Бастауыш сыныптарда бірлескен топтық ЖҰмысты пайдалану жолдары абдрахисмова Айдана



Дата23.08.2017
өлшемі61,58 Kb.
#25609
ӘОЖ 373.3/.5:15979

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА БІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Абдрахисмова Айдана-102-15қ тобының студенті

Ғылыми жетекшісі:Нурсеитова Л.О.-аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты. Шымкент.



Резюме

Эффективности групповых работ при невозможности способности учащихся, а также понятие дискуссии, анализы для получения информации при обучении других учащихся.

Summary

The efficiency of the group works of the non important features of the pupils, as so concepts of discussion, analysis for the getting information by learning other pupils.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында кемел келешек, кемел білім мен ғылымда ғана деп атап өткен болатын. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту бағдарламасының мақсаты біздің еліміз үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз еліміздің мәдениетін құрметтеуге және жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді, табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйрететіндіктен курс барысында жеті модульді игеруге деген қызығушылығымыз артты. Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып, практика барысында бастауыш сыныптарда негізгі пәндерден сабақтар өткіздік.

Бүгінгі таңда білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде оқытушының рөлі өзгереді. Алайда, бұл оқытушы рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, оқытушының рөлі барынша артады және студенттердің білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталатын болады. Соның ішінде бағдарламаның ұсынып отырған 7 модульінің бірі-топтық жұмыстың біздің сабағымыздағы тиімділігі. Балаларға мәліметтерді дайын күйінде бергеннен көрі өздеріне жасатқан тиімді деп ойлаймыз. Ал,мұғалім бағыт бағдар беруші, ынталандырушы, шабыттандырушы, ұйымдастырушы болсын дегенді білдіреді.

Білімді әрекет арқылы ғана игеруге болады. Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында жақсы сақтайды. Осы әрекеттердің негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады. Сондықтан да әрбір сабақта балалар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, ойлау, оқу, сөйлеу, өз ойын келтіру, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру, талдау сияқты белсенді әрекеттер атқаруы керек деп ойлаймыз.

Осының дәлелі ретінде 4-сынып оқушыларымен өткізген «Әдебиеттік оқу» пәнінен сабақ өту барысында топтық жұмысты ұйымдастырдық. «Коучинг кассасында» «Карабльді қорғайтын капитан», «Мозайка», «Жалғасын тап» сынды тәсілдер арқылы студенттерді топқа біріктіріп, жаңа сабақты «Джигсо», «INSERT», «Ойлан-жұптас-бөліс», әдістері арқылы өткіздік. «Қар кесегі», «Ыстық орындық», «Ұшақ ұшыру» әдістерімен бекіттік.

«Джигсо» әдісі бойынша топ мүшелері өзіне берілген мәтіннің бөлігін оқып, содан кейін мәтіннің қай бөлігін оқығандығына байланысты топтар құрамы өзгертілді де, жаңа «сарапшылар тобы» құрылды. Сосын өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырды, топтық талқылау жүргізеді. Бұл әдісті жүргізу барысында барлық оқшылар сабаққа қатысып қана қоймай, белсенділік танытатынын байқалды. Осы әдіс арқылы топоқушылары берілген уақытты тиімді пайдалана отырып, оқып, түсініп, өзгелерді тыңдауға дағдыланады. Сонымен қатар бұл әдісте сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, жақын арадағы даму аймағы, дарынды/талантты балаларды оқыту, көшбасшылық пен басқарушылық сынды модульдер кіріктіріледі. Бір-бірімен ақпарат алмаса отырып, жақын арадағы даму аймағында диалогке түседі.

Оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру үшін алты түрлі суреттер беріліп, әр суретке сөйлем құрастыру тапсырылды. Әр оқушы жеке-жеке тақырып бойынша сөйлем құрап, айтып берді. Бұл жерде айтылым, тыңдалым дағдысы орын алды, топта осы кезге дейін бір-бірімен тіл табыса алмай журген балалар топтық жұмыстың барысында ортақ пікірге келіп, бір-бірімен ой бөліседі. Бұл топтық жұмыстың мықты жағын көрсетеді.

Осы жаңа сабақты «Ұшақ ұшыру» әдісі бойынша бекітеміз: топ А4 парағына ұшақ жасап, бір қанатына сұрақ жазып келесі топқа лақтырады. Алған топ жылдам және ұйымдасқан түрде ұшақтың келесі қанатына жауап жазып егесіне лақтырады. Бұл әдіс шапшаңдыққа, тез ойлап, қорытуға үйретеді. Жаңа әдіс-тәсілдер мен сыни тұрғыдан ойлау, бағалау, диалогтік оқыту сынды модульдерді біріктіре алады. Сұраққа жауап беру барысында оқушылар өз ойларын ашық және еркін жеткізе алады, сыни көзқарастары қалыптасады.


Кері байланысқа «Екі жұлдыз, бір тілек», «БББ кестесі », «Бүгіні күні қандай сатыдасың?», әдістерін жүргіземіз. Осы әдіс арқылы өздерін бағалау, бір-бірінің деңгейін анықтау үлкен көрсеткіш көрсетеді.

Тіршіліктің негізі қарым-қатынас пен диалогқа орнығады: басқаның ойымен, пікірімен, көзқарасымен санасу, бөтенді түсіне білу, өзіңді орнына қоя білу-осы қасиеттердің бәрі де әлеумет ахуалын белгілейтіндігі даусыз тұжырым. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. Сонымен қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы қажет. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.

Диалогтық оқыту арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы білім жинауын, өз бетінше жалғастыра алатын жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге үйренеді. Диалогтық оқытуда оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік алады, оқушылар басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуге көмектеседі, өз идеяларын дәлелдеуге ұмтылады және сабақты түсіну деңгейі қай деңгейде екенін анықтауға болады.

Диалог біздің әрбір сабағымызда маңызыңды рөл атқара отыра жүзеге асады. Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогті әрбір адам өзімен де жасайды. Оқушылар көздерін жұмып, интерактивті тақтадан қойылған аудионы тындай отыра өздерінің ішкі жан дүниесімен бөліседі. Біздің санамызда өзіндік түсінік, пікір ойлар формасында туындайтын білім де тура осындай екі жолмен игеріледі, сіңіріледі: алдымен басқа қарым-қатынас арқылы, содан кейін өзіңмен диалог жасау, яғни рефлексия арқылы жүзеге асады.

Осындай рефлексиялық жұмыс санада жаңа ұғымдар мен түсініктерді құрастырады, жаңа білім қалыптастырады. Сол себепті де оқу/оқыту процесіндегі барлық іс-әрекеттердің негізін рефлексия құрауы қажет.

Оқушылардың осы сабақтағы жaзған кері байланыстарын қарап, оқып шығамыз. Осындай өзара әрекеттесудің нәтижесінде оқушылардың көпшілігі «Сабақ қызықты өтті», «Сабақ маған өте ұнады», «Келесі сабақтарда да осындай етіп өткізсек», «Толық мәлімет алдым» т.б. «деген секілді ұсыныстары мен тілектерін және жаңа әдісті қолданып өткен сабақ түрі ерекше болып өтті деп өз ойларын жеткізеді.



Ойымызды қорытындылай келе, оқу, талдау, келіспеу және басқа адамдармен пікір алмасу барысында біз өзіміздің көзқарасымызды орнықтырамыз, тереңдетеміз және нақтылаймыз. Сондықтан сабақтарда жұптық, топтық жұмысты пайдалану, сонымен қатар пікірталас пен ойжарыс енгізуді қажет деп тұжырымдаймыз.Оқушыларды алынған ақпаратты талқылауға, өзгелерді оқытуда және пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда жұптық, топтық жұмыстың тиімді болатындығын көруге болады. Алдағы уақытта топтық жұмысты жақсарту үшін оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысу керек деп ойлаймыз.
Әдебиеттер:

  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы. 11 қараша, 2014ж.

  2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы:, 2009.-263 бет.

  3. Студентке арналған нұсқаулық: Үшінші (негізгі) деңгей. 1-басылым.

  4. Тренерге арналған нұсқаулық: Үшінші (негізгі) деңгей. 1-басылым

  5. Үлестірме материалдар 1-2 апта: Бірінші басылым.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет