Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты



бет5/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) Үлкенді сыйлау

В) Дәстүр, салт

С) Тамақ, үй жай

Д) Ықылау, күту

Е) Ілтипат көрсету

2. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Не қазақ халқына тән дәстүр?

В) Үйге келген қонақты ілтипатпен қарсы алмаған.

С) «Жылу жинау» деген дәстүр жоқ.

Д) Жас сәбиді бесікке салу да қызықты дәстүр.

Е) Отқа май құю да дәстүрдің біріне жатады.

3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

А) Қазақ халқының жақсы дәстүрлерінің бірі – жылу жинау.

В) Қазақ халқының жақсы дәстүрлерінің бірі – қыз ұзату.

С) Қазақ халқының жақсы дәстүрлерінің бірі – азан шақыру.

Д) Қазақ халқының жақсы дәстүрлерінің бірі – тұсау кесу

Е) Қыз ұзату дәстүрі- ертеден бастау алған.

4. Мәтінге мағынасы жақын мақал- мәтелді табыңыз.

А) Отансыз –адам, ормансыз- бұлбұл.

В) Еңбек есең ерінебей, тояды қарның тіленбей.

С) Отан - оттан да ыстық.

Д) Өзі қонақ болып көрмеген, конақты сыйлай да білмейді..

Е) Өз үйім, кең сарайдай бөз үйім,

5. «Жылу» сөзінің бастапқы мағынасы көрсетіңіз.

А) суық

В) жылы

С) жылпос

Д) жылау

Е)жым- жырт

Ұлбике ақын
1870 жылы Петерборда ғалым В.Радловтың «Түрік тайпаларының ауыз әдебиеті» -деп аталатын қалың, көлемді кітабы басылып шықты. Кітаптың 33-34 беттерінде Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көкшеұлы Күдердің айтысына орын берілген. Бұл айтыс кітаптың 1875 жылғы басылымында орыс және неміс тілдерінде өлеңмен аударылып шықты.

Тумасында дарынды, зерек, әрі әдемі қыз 12-13 жасынан –ақ ауыл-аймаққа ақындығымен, шешендігімен белгілі болды. Ұлбике жырларының көркемдігі өзгеше. Қолда бар өлеңдерінің жалпы көлемі бір мың шумақтай, яғни төрт мың жолға жуық. Олардың арғы жағы өткен тарихтан сыр шертеді. Аяулы ақынның өмірі мен шығармашылық жолын бір шама айқындай түседі.

Өзі туып- өскен жер, көш-қоныстары сияқты Ұлбике де әзіл өлеңдерге де өте шебер болыпты. Оның Серәлі, Майлықожа сынды ақындармен айтыстарында ойнақылық байқалады. Қазақтың ақын қызыдарының қатарында Ұлбике ақынның алатын орыны ерекше (132 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінде кім туралы айтылған анықтаңыз.

А) Мәди

В) Ұлбике ақын

С) Қорлан

Д) Естай

Е) Ақан сері

2. Ұлбике ақын кімдермен айтысқанын көрсетіңіз.

А) Көкшеұлы Күдердің

В) Жамбылмен

С) Ақан серімен

Д) Өзбек ақынмен

Е) Саттар ақынмен

3. Ұлбике ақын неше жасынана ақындығымен көзге түсе бастағанын анықтаңыз.

А) 7-5.

В) 12-13

С) 13-14

Д) 10-11

Е) 17-18

4. Ұлбике қандай аспапта ойнағанын көрсетіңіз.

А) Домбырада

В) Жетігенде

С) Қобызда

Д) Сырнайда

Е) Сазсырнайда

5.Мәтінде Ұлбике туралы кім жазғанын көрсетіңіз.

А) В.Радолв

В) А.Байтұсынов

С) С.Мұқанов

Д) Бартольт

Е) Гумилев


Сарыарқа туралы не білесің?
Сарыарқа – қазақстанның ірі физикалық-географиялық, табиғи-тарихи аймағының бірі. Сарыарқа сөзі – халықтық атау, оның топонимикасы «сарғайып жатқан кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, адырлы қырқа» деген мағына береді. Сарыарқа қазақтың байлығының көзі, өнер мен мәдениеттің, тарихтың кеніші. Бұл өлкенің асыл тумалары Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, жазушы С.Сейфуллин мен ақын Қ.Аманжолов композиторлар Тәттімбет пен Мәди, Ұлы Отан соғысының батыры Н.Әбдіров, тұңғыш ғарышкер Т. Әубәкіров. Заманымыздың ұлы ойшылы Абай Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Сарыарқа солтүстігінде – Солтүстік қазақ жазығымен, оңтүстігінде – Тұран ойпатымен, батысында – Торғай үстіртімен, шығысында – Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектесетін орталық бөлікте орналасқан кең өлке. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы - 1200 км, ені – 400-900 км шамасында. Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толық, солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының біраз бөлігі кіреді.

(121сөз) Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыздар.

А) Қазақ жазығымен

В) Тау жүйесімен

С) Ауыл арасымен

Д) Батыстан шығысқа

Е) Дүниеге келген

2. «дүниеге келген» деген сөздің синонимін табыңыздар.

А) Қайтыс болды

В) Туды

С) Жарық көрді

Д) Қонаққа келді

Е) Үйге кірді

3. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді белгілеңіздер.

А) Жалпақ үстірт

В) Тұңғыш ғарышкер

С) Физикалық-географиялық

Д) Қазақ жазығымен

Е) Сарыарқаға Қарағанды

4. Сарыарқа сөзінің беретін мағынасы.

А) Ұсақ, аздау,

В) Жалпақ үстірт, адырлы қырқа,

С) Ойпат, қырлы,

Д) Шексіз, таулы,

Е) Жазық, түзу

5. Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.

А) Құнанбаев ,

В) Момышұлы,

С) Сейфуллин,

Д) Әубәкіров,

Е) Әбдіров


Марқакөл
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Осы көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көл Азутау және

Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 метр биіктікте орналасқан.

Көл жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Төңірегінің климаты континенттік: қыс мезгілінде ауа температурасы кейде –55°С-қа дейін төмендейді. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр.

(113сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А) әсем шыршалар туралы

В) әдемі құстар туралы

С) әдемі көлдердің бірі туралы

Д) орманды алқап туралы

Е) батпақты өңір туралы

2.Мәтіндегі кездескен сан есімдердің түрін анықтаңыз.

А) жинақтық

В) бөлшектік

С) топтау

Д) реттік

Е) есептік

3.Марқакөл Қазақстанның . . . бөлігінде орналасқан.

А) Батыс Қазақстан

В) Орталық Қазақстан

С) Шығыс Қазақстан

Д) Оңтүстік Қазақстан

Е) Солтүстік Қазақстан

4.Марқакөлден бастау алатын өзен.

А) Ертіс

В) Есіл

С) Қалжыр

Д) Сырдария

Е) Амудар

5. Көлдің қататын мезгілі.

А) тамыз, маусым

В) қазан, мамыр

С) желтоқсан, қаңтар,

Д) ақпан, сәуір

Е) шілде, қыркүйек

Сәтемір хан
Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі, тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады, ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: кұдайтағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы кұмырсқа-екеш құмырсқа да тынбай жұмыстанып жүр, өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты, мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен деп, ойынын тастап, қалаға барды.

Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар екен, coғaн үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.

Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған.

(140сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіннен нақты мәлімет беретін сөз тіркесін табыңыздар.

А) зор білімді, оқымысты

В) асқан данышпан

С) ең кішкентайы

Д) жұмыссыз ойнап жүрген

Е) талап іздемей

2. Сәтемірдің қалаға кетуіне себепкер болған не?

А) ит

В) қөбелек

С) ара

Д)құмырсқа

Е) өгіз

3. Сәтемірге сипаттама беріңдер.

А) ақылсыз

В) данышпан,

С) бай баласы,

Д) атақты

Е) тәрбиесіз

4.Мәтіне сәйкес мақал – мәтелді көрсет.

А) Еңбек түбі- береке,

В) Ата-асқар тау

С) Ас атасы-нан

Д) Асы бар аяқтан аттама

Е) Татулық-табылмас бақыт

5. Сәттемірдің жесістігін көрсетіңдер.

А) оқушы

В) патша

С) мұғалім

Д) ұстаз

Е) ұста
Отбасы сыйластығы

«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – отбасы мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. «Тәрбие басы – әдептілік» деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала-шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.

( 188сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мақалдың мазмұнын анықтаңдар. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің».

А) Білім туралы

В) Отбасындағы тәрбие туралы

С) Еңбек туралы

Д) Отан туралы

Е) Бала туралы

2. Мәтіннен мұғалім сөзінің синонимін табыңдар.

А) Оқушы

В) Шәкірт

С) Ұстаз

Д) Ер-азамат

Е) Тәрбиеші

3. Отбасы туралы мақал- мәтелдер жазыңдар.

А) Еңбек түбі-береке.

В) Судың да сұрауы бар.

С) Ата-бәйтерек,бала-жапырақ.

Д) Жақсы сөз –жарым ырыс.

Е) Өнер алды-тіл.

4. «Әдептілік» ұғымына сипаттама беріңдер.

А) сезімі жоқ адам

В) адамның инабаттылығы

С) бауырмалсыз адам

Д) тәрбиесіз адам

Е) жауапкерсіз

5. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір- шапағатына себеп жан.

А) әке

В) ана

С) әже

Д) ата

Е) аға
Орал қаласы
Орал қаласы- Батыс Қазақстан облысының орталығы, ірі теміржол бекеті, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Қалада 273 359 тұрғын бар. Қалаға ірілі-ұсақты 16 елдімекен қарайды. Бүгінгі күні Орал қаласы- Қазақстандағы ірі мәдени-экономикалық орталықтардың бірі. Қазірде қалада «Зенит» зауыты, «Омега», «Металлист», Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, «Аяз» ЖШС және республикалық мемлекеттік «Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы» сияқты ірі кәсіпорындар бар. Бұлардан басқа облыстық дәрежедегі нан комбинаты, жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 мұражай, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар. Сондай-ақ 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. Оралда Батыс Қазақстан теміржол жүк тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы болып саналады. Қалада 18 ғасырда салынған сәулет ескерткіштері сақталған.

(131сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 мұражай,2 театр,филармония,көрме залы,46 мектеп, 3жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар.

А) Жай сөйлем

В) Салалас құрмалас сөйлем

С) Сабақтас құрмалас сөйлем

Д) Аралас құрмалас сөйлем

Е) Лепті сөйлем

2.Теміржол сөзінің түрін анықтаңдар.

А) дара

В) біріккен

С) кіріккен

Д) қос сөз

Е) қысарған сөз

3.Орал қаласының орналасқан жерін көрсетіңдер.

А) Шығыс

В) Батыс

С) Онтүстік

Д) Солтүстік

Е) Семей облысы

4. Қалада тұратын тұрғын саны.

А) 273359

В) 272253

С) 273358

Д) 273352

Е) 273354

5. Орал қаласындағы сәулет ескерткішінің дамыған кезеңін көрсет.

А) 17 ғасыр

В) 19 ғасыр

С) 20 ғасыр

Е) 18 ғасыр

Д) 21 ғасыр


Дала заңдары
Ежелгі Алтай адамзат мәдениетінің даму орталықтарының бірі болғаны туралы тарихшылар зерттеп дәлелдеген. Ол өзінің ұлылығымен Мысыр және Месопотамиядан кем түспеген. Алтайда әлемге көшпелі өркениет сыйлаған, кейіннен Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ жерлерін қамтыған біздің ата-бабаларымыз – түркілер өмір сүріп, қанат жайған. Қазақстанның қазіргі аумағы және қазақ халқы осы өркениеттің тікелей мұрагері болып табылады. Бізге жеткен ең ежелгі шынайы әділеттілік ілімі Дала заңдары – «Білік», Арыс би дананың өсиеттері. Арыс би үш мыңдай жыл бұрын өмір сүрген. Оның құрметіне Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзенінің атауы берілген. Дала өмірінің барлық қыр-сырларын реттейтін заңдарының келесі кезеңі – ұлы қолбасшы, түркі халықтарының басын қосқан Шыңғыс ханның «Ұлы ережелер жинағы» - «Жасақ» (Яса) болды. Ол 1206 жылы жарияланған еді. Ұлы  Далада 400 жылға тыныштық орнады. Қолөнер мен сауда-саттық қатынас өркендеді. Халық әр түрлі діни нанымдарына қарамай, бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрді.Мұсылмандардың мешіттері мен христиандардың шіркеулері Тәңірге табынушылардың, буддашылар мен зороастрийлердің қасиетті мекендері қатар тұрды.
XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу дарынымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады. Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тәртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан жаңа мемлекетті басқару аясында «Әдет» пен «Ұлы Жасаққа» негізделген заңдар жинағын жасады. Бұл заң бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жер және жесір дауына орай құн төлеу, салық төлеу мәселелері қарастырылған. Екіншіде – қылмыс пен жаза өлшемдері белгіленген. Үшіншісінде – әскери тәртіп пен оны бұзушыларға қолданылатын жаза түрі, ал төртінші бөлімде – елшілік қарым-қатынастар айқындалған. Бесінші бөлім халықтың ата-дәстүріне арналған.Ата-дәстүр мен салт-санадан алынған бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен жүруге шақырды. Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді.


(279сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған заң қазақ тарихында нешінші заң?

А)алғашқыВ) соңғыС) екіншіД) бесіншіЕ) жетінші

2. Қасым ханның билікке келген жылы.

А)1206В) 400С) 1511Д) 1512Е) 1205

3. Шыңғыс ханның «Ұлы ережелер жинағының» атауын көрсетіңдер.

А) «Жасақ»

В) «Қасым ханның қасқа жолы»

С) «Білік»

Д) «Әдет»

Е) «Дала заңдары»


Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет