Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздері ” 050104 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар



бет3/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,04 Mb.
#31077
1   2   3   4   5

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?

  2. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары қандай?

  3. Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?

  4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Заңы 1993ж. 19 қаңтар «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет».

  2. «Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.

  3. «Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.

9 тақырып: Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы.


Дәріс мақсаты: Студенттерге демократиялық және құқытық мемлекет құру кезеңінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Әскери доктринаның маңыздылығы туралы анықтама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасының міндеті және маңызы.

2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің №299 Жарлығымен мемле­кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс­тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз­қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи­касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.

Жаңа Әскери доктрина демократиялық және құқықтық мемлекет құру кезеңінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін, оның ішінде әскери салада да жетілдіруге бағдарланған 2000 жылғы Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын одан әрі дамыту үшін әзірленді.

Қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономи­калық және саяси жаңарту, сондай-ақ әлемдегі әскери-саяси жағдайдағы өзгерістер жаңа Әскери доктринаны қабылдау үшін негіз болды.

Қазақстан, доктринада көрсетілгендей, әскери күштің мәні барынша төмендетіліп, оның функ­циялары әскери жанжалдарды тежеу міндетіне жақындастырылған халықаралық қатынастар жүйесін құруды дәйекті түрде қолдайды.

Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика­сы­ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу­шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.

Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп­сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа­зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді­лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер­ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.

Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла­ныс­ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Жаңа Әскери доктрина қашан қабылданды?

  2. Әскери доктринаның міндеті қандай?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. «Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.

  2. «Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.

  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2007 жылғы наурыздың 21-і. №299 Жарлығы.

10 тақырып: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 ж. 24 мамырдағы №449 қаулысы.


Дәріс мақсаты: Студенттерге мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы анықтама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы.

 Мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке


даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесi

 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң ) сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ереже мемлекеттiк органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.

 2-тарау. Азаматтарды әскери қызметке даярлау

      3. Азаматтарды әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды:


      1) бастапқы әскери даярлық;
      2) әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлық;
      3) жалпы орта бiлiм беру ұйымдарындағы қосымша бiлiм беру бағдарламалары бойынша әскери даярлық;
      4) жоғары кәсiби бiлiм беру ұйымдарындағы запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық;
      5) дене дайындығы, медициналық көмек, әскери-патриоттық тәрбие.

      4. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру мен жүргiзудi бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.

 3-тарау. Бастапқы әскери даярлық

1. Жалпы ережелер

      5. Шақыруға дейiнгi және шақыру жасындағы азаматтардың бастапқы әскери даярлығын меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, жалпы бiлiм беру базасында жалпы орта, бастапқы кәсiптiк және орта кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында (арнаулылардан басқа) (бұдан әрi - оқу орындары) штаттық ұйымдастырушы-оқытушылар жүргiзедi.

      6. Азаматтардың бастапқы әскери даярлығы мынадай мақсаттарда жүргiзiледi:


      жастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiздерiн зерделеуi;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының құрметтi мiндетi ретiнде әскери қызметтiң мәнiн, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi жарғыларының негiзгi талаптарын түсiну;
      әскери бөлiмдердiң қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен, өмiрiмен танысу;
      қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдылар алу;
      төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерiн меңгеру;
      жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу.
      Мерзiмдi әскери қызметтi өткерген, сондай-ақ оқу орнында бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген адамдар басқа оқу орнына ауысқан кезде бастапқы әскери даярлыққа қайта тартылмайды.

 2. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және


жүргiзу тәртiбi

      7. Жастардың бастапқы әскери даярлығын жүргiзудi ұйымдастыру кезiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi:


      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiм бойынша бастапқы әскери даярлықтың жүргiзiлуiн және жастармен жүргiзiлетiн әскери-патриоттық жұмыстың жай-күйiн тексерудi жоспарлайды;
      бастапқы әскери даярлық өткiзу жөнiндегi оң тәжiрибенi қорытуды жүргiзедi.

      8. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi:


      бастапқы әскери даярлықтың жүргiзiлуiн және оқушылардың әскери патриоттық тәрбиесiне басшылық жасауды жүзеге асырады:
      бастапқы әскери даярлықтың жүргiзiлуiн және оқушылардың әскери патриоттық тәрбиесiнiң жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етедi;
      әскери iстiң негіздерi жөнiнде қаулылар, ережелер, нұсқаулықтар және әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеуге қатысады;
      оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiн және оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеудi, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушыларды даярлауды бақылауды жүзеге асырады және аумақтық бiлiм беру органдарына осы мәселелер бойынша көмек көрсетедi;
      бастапқы әскери даярлықты жүргiзудiң және оқушылардың әскери патриоттық тәрбиесiнiң оң тәжiрибелерiн зерделейдi, қорытындылайды және таратады.

      9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi:


      оқушы жастарды адамның тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерi бойынша оқытуды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп "Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы бойынша бағдарлама бөлiмiн, сондай-ақ оқу орындарын медициналық-санитарлық даярлық және азаматтық қорғаныс бойынша мүлiкпен жабдықтау табелiн әзiрлейдi;
      тиiстi министрлiктер мен ведомстволар осы мақсаттарға бөлетiн қаржыландыру есебiнен "Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерi" тарауы бойынша оқулықтар, оқу құралдарын, плакаттар, оқу кинофильмдерiн, диафильмдер әзiрлеуге қатысады.

      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi:


      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң оқу орындары оқушыларын медициналық-санитарлық даярлау бойынша мүлiкпен жабдықтау бағдарламасы мен табелiн әзiрлеуге қатысады;
      медициналық-санитарлық даярлық бойынша оқушылармен практикалық сабақтар жүргiзу үшiн емдеу ұйымдарын оқу орындарына бекiтедi.

      11. Меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан оқу орындары (арнаулылардан басқа) оқушы жастарды бастапқы әскери даярлау мен әскери патриоттық тәрбиелеудi жүргiзедi.


      Осы мақсатта олар:
      қажеттi оқу-материалдық базаны құрады;
      жергiлiктi әскери басқару органдарымен бiрлесiп оқу орындары үшiн бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушыларды iрiктеудi қамтамасыз етедi және олардың әдiстемелiк даярлығын ұйымдастырады;
      бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтардан алған бiлiмдерi мен дағдыларын орнықтыру мақсатында жiгiттердiң далалық оқу сабақтарын ұйымдастырады және жүргiзедi.

      12. Жергiлiктi әскери басқару органдары бiлiм берудiң басқару органдарымен бiрлесiп облыстардың, қалалардың және аудандардың аумақтарында жастардың бастапқы әскери даярлығын жүргiзуге басшылықты жүзеге асырады.


      Жергiлiктi әскери басқару органдары:
      бастапқы әскери даярлық бойынша есептiлiктi жүргiзедi;
      бiлiм беру және денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп жыл iшiндегi бастапқы әскери даярлық өткiзудiң қорытындылары бойынша жергiлiктi атқарушы органдар шешiмдерiнiң жобасын және жаңа оқу жылының негiзгi iс-шаралары жоспарын әзiрлейдi;
      бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы оқытушыларымен үш күндiк оқу-әдiстемелiк жиындар мен бiр күндiк әдiстемелiк сабақтарды, мүдделi ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен оқу орындарында жастардың бастапқы әскери даярлығын тексерудi ұйымдастырады және өткiзедi;
      гарнизон бастықтарымен, құрамалардың, әскери бөлiмдерді командирлерiмен және әскери оқу орындарының бастықтарымен, бiлiм беру органдарымен бiрлесiп далалық оқу-жаттығу жиындарын жоспарлайды және ұйымдастырады;
      жастарға әскери патриоттық тақырыптағы ғылыми-көпшiлiк, хроникалы-деректi кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырады;
      жергiлiктi атқарушы органдарға жастармен бастапқы әскери даярлықты және әскери-патриоттық жұмыстарды жүргiзудiң жай-күйi туралы ақпараттар бередi;
      жоғары оқу орындарында бастапқы әскери даярлық пен дене тәрбиесiн ұйымдастырушы оқытушыларды даярлау үшiн үмiткерлер iрiктеудi жүзеге асырады;
      далалық оқу-жаттығуды ғана ұйымдастыру және өткiзу кезiнде бiлiм беру ұйымдарының басшыларына әскери бөлiмдермен және әскери оқу орындарымен өзара iс-қимыл орнатуға жәрдем көрсетедi;
      бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген шақырылушылардың тiркеу куәлiктерiне тиiстi жазба енгiзедi.

      13. Гарнизон бастықтары жергiлiктi әскери басқару органдарымен бiрлесiп бастапқы әскери даярлық, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудi ұйымдастыру мен жүргiзуге көмек көрсету үшiн оқу орындарын әскери бөлiмдерге, әскери оқу орындары мен әскери кафедраларға бекiтедi.

      14. Әскери бөлiмдердiң командирлерi, әскери кафедралардың бастықтары:
      оқу орындарына жастардың бастапқы әскери даярлығы мен оларды әскери патриоттық тәрбиелеу мәселелерi бойынша жәрдем көрсетедi;
      оқушы жастардың әскери бөлiмдердiң жеке құрамымен кездесуiн ұйымдастырады, әскери қызметшiлердiң тұрмысымен, сондай-ақ қару жарақпен және әскери техникамен таныстырады;
      далалық оқу-жаттығу сабақтарын өткiзу үшiн офицерлердi жiбередi;
      жергiлiктi әскери басқару органдарына, бiлiм беру органдарына оқу орындарының бастапқы әскери даярлығын ұйымдастырушы-оқытушыларымен практикалық, нұсқамалық-әдiстемелiк және көрнекi сабақтар өткiзуге көмек көрсетедi.

      15. Оқу орындарының басшылығы:


      жастардың бастапқы әскери даярлығы мен әскери-патриоттық тәрбиесiн ұйымдастыруға және оның жай-күйiне жауап бередi;
      оқу процесiн уақтылы жоспарлау мен ұйымдастыруды, бастапқы әскери даярлық бойынша бағдарламаны орындауды қамтамасыз етедi;
      практикалық сабақтарды пысықтау үшiн үй-жайлар, алаңдар мен орындар бөледi, бастапқы әскери даярлықтың оқу-материалдық базасын ұдайы жетiлдiруге шаралар қабылдайды;
      жастардың үлгерiм үшiн жеке жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
      оқытушы-ұйымдастырушыға әдiстемелiк көмек көрсетедi, бастапқы әскери даярлықтың пәнаралық байланысын жүзеге асырады, үйiрме немесе факультативтердiң жұмыстарын ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдемдеседi;
      бастапқы әскери даярлық бойынша ұйымдастырушы оқытушылардың сабақ жүргiзуiн, жастардың өткен материалды меңгеру сапасын бақылайды, оқу жылының iшiнде кемiнде бiр рет педагогикалық кеңестерде (мәжiлiстерде) бастапқы әскери даярлық пен жастармен жүргiзiлетiн әскери патриоттық жұмыстардың жай-күйiн талқылайды;
      бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      бастапқы әскери даярлықты оқытудың басталуы және аяқталуы туралы, взводтар және бөлiмшелер командирлерiн тағайындау туралы бұйрықтар шығарады;
      жергiлiктi бiлiм беру органдары мен жергiлiктi әскери басқару органдарына оқушы жастармен жүргiзiлетiн бастапқы әскери даярлық пен әскери-патриоттық жұмыстардың жай-күйi туралы есеп бередi.

      16. Бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы оқытушысы:


      оқу орнының басшысына бағынады және оқушылардың бастапқы әскери даярлығына және сабақ жүргiзiлу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына жауап бередi;
      бастапқы әскери даярлық бойынша және факультативтiк сабақтарды жүргiзедi, әскери iс негiздерiн зерделеу бойынша үйiрмелерге басшылық жасайды;
      өзiнiң кәсiби және педагогикалық бiлiмi мен дағдыларын ұдайы арттырып отырады;
      оқу орнының педагогикалық ұжымымен бiрлесiп оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
      әскер жасына дейiнгi жiгiттердi медициналық тексеруден өткiзудi қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      әскери оқу орындарына түсу үшiн азаматтарды iрiктеу мен дайындау жөнiнде жұмыстар жүргiзедi және жергiлiктi әскери басқару органдарына жәрдем көрсетедi.
      Бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы оқытушысының жұмысы сабақтар кестесiмен, сабақтан тыс мезгiлде өткiзiлетiн iс-шаралар жоспарымен және оқу орнының басшысы бекiткен өзiнiң жеке жоспарымен регламенттеледi.
      Ұйымдастырушы оқытушылар оқу орны бойынша кезекшiлiкке тартылуы мүмкiн.
      Бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы оқытушысы мыналарды бiлуi қажет:
      бастапқы әскери даярлық пен "Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсының ерекшелiктерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының оқыту және тәрбиелеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдерi;
      педагогика, психология негiздерi;
      оқушылардың өмiрi мен денсаулығын қорғау ережесi;
      еңбек заңнамасының негiздерi;
      еңбектi қорғау ережесi;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оның кезiнде әрекет ету жүйесiнiң ұйымдық құрылымы;
      халықты дүлей және экологиялық зiлзалалар, өндiрiстiк iрi авариялар, апаттар кезiнде қорғаудың, сондай-ақ қазiргi заманғы қырып-жою құралдарынан қорғанудың негiзгi қағидаттары мен әдiстерi;
      дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi.

      17. Бастапқы әскери даярлық оқу орындарында мiндеттi пән болып табылады.


      Бастапқы әскери даярлық бiлiм беру органдары қалалар мен аудандардағы қажеттi оқу-материалдық базасы бар оқу орындарының базасында ұйымдастырылатын оқу орындарында немесе оқу орталықтарында жүргiзiледi.
      Азаматтардың бастапқы әскери даярлығы барлық үлгiдегi және түрдегi жалпы бiлiм беру мектептерiнiң 10 және 11-сыныптарында, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн (арнаулылардан басқа) бiлiм беру ұйымдарында жүргiзiледi. Бастапқы әскери даярлық курсын бiтiргеннен кейiн оқушы жастар далалық оқу жиындарынан өтедi.

      18. Оқу орындарында қыздармен "Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы бойынша сабақтар жiгiттермен бiрге, ал "Медициналық бiлiм негiздерi" бөлiмi бойынша жеке өткiзiледi. "Әскери қызмет негiздерi" және "Атыс даярлығы" бөлiмi бойынша сабақтарға қыздар тартылмайды.

      19. Оқу орындарында бүкiл оқу жылына бастапқы әскери даярлықты өткiзудiң апталық жоспары әзiрленедi. Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтар жалпы сабақ кестелерiне енгiзiледi және сыныптар мен оқу топтары бойынша өткiзiледi. Сыныптар мен оқу топтары взводтар деп аталады және бөлiмшелерге бөлiнедi.
      Оқу орны басшысының бұйрығымен үздiк оқушылар қатарынан бөлiмшелер мен взводтар командирлерi тағайындалады.

      20. Оқушылардың бастапқы әскери даярлық бойынша бiлiмi бес баллдық жүйе бойынша бағаланады.


      Оқушылардың (денсаулық жағдайы бойынша бастапқы әскери даярлықтан босатылған адамдарды қоспағанда) бастапқы әскери даярлық бойынша алған жылдық (курстық) бағалары негiзiнде орта бiлiм туралы аттестатына, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орнын бiтiргенi туралы дипломына қорытынды баға қойылады.
      Бастапқы әскери даярлық бойынша қанағаттанғысыз қорытынды бағасы бар адамдарға орта бiлiм туралы аттестаттар берiлмейдi.

      21. Бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген азаматтардың тiзiмi қорытынды бағаларымен бiрге тiркеу орны бойынша жергiлiктi әскери басқару органдарына жiберiледi.

      22. Оқу орындарында маңызды саяси оқиғаларды, әскери-патриоттық тақырыпты көрсететiн, Қазақстан халқының табыстарын, батырлары мен соғыс ардагерлерiн насихаттайтын, оқу орнының өмiрiн көрсететiн көрнекi үгiт құралдары болуы қажет.

 4-тарау. Азаматтарды әскери-техникалық мамандықтар


бойынша даярлау

      23. Азаматтарды әскери-техникалық мамандықтарға даярлау Заңға сәйкес даярлықтың шарттары мен сипатына байланысты өндiрiстен қол үзiп те және қол үзбей де жүргiзiледi.


      Әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлыққа және жалпы әскери даярлыққа денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жетi жарым жастан жиырма алты жасқа дейiнгi, бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жататын немесе жұмылдыру резервiне енгiзiлетiн азаматтар тартылады.
      Өндiрiстен қол үзе отырып әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлықтан өтiп жатқан шақырылушылардың оқу кезеңiнде жұмыс орны, атқаратын қызметi сақталады.

 5-тарау. Бiлiм беру ұйымдарында қосымша бiлiм беру


бағдарламалары бойынша әскери даярлық

1. Әскери даярлықтан өту

      24. Республикалық әскери мектеп-интернаттар (лицейлер) және жалпы орта, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын өзге де бiлiм беру ұйымдары қосымша бiлiм беру бағдарламалары бар бiлiм беру ұйымдары болып табылады.
      Әскери даярлықты iске асыратын бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгiнiң бiрлескен бұйрығы негiзiнде айқындалады.

      25. Әскери даярлық оқытудың бiр түрi болып табылады және дербес оқу пәнi ретiнде оқу жоспарларына енгiзiледi.

      26. Әскери даярлыққа денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды тәрбиеленушiлер тартылады.
      Тәрбиеленушiлердiң әскери қызметке жарамдылығы заңнамаға сәйкес әскери даярлық басталар алдында, сондай-ақ оқу жиындары басталар алдында (тек денсаулық жағдайына шағым жасағандар үшiн) айқындалады.

      27. Әскери даярлыққа басшылықты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.

      28. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне:
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, әскери даярлық бағдарламаларын әскери даярлықты қамтамасыз ету үшiн қажеттi қару-жарақ, әскери техника, әскери-оқу және басқа да мүлiк табельдерiн әзiрлеу және бекiту;
      тәрбиеленушiлердiң оқу жиындарын ұйымдастыру және өткiзу, әскери даярлық үшiн қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны құру;
      әскери даярлыққа, оқу, тәрбие және әдiстемелiк жұмысқа, әскери даярлық оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыруға басшылық жасау;
      әскери даярлық оқытушыларының лауазымдарына және әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлермен жасақталатын басқа да штаттық лауазымдарға әскери қызметшiлердi iрiктеу және тағайындау;
      Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң әскери оқу орындарында оқу үшiн тәрбиеленушiлердi iрiктеу;
      ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарына оқушылар қабылдау;
      әскери және дене даярлығын, әскери-патриоттық тәрбиелеудi ұйымдастырудың және өткiзудiң сапасын тексеру;
      ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiту;
      әскери бөлiмдермен және әскери оқу орындарымен өзара iс-қимылды ұйымдастыру;
      ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын дамытудың бағдарламаларын бекiту;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асыру жүктеледi.

      29. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне:


      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының штаттық кестелерiн қарау және бекiту;
      ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын дамыту бағдарламаларын бекiту;
      жалпы бiлiм беру даярлығына, оқу-тәрбие және әдiстемелiк жұмысқа басшылық жасау;
      өз құзыретi шегiнде оқу-тәрбие процесi мазмұнының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес келуiн кезең-кезеңмен бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу;
      бiлiм беру саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес педагогикалық қызметкерлерге аттестаттау жүргiзу және оларға бiлiктiлiк разрядтарын беру;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша бiлiм беру ұйымдарына оқушылар қабылдауды жүзеге асыру;
      бiлiм беру ұйымдарының басшыларына педагогикалық кадрларды iрiктеуге көмек көрсету;
      оқу, әдiстемелiк және көрнекi құралдарды әзiрлеу және шығару;
      ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiн оқу және тұрғын үйлермен, оқу жабдықтарымен, әдiстемелiк және көрнекi құралдармен қамтамасыз ету;
      ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз етiлуiн тексеру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асыру жүктеледi.

      30. Әскери даярлықты ұйымдастыруға, бұл үшiн қажеттi оқу материалдық-техникалық база құруға, қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз етуге бiлiм беру ұйымының басшысы тiкелей жауапты болады.


      Бiлiм беру ұйымының басшысына:
      жарғы жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      iшкi тәртiп ережелерiн бекiту;
      оқу процесiнiң оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтiзбелiк кестелерiн бекiту;
      штаттық кестенiң жобасын әзiрлеу және әскери даярлықты өткiзу үшiн басшылықтың, оқытушы құрамның және оқу-қосымша персоналдардың санын бөлу;
      тәрбиеленушiлердiң әскери пәндердiң басқа пәндермен тығыз байланыста зерделеудi ұйымдастыруға оқу-әдiстемелiк көмек көрсету, бiлiм беру процесi мен бiлiм беру технологияларының әдiстемесiн жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен алынатын мүлiктер мен әдебиеттердi қоспағанда, қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны құру және ұстау;
      тәрбиеленушiлер контингентiн құру;
      белгiленген пайдалану талаптарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын ұйымдастыру, күтiлуiн қамтамасыз ету;
      тәрбиеленушiлердiң үлгерiмiне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету;
      педагогикалық кеңестiң мәжiлiстерiнде әскери даярлықтың жай-күйiн талқылау;
      тамақтандыру мен медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру жұмыстары үшiн қажеттi жағдайлар жасау, тәрбиеленушiлер мен қызметкерлердiң денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында олардың жұмыстарын бақылау;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңiлдiктердi және материалдық қамтамасыз ету түрлерiн тәрбиеленушiлерге уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
      тәрбиеленушiлер мен оқушыларды ұстау және тұру жағдайларының белгiленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;
      қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының қызметiне жәрдемдесу;
      құрылтайшыға қаржылық және материалдық ресурстардың түсуi және жұмсалуы туралы есеп беру жүктеледi.

      31. Тәрбиеленушiлердiң оқу жиындары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп ұйымдастырылады және оқыту бағдарламасына сәйкес өткiзiледi, оның ұзақтығы 30 күннен аспайды.


      Оқу жиындарын өткеруден заңнамаға сәйкес оқу жиындарынан өту үшiн денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған тәрбиеленушiлер босатылады.

      32. Бiлiм беру ұйымдарында оқу-тәрбиелiк сыныптық, сыныптан тыс жұмыс ерекшелiк мiндеттерiн ескере отырып, бағдарламаларға, жалпы бiлiм беретін орта мектеп туралы ережелер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес ұйымдастырылады.

      33. Тәрбиеленушiлердi оқыту мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде взводтар (сыныптар) бойынша жүзеге асырылады. Сабақтар әрбiр пән бойынша оқу кабинеттерiнде, сыныптарында өткiзiледi.

 2. Тәрбиеленушiлердi үлестiң барлық түрлерiмен


қамтамасыз ету

      34. Тәрбиеленушiлердi киiм-кешекпен қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      35. Заттай мүлiкпен қамтамасыз ету мынадай схема бойынша жүзеге асырылады:
      мекеменiң жабдықтау жоспарларында заттай мүлiкке қажеттiлiктi есептеу өткiзiлетiн iс-шараларды ескере отырып, қамтамасыз ету нормаларына сәйкес жеке құрамның тiзiмдiк санына жүргiзiледi;
      жабдықтау жоспарларында мекемелерде заттай мүлiктiң азаймайтын қорын ұстау көзделедi;
      мекеменiң қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге жаңа, сондай-ақ жоспарланған кезеңде кию мерзiмi өтпеген, бұрын қолданылған заттай мүлiктiң барлық қолда бары есептеледi. Бұдан басқа қажеттiлiктi қамтамасыз етуге кию мерзiмi өткен, бiрақ жөндеусiз немесе жөндеуден кейiн тiкелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды мүкәммалдық мүлiк есептеледi;
      бiлiм беру ұйымдарына заттай мүлiктi беру:
      жазғы жоспар бойынша - 15 сәуiрде;
      қысқы жоспар бойынша - 15 қазанда жүргiзiледi;
      жазғы жабдықтау жоспары бойынша бiлiм беру ұйымдарына заттай мүлiктi берумен бiр мезгiлде оларға, ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi кию мерзiмi бойынша офицер, сержант және келiсiм-шарт бойынша қатардағы құрамның адамдарына тиiстi заттай мүлiк те берiледi;
      белгiленген нормалардан, табельдерден және штаттардан тыс мүлiктi мерзiмiнен бұрын беру және жұмсау жүргiзiлмейдi;
      айырым белгiлерi (фурнитура) тәрбиеленушiлерге осы белгiлердi тағып жүру көзделген киiм-кешектiң түрлерiн берумен бiр уақытта берiледi;
      одан басқа, сержант әскери атағын алған тәрбиеленушiлерге әскери атағына сәйкес оқа (жапсырмалар) берiледi;
      заттай мүлiктi талап етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс  министрлігіне ұсынылатын есеп-өтінім бойынша Қорғаныс министрлігінде үлесте тұрған бiлiм беру ұйымдары жүргiзедi;
      заттай мүлiкке талап ету бiлiм беру ұйымдары өздерi бағынысында болып табылатын жоғары тұрған министрлiктерге ұсынылған есеп-өтiнiм бойынша жүргiзiледi;
      заттай мүлiктi босатуға кезектен тыс өтiнiмдердi ұсынуға тек алдын ала жоспармен көзделген ұйымдық iс-шараларды қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ дүлей зiлзалалар нәтижесiнде жоғалған мүлiктi өтеу үшiн ғана жол берiледi.

 6-тарау. Жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында запастағы


офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық

      36. Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау мемлекеттiк тапсырысқа сәйкес әскери кафедраларда алған жоғары кәсiптiк бiлiмi негiзiнде жүргiзiледi.

      37. Қазақстан Республикасының азаматтарын - жоғары оқу орындарының (бұдан әрi - ЖОО) күндiзгi оқу бөлiмi студенттерiн запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау (бұдан әрi - студенттердiң әскери даярлығы) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында ұйымдастырылады.
      Жекелеген жоғары оқу орындарының жанынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiрлескен бұйрығымен жоғары оқу орны аралық әскери кафедралар құрылуы мүмкiн.
      Әскери даярлыққа тартылатын студенттер саны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жұмылдыру қажеттiлiгiне сүйене отырып Қорғаныс министрлiгiнiң тәртiптемесiмен айқындалады.
      Әскери кафедраларда оқу үшiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң келiсiмi бойынша студенттердiң әскери даярлығы белгiленетiн ЖОО ректоры меншiк және бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiлiм беру қызметiн жүргiзуге лицензиясы бар, әскери кафедрасы жоқ басқа да ЖОО-ның студенттерiн тартуы мүмкiн.

      38. Студенттердiң әскери даярлығы әскери кафедрада теориялық және практикалық оқыту курстарынан және оқу жиынынан, әскери тағылымдамадан тұрады және бiрiншi, екiншi, ал медициналық ЖОО-ның әскери кафедраларында үшiншi курстан басталады, бiрақ барлық жағдайда ЖОО-ны аяқталуына дейiн бiр жыл қалғанда оқу жиындарымен аяқталады.


      ЖОО жанындағы әскери кафедраларда студенттердi әскери даярлау оқытушылардың басшылығымен мiндеттi дәрiсханалық және жеке сабақтарды және студенттердiң дербес (өзiн-өзi даярлау) жұмысын қамтиды. Әскери кафедрада сабақтар "әскери күн" әдiсiмен жүргiзiледi.
      Студенттердi әскери даярлау оқытудың қосымша түрлерiнiң бiрi болып табылады және ЖОО оқу жоспарларына сабақтары оқу жылының екiншi семестрiнен басталатын дербес оқу пәнi ретiнде енгiзiледi.
      ЖОО жанындағы әскери кафедрада әскери даярлықтың басталуы мен аяқталуының нақты мерзiмi оқу жоспармен айқындалады.

      39. Әскери даярлыққа 27 жасқа дейiнгi, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды студенттер - Қазақстан Республикасының азаматтары, ал Қорғаныс министрлiгi айқындаған бiрқатар әскери-есептiк мамандықтар бойынша студент қыздар да тартылады.


      Әскери даярлықтан өту үшiн студенттердi iрiктеудi ЖОО ректорының атына берiлетiн олардың жеке өтiнiштерi бойынша iрiктеу комиссиясы жүргізедi.
      Студенттердi iрiктеу кезiнде:
      жергiлiктi әскери басқару органдары шақыру комиссиясының медициналық куәландыруының нәтижелерi;
      емтихандар тапсыру нәтижелерi бойынша айқындалатын оқу орнындағы студент үлгерiмiнiң орташа баллы;
      ЖОО студенттерi үшiн белгiленген дене даярлығы бойынша нормативтердi орындау нәтижелерi ескерiледi.
      Осы көрсеткiштердi бiрiншi семестрдiң соңында өткiзiлетiн отырыста iрiктеу комиссиясы қарайды, оның құрамына мыналардың өкiлдерi кiредi:
      Қорғаныс министрлiгiнен - төраға;
      қарамағында жоғары оқу орындары бар министрлiктерден - тең төраға, мүшелер.
      Iрiктеу комиссиясының дербес құрамы Қорғаныс министрлiгiнiң бұйрығымен айқындалады.
      Әскери даярлықтан өту үшiн студенттердi қабылдауды әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша комиссияның iрiктеу хаттамасы негiзiнде ЖОО ректоры жүргiзедi.
      Студенттердiң әскери қызметке жарамдылығы азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргiзумен бiрге әскери даярлық басталар алдында, сондай-ақ оқу жиындары алдында қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалардың әскери-дәрiгерлiк комиссияларының оларды медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша айқындалады.

      40. ЖОО жанында әскери даярлық өткiзу үшiн әскери кафедралар мен циклдар (бұдан әрi - әскери кафедралар) құрылады.



      41. Әскери даярлыққа басшылық жасауды қарамағында ЖОО бар министрлiктермен бiрлесiп Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне мыналар жүктеледi:
      ЖОО әскери кафедраларында оқитындардың (мемлекеттiк тапсырыс бойынша) санын айқындау қарамағында ЖОО бар министрлiктер және ведомстволардың келiсiмi бойынша ЖОО студенттерi запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлауға жататын әскери мамандықтарды және оқу жиындарын өткiзуге арналған уақытты белгiлеу;
      қарамағында ЖОО бар министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, ЖОО-да алатын азаматтық мамандықтарды, әскери даярлықты қамтамасыз ету үшiн қажеттi оқу-жаттығу қару-жарағының, техникасының, әскери-оқу және басқа да мүлiктiң табельдерiн ескере отырып, әскери даярлық бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;
      студенттердiң оқу жиындарын ұйымдастыру жөнiнде жоспарлар жасау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң полигондарын, атыс орындарын пайдалану, ЖОО жанынан, әскери даярлық үшiн қажеттi оқу материалдық-техникалық база құру;
      әскери даярлық бойынша бiтiру емтихандарын қабылдау үшiн емтихан комиссияларын құру, оларды өткiзудi ұйымдастыру;
      әскери кафедрада оқуды аяқтағаннан және ЖОО-ны бiтiргеннен кейiн студенттердiң әскери тағылымдамасын ұйымдастыру және өткiзу, ал тағылымдама аяқталғаннан кейiн оларға алғашқы офицерлiк атақ беру;
      әскери даярлықты, әскери кафедраларда құпиялылық режимiнiң және мемлекеттiк және әскери құпиялардың сақталуын бақылау;
      әскери кафедралардың оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасау және профессорлық-оқытушылық құрамның бiлiктiлiгiн арттыру;
      ЖОО жанындағы әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына әскери қызметшiлердi, сондай-ақ запастағы (отставкадағы) офицерлер қатарынан әскери кафедралардың бастықтарын, бастықтардың орынбасарларын және оқу бөлiмiнiң бастықтарын iрiктеу және тағайындау;
      әскери кафедраларды оқу қару-жарағымен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен, автомобиль көлiгiмен, оқу-жаттығу құралдарымен, аспаптармен, аппаратурамен, құрал-саймандарымен, әскери техникаға қосалқы бөлшектермен, сондай-ақ әскери жарғылармен, қажеттi тәлiмдемелермен, басшылықтармен, нұсқаулықтармен, топографиялық және теңiз карталарымен, әскери даярлық бойынша оқулықтармен және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету, жанар-жағар майға және басқа да материалдарға лимиттер бөлу;
      әскери кафедраларды құпия және өте құпия қару-жарақ, әскери техника үлгiлерiмен, аппаратурамен, аспаптармен және оларға әдебиеттермен, сондай-ақ тиiстi жарғылармен, тәлiмдемелермен, басшылықтармен, нұсқаулықтармен, оқулықтармен және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету белгiленген құпиялылық режимiн сақтай отырып әскери даярлық бағдарламасы көлемiнде жүргізіледі;
      әскери кафедралардың қару-жарағына, әскери техникасы мен автомобиль көлiгiне орташа және күрделi жөндеудi, құрастыруды (бөлшектеудi) және баптауды жүргiзу.
      Әскери кафедраларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы тармақта көзделген жұмыстарды жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өтеусiз жүргiзедi және әскери кафедраларды жабдықтау бекiтiлген Қорғаныс министрлiгiнiң мекемелерi арқылы жүзеге асырады.

      42. Бiлiм және ғылым министрлiгiне, қарамағында ЖОО бар министрлiктер мен ведомстволарға мыналар жүктеледi:


      бекiтiлген бағдарламаларға және белгiленген әскери мамандықтарға сәйкес ЖОО-лардың жанынан әскери даярлықты ұйымдастыру;
      оқу жоспарларында осы Ереженiң 50-51-тармақтарына сәйкес, ол үшiн қажеттi оқу уақытын бөле отырып, әскери даярлықтан өту тәртiбiн белгiлеу;
      әскери кафедралардың штаттық кестесiн қарау және бекiту Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша жүргiзiледi.

      43. Қарамағында ЖОО-лар бар министрлiктер мен ведомстволарда әскери даярлыққа басшылық жасау үшiн әскери даярлықты ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.

      44. ЖОО жанынан әскери даярлықты ұйымдастыруға, ол үшiн қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны құруға, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын қамтамасыз етуге, құпиялылық режимнiң қатаң сақталуына ЖОО ректорлары тiкелей жауапты болады.
      ЖОО ректорына мыналар жүктеледi:
      әскери даярлыққа оқу сағатының қажеттi санын және студенттердiң оқу жиындарына (каникул уақытында), сондай-ақ оқу жиындарын өткiзуге уақыт бөлу;
      әскери кафедраның штаттық кестесiнiң жобасын әзiрлеу және оған әскери даярлықты өткiзу және әскери техникаға қызмет көрсету үшiн профессорлық-оқытушылық құрамның, инженерлiк-техникалық және оқу-қосалқы персоналының қажеттi санын бөлу;
      Әскери кафедралар туралы ережеге сәйкес әскери даярлықты ұйымдастырудың және өткiзудiң үлгiлерi мен әдiстерiн айқындау;
      әскери кафедраның оқшауланып орналасуын қамтамасыз ету, оған оқу бағдарламаларына сәйкес сабақтар өткiзу үшiн қажеттi оқу және қызметтiк үй-жайлар мен объектiлер бөлу, оларды ұстау және жөндеу;
      студенттердiң әскери пәндердi ЖОО кафедраларында зерделенетiн пәндермен әскери пәндердiң тығыз байланыста зерделеуiн ұйымдастыруда әскери кафедраға оқу-әдiстемелiк көмек көрсету;
      әскери кафедраларда әзiрленетiн әдiстемелiк құралдардың басылып шығарылуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi қаржыландыратын қызмет түрлерiн қоспағанда, оқу бағдарламаларында көзделген әскери кафедра қызметiнiң барлық түрлерiне, соның iшiнде әскери кафедрада қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны құруға және ұстауға ақшалай қаражат бөлу;
      белгiленген талаптарға сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды, сақтауды және күтiп ұсталуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      әскери кафедраның жылдық жұмыс жоспарын бекiту;
      ЖОО ректоратының немесе оқу кеңесiнiң отырысында әскери даярлықтың жай-күйiн талқылау;
      Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережеге сәйкес әскери кафедраның офицерлiк құрамының адамдарын тiкелей мақсаты бойынша пайдалану.
      ЖОО ректоры әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша оқу, әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстарда жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген әскери қызметшiлердi көтермелей алады.
      Оқу жұмысындағы кемшiлiктерi үшiн әскери кафедраның әскери қызметшiлерiне ЖОО ректоры тиiстi мемлекеттiк органдарға тәртiптiк жаза қолдану туралы өтiнiш жасауы мүмкiн.

      45. ЖОО-да әскери даярлыққа оқытушылардың басшылығымен кемiнде 450 сағат мiндеттi сабақтар бөлiнедi. Әскери даярлыққа нақты сағат саны және сабақ түрлерi бойынша оларды бөлу әскери мамандықтарға, ЖОО түрiне және студенттер контингентiне байланысты Әскери даярлық бағдарламасымен белгiленедi.


      Оқытушының басшылығымен мiндеттi сабақтар көлемi күнiне 6 сағаттан аспауы тиiс. Студенттердiң өздiк жұмысы үшiн қажеттi уақыт сегiз сағаттық оқу күнi шегiндегi әскери даярлық күндерiне жоспарланады.

      46. Студенттердiң оқу-жаттығуы әскери даярлықтың соңғы кезеңiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп ЖОО ректоры ұйымдастырады және каникул уақытында оқу орнында соңғы оқу курсының алдында өткiзiледi.


      Барлық әскери мамандықтар бойынша студенттердiң оқу жиындарының ұзақтығы Запастағы офицерлердi даярлау бағдарламасымен айқындалады, бiрақ 30 күннен аспайды.
      Оқу жиындарынан өту уақытында студенттер "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мiндеттердi орындайды және жауапкершiлiкте болады. Оқу жиындарынан өту кезеңiнде студенттер курсанттар деп аталады.
      Оқу жиындары уақытында студенттерге стипендия төлеудi белгiленген тәртiппен ЖОО жүргізеді.
      Оқу жиындарынан өтуден қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалардың медициналық шақыру комиссиялары оқу жиындарынан өту үшiн денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп таныған студенттер босатылады. Осыған байланысты олар ЖОО-да әскери даярлық бойынша емтихан тапсырудан босатылады, әскери кафедрадан оқудан шығарылады және запастағы офицерлер құрамына аттестатталмайды.

      47. Әскери даярлық кезеңiнде студенттер сынақтар мен емтихандар тапсырады. Әскери даярлықтың және оқу жиындарының барлық бағдарламасынан өткеннен кейiн студенттер бiтiру емтихандарын тапсырады, олар ЖОО-лар жанындағы әскери кафедраларда өткiзiледi және оларды бiтiру емтихан комиссиялары қабылдайды.


      Студенттердiң әскери даярлық бойынша емтихандарда алған бағалары басқа пәндер бойынша алған бағаларымен қатар есептеледi.
      Дәлелсiз себептермен әскери даярлық бойынша сабақтарға жүйелi қатыспаған, оқу жиындарынан өтуден жалтарған немесе әскери кафедралардағы оқыту процесiнде және жиындар уақытында тәртiп бұзған студенттер әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ЖОО ректорының бұйрығымен әскери даярлық бойынша сабақтардан шеттетiледi.

      48. Әскери кафедрада оқитын, әскери даярлық бойынша емтихандар тапсырған, оқу жиындарынан өткен студенттер, ЖОО-ны бiтiргендiгi туралы диплом алғаннан кейiн әскери тағылымдамаға жiберiледi (студент әйелдердi қоспағанда) және одан өткеннен кейiн ғана оларға белгiленген тәртiппен лейтенант әскери атағы берiледi.


      Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және ЖОО-ны бiтiргеннен кейiн әскери тағылымдамадан өтпеген студенттерге сержант әскери атағы берiледi.

      49. Әскери кафедралар бастықтарының, әскери кафедра бастықтары орынбасарларының, әскери кафедра бастықтарының орынбасарлары - оқу бөлiмдерi бастықтарының, циклдар бастықтары - аға оқытушылардың лауазымдарына, сондай-ақ аға оқытушылардың лауазымдарына әскери қызметте тұратын, жоғары әскери немесе жоғары әскери-арнаулы бiлiмi бар офицерлер тағайындалады.


      Әскери кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының штаттық лауазымдары, оларды кадрлық офицерлермен жасақтауға мүмкiн болмаған кезде әскери киiм нысанын киiп жүру құқығымен әскери қызметтен босатылған, әскери есептiк мамандығы әскери кафедралардың бейiнiне сәйкес келетiн, жоғары әскери немесе жоғары әскери-арнаулы бiлiмi бар запастағы (отставкадағы) офицерлермен толықтырылуы мүмкiн.
      Запастағы (отставкадағы) офицерлер профессорлық-оқытушылық құрамының лауазымына Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша және әскери кафедра бастығының ұсынымы бойынша ЖОО ректоры тағайындайды.
      Әскери кафедраның бастығы мен орынбасарларын (запастағы, отставкадағы офицерлер қатарынан) ЖОО ректорының келiсiмi бойынша Қорғаныс министрлiгi және қарамағында ЖОО бар министрлiк тағайындайды. Кадрлық офицер тағайындау басымдығын пайдаланады.
      Запастағы (отставкадағы) офицерлер қатарынан әскери кафедра бастығының лауазымына үмiткер мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс:
      жоғары әскери бiлiмiнiң болуы;
      әскерлерде басшылық лауазымдарда (полк командирiнен төмен емес және оларға теңестiрiлгендер) қызмет өтiлiнiң болуы;
      әскери кафедраның бейiнiне сәйкес әскери-есептiк мамандығының болуы;
      запас бойынша полковник және одан жоғары әскери атағының болуы;
      әскери киiм нысанын киiп жүру құқығымен әскери қызметтен босатылған.
      Әскери кафедра бастығы орынбасарының лауазымы әр түрлi әскер тектерiнiң екi және одан да көп әскери-есептiк мамандығы бойынша әскери даярлауды жүзеге асыратын, профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы саны 15 және одан да көп адам болатын кафедраларда белгiленедi.

      50. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына әскери қызметшiлердi тағайындауды және оларды ауыстыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi жүргiзедi. Әскери кафедралар бастықтарының, әскери кафедралар бастықтары орынбасарларының, әскери кафедралар бастықтарының орынбасарлары - оқу бөлiмдерi бастықтарының лауазымдарына үмiткерлер ЖОО ректорларымен, қарамағында ЖОО-лар бар министрлiктермен және ведомстволармен, барлық басқа лауазымдарға - тиiстi ЖОО ректорларымен келiсiледi.


      Әскери кафедралардың офицерлiк құрамы үшiн штаттық-лауазымдық санаттарды ЖОО мәртебесiне және әскери кафедрада оқитын студенттердiң санына сәйкес Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi белгiлейдi.
      Әскери кафедралар офицерлiк құрамның адамдарын әскери қызметтен босату заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      51. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына тағайындалатын офицерлер әскери қызметте тұрады және оларда әскери қызметшiлер үшiн белгiленген барлық құқықтар мен басымдықтар сақталады.


      Олар Қорғаныс министрлiгiнiң сметасы және қорлары есебiнен офицерлермен қатар жалпы негiздерде заттай мүлiкпен, киiм-кешекпен, медициналық қызмет көрсетумен және санаторий-курорттық емдеумен, сондай-ақ табиғи үлестiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз етiледi.

      52. Әскери даярлық үшiн ЖОО-ларға бөлiнген қару-жарақты, әскери техника мен мүлiктi, сондай-ақ құпия бөлiмдер мен кiтапханаларды күзету үшiн ЖОО қаражаты есебiнен ведомстводан тыс күзет ұйымдастырылады.

 7-тарау. Дене даярлығы, медициналық көмек,
әскери-патриоттық тәрбие

      53. Азаматтардың дене даярлығын, оларға медициналық көмектi, әскери-патриоттық тәрбиенi жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық-дене шынықтыру ұйымдарында, денсаулық сақтау және бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 24 мамырдағы
N 449 қаулысына   
қосымша       

 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен


Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi

      1. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат);

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 сәуiрдегi N 443 қаулысы;

      3. "Бастапқы әскери даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы 1340 қаулысы;

      4. "Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 25 наурыздағы N 412 қаулысының 4-тармағы;

      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 638 қаулысы;

      6. "Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 қарашадағы N 1500 қаулысының 5-тармағы;

      7. "Солтүстiк Қазақстан университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 2 наурыздағы N 160 қаулысының 4-тармағы;

      8. "Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi жүйесiнiң ұйымдарын басқаруды жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 наурыздағы N 256 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 64-құжат);

      9. "Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 тамыздағы N 802 қаулысы;

      10. "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1282 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж. N 44, 398-құжат);

      11. "Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 1319 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 410-411-құжат);

      12. "Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттiк басқару академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны студенттерiнiң әскери даярлығын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 943 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 318-құжат);

      13. "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1249 қаулысының 3-тармағы;

      14. "Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясында әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 ақпандағы N 195 қаулысының 3-тармағы;

      15. "Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 тамыздағы N 1109 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 395-құжат);

      16. "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қарашадағы N 1403 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 495-құжат);

      17. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 тамыздағы N 803 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 33, 325-құжат);

      18. "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 мамырдағы N 551 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 280-құжат).


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет