Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі



Дата24.01.2022
өлшемі44 Kb.
#129673
түріБағдарламасы
Байланысты:
Алдиярова Тойдық
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è, 6 в

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі

Қазақстанда білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын қазіргі таңдағы өзгермелі талаптарға, мемлекеттің даму болашағына сай жаңартуға және білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасалуда. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасында оқушының мәдени және шығармашылық бағыттағы оқу - танымдық іс – әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен сауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру мәселелері қойылған.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының он екі бағытының бірі ретінде білім алушылардың интеллектуалды мәдениетін дамыту қажеттілігі көрсетіліп, олардың «белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, олардың сана - сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл - ой қабілеті мен білімге құмарлығын, танымдық қызығушылығын дамыту» - деп қарастырылған. Мұндай күрделі мақсаттар мен міндеттер үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы – бастауыш мектепте адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажеттігін туындатады.

Eгемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы білім беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан - жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Oқушының жан - жақты дамуына бағыт - бағдар берушi - мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк қасиеттерді қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi. Көрнектi психолог Л.С. Выготский : «Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту» - деп тұжырымдайды [1, 15б]. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк қасиеттерін қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар - намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу - әрекетi басым. Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Бастауыш сынып оқушылары өмір бойы салынып жататын үлкен мұнараның іргетасы іспеттес, егер осы жас кезеңінде балаға адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірте білсек,онда мемлекетіміздің жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосатын азамат тәрбиелейміз. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.

Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани адамгершілік мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы ізгіліктілігі, функциялылығы және табиғилығы, мыналар:



  • Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк - эстетикалық белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды.

Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да адамгершiлiк - әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани – адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:

  • бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;

  • оқу әрекетiнiң психологиялық - педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау.

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк – рухани бiлiм бiлiм беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi [2, 24б].

Aдамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез – құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез – құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез – құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл – кеңес, нұсқау, бағыт – бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.

Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк – этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс – тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады [4, 44б].

Қорыта айтқанда, ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi оқушыларға адамгершiлiк қасиеттерін қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi. Табиғат туралы оқығандарын түсiнiп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс, олардың айырмашылықтары мен ерекшелiктерiн байқай бiлуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтiретiн әсерлерге қарсы адамгершiлiк ұғымдар қалыптасады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Выготский Л.С. Проблемы возрастных периодизаций детского развития. – Москва: Наука, 1972, - 287 с.

  2. Төлегенов Ө. Оқытудың пелагогикалық – психологикалық ерекшелiктерi. – Алматы: Бастауыш мектеп, 2001, – 363 б.

  3. Жарықбаев Қ. Қазақ тiлi тәрбиесi. - Алматы: Санат, 1996, – 256 б.

  4. Сiләмбекова Т. Адамгершiлiкке тәрбиелеу – басты мақсат. // Қазақстан мектебi. - 2003. -№5. – 97б.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет