Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Білім беру ұйымында оқушының білім жетістіктерін бағалау



бет4/4
Дата13.02.2017
өлшемі0,62 Mb.
#9048
1   2   3   4

3.2. Білім беру ұйымында оқушының білім жетістіктерін бағалау
41. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, ортақ даярланған, оқу үрдісінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі, білім беру ұйымының білім беру мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген.

42. Критериалды бағалау жеке оқушының оқу іс-әрекетінің табыстылығы мен толықтай сынып үлгерімін анықтаудың айқын және объективті құралы болып табылады.

Бағалау әр тақырыптық бөлім бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау негізінде нақты оқу пәні бойынша оқу жоспарларында берілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл сынып бойынша мақсаттарға сатылап жетуде оқушылардың алға жылжуының объективті көрінісін айқындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың барлық оқу жылдарындағы (тақырып бөлімдері – тоқсан – сынып – білім деңгейі) оқу жетістіктерінің қарқыны оқушылардың білім берудің ұзақ мерзімді мақсаттарына, орта білім беру ұйымынан «шығу» кезіндегі нәтижелеріне жетудегі ілгерілеуді бағалауға мүмкіндік береді.

43. Орта білім беру оқу үдерісінде мынадай бағалау формалары пайдаланылады:

формативті (ағымдық) бағалау;

ішкі жиынтық бағалау

сыртқы жиынтық бағалау.

44. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау формативті және жиынтық (ішкі) бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш білім беру деңгейінде сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейді.

Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.

45. Бастауыш білім беру деңгейінде қарастырылған бағалау:

«Математика», Кіріктірілген «Қазақ тілі және әдебиеті/Орыс тілі және әдебиеті» пәні, «Қазақ тілі/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Ғылымға кіріспе», «АКТ», «Дүниетану», «Бейнелеу өнері», «Музыка» «Дене шынықтыру» пәндері бойынша формативті (ағымдық) бағалау;

«Математика», Кіріктірілген «Қазақ тілі және әдебиеті/Орыс тілі және әдебиеті» пәні, «Қазақ тілі/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Ғылымға кіріспе» «Бейнелеу өнері», «Музыка» пәндері бойынша ішкі жиынтық бағалау;

«Өзін-өзі тану» пәні бағаланбайды.


4. Оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
4.1. Оқу жүктемесіне қойылатын талаптар
46. Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі білім беру ұйымында 29 сағаттан аспауы керек.

47. Инвариантты және вариативті компоненттер бойынша оқушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық пен жылдық оқу жүктемесі үлгілік (типтік) оқу жоспарларында белгіленеді.

Апталық оқу жүктемесі сыныптағы(элективті курстар) және сыныптан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін (индивидуалды сабақтар және үйірме жұмыстары) қамтиды. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында білім алушылардың дамуындағы кемістіктер түріне сәйкес міндетті коррекциялық компонент қарастырылған. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында инвариантты, коррекциялық және вариативті компоненттер оқушылардың айрықша білім алу қажеттіліктерін ескере отырып бекітіледі.

48. Оқу жылында демалыс уақытының ұзақтығы 30 күннен кем болмауы керек. Демалыстар оқу жылында 3 рет беріледі – күзде, қыста және көктемде. Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс уақыты беріледі.

49. Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сыныпта 24-тен астам оқушы болған жағдайда, ауылдық жерде – 20-дан астам болған жағдайда сыныпты 2 топқа бөлу мына пәндерде жүзеге асырылады:

оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі» ;

оқыту орыс тілінде емес мектептерде «Орыс тілі»;

«Шетел тілі»;

«АКТ»;


Өзін-өзі тану.

50. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында аз ұлт өкілдерінің тілін үйрену бастауыш білім берудің үлгілік (типтік) оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен жүзеге асырылады және жергілікті бюджет бөлетін қаржы есебінен қаржыландырылады. Аз ұлт өкілдерін туған тілінде оқыту білім беру ұйымында топта кемі 10 адам болған жағдайда жүзеге асырылады.


4.2. Білім беру үдерісіне қойылатын талаптар
51. Білім беру ұйымының білім беру үдерісінде орта білім беру Құндылықтары мен Мақсаттарына негізделген оқыту мен тәрбие бірлігінің қағидаты іске асырылады, ол мектептен «шығу» кезіндегі күтілетін оқу нәтижелері жүйесінде және білім беру салалары бойынша күтілетін оқу нәтижелері жүйесінде байқалады. Күтілетін оқу нәтижелері оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнды негізін құрайды.

52. Әр оқу пәні арқылы оқыту барысында тәрбие мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері оқушылардың субъективті түрдегі жаңа білімді танып білу мен игеру мәселелерін шешуге, заманауи өмірде қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері, мәдениеті мен құндылығын зерттеуге бағытталған.

53. Сабақтан тыс түрлі іс-әрекет формаларын ұйымдастыру оқушылардың азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Тәрбиені іс жүзінде іске асыру түрлі оқушылар қоғамдастығы, өлкетану зерттеу экспедициялары, жазғы әлеуметтік тәжірибелік, әлеуметтік акциялар, тәрбие сипатындағы жобалары, сондай-ақ бастамашыл сыныптан тыс іс-шаралар, қосымша білім беру түрлері (үйірме, секция, студия), ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың шеңберінде жүзеге асырылады.

54. Білім беру үрдісі барлық қатысушылардың «субъект-субъект» қатынасымен сипатталады: оқушы – өз танымының субъектісі, мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы. Толыққанды білім беру үрдісінің бөлігі түрінде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде оқуға басты роль беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылауда белсенділікке, көзқарасын дәлелдеуде, конструктивті шешім қабылдауда ынтасын таныту арқылы тәжірибе игеруді ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды қарастырады.

55. Оқушылардың жоба және зерттеу іс-әрекетін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.

Оқушылардың жоба іс-әрекеті ұйымдастыру жағынан жеке дербес жұмыс, шағын топтарда, топтық жобалар жұмысында, әлеуметтік бағыттағы ірі жобалар түрінде жүзеге асырылады. Оқушылардың жоба іс-әрекеті мазмұндық жағынан пәндік, пәнаралық сипатқа ие бола алады. Жобалар оқу жоба іс-әрекеті түрінде ғана емес, тәрбие сипатындағы жоба іс-әрекеті түрінде де жүзеге асырыла алады.

Жоба және зерттеу іс-әрекетінің негізінде оқушылар міндетті оқу пәндері аясында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс іс-әрекет ұйымдастыру барысында да жаңа білім алады.

56. Оқушылардың денсаулығын жақсарту және қимыл белсенділігін арттыру мақсатында жергілікті атқару органдары сабақтан тыс жұмыс түрінде спорттық секция дәрістерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

57. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойына білім беру ұйымына келе алмайтын оқушылар үйінде немесе емдеу мекемелерінде жеке тегін оқытумен қамтамасыз етіледі.

58. Даму жағынан мүмкіндіктері шектеулі оқушылар үшін олардың айрықша білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім алуы, дамуындағы бұзылуды түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлар жасалады.
4.3. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптар
59. Білім беру ұйымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс.

60. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы: 

1) сабақтар және сабақтан тыс іс-әрекет өткізу, демалу, тамақтану, медициналық қызмет көрсету, спортпен айналысу, бұқаралық мәдени шаралар өткізу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар қамтамасыз ететін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетін тиісті инфрақұрылымды ғимараттардан;

2) заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерінен (байланыс және коммуникация, желілі өзара әрекет құралдары, кең таспалы интернет, аудио-видео техника, компьютерлік, мультимедиялық, интерактивті және зияткерлік жабдықтар);

3) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қажетті жарық және ауа-жылу режимі бар бөлмелер, киім ілгіш, санитарлық тораптар және жеке гигиена бөлмелерінен;

4) мүмкіндіктері шектеулі оқушылар үшін ғимараттарда арнайы жасалған жағдайлардан (логопед, арнайы психолог, арнайы педагогтың жекелей және топпен жұмысына арналған кабинеттер);

5) мектеп-интернат жағдайында оқушылардың тұруы, тамақтануы және демалуына арналған ғимараттар, мектеп жанындағы жер телімінен тұрады.

61. Білім беру ұйымы білім беру ұйымының оқушылары үшін арнайы ойын аймақтарымен жабдықталуы керек.

62 Білім беру ұйымының оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі керек.

63. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру:

1) жалпыға қол жетімді, тегін, кепілді бастауыш білім алу;

2) білім беру ұйымында қажетті материалдық-техникалық базаны құру;

3) оқушылар өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шарттарын қалыптастыру;

4) мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды логопед, арнайы психолог, арнайы педагог тарапынан дамытуда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет