Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты



бет7/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз 
А) Ш.Уәлиханов Кадет корпусында оқыды. 
В) Шоқан Потанинмен жақын жолдас болды. 
С) Потанин Шоқаннан бірнеше жас кіші болды. 
D) Екі дос саяхатшылар туралы кітаптарды көп оқитын.


Е) Ол орысша білмеді 
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз 
А) Шоқан Омбыда қайда тұрды? 
В) Шоқан кітапханада кіммен танысты? 
С) Шоқан мен Потанин қалай дос болды? 
D) Шоқанның саяхатқа кімдермен барды? 


Е) Шоқан қырғыз еліне қашан саяхатқа барды?
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз
А) Шоқан өте дарынды, алғыр еді. 
В) Шоқан ешкімге сырын айтпайтын. 
С) Шоқанның достары қазақша жақсы білді. 
D) Шоқан дарынды балаларға қызыға қарайтын.


Е) Шоқан орысшаны жақсы білетін еді. 
4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз
А) Омбы, естелік, саяхат 
В) Қазақ, Шоқан, география 
С) Шоқан, Потанин, дос, оқу 
D) Шоқан, кітапхана, Еуропа 
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз
А) Шоқанның өнерлі достары өте көп. 
В) Ол білімді адамдармен жақсы таныс болатын. 
С) Шоқан қаладағы өнерлі, білімді адамдармен жақын араласты. 
D) Шоқан қаладағы өнерлі, дарынды балалармен араласып тұратын. 



Банк қызметі 


Банктік жүйе – өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны қажет болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді. 
Банк – несие-есеп айырысу, касса операцияларымен басқа да операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған қаржы мекемесі. Банктер өзіне ақшалай қаражатты жинақтап, оны несие түрінде уақытша пайдалануға береді. Кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептесулерде делдалдық қызмет көрсетеді. Жаңа ақшалар мен бағалы қағаздар шығарады, мемлекеттегі ақша айналысын реттейді. Банктер ақша, несие, валюталық саясатты жүзеге асырады. Банкке жеке тұлға да, заңды тұлға да клиент бола алады. 
Қазақстанның банктік жүйесі екі деңгейде: біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық. Бірінші деңгейдегі банктер – ұлттық банктер екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді. Әр банк ашылған сайын Ұлттық банк лицензия береді. /117 сөз/



Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. 
А) банк, несие, касса 
В) жүйе, банк, деңгей 
С) банк, қаржы,несие 
D) кәсіпорын, лицензия, операция 


Е)ақша,тауар,сату
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз 
Берілген мәтін қай салаға жатады? 
А) тарих 
В) саяси 
С) құқық 
D) экономика 
Е)әдебиет
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз 
Қызметіне қарай банктер ... бөлінеді. 
А) екіге 
В) үшке 
С) беске 
D) он екіге 


Е) төртке
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз 
Банк ... айналысады. 
А) пайызсыз несие берумен 
В) қажет ететіндерге қарыз берумен 
С) лицензия және өзара төлемдер берумен 
D) кәсіпорындар мен мекемелерді реттеумен 


Е) мекемелерді реттеу
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты таңдаңыз 
Банк ... саясатын іске асырады. 
А) валюта, несие 
В)ақша, несие,валюта 
С) бағалы қағаздар, несие 
D) несие, ақша, коммерциялық 


Е) несие,қарым-қатынас,келісім



Тағылым отбасынан басталады


Жалпы, шаңырақ құру – күллі адамзаттық дәстүр екені түсінікті. Бірақ жер бетінде қанша халық болса, бұл дәстүрдің сипаттары да соншама сан алуан. Өйткені әр халық өзінің шаңырақ көтеру қуанышын өз тұрмыс-салттарына лайықтап, өздерінше қызықтауға тырысады. Осы үрдісті қазақ халқы да ғасырлар бойы өзгеге ұқсатпай, өздерінше дамытқаны анық. Олай болса, қазақтың шаңырақ көтеру сәтіндегі өзіндік ерекшеліктері бар. 
«Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер, бүгінгінің нарқын ұғады»,-деген болатын Ғабит Мүсірепов атамыз. Халқымызда бұрыннан бар, әдет-ғұрып, дәстүрге мүмкіндігінше қанық болғанымыз жөн. 
Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса зор мән береді. Өйткені, ұрпақ – болашақ. Оны әбден түсінген халық: «Балаңды беске дейін патшадай күт, он беске дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла»,-деп бүкіл тәрбиелік тағылымды үш-ақ сөзге сыйдырады. «Патшадай күт» дегені – қамқоршы бол, өсір, мәпеле, жас шыбықтай баулы дегені, «қосшыңдай жұмса» дегені – жәрдемшің ет, жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден аулақтат дегені, ал «құрбыңдай сыйла» дегені – балаңа ес кірді, ақыл иесі болды, енді оның отау құруы жақын, оның да түбі өзіңдей ұрпақ қамқоршысы болатынын естен шығарма дегені. Ал осы ұлағатты сөзде ұрыс, ренжіт, қорқыт, еңсесін түсір деген бірде-бір сөз айтылмайды. Қазақтың ұрпақ өсіру пәлсапасы, міне, осындай қарапайымдылыққа құрылған. 
Табиғатқа иелік етер күші болса да, адамды өзге тіршілікпен тең ұстаған да – қазақ. Бесіктегі қимасына «асқарым, асқағым» деп емес, жан-жануармен, жәндік атаулымен тағдырластығын мойындатып, «құлыным, ботам, қошақаным» деп еркелету де, шыбынға да қиянат болмасын деп, «шыбыным» деп айналу да алдымен қазаққа тән. Бүкіл болмысы, шыбын жаны перзенттің үстінде болған қазақтың баласын шамадан тыс тойындырып, ошақтың түбінде қорғаштағаны да ешбір тарихта жоқ. Жеті жасар айдарлысын жауға аттандырып, он бесіндегі ұлына ел басқартқан халық бұл! /261 сөз/



Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын көрсетіңіз. 
Барлық адамзатқа тән дәстүр – ... . 
A) тұсау кесу 
B) сүйінші сұрау 
C) шаңырақ құру 
D) баланы бесігіне салу 


Е) тілашар
2. Сөйлемді жалғастырыңыз. 
Әр халық шаңырақ құру салтын ... . 
A) жағдайына қарай лайықтайды 
B) даму жағдайымен байланыстырады 
C) әдет-ғұрпына қарай ыңғайлайды 
D) жалпыңа ортақ салты бойынша қызықтайды 


Е)өз жағдайына қарай
3. Мәтін мазмұнына орай толық және нақты нұсқаны таңдаңыз
Шаңырақ көтеру ... . 
A) ата-анасының жағдайына байланысты 
B) ата-анасының көңіл-күйіне негізделеді 
C) ата-ананың ризашылығына негізделеді 
D) тегіне, ата-анасының көңілдеріне байланысты 


Е) ағайын-тұыстың ризашылығына негізделеді
4. Мәтінге сәйкес нұсқаны табыңыз
Белгілі жазушының айтқан сөздерінің мағынасы. 
A) Өткенді де, бүгінгіні де білу парызымыз. 
B) Өткенді білмегенмен келешекті білу керек. 
C) Бұрыңғыны білмесе де, бүгінгіні білу керек. 
D) Тарихты білмеген адам бүгінгіні дұрыс бағалай алмайды. 


Е) Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес
5. Сөйлемді толықтырыңыз
Балаңды беске дейін ... күт, он беске дейін ... жұмса, он бестен кейін ... сыйла. 
A) құрбыңдай, құлыңдай, патшадай 
B) досыңдай, құлыңдай, теңдесіңдей 
C) билеушіңдей, құлыңдай, теңдесіңдей 
D) патшадай, теңдесіңдей, құрдасыңдай


Е) патшадай , қосшыңдай , құрдасыңдай

Түйе үстіндегі кітапхана
Парсы ғалымы Уазыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрген адам екен. Оның мыңдаған кітап қоры бар. Үлкен кітапханасы болыпты. Ол елші әрі әскери адам болған. Өмірінің тең жартысын ат үстінде, жорықта өткізген. Ол соғысқа аттанғанда, өзімен бірге осы кітапханасын да алып шығады екен, кітапты артуға 400 дей түйе бөлінген.

Кітап артқан түйелер каталог сияқты болған. Түйелер барлық соғыс жолында әліпби бойынша тізіліп жүрген. Ал кітапханашылар Уазыр Сахибқа кез келген уақытта керекті кітабын тауып апарады екен. Сөйтіп, түйе үстіндегі кітапхана басқа да әскери адамдардың рухани азығы болған./88 сөз/
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңдар.
А) Парсы ғалымының үлкен кітапханасы болыпты

В) Уазыр Сахиб елші және әскери адам болған екен.

С) Ғалым өмірінің жартысын кітапханада өткізген.

Д) Кітапхана әскери адамдардың да рухани азығы болған.

Е) Кітапхана түйе үстінде болған.
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

А) Әскери адамдар кітап оқымаған.

В) Кітапхананы аттарға артқан екен.

С) Өмірінің тең жартысын ат үстінде өткізбеген.

Д) Ол соғысқа кітапханасын алып шыққан.

Е) Уазыр Сахибтың 50кітапханашысы болған.

3. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңдар

А) Қанша кітапханашы болған?

В) Кітапханада қанша кітап қоры болған?

С) Уазыр Сахиб кітапты қайдан алып оқыған?

Д) Парсы ғалым неліктен кітапты жақсы көрген?

Е)Кітаптар түйелерге қай тәрізде артыл

4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңдар
А) алфавит, кітап қоры, жорық

В) парсы ғалымы, кітапхан, түйе

С) түйе, кітапханашы, парсы ғалымы

Д) рухани азық, каталог, әскери адамдар

Е) алфавит,

5. Мәтіндегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңдар

Парсы ғалымы Уазыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрге

А) бай

В) белгілі

С) ақылды

Д) оқымысты

Е)дарынды


Туған жерім – Қазақстан
Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, биік тау да, орман – тоғай да баршылық. Жазық далалар да аз емес. Әрбір адам үшін ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Өйткені ол ең алғаш жарық дүниеге келген сәтінен бастап, осы өлке оған алтын бесік атамекен боп саналады. Оның ғана емес, ата-анасына, одан арғы бабаларына да осы мекен құтты қоныс болып қала бермек. Жер-ана бізге бәрін береді: оның жомарттығында шек жоқ, ақ бидай да осы жерден өніп шығады. Төрт түлік малымыз, жылқы, қой, сиыр, түйе де туған жерден өсіп-өнеді, адамға қызмет етеді./89 сөз/
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1) Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

А) Туған жер біз үшін ыстық, қымбат.

В) Нан-Қазақстанның басты байлығы.

С) Қазақстан-барша адамның атамекені.

Д) Қазақстанда орманды жерлер сирек кездеседі.

Е)Қазақстан ең дамыған мемлекет

2) Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Құтты қоныс дегеніміз не?

В) Бидай қалай өсіп шығады?

С) Ағаштың қандай түрлері бар?

Д) Төрт түлік мал кімге қызмет етеді?

Е)Бурабай қандай көл?

3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз
А) Бидай, нан, төрт түлік

В) Туған жер, қоныс, сиыр

С) жылқы, сиыр, атамекен

Д) атамекен, жер-ана, ыстық

Е)отбасы,ұжым,досты

4. Мәтіндегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз

Жазық далалар да аз емес

А) тегіс

В) алыс

С) ұзақ

Д) жақын

Е)алыс

5. Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз

Туған жер неге ыстық?

А) Өйткені ол жерде ақ бидай өсіріледі.

В) Себебі сен және отбасың Қазақстанда тұрасыңдар.

С) Өйткені табиғаттың жомарттығында шек жоқ.

Д) Себебі ол-сенің, ата-анаңның, бабаларыңның мекені.

кілті
Шымбұлақ

Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған.

Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық. Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылды.

Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Сөйтіп, Шымбұлақ қараша – мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, туристер көп келетін, қалалықтар дем алатын тамаша орынға айналмақ./168 сөз/
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтінге сәйкес келмейтін мәліметті табыңдар.

А) Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған.

В) Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты.

С)Тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған

Д) Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынбаған

Е) Шымбұлақ туристер көп келетін, қалалықтар дем алатын тамаша орынға айналмақ.

2.Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіздер. Шымбұлақ ол не ?

А)тау-шаңғылық курорт В) спорт кешені С) шаңғы тебетін мекен

Д)шаңғы бойынша жарыс өткізетін орын Е)барлық жауаптар дұрыс

3.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

А) Шымбұлақ қараша – мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізілмейді

В) Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем .

С) Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылмаған

Д) . Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылмаған.

Е) Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған емес.

4.Сәйлемді мәтін мазмұнына сәйке толықтыр. Тау шаңғы трассаларының бойына ... ... орнатылған, аспалы жолдардың ... ... жаңартылған.

А)үйлер В)кемпингтер С) қар зеңбіректері ,болат арқандары

Д)автотрассалар, автопаркингтер Е) аспалы жолдар,автотрассалар

5.Асты сызылдған сөздің сөйлемдегі қызметін анықта.

Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған.

А)бастауышВ)пысықтауышС)баяндауышД)толықтауыш Е)анықтауыш
Қорқыт туралы аңыз

Қорқыттың ауылы Сырдарияның жағасында болыпты. Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай, ылғи ел кезіп, қобызымен күй тартады екен. Күйді құмарланып тартқан сайын, Қорқыттың өлім жайлы қайғысы жеңілденіп, жоғала беріпті. Бір күні түсінде Тәңірі аян беріп, Қорқытқа: - Сен өлімді аузыңа алмасаң, саған еш уақытта өлім жоқ, – деп айтыпты.

Бұдан кейін бірталай заман өтеді. Қорқыт өлімді аузына алмай, қобызын тартып, ел аралап жүре беріпті. Күндердің күнінде ел аралап жүріп, бір ауылда отырса, байлаулы тұрған өгізі далаға қашып барады екен. Өгізін қуып жүріп: "Мұны өлсем де, ұстамай қоймаспын" – депті. Осы сөзді ашу үстінде айтарын айтса да, қатты өкінеді. Өз сөзінен өзі шошиды. Түс көргеннен бері, міне, өлімді бірінші рет аузына алып отыр. Енді өлім тырнағына ілінгені ме? Жоқ, бұл жерден кету керек. Астына Желмая мініп, желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Барған жерінің бәрінде де өзіне қазылып жатқан көрді көреді. Қорқыт оларға: "Мұны кімге қазып жатырсыңдар?" – деп сұраса, "Қорқыт әулиеге", – деп жауап береді. Қайда барса да, алдынан Қорқыттың қазулы көрі шығады. Қазулы көрден, өзіне құрылған өлім торынан қайтсе құтылмақ? Дүние кезіп жүріп, өлім құрығынан құтылмасын білген соң, Қорқыт өзінің туған жері, сүйікті мекені – Сырдарияға қайтып келеді.

Қорқыт күйлеріне бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйиды. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, Қорқыт күйін тыңдапты. Сарыарқаның жан-жануарлары мен аңдары да Сырдарияның жағасына шұбырып келіп, Қорқыт күйіне құлақ құрышын қандырады. Сырдария ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты.

Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып қобызын күйлеп, "өлім мені қанша қуса да, мен оны бұл жерге келтірмеспін" деп қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты. Қорқыт осылайша күндіз-түні ұйқы көрмей қобызын тартып өліммен алысыпты. Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді. Қорқыттың ізіне түсіп аңдыған ажал осы кезде жылан күйінде жорғалап келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі./318сөз/
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Қорқыт өмір бойы немен күрескенін анықта

А)өліммен

В)өмірмен

С)қобызбен

Д)Желмаямен

Е)Сырдарьямен

2.Мәтінде кездескен «алысыпты» сөзіне синоним тап

А)арпаласыпты,күресіпті

В)төбелесіпті,күресіпті

С)шошыпты,қорқыпты

Д)баяндапты,айтыпты

Е)алыпты,салыпты

3.Қорқыт күйінің құдіретін көрсететін сөйлем:

А) Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті.

В) Қорқыт өлімді аузына алмай, қобызын тартып, ел аралап жүре беріпті.

С) Қорқыт күйлеріне бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйиды.

Д) Қорқыт осылайша күндіз-түні ұйқы көрмей қобызын тартып өліммен алысыпты.

Е) Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты.

4.Қорқыт неге Сырдария суының үстінде қобыз тартқандығын анықтаңыз

А) Қорқыт өзінің туған жері, сүйікті мекені – Сырдарияға қайтып келеді.

В) Құрғақ жерде тұрса, бір күні ажал келер деген қауіппен, бір қырмызы масаты кілемді алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті.

С) Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты.

Д) Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді.

Е) Қорқыттың ізіне түсіп аңдыған ажал осы кезде жылан күйінде жорғалап келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі.

5. "Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, ... тыңдапты". Көп нүктенің орнына тиісті жауабын белгілеңіз.

А)үздіксіз

В)қобызын

С)Қорқыт күйін

Д)түсіп

Е)қалқып

Петропавл

Петропавл Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, 1936 жылдан облыс орталығы. Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді.

Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. Оның ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтан ықпал етті. Ол Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті./130 сөз/

Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет