Баяндама. Тақырыбы: Құндылықтарға бағытталған физикалық білім



бет1/4
Дата13.11.2022
өлшемі32,74 Kb.
#157940
  1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама2
10 сынып ҚМЖ 3-тоқсан 31.01.2022ж, elektr-syyymdylyғy-kondensatorlardyң-құrylysy-zhәne-tүrlerі, № 10 лекция (1), open lesson, sources of light, lesson study, 7-сынып,математика Юниор хатаммасы

Баяндама.
Тақырыбы: Құндылықтарға бағытталған физикалық білім


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз қажет. Қазіргі педагогтерге қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту.


Мақсаты
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің физикалық қасиеттерін танып-білу, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу болып табылады. «Физика» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты.


Оқушылардың Әлемдегі жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдау, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру «Физика» пәнінің мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес физика пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  • оқушылардың Әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы білімді алуына, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету;

  • оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексиялық мәдениетін дамытуға; физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;

  • оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

алынған дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуге қолдану
  Жаңартылған білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыруда қажет құндылықтар мен дағдылар анықталған. Осы құндылықтар мен дағдыларды физика пәнінен қысқа мерзімді жоспар жасауда пайдалануға болады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидаттың ерекшелігі, тақырыптарды меңгеруде білім алушы негізгі мәселені назардан тыс қалдырмай, қозғалған тақырыпқа қатысты білімін үздіксіз кеңейтіп, тереңіне үңіле білуіне ықпал ететіндігінде. Осылайша оқушылар нақты оқу мәселесіне қатысты білімін біртіндеп және үздіксіз кеңейту мүмкіндігіне ие болады. Деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отырады. Жаңа бағдарламаның негізі,оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектепте алған білімін өмірінде пайдалана білуі .
Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануына,сондай-ақ оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Жаңа инновациялық оқыту әдістері оқушы мен мұғалім тұлғаларының дамуын және олардың бірлескен шығармашылық өнімді іс - әрекетін қамтамасыз етеді. Физика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру ұстаз үшін өте маңызды. Өткізілетін сабақты көрнекілікпен қамтамасыз ету, физикалық тәжірибелер жасау, сабақтың ғылымилығын, мәселелік жағдаяттар туындату, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық тапсырмаларды пайдалану және анықтамалықтармен жұмыс жасау және тағы басқа белсенді оқу әдістерін қолдануға болады..


Баланың пікірімен санасу, оны сыйлау – нәтижеге бағытталған білім берудің негізгі кілті. Еркін топтарда бала өзін еркін сезінеді, онда мұғалімге тәуелдімін деген сезім болмайды. Мұғалім мен оқушының арасында ынтымақты іскерлік қарым – қатынас орнайды және оқушылардың өзінің тұлғалық маңыздылығын сезінуі, өзін көрсете білуі мен өзіне деген сенімділігі артады.
Физика саласы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет