Бауыр циррозы Анықтамасы



бет2/13
Дата28.09.2022
өлшемі130,98 Kb.
#151006
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Доно Розакулова
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

ПАТОГЕНЕЗ

  • Бауыр циррозы дамуының негізгі түрткісі -бауыр паренхимасының түрлі себептерден некрозы. Вирустардың, алкогольдің, дәрі-дәрмектердің, протеолиздік ферменттердің, гипоксияның әсерлері немесе кейбір заттардың (гемосидериннің, жездің, гликогеннің, цереброзидтің т.б.) жасуша ішінде жиналуьі гепатоциттердің некрозына өкеледі. Гепатоциттердің жойылуынан оларды ұстап, тіреп тұратын ретикулиндік қаңқа басылады, некроз ошақтарында тыртықтар түзіледі.

ПАТОГЕНЕЗ

  • Некроздың салдарынан регенерацияны күшейтетін заттар бөлінеді, мәселен, бауыр циррозымен ауыратын адамдардың бауырынан жасалған экстракт гепатоциттердің митозын күшейтетіндігі дәлелденген.
  • Некроз ошағында тірі қалған гепатоциттер көбейіп, регенерациялық түйіндерді түзеді. Бірақ тыртықтар мен түйіндер цирроздың өз-өзінен өрістеуіне септігін тигізеді. Өйткені бөлшектердің архитектоникасы бұзылған, тыртық ошақтарында қан синусоидтарға құйылмастан, бірден орталық венаға барады. Қанның сау қалған синусоидтарға түспеуінен бауырдың зақымданбаған ошақтары алдымен ишемияға, содан кейін некрозға ұшырайды.

Гепатоциттердің некрозынан бөлінетін заттар қабыну инфильтраттарының түзілуіне септігін тигізеді. Инфильтраттар портальдік тракттардан басталып, бөлшектің ортасына қарай тарайды. Олардың бойымен фиброздық қалкалар түзіледі.

  • Гепатоциттердің некрозынан бөлінетін заттар қабыну инфильтраттарының түзілуіне септігін тигізеді. Инфильтраттар портальдік тракттардан басталып, бөлшектің ортасына қарай тарайды. Олардың бойымен фиброздық қалкалар түзіледі.
  • Фиброздық қалкалар бауыр бөлшегін псевдобөлшектерге бөліп тастайды. Әр псевдобөлшек фиброздық қалқамен қапталып қоршалады. Псевдобөлшектерде орталық вена мен портальдік үштік болмайды.
  • Фиброздық қалқалардың бойын қуалап өскен тамырлар бауырішілік портаковальдік анастоматоздарды түзеді. Қан псевдобөлшектердің паренхимасына сокпастан, бауыр венасына тікелей түседі. Осының салдарынан ишемия мен некроз үнемі өрістейді. Сонымен бірге регенерация түйіндері тамырларды басып, ишемия мен некроздың мендеуіне септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет