлпытас орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше бетінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер араб әрпімен жазылған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Ол үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналармен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады.
Айша бибі туралы аңыз. Қазіргі Тараз қаласының іргесінде моласы тұрған Айша бибі жайында білетініміз тым аз. Бір аңыз оны сиыр малының атасы саналып кеткен Зеңгі бабаның қызы дейді. Ал, тағы бір аңызда Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы делінген. Қарахан мен Айша Түркістанда кездесіп, бірін-бірі бір көргеннен-ақ ұнатады. Ғашықтар бас қосып, өмірлік серік болуға да уәделескен. Алайда, жаугершілік заманда дұшпандарымен соғысып жүрген Қарахан уәделескен күні Айшаға келе алмапты. Күте-күте төзімі таусылған қалыңдық Таразға Қараханның артынан өзі күтуші әйелімен бірге іздеп барған екен. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң-тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріскен.Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша-бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған ол, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Алайда, оның ұйқысын даланың улы жыланы шағып шырт бұзды.Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізіпті. Хан тәуіптері мен молдасын алып дереу жеткенде, ару қыз ісіп-кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін сол жерде қиғызады. Содан кейін ол қалыңдығын қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айғайлапты.
Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев “Айша бибі”- деген пьесасын жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет