Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Роман Подопригора: Бахаилардың күрделі проблемасы бар. Мен қысқаша 
түсіндіруге тырысайын. Құрылған кез келген діни бірлестік басқару құры-
лымына қатысты белгілі бір талаптарға бағынуы қажет. Олардың Жалпы 
жиналысы (General meeting), Атқарушы органы (Executive body), Бақылау 
органы (Control body) болуы керек. «Бахаи» ұйымы немесе басқасолуы ба, 
маңызды емес. Олардың құрамында 3 басқару органы болуы керек. Бірақ 
«Бахаи»: «бізде атқарушы орган жоқ, бізде тек Жалпы жиналыс бар, бұл – 
біздің дініміздің ерекшелігі. Бізде демократия, сондықтан да бізге пре-
зидент немесе атқарушы кеңес қажет емес», –дейді. Кейде ұйымға мүше-
лерінің біреуі жауапты болады, бірақ тұрақты негізде арнайы атқарушы 
орган құрылмайды. Қорытындылай келгенде, олар ымыраға келудің 
басқа да нұсқаларын іздеуге мәжбүр болды. Римдік католик шіркеуінде 
де осындай проблема болды, өйткені католик шіркеуінде олардың 
басқару жүйесінің қандай құрылымы бар екені айтылатын канондық 
кодекс бар. Оларға: «Сіз Қазақстанға келдіңіз және сіз Қазақстан заңна-
масының талаптарын орындауыңыз керек», – деп жауап берді. Олар өз 
кезегінде: «Кешіріңіз, біз Қазақстан пайда болғанға дейін бірнеше ғасыр 
бұрын өмір сүрдік. Бізде мұндай құрылым барлық жерде: Аргентинада, 
Венесуэлада, Жапонияда бар». Әділет департаменті «Жоқ, тіркеуден 
өткізбейміз», – деді. Бірақ, ақырында, католиктер бұл мәселені шешті, 
өйткені олардың Қазақстан Республикасымен келісімі бар (Конкордат). 
Осы Конкордатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы канондық құқыққа 
сәйкес құрылған заңды тұлғаларды тануға міндетті. Бірақ мұндай ерек-
шелік тек католиктер үшін ғана, барлық басқа діни ұйымдар мемлекет 
құрған басқару жүйесін сақтауға міндетті. Бізде заңды тұлғаның мәсе-
лелерін қарастыратын кодекс – Азаматтық кодекс бар. Ол Нидерланды 
Азаматтық кодексінен көптеген мысалдар алды. Нидерланды Азамат-
тық кодексіндегі көзделген діни бірлестіктер туралы айтсақ, мемлекет 


38
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
оның басқару құрылымының қандай екендігіне мүдделі болмауы керек 
дейді. Бұл «Church Autonomy» деп аталатын мәселе. Тек бізге құжаттарды 
беріңіз және осымен болды делінсе, бізде барлығының бірдей типтегі 
құрылымы болуы керек деген басқа жолмен жүрдік. Сондықтан, Бахаи-
дың да проблемалары бар.
Томас Хельм: Бұл сұхбат өте қызықты болды. Әрине, біз олармен өте қысқа 
сөйлестік, өйткені менің әрі қарай егжей- тегжейлі мәлімет алуға мүмкіндігім 
болмады. Сізбен осы тақырыпта сөйлесіп отырғанымызды ескере отырып, 
мен бұл әңгімені басқа да сұхбат берушілерден сұрауға тырысып көремін. 
Өткен жылы бізде Харе Кришнаның шәкірті тағылымдамадан өтті және 
ол Астанада ғибадатханаға баратынын айтты. Демек, ол жерде ғибадат-
хана бар. Бұның бәрі біз үшін біршама таңғаларлық жайт болды. Олардың 
құлшылық жасауына мүмкіндік беріледі, бірақ ол құпия немесе ашық па – 
мен үшін беймәлім. Ол Ақтөбеден және, айтуынша, олардың Ақтөбеде 
ғибадатханалары бар және Астанада да бір жерде ғибадатхана бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет