Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі



Дата19.03.2022
өлшемі19,37 Kb.
#136140
Байланысты:
4 апта тапсырмасы
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне үлес қосқан тұлғалар», № 2 лекция (2)

Айнұр
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Тыңдалым және айтылым дағдыларына арналған тапсырма үлгілерін талдау Жүргізілу түрі. Жеке, жұптық талдау Тапсырмалар: Тыңдалым түрлері: 1.Тыңдалым кезеңіндегі бірнеше ішкі дағдыларды қалыптастыру 2.Сауаттылыққа үйрету тілінің ауызша және жазбаша түрлері. 3.Тілдің орфографиялық нормасы. Фонетика. Тыңдалым. Әдістемелік нұсқау: Тыңдалым кезеңдеріне тапсырмалар дайындау, оның құрылымы мен ерекшелігіне мән беру. Әңгімелесу(диалог), әңгімелер(оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау(инструкция), лекция және жарнама және т.б.Практикалық жолмен жүргізу. Талдау


Қазіргі кезенде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі — казақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралык дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғьшыми — әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жүмыстар атқару — еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектептердің «Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған оқу мазмұны оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптардың ең бастысы тілді тиімді меңгертуде төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Пән бойынша қазақ тілінен оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды, тілдік өзара әрекет пен өзара түсінісу қабілеттерін дамытуға, сөйлеу тілін жетілдіруге бағытталған.
Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Қазақ тілін осы дағдылар арқылы оқыту — кіріктірілген бағдарламаның басты бағыттарының бірі.
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мәселесі. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқу бағдарламасында тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым және әдеби тіл нормалары бойынша берілген оқу мақсаттарына жетуде мұғалім осы мәселеге назар аударады.


Сауаттылыққа үйрету – бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі. Сауаттылыққа үйретудің басты мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. 33 Баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек. Сауат ашу мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері аса мән берген.Сауат ашу жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті. Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды. Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми — әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың «Мектепте сауат ашудың методикасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады: — Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында; — Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында; Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер жұмыс тақырыбы «Сауаттылыққа үйретудің ғылыми-теориялық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды. Мақсат – сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау. Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту. Бірінші сыныптағы сауат ашуды оқытудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар. Мұғалімге пәнді оқытудағы өзіндік әдістемелік ерекшеліктерді білудің маңызы зор. Өйткені бұл сыныпта сауат ашу жұмыстарымен қоса тілдік грамматикалық ұғымдар да қоса меңгертіледі. 6 жасар баланың сауатын ашу, тілін дамыту – олардың физиологиялық- психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз ететін үдеріс. Осыған орай балалардың алты жастан бастап сауатын ашу жүйесі: — 1-сыныптың тұтасымен сауат ашуға берілуімен; — оқу мен жазу жұмыстарының кіріктірілуімен; — сабақ уақытының кезеңдерге бөлінуімен т.б. ерекшеленеді. — Алты жасарлар балалардың: — біріншіден, зейіні тұрақсыз болғанымен, қабылдауы қарқынды келеді; — екіншіден, танымдық қабілеті жоғары; — үшіншіден, ұйымдастырылған түрлі әрекетке белсенді. 34 Сондықтан оларға арналған оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктері болуы шарт. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет. Дамыта оқыту жүйесінде ұйымдастырылатын сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады: — мотивациялық-бағдарлау кезең; — операционалдық — орындаушылық кезең; — рефлексиялық — бағалау кезең. Мотивациялық — бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Операционалдық — орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді. Ал рефлексиялық — бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады. Бастауыш сыныпта жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік- грамматикалық жаттығулар, ойын жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, рефлексиялық жаттығулар орындатылады. Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді. Ойын және сөйлеу жаттығулары арқылы қатысымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі. Сонымен бірге жоспарлау және мақсат қою, технологияларды қолдану, іс-әрекеттің нәтижесін бағалау аспектілерін сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тірек сызбалардың проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады. Ғылыми-әдістемелік еңбектердегі ой-пікірлерді саралай келе, оқушыларды сауаттылыққа үйретудің негізі ретінде мәтін мазмұнының дұрыс сұрыпталуы; жазба жұмыстарының оқушының жас мөлшеріне сәйкес жүргізілуі; жазба жұмыстарының білімдік, тәрбиелік, танымдық міндеттерді шешуге бағытталуы; орфографиялық нормаға сәйкес жазу дағдысының қалыптасуы; сұрыпталған мәтіндер арқылы халқымыздың мәдени-рухани мұрасы мен салт-дәстүрінің озық үлгілерін, ұлтымызға тән әдептілік, сыпайыгершілік қасиеттерін таныту қажеттігі белгіленді. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін сауат ашу процесінде жазба жұмыстарының рөліне тоқталсақ. 

3.Тілдің орфографиялық нормасы. Фонетика. Тыңдалым. Әдістемелік нұсқау: Тыңдалым кезеңдеріне тапсырмалар дайындау, оның құрылымы мен ерекшелігіне мән беру. Әңгімелесу(диалог), әңгімелер(оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау(инструкция), лекция және жарнама және т.б.Практикалық жолмен жүргізу. Талдау

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет