Баяндама Тақырыбы: Абайдың дүниетанымында Құдай мен адам болмысы Орындаған: Оразқанова Ардақты Амангельдықызы Қабылдаған: Садвакасова Жанар Аманғалиқызы Өскемен 023ж Жоспар Кіріспе Абай философиясы Негізгі бөлім Қара сөздер Қортынды



Дата12.05.2023
өлшемі21,04 Kb.
#176542
Байланысты:
2 баяндама


Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігі
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық Университеті

Факультет:Базалық инженерлік дайындық


Топ: 21-ТФК-1


Баяндама
Тақырыбы:Абайдың дүниетанымында Құдай мен адам болмысы
Орындаған:Оразқанова Ардақты Амангельдықызы
Қабылдаған:Садвакасова Жанар Аманғалиқызы
Өскемен 2023ж
Жоспар
1.Кіріспе
1.1 Абай философиясы
2. Негізгі бөлім
2.1 Қара сөздер
3.Қортынды
Кіріспе
Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. Абай ­ Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,— деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу.
Негізгі бөлім
Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді..
 Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты. Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.
Оныншы қара сөзінде Абай: «Ғылымсыз оқыған намаз,тұтқан руза,қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды.Ешбір қазақ көрмедімғмалды иттікпен тапса да,адамшылықпен жұмсаған.Бәрі де иттікпен табады,иттікпенен айырылады.Бейнет,күйігі,ызасы-сол үшеуінен басқа еш нәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады.Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді»,-деп мақтанады.Кедей болған соң,тағы ұайыршылыққа түседі, Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: «адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес асыл іс- Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)».
Бұл өлеңде Абай «адам болу» қағидасын үсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер – білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қажететеді.
Алла мен Адамға ортақ өзгеріс заңдылық жоқ па, неге Абай оны айтқысы келмейді? Алла ­ Абай ұғымында абсолют мәңгіліктің есімі. Онда өзгелер өзгеріске түсе беретіндер. Сөйтіп, біз өзгерістің абсолюттік және шарттылық қасиеттерін түсінуге тірелдік. Бұл қазіргі ғылымда және философияда бар. Оқулықтарда тек қана «өзгеріс» демей, «қозғалыс» деп жүрміз. Абайдың өзеріс туралы айтуы күнде өзгерген заманға жол бастар көсем керектігі. 
Қортынды
Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу.

Пайдаланылған әдебиет:


Абай «қара сөз», «көшпенділер баспасы» Алматы,2011

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет