Баяндама: «Жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Дайындаған бастауыш сынып мұғалімі



бет2/6
Дата02.02.2022
өлшемі21,83 Mb.
#116871
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БАЯНДАМА НАҚТЫ

Технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
5. Өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.



6 слайд

Сабақ үстінде материялдарды әдіс-тәсілдер арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Өзім сабақтарда әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балаларға өз пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызамын . Ұтымды әдіс-тәсілдермен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын ойын дағдысын, оларды сөйлесуге үйретеді . Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау,оны жан – жақты тану,оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру менің негізгі міндетім.

Бүгінгі заман талабына сай, әлемдік білім кеңістігі деңгейінде сапалы білім беру үшін мектеп жасындағы баланың шығармашылық қабілеттерін арттыруды қамтамасыз ету қажет.

Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

7 слайд

Бастауыш сыныпта «Әдебиеттік оқу» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн — бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.


Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін мен өзім жетекшілік ететін  3 сыныбында сабақта дамытуда мынадай әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолданамын.


Олар мыналар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет