Ббк 1. Англ я у 57 рецензенттер



бет4/94
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#91416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
!10-ОШ ТЖБ Информатика 7-сын қаз Обновлен, 1 Информатика 6 сынып Компьютерлік ойындарды әзірлеу Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу Сабақ жоспары, 00043618-d8ad8d67, с одаренными 2, с одаренными 2, терінің маңызы мен құрылысы. (3), форма оценки, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, өзін-өзі тану, 1 Информатика 6 класс Как работает компьютер Поурочный план, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, 9 сынып тарбие са5аты
Зат есімнің көпше түрі
Plural of Nouns
Ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрі - s (es) көптік жалғаулары арқылы жасалады. Ол дауысты және ұяң дауыссыз дыбыстан кейін [z], ал қатаң дауыссыз дыбыстан кейін [s] болып оқылады.
Мысалы: beds [z], maps [s].
Жекеше түрінде -s, -ss, –ch, -sh, -x, -ce, -se, o әріптермен аяқталған зат есімдерге көпше түрде -es жалғауы жалғанып, [iz] болып оқылады.
Мысалы: a glass - glasses, a bush – bushes, а hero – heroes [hirouz].
Зат есім –fe ,-f әріптеріне аяқталса, көпше түрінде –f әрпі –v әрпінe өзгеріп, –es жалғауы жалғанады.
Мысалы: a knife – knives, a shelf- shelves.
Ережеден тыс ерекше түрі: chief – chiefs, roof - roofs , safe – safes, a piano - pianos, a photo - photos, a solo - solos.
Егер зат есім -у әрпімен аяқталып, оның алдындағы әріп дауысты болса, оған -s көптік жалғауы жалғанады.
Мысалы: а key – keys, a toy – toys.
Ал егерде -у әріпінің алдындағы әріп дауыссыз болса, онда -у әрпінің орнына –i қойылып, - es жалғауы жалғанады.
Мысалы: а factory – factories.
Күрделі сөздердің көпше түpi былай жасалады: a father–in-law – fathers–in–law, a girl friend – girl friends, a manservant – menservants.
Ағылшын тілінде жекеше және көпше түрлері бірдей сөздер бар: a fish – fish, a sheep –sheep, a deer – deer, a salmon – salmon, a swine – swine, a species –species, a trout –trout, a series –series.
Кейбір зат есімдердің көпше түрі сөз түбіріндегі дауысты әріптердің өзгеруі және –en жалғауы арқылы жасалады:
Singular Plural
жекеше түрі көпше түрі
a man men
a woman women
a tooth teeth
a goose geese
a mouse mice
a louse lice
a child children
an ox oxen
a foot feet
Кейбір сөздер тек жекеше түрде қолданылады: money - ақша, sugar - қант, milk - сүт, weather – ауа-райы, news – жаналық, peace - әлем. Санауға болмайтын және абстрактылы зат есімдер: air- ауа, bread – нан, love - махаббат (cheese, hope, soap, snow, iron, wood, noise, hair, т.б.).
Мына сөздер тек көпше түрде қолданылады: spectacles – көзілдірік, trousers – шалбар, scissors - қайшы, chothes – киім, savings – жиналған ақша (goods, tights, surroundings, thanks, arms, т.б.).


Бекіту жаттығулары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет