Бастауышты оқыту педагогикасы және әдістемесі”


Тақырып: Ойын терапиясын жүргізудегі ойынның қызметі



бет20/47
Дата10.10.2020
өлшемі0,52 Mb.
#64423
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Тақырып: Ойын терапиясын жүргізудегі ойынның қызметі.

Дәріс мазмұны:

  1. Ойын терапиясының негізгі мәселелері

  2. Ойын терапиясын жүргізудегі ойынның қызметі

Ойын терапиясының маңызды сұрақтары бөлімінде біз негізгі екі саланы қарастырамыз. Олардың біріншісі – бұл терапевттің жеке тұлғалығы, екіншісі – жаңа қоғамдағы және жеке психикалық денсаулық саласындағы мәдениеттің ролі. Психотерапияның нәтижесі жемісті болуында терапевт тұлғасы маңызды роль атқарады, бірақ бұл роль көбіне ұмытылып қалады немесе теріске шығарылады. Философия, құндылықтар, тәжірибелер, мәдени меншіктілік, терапевттің отбасылық және басқа да тәжірибелері терапияның әрбір қайшылықтарына әсер етеді. Бұл құбылмалықтар өз кезегінде терапевттің стиліне, оның сөз саптауына, сессия уақытында оның киіну мен жүру мәдениетіне, оның әртүрлі клиенттерге деген әдеттегі көңіл бөлу әдістеріне,және де клиенттердің оған көңіл бөлушілігіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар, терапевттің жұмыс уақытында таңдап алған әдістері мен теориялық бағыттары оның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ең маңыздысы, психотерапевттің өз жұмысында өзін тануы және бұл жағдайда ол ең тиімді шешім қабылдады деген рационализацияның артына тығылмауы болып табылады. Себебі, терапевт клиенттің қажеттіліктерін көрмей қалып, нәтижесінде терапия өз әсерін жоғалтумен қатар науқастық (ятрогендік) жағдайларға да алып келуі мүмкін.

Бала психотерапиясының клиенттік жетістіктері теориялық үлгіге негізделетінін есепке ала отырып, бұл теория терапиялық араласудың нәтижелі болу немесе болмауына кепілдік бермейтіндігін ескерген жөн. Вейц терапиялық кездесулер кезінде балалардың мінез-құлықтары мен тұлғалық ерекшеліктерінің жақсаруына терапевттің теориялық бағдарлануы байланысты емес екндігін байқаған. Ерексектерге өткізілген психотерапия үрдісін зерттеу нәтижелері терапевттің клиенттерге өзінің қиын мәселелерін жаңаша түсінуіне көмек беру қабілеті оның қандай да бір теориялық парадигмаға жатуына қарағанда маңыздырақ екендігін көрсетті. Шерк және Рассел өзгеріске кепіл болатын төмендегі алты үрдісті көрсетті.



  1. Интерпритация нәтижесінде жүзеге асатын инсайт.

  2. Қолғабыс жасау, яғни, психотерапия үрдісінде пайда болған клиент үшін оңайға түспейтін өмірлік өзгертулерді енгізу кезінде терапевттің оны қолдай білу қабілеті.

  3. Клиенттердің қосымша қабілеттерінің дамуы.

  4. Баланың тұлғааралық қатынастарының өзгеруінің әсерінен когнитивті ортаның бұзылу коррекциясы.

  5. Терапевттің барлық уақыт қолдауы және оның өзін, іс-әрекеттерін бағалауы нәтижесінде клиенттің өзіндік бағалауының жоғарылауы.

  6. Терапиялық жұмыс баланың эмоционалдық реттеушілігін жақсартуға бағытталғандықтан оның өзін адектватты ұстауына әсер ететін эмоционалдық қарсылықтың төмендеуі.

Бұл үрдістер әртүрлі позициядағы теориялық үлгілерде көрініс тапса да (мысалы, әдетте инсайт психоаналитикалық, ал қате құрылу коррекциясы– когнитивті-бихевиоралді әдіс ретінде есептеледі), Шерк және Рассель оларды нәтижелі терапияның әрбіреуінде қолдануды ұсынды.

Терапевттің теориялық бағдарлылығына қарамастан сауатты өткізіліп жатырған психотерапия клиенттің қабілетін жаңа, бірақ та, сонымен қатар жүиеленген түрде теріс ұйымдастырады. Теория осы теріс ұйымдастырылудың тек жүйесін құрады. Терапияға келген клиент паталогиялық мінез-құлықтың бүтіндей бейнесін көрсетіп береді. Ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-әрекеттерді жасауға қабілетсіз. Терапевт оған бұл қиын мәселелерді жаңаша түсінуге көмектеседі. Бұл жаңаша түсіну клиенттің ойлануына және дұрыс іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді, ал сауатты көрсетілуі – мінез-құлықтың өзгеруін зерттеуге мотивация туғызады. Егер, клиенттерге көрсетілетін ақпараттарды топтайтын терапевттің жүйесі немесе теориясы нақты және түсінікті болса, клиент бұл жүйені біртіндеп игеріп алады және ешкімге тәуелсіз дұрыс ойлануды, өзінің мінез-құлқын өзгертуді дамытады. Клиент пен терапевт өзара вербальды қатынаста болғанда бұл үрдіс оңайлықпен орындалса да, балалармен жұмыс жасағанда оны терапиялық және вербальді уайымдаушылықты комбинациялау арқылы жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, көптеген адамдар терапияға өздері қиыншылықтан шығудың жолын таба алмағандықтан келеді деген көзқарас туады. Өздерінің базальді қажеттіліктерін қанағаттандырудың жолдарын табуға қабілеттері жетпейді. Терапияда олар терапевтпен бірге қиын мәселені шешудің жолын іздеу үрдісін тиімді деп санайды. Осыған байланысты, психотерапия әлеуметтік мәселелерді шешудің формасы болып табылады деген идея туындайды. Терапевт клиентке шешім қабылдауға, сол шешімді бағалауға және жүзеге асыруға және де алынған нәтижені бағалауға көмектеседі.

Психоанализ процедурасына келіп жүрген клиенттер өз өміріндегі қорқыныштарын және қорғаныштықтарын тудыратын өткен тәжірибелер мен ішкі қайшылықтарын түсінетін болады. Гуманисттікке бағдарланған психотерапия курсына қатысып жүрген клиенттер өздерінің қабілеттерін жаңаша түсіне бастайды, өз қажеттіліктерін өздері қанағаттандыру және өзі үшін салауатты ортаны орнату қабілеті мен құқығын сезінеді. Бихевиоральді терапевттердің пациенттері өздерін жаңаша ұстайтындығын аңғарады. Егер терапевттің бағдарлылығы клиенттің жақсы нәтижеге ерісуіне өзгерістер енгізбесе, терапевттің нақты бір бағытты ұстануы жайында ойлануы керек пе? Әрине, мұндай жағдайда жауап «Ия!» болады.

Терапевттің теориялық дайындығы, оның қандай болуына қарамастан, - бұл клиенттердің қиыншылықтарын түсінушілікті, оған көмектесу үшін қажетті әдістер мен техникаларды, және де қол жеткен нәтижелердің көрсеткіштерін өз ішіне алатын жүйе болып табылады. Терапевттің теориялық қоры жүиеленбесе әлеуметтік мәселелерді шешудің әрбір құрылымы сәтсіз болады. Клиент өзінің қиыншылықтарын жаңаша түсіне алмайды, себебі терапиялық үрдіс логикаға емес кездейсоқтыққа негізделеді. Мысалы, клиентке қоғамдық орындарда үрейдің пайда болуының төментеуін түсіндіргенде, терапевт клиенттің бала кезінде өзінің анасымен қарым-қатынасқа түскенде туындаған қиындықтарына тап болуы мүмкін. Бұл екі компанент те өзара байланыста болуы мүмкін, бірақ терапевт клиентке олардың әрқайсысының себебін түсіндіріп болғанша клиент сессиядан бұл үрдістерді түсінбей кетуі мүмкін. Егер клиент бұл үрдісті түсінбей көп ойланса ол терапиядан мүлде бас тартуы немесе оны бір керемет ретінде санап оған бағынышты болып қалуы мүмкін. Сонымен қоса, клиент өз мәселелерін өзі шешуді үйрене алмайды және бұл өмірдегі ең төмен көрсеткішті көрсететін болады.

Егер таңдалып отырған теориялық үлгі емдеуде нәтиже көрсетпесе, онда басқа бір теория жұмысты жоспарлауға және пациентке түсіндіруге әсерін тигізеді деген көзқарас туады. Белгілі бір теориялық үлгіні таңдамас бұрын терапевт теорияның филосовиялық мазмұнын ғана емес, сонымен қатар өзінің жекелік философиясын жақсы түсініп алуы қажет.

11 дәріс




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет