Баяндама Тақырыбы: «Сотта істі қарау» Сотта іс қарау


Сот шешімінің түрлері мен мазмұны



бет2/2
Дата13.11.2023
өлшемі120,45 Kb.
#191375
1   2
Байланысты:
Сотта істі қарау
1 Девиантный Король - Рина Кент
Сот шешімінің түрлері мен мазмұны.
Судья iстi сотта қарауға әзiрлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргiзiлуге тиiстi
әрекеттердi көрсетеді. Апелляциялық сатыдағы сот iстi қарағаннан кейiн оны бiрiншi сатыдағы сотқа қайтарады. Істі мәні бойынша шешу кезінде сот кіріспе,дәлелді және қарарлы бөлімдерден тұратын қысқаша шешім шығарады. Қысқаша шешімнің дәлелді бөлімінде сот анықтаған істің
мән-жайлар туралы соттың тұжырымдарын растайтын дәлелдемелер,сондай-ақ сот басшылыққа алған заңдар айтылады. Сот шешім заңды күшіне енгенге дейін берген тараптардың жазбаша өтінімдері бойынща не болмаса өзінің ойлауынша кіріспе,сипаттама,дәлелді және қарарлы бөлімдерден тұрады.
Шешімнің мазмұны. шешімнің кіріспе бөлімі оның ҚР-ның атынан шығаылатынан
басталады. Шешімнің кіріспе бөлімінде:
1)оған қол қойған күнмен анықталатын шешімнің шығарылған уақыты;
2)шешім шығарылған орын;
3)шешім шығарған соттың нақты және толық атауы;
4)шешім қабылдаған сот құрамы,тегі,аты,әкесәнің аты;
5)сот отырысы хатшысының ,сот жасауылының тегі,аты,әкесінің аты;6)талап қою арызындағы
дау немесе арыздағы талаптар.
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесі.
Талап арыз іс жүргізуі бойынша азаматтық істерді қарау сотқа талапкердің де жауапкердің де қатысуын қарастырады. Алайда, тараптар әрдайым сот отырысына тікелей қатыса бермейді. Заң шығарушы осындай жағдайларда азаматтық істерді сырттай қарауға жол береді.
Сырттай іс жүргізу тараптардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыруға, жауапкердің өзінің іс жүргізу құқықтарын асыра пайдаланып, істі сөзбұйдаға салмауына ықпал етеді.
Сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау үшін мынадай бес негіз болуы қажет:
1. Жауапкердің сот отырысына келмеуі.
2. Жауапкердің сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар болуы. Бұл ретте, соттың жауапкерге тиісінше хабарланғанын растайтын құжаттардың іс
материалдарына тіркелгені туралы нанымды мәліметтері болуы керек.
3. Өзінің сот отырысына келе алмауының орынды себептері туралы жауапкердің хабарламауы.
4. Жауапкердің істі өзінің қатысуынсыз қарауы туралы өтінішінің болмауы.
5. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жауапкердің қарсылығының болмауы.
Іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатады; сырттай іс жүргізу тәртібімен талап арызға негізделген азаматтық істер ғана қаралуы мүмкін; ерекше талап арыз, ерекше іс жүргізу бойынша істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді.Егер талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот талқылауды кейінге қалдырып, жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы. Осындай мән-жайлар кезінде талапкердің пікірін сот анықтамайды.Егер жауапкер сот отырысына келсе, бірақ сот отырысынан ол аяқталғанға дейін өз еркімен кетіп қалса, онда сот істі талқылауды жалғастыра береді, ал осындай отырыста шығарылған шешім сырттай шығарылған деп есептелмейді. Іске бірнеше жауапкер қатысты болып, сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда ғана іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, ол шағымдауға және наразылық келтіруге жатпайды.
Сырттай шығарылған шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шығарылған шешімдердің деректемелері талап арыз іс жүргізуі бойынша шығарылған шешімдердің құрылымы мен мазмұнына ұқсас, алайда жекелеген ерекшеліктері ескерілуі тиіс:
1. Шешімнің кіріспе бөлігінде «Сырттай шешім» деп көрсетіледі.
2. Сипаттама бөлігінде сырттай шығарылған шешімнің негіздемесі баяндалады.
3. Сырттай шешімнің қорытынды бөлігінде жауапкердің шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс. Сырттай шешімнің көшірмесі табысталғаны туралы хабар ала отырып, оны шығарғаннан кейінгі үш күннен кешіктірілмей жіберіледі. Осындай мерзім ішінде және осындай тәртіпте сырттай шешім көшірмесі сот отырысында болмаған талапкерге жіберіледі.
4. Сырттай шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылуы және түпкілікті нысанда жасалуы тиіс.
Отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған, келмеуінің
белгілі себебі туралы хабарламаған және өзі болмаған кезде істі қарауды
сұрамаған жауапкердің сот отырысына келмеуі іс бойынша сырттай іс жүргізу үшін негіз болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса). Алматы,2005
2. ҚР-ң Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999, 13 шілде.
3. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2-х томах. – Алматы: КазГЮА, 2001.
4. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім. Ерекше бөлім. Оқу құралы/ Егембердиев, Е.О. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. – 102 б.
5. Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право РФ. М., 1996.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет