Базальды қабат



бет3/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413
1лабБД (1), БП теплица (2), АБ дерматовенерология 4 курс ЖМ, І нұсқа алгебра
Меркель жасушалары эпидермистің базальды және тікенекті орналасқан, сезінуге арналған. Оның цитоплазмасының, құрамында нейропептид, соның ішінде эндорфиндер болатын, нейроэндокринді түйіршіктері бар. Десмосомалар Меркель жасушаларымен кератиноциттерді байланыстырады, ал кейбіреулері синапс арқылы нерв талшықтарымен байланысады.
Лангерганс жасушалары –дендритикалық, моноцитарлық табиғатты; шынында бұлар, базальды және тікенекті қабаттың төменгі қатарында орналасатын, тіндік макрофагтар. Цитоплазмасында теннис ракеткасы тәрізідес құрылым – Бирбек түйіршегі – кездеседі. Оларда кератиноциттердің пролиферациясын басатын эпидермальды кейлон жиналады. Лангерганс жасушалары өзара және көптеген бұтақты өсінділері бар кератиноциттермен қосылады.
Лангерганс жасушаларының ерекшеліктері – олардың дерма мен лимфатикалық түйіндерге қоныс аударып, Т-хелперлармен антигендердің прессингінін (басуын) және презентациясын (көрсетуін) іске асырады. Бұдан басқа интерлейкин (ИЛ) 1, 4, интерферон (ИФН), ісік некрозы факторын (ФНО–ІНФ) және т.б. түзеді. Олар барлық эпидермоциттердің 4%-на дейін құрайды.
Гренстейн жасушалары да дентритикалықтарға жатады. Лангерганс жасушаларынан айырмашылығы – Бирбек түйіршіктері, кейбір мембраналық антигендер (атап айтқанда HLA-DR), сонымен қатар антигенді еске түсіретін, иммунологиялық молекулаларды экспресстейтін тимоциттер маркерлері, болмайды
Эпидермис дермадан базальды мембранаарқылы бөлінген. Оның құрылымы күрделі: базальды клеткалардың клеткалық қабықтары, филамент пен жартылай десмосомадан базальды мембрана, сондай-ақ дерманың құрам бөлігіне кіретін аргиофильді талшықтардың субэпителиальды өрімі. 
Базальды мембрананың қалыңдығы 40-50 нм, шеттері анық емес, дермаға еніп жатқан эпидермальды керілу рельефін қайталайды. Базальды мембрананың физиологиялық қызметі негізінен барьерлік, иммунды кешендер, антиген, аутоантидене және басқа да биологиялық белсенді медиаторлардың енуіне кедергі келтіреді. Сондай-ақ базальды мембрана эпидермис пен дерма арасындағы алмасу процесіне де белсене қатынасады.
Дерма, немесе нағыз тері (cutis propria), клеткалық элементтер, талшықты субстанция, аралық заттан тұрады. Дерма қалыңдығы 0,49-дан 4,75-ке дейін ауытқып отырады. Терінің дәнекер тінді бөлігі (corium) айқын шектелмеген 2 қабаттан тұрады: эпителийдің астындағысы – емізікті (strаtum рapillarе) және торлы (stratum reticulare) қабаттан тұрады. Дерманың жоғарғы қабаты тікенекті клеткалардың эпителийіне кіріп тұратын емізікшелер түзеді. Ол аморфты, тұлғасыз зат пен коллаген және эластикалық талшықтар сияқты дәнекер ұлпаның нәзік талшықтарынан тұрады. Олардың арасында көптеген клеткалық элементтер, тамырлар, нерв ұштары орналасқан. Дерманың клеткалық элементтерін фибробласттар, фиброциттер, гистиоциттер, мес, кезбе клеткалар мен ерекше пигмент клеткалары – меланофагтар құрайды. Фибробласт беткейінде рецепторлық белоктар мен гликолипидтер, ал нуклеоплазмада – интерхроматинді құрамында РНК-сы бар гранулалар бар. Дерманың емізікшелерінде эпидермис, дерма мен нерв ұштарын қанмен қамтамасыз ететін тамырлар орналасады.
Дерманың торлы қабаты едәуір қолайлы және дөрекі талшықты, дерманың негізгі бөлігін алып жатыр. Дерма стромасы емізікті қабаттағы сияқты, бірақ аз көлемде арасында клеткалық элементтері бар коллаген талшықтар будасынан құралады. Терінің беріктігі негізінен торлы қабаттың құрылымына байланысты: бұл қабат терінің әр жерінде әр-түрлі қалыңдықта дамыған.
Емізікше және торлы қабаттардың шекарасы деп беткейлі, горизонтальды орналасатын, тор құратын қан тамырларын есептейді: беткей және терең. Тереңі дермамен тері асты шел майының шекарасында орналасады.
2.Стафилококкты сикоз.  (екі кітаптан алынған)
Стафилококкты сикоз (тұрпайы) созылмалы қайталамалы пиодермит болып табылады, тек ер адамда кездеседі (17-сурет).
Остиофолликулит пен фолликулит түрінде мұрт, сақал өсетін жерде, сирек мұрынның ішкі жағында, қабақ аймағында, қолтық астында ​басталып, ​процесс ​жайылады. ​Бірен-саран остиофолликулиттің өзі терінің 
көптеген аймағын қамтуы мүмкін. Остиофолликулиттің айналасында қабыну инфильтраты дамып, соның нәтижесінде зақымдалған аймақ тығыздалып, көкшіл-қызыл түске енеді, кейде ауырсынумен жүреді. Шеттерінен жаңа шаш қапшықтары зақымданады да, 
​ошақ үлкейе береді, көптеген
​ 17-сурет. Стафилококкты сикоз. остиофолликулиттер ​бірігіп, 
біртұтас пустула конгломератын түзеді. Іріңдіктер жарылып, бетінде шашпен жабысатын лайлы-сары түсті қабық түзіледі. Егер зақымдалу ошағындағы шашты алып тастасақ, оның түбіндегі желатин тәрізді муфтаны көреміз; бұл ірің сіңірілген шаштың эпителиальды қынабы. 
Әдетте сикоз бірде өршіп, бірде басылып ұзақ уақытқа созылады. Бұл науқастың психикасын тежейді, әсіресе бетте орналасқан болса. Ауру бір жағдайларда субъективті өзгерістерсіз, бір жағдайларда қыздыру, жеңіл қышыну немесе түйреу сезімімен жүреді. Жедел ағымды инфильтративті іріңдеген трихофитиядан (“паразитарлы сикоз”), өздігінен емделуге бейім тығыз және аса терең түйіндерден, ошақ шеттеріндегі шаштағы саңырауқұлақ элементтерінен (эктотрикс тобынан) ажырату керек. Егер сикоздың экзематизациясы болса, клиникалық көрінісі (гиперемияның негізгі ошақтан тысқары таралуы, экссудативті папулалардың пайда болуы) іріңдеумен асқынған экземаны еске түсіреді. Мұндай жағдайларды диагностикалағанда остиофолликулитте экземаға тән шынайы полиморфизмнің болмауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет