Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары



бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі71 Kb.
#169058
1   2   3   4
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары
1, «Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері» Мақсаты-melimde.com (1), №5 Арт технологиялар Юсупова
Түзету жаттығулары жазбаша сөйлеудегі ой байланысын, оқиға желісін дұрыс құруға, өңдеуге құрылады. Қате құрылған мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жағы, қатені іздеген кезде оқушы оны бірнеше рет оқиды. Мәтінге бірнеше рет қайта айналып келу, қайта оқу ерікті түрде әрі жеңіл орындалады. Егер оқушыға «мәтінді екі рет оқып шығыңдар» дейтін болсақ, тапсырма қызықсыз әрі еріксіз орындалар еді. Қатені түзету мақсатымен оқитын кезде бала ойланады, ізденеді. Біреудің қатесін жөндеу арқылы бала байқағыштыққа үйренеді, біртіндеп өз сөзін де қадағалауға жаттығады.
Мәтінді түзету, қалпына келтіру тапсырмасын «Сырлы сандық», «Шатасқан шумақтар» деп аталатын ойын әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы, сандықтың бір жағына белгілі бір мәтіннен алынған бір сөйлемді, екінші сандыққа екінші сөйлемді жазып, бірнеше сандықты пайдалануға болады. Сандыққа жазылған сөйлемдерден мәтін құрастыруға әртүрлі тапсырма беруге болады. Олар: берілген тақырып бойынша мәтін құру; бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т.б. осы сияқты тапсырмаларды орындау барысында оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлемдерді жинақтап, мәтін тұтастығын қалпына келтіруді үйренеді. Мәтіннің ішкі логикасын түсінуге үйрету үшін, ұйқасы бұзылған өлең мәтінін редакциялап, түзету тапсырмасы беріледі. Мұны «Шатасқан шумақтар» ойыны арқылы жүргізуге болады. Екі түрлі өлеңнің тақырыбы беріледі де, ондағы өлең жолдары орны ауыстырылып беріледі. Оқушының міндеті осы өлең жолдары қай өлеңнің тақырыбына сәйкес келетінін анықтап, түзетіп жазады. Тапсырма топтық немесе жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мұндай жаттығуларды орындау кезінде оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы арқылы коммуникативтік қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады.
Шығармашылық ізденіс жаттығулары мәтінді құрастыруға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін іздестіру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Оған мыналар жатады:
1) өлең мәтінін құрастыруды үйрету;
2) теңеуді құрастыруды үйрету;
3) жұмбақ мәтінін құрастыруды үйрету;
4) сурет бойынша өз ойынан мәтін құрастыруға үйрету.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек кездеседі. Сондықтан да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-түсін, пішінін, әр түрлі белгілерін бейнелейтін сөздерді, яғни сын есім сөздерді қолдануға үйретуді теңеу, жұмбақ, сипаттау мәтінін құрастыруға үйрету арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет