Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі Гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің


Тақырыбы: «Ақжайықтың «Ақ шағаласы»



бет13/16
Дата13.11.2016
өлшемі5,2 Mb.
#1667
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Тақырыбы: «Ақжайықтың «Ақ шағаласы».

Ақжайық сенің орның ала бөтен... туған өлке Орал, арғыны айтпағанда, Қазаққа Исатай мен Махамбетті, Құрманғазы мен Динаны, Мәншүкті, Роза Жаманова мен Қадиша Бөкееваны, атақты суретші Сәкен Ғұмарды, ақындарымыз: Тайыр, Жұбан, Қадыр, Ақұштап Бақтыгерееваны сыйлаған құнарлы өлке. Біз туған жерімізді өз туған жеріміздің таланттары арқылы танимыз.

Кештің мақсаты:

Өз өлкемізден шыққан ақын Ақұштап Бактыгерееваның өлеңдері мен өмір жолымен танысу. Өлеңдері арқылы туған жердің ой- қырын, тал- терегін, нуы мен суын, малы мен жанын жырлаған ақын екенін таныту. Оқушылардың өз өлкемізді, туған жерімізді, өз өлкемізден шыққан ұлы адамдарды тани білуіне үйрету.

Көрнекілігі: ақын портретін іліп, өлеңдерінен үзінділер жазу.

«Жайықтан алған шабытты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жерлесіміз Ақжайықтың «Ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева: «Туған жер, Ақ Жайығым қайда жүрсем де көңілімнің төрінде тұрады. Менің өлеңімнің алтын арқауы, бүкіл тамыры – осы туған жер.Туған жерін сүймеген, жырға қоспаған адамнан шын ақын шықпайды»,- дейді өз сөзінде. 70 жасқа толып отырған апамызды мерейтойымен құттықтай отырып, ақын шығармашылығына арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәрбиелік шарамызды төмендегі өлең жолдарымен бастайық:

О, Ақ Жайық, анам сынды ардақтым,

Демалыста тағы саған бармақпын.

Неткен мұнша қастерлісің мен үшін,

Бір өзіңе бірнеше жыр арнаттың.

1. Ақұштап Бақтыгереева саналы ғұмырында «өлең» деп киелі өнерді серік етіп, сыршыл да нәзік үнімен, кестелі әсем тілімен, «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мұрат тұтқан ақын. «Тұлпардың шабысы құлынынан »десек, алғаш рет мектеп қабырғасында жүргенде жазған жауқазын жырлары арқылы болашақ ақын «поэзия» атты үлкен әдебиет есігінен имене аттайды. Мектепті бітірер тұста облыстық ақындар айтысына қатысады.

2. Мектепті жақсы аяқтап, таудай талап арқалап, астанаға арман қуып, қиял жетегінде кете барады. Асқақ арман жетегіндегі ерке қызын ата- анасы қимай шығарып салады. Ақ Жайықтан түлеп ұшқан талабы таудай талапкер, С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің студенті атанады. Кезінде қазақтың талай тарландарының тұсауы кесілген қасиетті қара шаңырақтан Ақұштап апа да үлкен өнерге қадам басты.

3. Ақындық- киелі өнер. Өнер жолы- ауыр жол. Ақынның әлеумет алдындағы арқалар жүгі ауыр. Өңкей кәусар бұлақтың сылдырындай әсем дүниелер... Таң қаласың, еріксіз бойлай түсесің, ақындығына бас иесің. Бұлбұл сайрамай, тұлпар шаппай тұра алмайды. Гауһар тастың басты қыры- асылдығы. Ал ақын жырларының көп қырлылығы оның тарланбоз тұлпар екенін танытқандай. Иә, тарланбоз шаппай –желмей тұра алмайды. Ақынның туған жері- Ақ Жайық ару мекені.

4. Талай рет ақын туған жерге деген сағынышын жыр жолдарымен өрнектеді. Оған ақындық Ақжайықтың асау толқынымен, ақ қайың тоғайының ерке де әсем сыбдырымен дарыған. Сондықтан да ақынның жауқазын жырлары туған жерімен тамырлас, талбесікпен бірге өріліп жатыр.

Келесі кезекті ақынның өлеңдеріне берейік:

5. Ақ Жайық жыр арнағым келеді,

Оған айтар мұң- арманым көп еді.

Туған жердің қасиеті шығар-ау,

Гүлдей сұлу талы менен терегі.

Оны ұмытсам болмас, сірә, кешірім,

Соған ұқсап қойылыпты есімім.

Оны қалай жырламайын егер де,

Толқынында тербетілмес бесігім.

6. Ай, күні бар Жайықтың,

Ақ таңы бар арайлы.

Айдыны бар Жайықтың,

Әлдилеген талайды.

Даласы бар Жайықтың,

Алуан түрлі гүл өскен.

Жағасы бар Жайықтың,

Ғасырлармен тілдескен.

Ұл аңсаған ауылға

Даусы күй боп таралған.

Толқынынан дауылда,

Құрманғазы жырлаған.

7. Ақ Жайық, тасы, төгіл,

Көңіл қалдыр.

Аумалы- төкпелі ғой өмір бәрібір.

Айналған полигонға сор даланың,

Бір рет тым болмаса шөлін қандыр.

Ақ Жайық, тасы,

Құйыл сайларыма.

Телегей боп жайыл жайлауыма.

Біреулер еске алатын болсын сені

Біреулер басын исін айбарыңа.

Ән: «Еділ мен Жайық» сөзі Ж. Молдағалиев, әні: И. Жақанов.

8. Ақ Жайық сенсің әр кез сыйынарым,

Сен десе жыр жолы боп құйыламын.

Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,

Кім білсін неше келу бұйырарын.

Сені айтса жанарымда күлкі ойнаған,

Көңілі орта болса шырқай ма адам?

Жағада өскен кезде жай өзен ең,

Бұл күнде сені көру бір той маған.

Ағысың айдынындай ой кеменің,

Жағаңда жазылды алғаш ойлы өлеңім.

Жүздесу өзіңменен той дедім- ау

Тірлікте көп те болмас той дегенің.

9. Жағдайың қалай, Жайығым,

Көбейіп кетті- ау уайымың

Алдында туған еліңнің

Жоқ еді-ау сенің айыбың,

Жағдайың қалай, Жайығым?

Сән беріп едің жағаңа

Ән болып тарап далаңа,

Жылдардың сынын көтермей

Сарқылып арнаң бара ма?

Шошыдың-ау сен шағала.

Тайыздау жерің лайлау,

Жарқабақ тозған құлайды-ау

Анау бір соқыр кемпірден

Сұрасам халін жылайды-ау

Жарқабақ тозған жылайды ау.

10. Шырқатып дала әнін, дала зарын,

Жағаңда өмір кешкен бабаларым.

Жырақпын, бірақ түсін, ұзатқан қыз,

Төркінге сағынышпен ораларын.

Сен менің арманымның асқарысын,

Жүрегім жоқ жырлап қана тастау үшін.

Мендегі Отан деген ұлы ұғымның,

Алғашқы сезім атты бастауымсың.

Жағаңда білем жас тал көктейтінін,

Жырламай ақын сені кетпейтінін,

Қинайды жүрегімді туған жерде,

Өзіңше мәңгі сапар шекпейтінім.

11. Жайықтың мұңды қабағы,

Азайып кеткен шабағы,

Қатал боп кеткен адамы,

Жайықтың мұңды қабағы.

Жайыққа керек мөлдірлік,

Мөлдір қатер төндірдік,

Бүрсеңдеп балық сатуға,

Аруларды да көндірдік.

Жайыққа керек мөлдірлік.

Ән: «Оралым»

12. О, Ақжайық, анам сынды ардақтым,

Демалыста саған тағы бармақпын.

Неткен мұнша қастерлісің мен үшін,

Бір өзіңе бірнеше жыр арнаттың.

Сағынғанда түсіме ендің күнде сен,

Бала күнгі сенде терген гүл де әсем.

Мен өмірдің түсінбес ем маңызын,

Егер сені сағынуды білмесем...

Өр толқының бесігімді шайқаған,

Тағы мені әлдилейді қайтадан.

Мен алдымен өзіңе қыз бола алсам,

Бар қазақтың қызымын деп айта алам.

13. Ақынның туған жері- алтын аймағы. Оны ол талай жырлады, әлі де жырлай түсер. Ақ Жайықтың тұтас тарихында оған арнап жүрек жырын жалаулатқан ақын екеу болса «соның бірі осы Ақұштап апаларың. Оның өлеңдері туған жердің ой қырын, тал- терегін түгендеп шығады. Оған деген сазды сағыныш, мөлдір мұң, мазасыз шақ мен мұндалап тұрады.

14. «Оралым саған, оралым»өлеңі оқылады.

15. Қорытынды.

- Сонымен балалар, ару Жайық- елін сүйген талай азамат ұл мен азамат қыздың кір жуып, кіндік кескен жері.

Ақұштап Бақтыгереева- тума талант, халқымыздың құрметі мен махаббатына бөленген еркебұлан қыз ақындарымыздың бірегейі. Кешімізді ақынның өлең жолдарымен аяқтайын:

Туған жер, не тең келер саған тағы,

Таңыңа ұқсамайды Арал таңы.

Өзіңнен артық мекен таба алмадым.

Аралап Жетісуды, Сарыарқаны.

Мен саған ораламын тағы да мың,

Тыңдауға күй кернеген ағын әнім.

Жүрсем де сұлу Көрпеш Баян тауда,



Жайығым сені жиі сағынамын!


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет