Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі Гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің



бет16/16
Дата13.11.2016
өлшемі5,2 Mb.
#1667
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


Танымдық кештің тақырыбы: «Жайықтың ақ шағаласы –Ақұштап»

Мақсаты: Білімділік, біліктілік дағдыларын ұштай отырып, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Өз ойларын көркем тілмен жеткізетін, поэзияны сүйетін, әдебиеттің сырлы әлеміне терең бойлай алатын тұлға қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық және өлең шығара білу қабілетін жетілдіру.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Жайықтың ақ шағаласы –Ақұштап» атты кешімізге қош келдіңіздер! «Құрмет» орденінің, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, Ақжайық ауданының Құрметті азаматшасы ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 –жас мерей тойына орай мектебімізде апталықтың ашылу салтанатты өтті. «Жағдайың қалай, Жайығым ?», «Зиялы арна», «Аққулар», «Анаға сыр», «Сені ойлаймын», «Жайлауда», «Мен Жайығымды сүю арқылы елімді жыр - лауды үйрендім», «Жайықта», «Туған ел», «Жан сыры», «Сіңіліме» т.б. көптеген өлеңдерін халқы сүйіп оқиды.

1 оқушы: Балғабаева Ақбаян «Ана жүрегі» 2 оқушы: Төлебаева Ақжарқан «Ана махабатты»


Мұғалім: Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған, өзінің тамаша өлең – жырларымен қазақ поэзиясының аспанын биіктетіп, көкжиегін кеңейтіскен талантты лирик ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ шағала» атты таңдама- лысы мен өзге де жыр жинақтарын зерделеу барысында оның Анаға арнаған өлеңдерін тебіреніп оқыдық. Жүргізуші: Ақұштап жырлары кім – кімнің де анасына деген сағыныш- мұңын қозғап, жанарына жас үйірілтеді. Әр өлеңінен өз анаңның аяулы бейнесін, асыл қасиеттерін көресің, «құлыным» деген ыстық сөзі құлағыңа келеді. Аналарымыз «құлыным» деген жалғыз сөзге жан- жүрегінің бар жылуын құйып, ұл –қызына деген барша сағынышын сыйғызып, аналық махаббатын төгіп, ыстық леппен айтады екен- ау!
3- оқушы: Назарова Дилназ 6- сынып «Аққулар»
4- оқушы: Бекет Ақерке 5- сынып «Анаға сыр»

Жүргізуші: Туған жер тынысынан тұп- тұнық өлең- өрнек туғызатын, тапқан- таянғанын, жиған- тергенін осы бір өлкеге арнап жүрген қаламгерлер арасында ақын Ақұштаптың орны бір бөлек. Себебі сонау балалық шағынан бастап туған жердің тұтам жусаны мен қырының қоңыр бояуы оның өлеңіне өрнекті зер салған. Ол табиғаттың кез келген құбылысын жырлап, соны суреттей отырып, бір тың, тосын ой тауып айтады және солар салиқалы, салмақты ойлар болып шығып жатады.Оның көз алдына табиғаттың, бол- мыстың көркем суретімен қоса бейнелі ой қатар келіп отырады. Ақұштап ақын бір сәт те ойланбас жүре алмайтын ақын. Көз тоймайды көгілдір тау көркіне, Көгілдір су шипасы болар дартіңе, - деп жұмақтай мекендегі тау мен теңіз- дің сұлулығын суреттейді. Табиғаттың таңдамалы туындыларының бір тамашасы бұлбұл құсқа арнаған өлеңін кәне оқып көрелік: Асланбек Хамит 10- сынып оқушысы. Сайрайды бұлбұл биіктен алып дауысын, Тербелтіп бақты, мүлгітіп бүкіл тау ішін. Сайрайды бұлбұл құбылтып үнін тынбастан, Тіршілік оған риза сол бір әні үшін . Ән қажет гүлге қырларды жапқан көктемде, Ән қажет шыңға сәулесін ақ таң төккенде. Не жетсін шіркін, ғажайып мынау өмірде, Бір рет нағыз бұлбұлша сайрап өткенге !!! Мұғалім: Ақын бұлбұл әнін барлық жанды тіршілік иелерімен бірге гүлге де, тауға да, тасқа да тыңдатады және мүлгіте тыңдатады. Оған қоса сол бұлбұл секілді барша ел – жұртты өнерімен сүйсіндіріп, жырмен тамсандырып сайрап өтер ме еді, деген арман – ойын айтады. Ақұштап – сол арманына өмірде жеткен ақын, бұлбұлша дауысын биіктен алып сайрап келе жатқан ақынымыз. 1-оқушы: Орынғали Гүлнұр 10 – сынып «Өлең» «Өлең» - мәнері оқылып , ақынның бұлбұл әнін барлық жанды тіршілік иелерімен бірге гүлге де, тауға да, тасқа да тыңдатады және мүлгіте тыңда- тады. Оған қоса сол бұлбұл секілді барша ел- жұртты өнерімен сүйсіндіріп, жырмен тамсандырып сайрап өтер ме еді, деген арман – ойын айтады. Жүргізуші: Ақұштап Бақтыгерееваның 2001 жылы «Өлке» баспасынан шыққан «Ақ шағала» атты жыр жинағына біршама арнау өлеңдері енген. Ақынның бұл жанрдағы өлеңдері – көркемдік, мазмұндық, жанрлық жағынан зерттей қарап, зерделеуді қажет ететін туындылар. Ақының «Әкеме» атты арнау өлеңі өзінің көркемдігімен, эстетикалық мазмұнымен, таным тереңдігімен ерекше. Болса да нәзік гүл өңім, Өсірдің еркек баладай. Қыз деуді, әке, білемін, Көңілің жүрді қаламай. Қалмадым елі қасыңнан, Мен болдым қызың, ұлың да. Үйір ғып қойдың жасымнан Қамшыға , асау құлынға Осы бір екі шумақтың өзі біршама ой айтуға тұрарлық дүние. Әке махаббаты, оның қадір – құрметін бағалай білген бала көңілі. Әкелік борыш, перзент парызы. Әке үміті. Әке сенімі. Деп Ақұштап ақын осылай жырлаған болатын.

Танымдық кештің қорытындысы: Ақұштап Бақтыгерееваның азаматтық – ақындық өнер жолында Жұбан Молдағалиевтің алар орны айрықша. Ақұштап Жұбан ағасына цикл өлең арнаған . 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тұсында Жұбан Молдағалиевтің партия шенеуніктеріне қасқайып қарсы тұрған қылығынан соң іле- шала жазылған. Өлең «Ерлікті көзбен көрген күн» деп аталады. Ақұштап ақын осы жайды өзінің арнау өлеңінде: Ұрпағыма халім бар не дер енді, Қорладыңдар бұл қазақ деген елді. Қыздарымды сүйретіп бұрымынан

Ит таласын деп пе едім немеремді, - Жұбан монологы арқылы береді. Ақын осындай жақұт жырлары арқылы қазіргі қазақ поэзиясындағы арнау өлеңдерді дамытуға ғана емес ,мазмұндық жағынан байытуға да үлесін қосты деп айта аламыз. Біздің парызымыз ақынның жырларын оқып, үлгі ету. «Шын ақын қартаймайды да, ортаймайды, Ақұштап жүрегі мәңгі елім, жерім деп соғады – дей келе қорытынды кешімізді аяқтаймыз.

Анықтама.

Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің гуманитарлық және қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жылдық мерей тойына орай іс- шараларды жоспарлап өткізілді. Барлық іс-шаралар өз деңгейінде өтті. «Жайықтың ақ шағаласы- Ақұштап» атты тақырыппен салтанатты түрде Сарсенбаева А.Ш. ашты.Салтанатты жиынды әсем бимен ашып, Ақұштап өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. «Ақұштап- ақын, үлкен өнер иесі, қоғам қайраткері» тақырыбымен Сұлтангалиева Ұ.Г. мен Серікқали Э.С конференция сабақ ұйымдастырды. Ашық тәрбие сағатын «Ананың жүрегіндей жүрек жоқ» тақырыбымен 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен орайластыра Бактыгулова А.М. ұйымдастыруымен өте жақсы деңгейде өтті. Бұл шараға 5-6 сыныптар қамтылды. Ата-аналар қатысып, әжелер алғыстарын айтты. 6 сынып қыздары: Ақұштап апаларының Аяжан «Ақсақ қыз туралы аңыз», Ақбаян «Ана жүрегі», Ақжарқынның «Ана махабаты» атты аңыздарды мәнерлеп жатқа оқуы тыңдармандарды бір серпілтіп тастады.Аудандық Ақұштап оқуларына 5 сынып оқушысы Бекет Акерке қатысып, 150 бал жинап, жақсы дәрежеде өнер көрсетті. «Жанға жақын жырлары» атты мұғалімдер арасында мәнерлеп оқуды Абуова А.М өткізді.Нәтижесінде аудандық байқауға мұғалімдер арасындағы Ақұштап оқуларына Давлетова Айжан Азатқызы барып, жақсы деңгейде қатысып, өзінің өнерін ортаға салды. Аудан көлемінде тоғызқұмалақтан БЖСМ ашық біріншілік сайысты Бактыгулова А.М. осы Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерей тойына орай арнап ұйымдастырылды. Нәтижесінде командалық 1орынды иеленді. Жалпы саны- 12 оқушы қатысып, 5-і 1 орын, 7-і 2 орын иеленді. « Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» қыздар тәрбиесіне орай К. Ж. Есентаева ;А. Ж. Сельбаева ; мектеп медбикесі Д. Г. Бисенгалиева ұйымдастырды. Бұл шарада қыздар тақырыбына орай жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. 8-11сыныптар қыздар арасында ұйымдастырылған шара өз мақсатына жетті. «Ақұштап біздің кітапханада» атты көрме кітапханашы Тлесова Н.А. ұйымдастыруымен барлық шара бойы өз дәрежесінде көрініс берді. Мазмұнды ұйымдастырылған көрменің оқушыларға берері мол болды.«Алаш жырының ақ шағаласы» тақырыбында поэзия кешін оқушылар арасында Умаргалиева А.Ж. өткізді. Бұл шараға 5-7 сыныптар қатысып, жақсы дәрежеде мәнерлеп оқуға 5- cыныптар қатысты. Қорытынды кешті Шмангалиева Б.С. жалпы оқушыларға салтанатты жиында өткізді. Бұл салтанатты жиында барлық кештің жақсы нәтижелері айтылып, марапаттаулар берілді. Қорытынды кеш әсем бимен, үздік мәнерлеп оқумен аяққталды.




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет