Белгісіздік артиклі
The Indefinite article
Егер зат есім дауыссыз дыбыстан басталса, онда а артиклі, ал дауыстыдан басталса, онда an артиклі қолданылады: a cat, an apple.
a/ an қолданылады:
1. a/an деген one – бір деген сан есімнен шыққан, сондықтан ол кейде 1 деген мағынада: I want a ticket – Маған бір билет керек;
2. Егер зат есім дараланбай, жинақталған, топталған зат есімді көрсетсе: A cat is a domestic animal. – Мысық – үй хайуанаты. (Яғни, бұл біз білетін біздің үйдегі мысық емес, жалпы мысықтар тобы туралы айтып тұр);
3. Егер айтылатын зат есім туралы сіздің толық мағлұматыңыз болмаса: A student is looking for you. (A артиклі студентті бізге белгісіз, әйтеуір бір студент екенін көрсетіп тұр);
4. Жекеше түрде ‘’to be’’, ‘’to have’’ көмекші етістіктерінен кейін: He is a famous surgeon. I have a sister.
5. ‘’There is’’ конструкциясынан кейін: There is a table in the room.
6. Мәтінде бірінші рет айтылса: I see a dog. The dog is hungry.
7. Абстрактілі зат есім + анықтауыш боп келсе: a quiet life.
8. Саналмайтын зат есімдердің анықталмаған үлесінде: a cup of tea.
9. Зат есімдер such, quite, rather сөздерімен келсе: He is such a young boy.
10. So, as, too, now сөздерімен сын есімдерден кейін: too important a question
11. A few, a little, a lot of тіркестерімен: a lot of books.
Белгілілік артиклі
The Definite article
the қолданылады:
1. Бастапқы контекстен анық, қай зат (құбылыс) немесе заттар (құбылыстар) жайында айтылғанда: This is a pencil. The pencil is red;
2. Реттік сан есімнің алдында: the first man;
3. Сын есімнің күшейтпелі шырайында: the shortest way;
4. Following, last, next, same сын есімдерінің алдында: the following sentences, the same mistake;
5. Зат есімнен кейін анықтауыш келсе: This is the house where I was born;
6. Табиғаттың жалғыз түрдегі құбылыстарының аттарымен: The Moon, The Sun;
7. Барлық жанұяны білдіретін фамилияның алдында: The Browns;
8. Әлемнің 4 жағымен: The South, The North, The East, The West;
9. Тау, мұхит, теңіз, шөл, топтаса орналасқан көлдердің жағрафиялық аттарымен: the Urals, the Volga, the Pacific Ocean, the Black Sea, the Ands Mountain. Mount Vesuvius, lake Baikal, lake Ohio.
10. Саналмайтын зат есімдердің анықталған үлесінде: Give me the glass of milk.
11. Газет, журнал, пароход, қонақ үйлердің аттарымен: I read the ‘Nature”.
12. One of the, some of the, many of the, most of the, all the, both the…тіркестерімен.
13. Этностармен: the Indians.
14. Административті терминдермен мемлекет аттарымен: The USA, the United Kingdom.
15. Мекен пысықтауыштарымен: in the street.
16. Соғыс аттарымен: the Civil War.
17. Құжаттардың аттарымен: the Constitution.
18. Зат есім рөліндегі сын есімдермен: the old.
19. Белгілі заттардың көпше түрлерімен: Send me the books.
Артикльдер қолданылмайды:
1. Жалқы есімдермен: My name is Askar.
2. Mr., Mrs., Miss, Sir, Madam, uncle, aunt, dad, mum
3. Тәуелдік және сілтеу есімдіктерімен: my pen, this pen.
4. Материк, қала, ел аттарымен: I live in Karaganda.
5. Саналмайтын зат есімдермен: I like fresh air.
6. Есептік сан есімдердің алдында: Open text ten.
7. Ғылым, оқу пәндері, ауру аттарымен: I like History.
8. Бірдей құбылыстағы заттар топтарымен: Send me books.
Бекіту жаттығулары
Достарыңызбен бөлісу: |