Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Өркен» қосымша білім беру орталығы


«BI Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы республикалық фестивалінің облыстық кезеңі



бет4/18
Дата15.09.2017
өлшемі4,7 Mb.
#32458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
«BI Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы республикалық фестивалінің облыстық кезеңі

Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуеттік белсенділігін дамыту, фестиваль қатысушысының ерекше жеке шығармашылық әлеуетінің ашылуына қолдау және көмек көрсету мақсатында, 2016 жылдың 11 сәуір күні облыстық қазақ драма театрында «BI Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті.

Аталған шараға облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты-кешені, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, Орал қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы, сонымен қатар Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау аудандары қатысты.

Шараға 10 жастан 18 жасқа дейінгі жас санатындағы 163 өнерпаз балдырғандар қатысқан болатын. Фестивальге қатысушылар хореография, вокалдық орындау, аспапта орындау, әнді ым-ишаратпен орындау, көркем-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері бойынша өз өнерлерін ортаға салып, ерекше өнер көрсетіп, қазылар алқасын баурап алды.

Фестивальдің барлық қатысушылары облыстық білім басқармасының алғыс хаттары және сыйлықтарымен марапатталды. Өздерінің өнерлерімен көпшілікті тәнті еткен оқушылар іріктелініп Республикалық фестиваліне жолдама алды.

Қазылар алқасы фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үлкен жауапкершілікпен өткендігін атап өтті.
Облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны

23-24 сәуір күндері «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны өткізілді.

Ойынға Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Орал қаласы және №11 С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты (барлығы 11 команда, 99 оқушы ) қатысты.

Облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны жоғары деңгейде өткізілді. Командалар ойындарға жақсы дайындықпен келген. Ақжайық, Бөрлі, Шыңғырлау аудандары қаражат жоқтығына байланысты қатыспады.



Ойын нәтижесінде: І орын- Орал қаласының «Қайсар» әскери-патриоттық клубы; ІІ орын- Жәнібек ауданы «Жалын» әскери-патриоттық клубы; ІІ орын- Зеленов ауданы «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы; ІІІ орын- Жаңақала ауданы «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы; ІІІ орын- Тасқала ауданы «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы; ІІІ орын – Қаратөбе ауданы, «Айбын» әскери-патриоттық клубы иеленді.



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет