Батыс алашорда үкіметінің Қайраткері – молданияз бекімов нугманова Гулдана Максимовна



Дата12.03.2018
өлшемі65,8 Kb.
#39268
БАТЫС АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ – МОЛДАНИЯЗ БЕКІМОВ
Нугманова Гулдана Максимовна.
Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Сырым ауданы, Жымпиты
Батыс Алашорда үкіметінің дамуына атсалысқан көрнекті тұлғаның бірі және бірегейі Молданияз Байболсынұлы Бекімов.

Молданияз Байболсынұлы Бекімов 1882 жылы 12 қыркүйекте Орал облысының Қаратөбе ауданына қарайтын 24-ауылда дүниеге келген. Қазір ол ауылдың көлемінде Аққозы совхозының мекен-жайлары орналасқан. Руы-алаша. Молданияздың кенже інісі Сүлейменнің жазуына қарағанда Кіші жүздегі 12 ата Байұлының бір руы болып саналатын Алашаның бір тарауы- Назар Молданияздың жетінші атасы [1]. Әкесі Бекім Байболсынұлы орта шаруалы, жасында мұсылманша оқыған, сауаты бар адам екен. Балаларының ішінде жасынан-ақ оқуға, білім қуып, дүниетануға талпынған Молданияздың әкесі әуелі діни оқуға беріп, Сәрсенбай, Байқожа деген ауыл молдаларынан арабша «тілін сындырады», яғни сауаттандырады. Молданияз зерек, ананы-мынаны біліп, түйіп алуға құштар болған. Ауыл молдаларынан мұсылманша оқып, арабша сауатын ашқаннан кейін, сол кезде анда-санда қолына түскен қазақша, татарша басылған қисса, дастан, жырларды қызыға оқитын болған [2].Сол кезде Молданияз Бекімовтің жан-жақты, білімге құштар адам екенін көруге болады. Халықтың жазба және ауыз әдебиетінің үлгілерін бала кезінен бастап естіп, білуі оның есейген шағындағы творчествосының қанат қағуына, халықтық фольклор нұсқаларын, этнография үлгілерін насихаттауына тікелей әсер еткен. Фольклорлық, этнографиялық мұралары қазақ, орыс тілдерінде жарияланып, сақталған.

Дүмше молдалардың алдынан өтіп, аздап сауаттанғанын місе тұтпаған Молданияз білімін тереңдету үшін Орал қаласындағы әскери-реалды училищеге түседі, ол мектепті 1902 жылы тамандаған және әскери қызметке өз еркімен кіргендер қатарында. 1902 жылы 28 тамызда Қазан қаласындағы жаяу әскер юнкерлерінің училищесіне 2-ші разряд бойынша қабылданып, оны кейін 130-шы Херсон полкіне командирлік қызметке жіберілген. Жыл аяғына таман 8-ші Закаспийск атқыштар полкіне ауысып, келесі жылы тамызда Ташкенттегі бірінші Ташкент резерв батальонына қызмет етуге жіберілген. 1906 жылы қарашадан 1908 жылғы маусымға дейін Түркістан әскери округінің штабында қызмет істеп, бірінші Түркістан атқыштар батальонына командирлік жұмысқа жолдама алған. 1909 жылы 20 қарашада оған поручик атағы берілген. Бұдан кейін 1910 жылы Жаркентте /осы күнгі Панфилов қаласы, Талдықорған облысы/ тұрған 21-ші Түркістан полкіне рота командирі болып тағайындалады [3] деп сақталған мұрағатта.

1909 жылы 20 қарашада оған поручик атағы берілген. Бұдан кейін 1910 жылы. Молданияз Бекімовке 1913 жылы 5 қарашада штаб-капитан атағы беріледі. Молданияз Бекімов қазақ халқынан шыққан санаулы офицерлердің бірі ретінде бірінші империалистік соғыс дәуірінде орыс әскерлерінің сапында болады. Германия әскерлеріне қарсы кескілескен ұрыста әуелі 1915 жылы 21 қаңтарда, сосын 23 ақпанда жарақаттанып, госпитальге жіберілген болатын. Өз басының ұрыс түзіндегі батыл қимылдары және шебер басқарып, бастағаны үшін Молданияз Бекімов 1916 жылы 4 мамырда «Ерлігі үшін» деген жазуы бар 4-ші дәрежелі «Святая Анна» орденімен, сол жылы 15 маусымда қыл мен бант мүсінді 4-ші дәрежелі әулие Владимир орденімен және 1915 жылы 4 қыркүйекте «Ақ қыран»орденінің лентасы бар жалтыр қола медальмен марапатталған. Молданияз Бекімовты «санаулы офицерлердің бірі» деп айтуымыздың да жайдан-жай еместігін осы жерден көруге болады.

1917 жылы Ресейдің еуропалық бөлігінде әcкери қызметте болды. 1917 жылы жазда Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі О.Шкапскийдің қаулысымен Жетісу облысына шақырып, осындағы Нарын уезінің комиссарлығына тағайындалады. Уездің 12 болысы бойынша 1916 жылы дүрбелең тұсында Қытайға ауған қырғыз босқындарына көмек комитетінің жұмысына қызу атсалысты. Осы еңбегін Жетісу облысының комиссары М.Тынышпаев газет бетінде жоғары бағалаған. («Қазақ» 1917, N 255). 1917 жылы желтоқсандағы 2-жалпықазақ сьезінде Уақытша Ұлт Кеңесі (Алашорда) үкіметінің құрамы бекітіліп, оған төмендегідей қайраткерлер мүшелікке: Бөкей ордасынан - Уалитхан Танашев, Орал облысынан – Халел Досмұхамедов, Ақмола облысынан – Айдархан Тұрлыбаев, Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан –Халел Ғаббасов, Жетісу облысынан – Садық Аманжолов, Сырдария облысынан – Мұстафа Шоқай. Облыстардан тыс: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мәметов, Отыншы Әлжановтар, ал кандидаттыққа: Иса Қашқынбаев, Жүсіпбек Жақыпбаев, Ережеп Итбаев, Сатылған Сабатаев, Есенғали Қасаболатов, Батырқайыр Ниязов, Мұқым Баштаев, Сейілбек Жанайдаров, Сәлімгерей Нұралыханов, Омар Алмасов, Сейдазым Қадырбаев, Аспандияр Кенжин, Есен Тұрмұхамедов, Жәнек Солтанаев және Молданияз Бекімовтар сайланды. Алаш қайраткерлері Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің жұмысына белсене араласты, кейін олардың бірқатары Кеңес мекемелері жүйесінде қызмет атқарып, Алаш армандаған ізгі идеяларды жүзеге асырды. Бұл жерде Молданияз Бекімовтың еңбегін атап өткен жөн. РКФСР-дің Шығыс Түркістандағы (Қытай) консульдағы қарамағында қызмет істеп, отызыншы жылдардың бас кезінде елге қайтып оралған. Кейінірек Башқұрт АССР-ында, Орынбор өлкесінде мекендеген ағасы Қожанияздың үйінде тұрып, совхоздың бухгалтериясында, астық қамбасында жұмыс істеген, сонан соң Златоуст қаласы маңында тұрған. Бұдан соңғы тағдыры мәлімсіз. Зайыбы София Иосифовна Амалдыкова, соңында ұрпақ қалдырғаны жөнінде деректер жоқ.

«Молданияз ағайын-туғандарының /Сүлеймен, Гайдар жазған хаттарда айтылған/ сипаттауынша, оның жақын адамдарға, әсіресе тұрмыстың ауыр тауқыметін көргендерге қайырымды, ілтипатты болғанын баса айтады. Келбет-пішіні келісті, қараторы өңді, еңселі, бойын тік ұстайтын, сөзге сарабдал жан еді дейді. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде туып, ХХ ғасырдың бірінші жартысында жасаған әдебиетші, этнограф, әскери қызметкер Молданияз Бекімовтің өмірбаяны туралы қолда бар деректер осындай», – деп келтіреді Қабиболла Сыдиықов «Орал өңірі» газетінің 1994 жылы 23 сәуіріндегі жарияланған «Осы жұрт Бекімовті біле ме екен?» атты мақаласында [4].

Молданияз Бекімовтің еңбегі зерттеушілер мен ғалымдардың мақалаларында, оқулықтар мен әдебиет тарихтарында әркез лайықты бағаланып келеді. Молданияз Бекімовтің шығармашылық қызметінің бірі – қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын жинауы. Молданияздың жинап, жариялаған материалдарға «Жын-перілерді жеңген батыр», «Бай және оның айлалы малайы», «Қарашаш сұлу мен Қаражан батыр», «Алдар көсенің қулықтары», «Алтыншашты Тотамбай және оның сиқыр қарындасы», «Бір мырза», «Тышқан мен Арыстан», «Кім күшті?», «Түлкі мен дәуді алдаған қазақ», «Түлкінің қулығы» деп аталатын ертегілер мен мақал-мәтелдер кіреді. Алғашқы алты ертегіні Молданияз Бекімов Орал облысынан жинайды. Ол туралы Қазан университеті жанындағы археолгия, тарих және этнография қоғамының 1904 жылы 27 қаңтарда және ақпанда өткен жалпы жиналыстарында белгілі шығыстанушы Н.Ф.Катанов мәлімдейді. Н.Ф.Катановтың алғы сөзімен Молданияз Бекімов жинаған алты ертегі аталған қоғам «Хабаршысының» 1904 жылғы ХХ томының 4 және 5 басылымында жарияланады. Н.Катанов «Қырғыздың (қазақтың) халықтық эпосын зерттеуге қатысты материалдар» деген алғы сөзінде Молданияз Бекімов жинаған ертегілердің өзге түркі халықтары ертегілерімен салыстыра зерттеуге ерекше маңызы барлығын атап көрсетеді. Н.Катановтың пікірінше, бұл ертегілердің кейбірі сюжеттері өзге халықтардан ауысқан, кейбіреулері кездейсоқ ұқсас болуы да мүмкін деген тұжырым айтады.

Н.Катанов Алдаркөсе қулығы жайындағы ертегілер құрастырарда, құлынды ұрлау желісі әзербайжан мен түріктерде, Алдаркөсе қулығына ұқсас жайттар сарттар мен қырғыздарда, самұрық құс оқиғасы парсы және қазақ, қырғыз, т.б. түрік-татар тайпаларында, самұрық балапандарын жалмауыз жыланнан құтқарған батыр ерлігіне ұқсас жайттар әзербайжанда кездесетінін нақты дәлелдей отырып, түрік-татар тайпаларында көшпелі сюжеттердің болуы дағдылы жайт деген қорытынды жасайды. Молданияз Бекімов жинаған қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларының бәрінің де орысша басылымдары орыс тілінде жарияланған. Демек, Молданияз Бекімов қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын шебер аударып, орысша басылымдарда жариялап, өзге халықтарға таныстырушы да. Әрине, бұл жерде Молданияз Бекімов ел арасынан қазақша тексті алып, соны орысша аударды ма, әлде өз естігенін бірден орысша жазды ма, ол жағы бізге әлі белгісіздеу [5]. Қалай болғанда да, қазақтың әдеби мұрасын ел аузынан жинап, орысша жариялап, өзге халықтарға мәлім етуінің өзі – үлкен еңбек.

Молданияз Бекімовтің тағы бір қыры, осы уақытқа дейін танылмаған қызметі – аудармашылығы. Ол осы салада А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» романын алғаш рет қазақ тіліне аударған. Қазан қаласында жеке кітап болып шыққан романның ықшамдалған нұсқасын Молданияз Бекімов аударғаны туралы Мұхтар Жанғалинның, А.С.Пушкиннің қазақша таңдамалы шығармаларының бір томдығына жазған алғы сөзінде айтылған. Бұл жөнінде Қазақ Ғылым Академиясының 1949 жылы №4 хабаршысында жарияланған М.Н.Фетисов пен Б.Кенжебаевтың ««Капитан қызының» қазақ тіліне алғашқы аударылуы» деген мақаласында толық мағлұмат беріледі [6]. Бұл мақалада Пушкин романының қазақ тіліне алғаш аударылуын авторлар ерекше көңіл бөлерлік әдеби құбылыс, сол кезеңде оңды мәні болған, қазақ оқырмандары Пушкин прозасының классикалық туындысымен, оның кейіпкерлерімен осы аударманы оқып, алғаш рет таныса алған деп бағалайды. Молданияз Бекімов бұл шығарманы қысқартып, қайта жазды, оның аудармасы жалпы алғанда қарапайым да түсінікті тілмен жасалды, сондықтан оқырман қауым ол аударманы жеңіл түсініп, қызыға қабылдады делінген және ол кезде аударма жұмысының тәжірибесі өте аз, қалыптасқан қағидасы болмағаны, орыс классиктерінен Абай аударған дүниеліктер тек қана ауызша айтылып, әлі де кітап болып шықпағанын, аудармашыға ешкімнің де сыни ескертпелер жасай алмағанын айта келіп, Молданияз Бекімов бұл еңбегін толық мәнісінде оңды етіп орындаған деп бағалаған.
Әдебиеттер:

1. Ғ.Әнес, М.Тәж-Мұрат. Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы. – Алматы «Арыс», 2002. –187 б.

2. М.Сералин. Біздің жастарымыз //Айқап, Троицк.1912. 11 қараша

3. БҚОМ № 26644-В

4. Қ.Сыдықов. Осы жұрт Бекімовты біле ме екен? //«Орал өңірі», 1994. 23 сәуір.

5. Т.Отарұлы. Өз биігінде көрінген азамат. – Қаратөбе, 1997.



6.  З.Тұрарбеков. Қазақ тіліндегі тұңғыш повесть // Батыс Қазақстан өлкелік газеті. 1963. 2 ақпан.
Каталог: uploads -> doc -> 01cd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01cd -> Бағдарламасының «Сөнбес жұлдыздар»
01cd -> «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық»
01cd -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет