Баяндама тақырыбы


жылдық білім беруге көшудегі психологиялық қызмет мына  мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі



бет2/5
Дата09.06.2020
өлшемі26,83 Kb.
#72741
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 жылдық білім берудегі психол.қызмет

12 жылдық білім беруге көшудегі психологиялық қызмет мына  мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:

  • Баланың дамуына психологиялық жағдай жасап, жеке және интеллектуалдық дамуына әр жастың кезеңіне тән көмек көрсету арқылы, олардың өзін – өзі оқытуға, тәрбиелеуге, дамуына жағдай туғызып, қалыптастыру;

  • Оқушылардың жеке тұлғасын, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бақылау, бағыттау;

  • Оқушылардың психологиялық денсаулықтарын және сыныптағы оқушылардың әлеуметтік – психологиялық жағдайларын ескеру;

Алты жасар баланың психикасы ойын немесе оқу жағдайларында дамуына байланысты сапалық өзгерістерге ұшырап, әр түрлі кедергіден өтеді. Психологиялық мәлімет бойынша алты жасар балалар үлкендер мен құрбылары ортасында өз жағдайын сезіне білуге қабілетті.

Осыған байланысты 12 жылдық эксперименттік бірінші сыныпқа қабылданатын  5 – 6 жасқа дейінгі балалармен сауалнама арқылы зерттеу жүргізіледі.

    Бұл жұмыстың мақсаты – болашақ бірінші сынып оқушысының моделін негіздеу және танымдық қызығушылығы, білімге құмарлығы, қарым-қатынас мәдениеті, еңбексүйгіштігі, мінез-құлық мәдениетінің дамуы үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз ету.

Зерттеу қорытындысы төмендегі міндеттерді шешуге бағытталады:



  • 5-тен 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы даму жағдайы мен деңгейін анықтау;

  • Баланың даралығын сақтау, қолдау және дамыту үшін қажетті жағдайларды айқындау;

  • 12 жылдық бірінші эксперименттік сыныбында оқу іс-әрекеттерін жетілдіру жолдарын анықтау;

Психологиялық қызмет ата – аналар, басшылар, мұғалімдер, оқушылар деп аталатын төрт категорияны қамти отырып, оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.

«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К.Д. Ушинский көрегендігі педагогикалық іс – әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендігінің дәлелі. Оқушының қабілеттілік деңгейін, зеректігін, зейіннің қасиетін т.б. танымдық аймағын анықтау нәтижесінде психолог мұғалім қолына оқушының мүмкіндігі туралы құнды деректер береді: білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды; ұжымдағы өзара қарым- қатынас типтерін реттейді; топтағы психологиялық ахуалды байқап, бірқалыпты жағдайды ұстап отыруға жағдай туғызады;

Оқушылардың ақыл – ой деңгейінің дамуын жиі түрде және ертерек бақылауға алу қажеттілігі психологиялық практикада негізделген. Психологиялық қызметтің ең бірінші міндеті ақыл – ой деңгейінің даму диагностикасы болып табылады, бұл жағдайда оқушының ойлау қабілетінің дамуы жыл бойы бақылауда болады, белгілі бір интеллектуалдық даму функцияларына коррекция жасалады. Оқу тәрбие үрдісі негізінді баланың жеке басының дамуы зерттеледі. Осы бағыттағы психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі: баланың дамуына психологиялық жағдай жасап, жеке және интеллектуалдық дамуына әр жастың кезеңіне тән көмек көрсету арқылы, олардың өзін – өзі оқытуға, тәрбиелеуге, дамуына жағдай туғызып, қалыптастыру; оқушылардың жеке тұлғасын, интеллетуалды қабілеттерін дамыту, бақылау, бағыттау; оқушылардың психологиялық денсаулықтарын және әр сыныптағы оқушылардың әлеуметтік –

психологиялық жағдайларын ескеру; оқушылар, мұғалімдер және ата – аналармен жеке, топпен кеңестер өткізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет