Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі



бет2/3
Дата21.07.2017
өлшемі4,13 Mb.
#21758
1   2   3

БІЗДІҢ БӘКЕҢ

Қашан болмасын, өзің жақсы көретін адам туралы жазу қиын, ал ол оның үстіне қаламгер болса, қиынның қиыны, әне, сол.

Ойламаған жерден «Ар-Ай» газетінің редакциясынан шұғыл тапсырма алғандағы менің көңіл-күйімді сұрамасаңыз да болады, тегі. Мен аяқ астынан жазушы, драматург, журналист Бақытяр Әбілдаұлының алғашқы қыры - жазушылығы туралы пікір жазып беруім керек екен.

Есіме бірден өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының екінші жартысында КСРО жазушыларының «Пицунда» шығармашылық үйінде демалғаным түсті. Қазақстаннан отбасымызбен үш жазушы - Сейдахмет Бердіқұлов, Әбіш Кекілбаев және мен барыппыз. Марқұм - Сейдағаң - спорттың адамы, мен талай жердің суында жүзген малтығышпын. Екеуміз әй, бір емін-еркін шомылдық-ау Қара теңізге. Әбіш болса, теңіз жағасындағы көлеңкеде Л.Н.Толстойды оқыды да жатты. Содан көп ұзамай «Социалистік Қазақстанның» бірнеше бетіне Әбіштің Толстой жөніндегі көлемді мақаласы жарияланды. Оқып шығып, Қара теңізден көрген рахаттан әлдеқайда артық әсерге беліндім.

Әрине, Әбілдаұлы Толстой мен Әбіш емеспіз.



Дегенде, Жазушы жөнінде бірдеңе жазу үшін Әбіш құсап оны әбден зерделеп оқуың керек. Сөйтейін десем, уақыт жоқ, жазбайын десем, қиылып сұраған журналист баланың көңілін қимадым, келісімімді бердім. Әлбетте, көңілге медеу қыларлық жайттар аз емес еді.

Мен Бәкеңді танығалы, қаламгер ретінде бірлегі қырықжылдан асты. Осы жылдар ішінде бір-біріміздің қаламымыздан туындаған дүниелерді қалт жіберіп көрген емеспіз.

Бәкең әдебиетке журналистиканың қызық-шыжығын өте көп, тым мол көріп келді. Алпысыншы жылдардың соңында «Еңбек туына» (қазіргі «Ақ жол») топтала қалған жас жазушылар жапа-тармағай әңгіме, хикаят жазып жүргенде Бәкең сол кездің ең ұшқыр журналисі ретінде машинисткалардың жанына отырып алып, әдеп газет нөміріне баратын материалдарды қойша тоғытар еді. Бір көрініп қойғысы келді ме, бірде газетке «Жұмаш үйінің түтіні» атты әңгімесін жариялады.

Соғыстан оралмай қалған ұлының түтінін өшіргісі келмей, ескі жұртта қалып қойған кейуананың адам аярлық халін соншама шыншыл, жан тебірентерлік етіп баяндаған бұл әңгіме оның авторының келешегі кемел екенін бірден байқатқан. Енді Бәкеңді іш тартып, жақсы керіп кеттім, мұның үстіне ағайындығымыз барболып шықты. Содан бері біз өмірде де, журналистикада да, жазушылықта да қатарласып келеміз.

Бәкең «Жұмаш үйінің түтінінен» кейін «Айша бибі» хикаятын жазды. Бұл «ұйықтап жатқан көңілді оятқан» шығарма болды. Қазақ оқырмандары ғана емес, қазақ қаламгерлері де дүр сілкінді. Айша бибі туралы аңыздың ұзын сұлбасын ғана тыңдап, біліп ескен жұртжаппай Б.Әбілдаұлының ізімен өлең, поэма, прозалық, драмалық шығармалар жаза бастады. Кейбіреулер тіптен Айша бибінің авторын ұмытып, шектен шығып бара жатты. Осы тұста Бәкеңе Айша бибі жайлы трагедия жазуға кеңес бергенім бар. Бәкең Айша бибі кешкен заманның тамырын дәп басқан тамаша туынды әкелді өмірге. Трагедия еліміздің бірнеше театрларында қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бақытяр Әбілдаұлының көп қалам тербеген тақырыбы - тарихи роман. Қаршадайынан хатқа жүйрік әкесі мен көкірегіне көп нәрсе тоқыған шешесінің тәлім-тәрбиесіне қанығып өскен зерек бала ел, жер туралы әңгімелерді көп білетін. Мұның үстіне ол -оқу-білімнің ұшпағына шыққан адам. Бұл жерде біз оның мектепті медальмен, университетті қызыл дипломмен бітіргенін айтсақ, артықтық етпес дейміз. Оқу бар да көңілге тоқу бар. Біз білетін Бәкең осының екуіне де аса бейім.

Еліміз тәуелсіздік алып, халқымыз тілімізге, ділімізге, дінімізге мықтап оралудың жаппай белең алғаны мәлім. Біздіңше, қазақ әдебиетінде бұл тақырыпқа ең өндірте жазған жазушы - Бақытяр Әбілдаұлы. Бұл жөнінде Қазақстан жазушыларының XII құрылтайында атап көрсетілді де. Ел тарихына қанық Бәкең хал қымыздың бостандығы жолында жаумен жан аямай жағаласқан Жауғаш, Сыпатай, Байзақ, Саңырақ, Наурызбай батырлар, аяулы айтыскер қыз Ұлбике жайлы романдар топтамасын жазды.

Затында, Бәкең - өте тез жазатын қаламгер. Күніне газеттің бір бетін машинкаға айтып тастауды бұйым құрлы көрмейтін ол роман жазуда да сол жүрісінен жаңылған жоқ. Ең бастысы - романдарының бәрі әр кезде халқына қалқан болған батырларымызды ұлықтаудың үлгісіндей болып шықты.

Өне бойы іс-қимыл үстінде жүретін жазушы ағам Бақытяр Әбілдаұлы бүгін де үлкен тірліктің үстінде, өз атасы Қойгелді батыр туралы роман жазу қамымен жүр.

Менің түсінігімше, Бәкең бұл романға барын салатын іспетті. Батыр бабамыз Қойгелдінің кесек тұлғасының келісті болып шығатыны еш күмән туғызбайды.

Бақытяр Әбілдаұлы - әдебиеттің теориясына да, тарихына да өте жетік қаламгер. Осы облыста тұратын қалам ұстаған үлкен-кішіміздің, бәріміздің дерлік шығармаларымызды білгір саралаған мақалаларын жариялаудан жаңылған емес.

Ал, енді оның коммунистік режим тұсында, өзі университет студенті бола жүріп, әдебиеттегі социалистік реализм әдісін жоққа шығаруы адам таңқаларлық оқиға. Мұндайды қалт жібермейтін үш әріп қызметкерлерінің кәріне ұшырай жаздаған албырт жастың айтқаны айнымай келгеннің куәсі болып отыр емеспіз бе, қазір. Ал, Бәкеңнің әдебиетке кештеу келуінің де төркіні, міне, осында Ол өзі мансүқтаған социалистік реализм әдісімен жаза алмаған Еліміз егемендікке ие болған соң тынысы ашылған жазушы жемістіктің үлгісін көрсетіп отыр. Сөзі алымды, қаламы қарымды жазушының бүл шабысынан жаңылмайтыны айдан анық.

Құдайым сізге қуат бергей, аға!

ӨНЕРІҢ ӨРГЕ ЖҮЗСІН, СӘКЕ!

Сазгер-әнші Серік Әбдікерімүлы Әденов екеуміз бір ауылда естік. Серік маған көп ересек болып көрінуші еді, сөйтсем үш-ақ жас үлкен екен. Ол Жамбыл облысының Шу ауданындағы Жамбыл ауылында 1936 жылғы қыркүйектің 24-інде туған.

Балаң кезімізді еске алсам, көзіме сахнада баян құшақтап тұрған Серік елестейді. Серік баянды құйқылжыта тартар еді. Әзін де, өзгені де сүйемелдеп саз төгетін. Ауылдың кішкентай клубы үлкен театрға бергісіз еді бізге. Клуб меңгерушісі болған Серік осында керкеменерпаздар үйірмесіне жетекшілік етті. Ауылдың драма үйірмесі облыста алғашқылардың бірі болып халық театры атағына ие болды.

Жасынан домбырашы әкесінің ықпалымен ән-күйге жақын болған Серіктің арманы сазгер болу еді. Оның алғашқы туындысы - «Сәулешім» әні. «Сәулешім» - Серік шығармашылығының шыңы десем, артық айтқандық емес. Бүл ән кең байтақ республикамызға кеңінен тарады, оны қазақ әншілері тамылжыта орындады. Оның Роза Бағланованың репертуарына енгеніңің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Кірпияз жезтаңдай әнші айтатын әнін таңдай білген.

Әмірдің қайнаған ортасында жүрген Серік әндерінің тақырып ауқымы өте кең. Туған жерді, еңбеккер елді әнге қосады, өмірдің өзін өрнектейді сазгер.

«Біздің ауыл осындай» әнінің шығу тарихы тіпті қызық, - дейді Секең. -1968 жылы жазда үйге бір топ ақын-жазушы келді. Аман-тай Байтанаев, Оспанхан Әубәкіров, Бек Тоғысбаев, ӨтегенКүмісбаев дастархан басында көңілді отырды. Бір кезде ұжымшар төрағасы Қожамберді Омаров: «Іштеріңде ақындар бар екен. Біреуіңіз Серікпен бірге күйсандыққа жақындаңыздар, Серіктабан астында ән шығарады, сөзі сіздерден болсын», - деді. Біз Өтеген Күмісбаев екеуміз күйсандыққа таядық. Сөйтіп өмірге жаңа ән келді.

Серік Әденов - облыстық, республикалық фестиваль-байқаулардың жүлдегері, мәдениет, оқу министрліктерінің грамоталарымен марапатталған өнерші.

Сазгердің шабыты қазір де шау тартқан жоқ, жаңа ән, күй жазып жүр.

Өнерің өрге жүзе берсін, Секе!

ӘБЕКЕҢ-БІРӘЛЕМ

Мәдениетті қолдау жылы мәдениет қызметкерлеріне берілген награда иелерінің көшбасында Әбекең, Әбдімомын Желдібаев тұрды.

Өте дұрыс еді.

Елбасы жарлыққа қол қойғанға дейін марапатқа ұсыну деп аталатын үлкен марафон жатады.

Алдымен кандидатураны облыс басшылары іріктеп ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда облыс басшылығы, дәлірек айтар болсақ, облыстың сол кездегі әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов әділдіктің ақ туын аспандатты.

Енді кандидатура түрлі сүзгіден өтеді. Меніңше, Әбекең кандидатурасының ең қатал деген сарапшының талғамынан шығатыны айдан анық. Әбекең қандай наградаға ұсынса, соған лайық. Әбдімомын Желдібаевты білмейтін қазақ жоқ, егер болса, ол қазақ емес.

Әбдімомын Желдібаевты бүкіл қазақ «Әбеке» дейді.

Оның баланың болмысынан-ақ келешекте қазақ халқының «Әбекесі» болары білініп түратын.

Бүгінде Әбекең туралы жазу қиын.

Әбекең ән-күй жазуға алғаш да қойған кезде мен «Тұла бойы түнған күй» атты очерк жазғанмын, оңай жазғанмын. Әбекең ол кезде «көз көріп, қолға ұстайтын жерде» еді, қазір ол - үлкен әлем.

Қазақ баспасөзінде Әбдімомын Желдібаев туралы жазғандар аз болған жоқ. Бәрінің тамсанатыны - «Ерке сылқым». Сөз бар ма, «Ерке сылқым» - жұлдызды шығарма. «Ерке сылқым» Әбдімомын Желдібаев есімін бүкіл елімізге, түрік әлеміне мәшһүр етті ғой. Түркияға барғандар айтып келіп жүр, онда да біздегі сияқты қолына домбыра ұстаған кәрі-жас «Ерке сылқымды» тартады екен. Бұл күй - адамзат игілігіне айналар шығарма. Қазақ топырағында Әбдімомынның тұсында «Ерке сылқымға» пара-пар күй туды ма екен, қайдам? Бұл сөзім, әлбетте, даулы, ал, мәселе күйдің халық арасына кең тарауына келіп тірелгенде, «Ерке сылқым» алдына күй салмайды. «Ерке сылқымның» республикамыздың бас өнер ұжымы - Құрманғазы атындағы ұлттық оркестрімізден бастап қанша оркестрде, ансамбльдерде, жеке күйшілердің орындауында күмбірлейтінін санап шығуға бір музыка зерттеушісі керек болар.

Әбекең бұл күйді тартқанда талай рет: «Саусағыңнан айналайын», - деп едім. «Ерке сылқым» - сезімнің күйі.

Әбекең - «сұлулардың ауылына көп жантайған» жігіт. Әсем күй әдемі қызға арналған. Адамзат сезімінің шыңы - махаббат. Бұл күйде ер жігітті тәнті еткен сұлудың ерке қылығы, ер жігіттің сылқымға үзіле ынтығуы бар. Сезім қылының ең жіңішке ішегін басатын күй өте нәзік, өте күрделі. Бұл күйді дәулескер күйшілер болмаса, тарта алмайды.

Шын шығармашы адамның тамсантарлық туындысы аз болмайды, бірақ соның біреуі ғана оны даңққа бөлейді, атын шығарады... «Ерке сылқым» - сондай күй.

Әбекең шығармашылығын өзінен кейін жақсы білетін адам, сірә, мен шығармын. Оның кейбір күйлері меніңше, «Ерке сылқымнан» артық та болуы мүмкін, бірақ «Ерке сылқым» - Әбдімомын Желдібаевтың төлқұжаты. Мен бұл жайды Әбекеңе айтып та көргенмін, ол мұндайда үндемегенді қалайды. Әр шығарма –автордың төл перзенті. Өз перзентін талқыға салғанды кім жақсы көрсін.

Әбекең әлеміне бойлау - өте қиын.

Әбдімомын - домбыраны тым ерте өңгерген бала.

Әбекең екеуміз - бір ауылдың төліміз. Мен қазір Әбекеңді дом-бырасыз елестете алмаймын. Ол ауылдағы үлкенді-кішілі жиын-тойдың бәрінде домбыра тартар еді. Балалардың бәрінен сүйкімді болып көрінетін.

Әбдімомын Желдібаев Жамбыл мәдени-ағарту училищееінде, консерваторияда оқыған жылдары да домбырашы болды. Республикаға шебер орындаушы ретінде танылды.

- Көресің, әлі-ақ жұрт тамсанатын күйлер шығарамын, - дейтін сонда Әбекең.

Бірде мен: Енді қашан? - деп асықтырдым.

  • Мен халық композиторларынан әлі үйреніп біткенім жоқ. Алдымен соларды насихаттауға қызмет ету керек, - деді Әбекең.

-Жөн,-дедім.

Оқу, еңбек дейтін жолда Әбекең ауылға, Новотроицкіге, мен қалаға, Жамбылға тұрақтадық.

Мен Шуға барған сайын, Әбекең Жамбылға келсе, бір-бірімізді іздеп табамыз.

Сондай бір ұшырасуда Әбекең қоңыр домбырасын қолға алып, мен естімеген керемет бір зарлы күй тартты. Шертпе күй екен, домбыра сөйлеп кетті. Қандай да бір адам аһ ұрып ащы зарын айтты.

  • Бұл не? - деді Әбекең.

  • Күй. Қандай қайғылы еді!

  • Әлеке, дұрыс таптың. Сен түсінесің ғой. Бұл - өзің білетін Ыдырыс жәкемнің зары. Осы жақында Жаңа жылды бірге қарсы алайын деп Ыдырыс жәкемнің үйіне бардым. Ыдырыс жәкем -менің әкемнің досы, екеуі түйдей құрдас. Білесің ғой, ол кісінің перзенті жоқ.

  • Білемін.

- Ыдырыс жәкем Ұлы Отан соғысынан оралған соң жесір жеңгесіне үйленген. Екеуі перзент көрмеді. Қарияның көңілін көтерейін деп домбырамды ала барғанмын. Әй, бір күйді аямай төктім-ау. Байқаймын, шал қатты толқыды.

Қайтатын кез келді. Желдібай өлмеген екен, деген сөзді Ыдырыс жәкем есіктің көзінде тұрып зорға айтты. Енді болмаса кемсеңдеп кететін түрі бар.

Үйге келген соң дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Баласыз, бақытсыз шалдың сөзі көкейімнен кетпей қойды. Болмаған соң, түн ортасынан орнымнан тұрып, домбырамды қолға алдым. Ыдырыс жәкемнің өмірі күй болып төгілді.

Алдымен «Ыдырыстың шертпегі», кейін «Ыдырыс» аталған бұл күй - кешегі ерді жерден, белден айырған сұм соғысқа айтылған лағнет. Бұл - поэзиядағы Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қызына» пара-пар шығарма. Соғыс жайлы көркемсөзде «Дариға, сол қыз» өлеңі тұтас бір поэма, роман жүгін көтеріп тұрмай ма, «Ыдырыс» күйі тұтас бір симфонияға татиды.

1984 жылғы қарашаның 11-інде Әбекеңнің жақсы көретін інісі Қарауылбек Қазиев қайтыс болды. Боздақ дейтін жаста кетті. Қарауылбек Қазиев - оқырмандарды дәмді шығармаларымен тамсандырған жазушы еді. Ақынжанды, лирик жазушы болатын. Жаны да жайсаңтын. Осыдан біраз уақыт өткенде қазіргі «Баласағұн» мәдениет орталығында Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық есебі болды. Сол жолы Әбекең «Бозжігіт» күйін тартты. Күйді бастамас бұрын былай деді:

- Бұл - өмірден ерте озған, талантты жазушы інім Қарауылбек Қазиевке арналған күй. Қарауылбек республикалық байқауда бас бәйгеге ие болған «Иманжапырақ» повесіне «Бозжігіт» деген
бүркеншік ат қойған екен. Мен де күйімді «Бозжігіт» деп тартамын.


Домбыра боздады. Боздақ кеткен аяулы азаматты аһ ұрып жоктады күй.

Жұрт сілтідей тынды. Залда Қарауылбекті де, Әбдімомынды да білетіндер көп еді, әсіресе, солар қатты тебіренді.

Мен де толқыдым.

Шығармашылық кеш соңында үш-төрт адам сахнаға шығып Әбекеңді құттықтайды.

Мән де микрофонды қолыма алдым.

- Қарауылбек екеуміз домбыраның қос ішегі едік. Қарауылбек өліп, бір ішек үзіліп еді. Әбеке, сіз үзілген ішекті қайта жалғапсыз - деп Әбекеңді құшактап сүйдім.

Көз алдым мұнартып кеткен.

Кейін ақын ағам Жақсылық Сәтібеков айтты:

  • Сенің сөзіңе Әзиза жеңгең жылады, - деп. Жақа, күйге жылаған шығар, - дедім.

  • Ия, күйге жылады. Жылайтын күй ғой.

  • Бұл кез жаеы, бұл сез - күйді ң бағасы.

Бұл күйге жылаған адамды мен кеп кердім. Ал, Қарауылбектің немере әкпесі Дәметкен алғаш естігенде жұбана алмай, солқылдап жылаған.

Адамның қуаныш-қайғысын жеткізуге күйден құдыретті не бар екен?!

Әбдімомын Желдібаев күйлерін көктей шолып қараған адам халық өмірінің тұтас бір шежіресі түзілгенін байқар еді. «Жетісу сазы», «Күй көкөшолақ», «Төле би толғауы», «Жыртолғайды Жам-был ата» осылай желі тартатын күйлер Әбекеңнің өз халқының өміріне сергек үн қататынын көрсетсе керек. Тарихымызды қайта танып, елгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып жатқан мына тұста Әбекеңнің осылай күй толғауы ете құптарлық.

Мен білетін Әбекең халқының еткенін де, бүгінін де жақсы біледі, келешегінің кемел екеніне де сенеді. Пайым-парасаты мол, емірден ұққаны жиған-тергені жеткілікті, болмыстың барлық оқиғасына сергек, әсерленгіш жан Әбекең. Мұның бәрінің үстіне ол - аса шебер домбырашы ғой. Күй жазатын сазгерге бұл ауа-дай қажет қасиет. Қандай да музыкалық шығарманың халыққа тарауы, ең алдымен, оның орындалуына байланысты. Бұл жөнінен Әбекең күйлерінің бағы жанған. Әбдімомын күйлерін өзіндей етіп орындай алатын адам шанда бір кездесер. Оның Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет күйлерін қалай тартатынын мен әлі ұмыта қойған жоқпын.

Әбекең ән де шығарады. Оның жақсы әндері аз емес. «Қызыл гүлім - қызғалдағым», «Шырайлым», «Сұлутөр», «Қызыл елік», «Бәйдібектің жайлауы», тағы басқа әндері - маржан дүниелер. Әбекең әндерін Зейнеп Қойшыбаева, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжановтар үзіп-жұлқып дегендей айтқан болды. Әнді әншілерге айтқызу деген - бір азабы мол шаруа. Содан да оның әндерін көбінесе көркемөнерпаздар деп аталатын қауым орын-дайды. Сөйтіп, әттең, әдемі әндер кеңтарай қоймады.

Қазір енді жағдай басқа. Әбекеңнің ұлы Талғат әуенді мың құбылтатын музыкант, келіні Сәуле жезтаңдай әнші. «Сұлутөр» мен «Бәйдібектің жайлауын» Сәуленің орындауында естіп қуанып жүрмін.

- Әбеке, Сәуле өң сіздің әндеріңізден бір концерттік бағдарлама әзірлесе, қалай болар еді? - дегенім де бар.

Әбекең қостағандай жымиған.

Ол күн де келер.

Мен бірдеңе білсем, қазақ мәдениетіне бұл әулет қосар үлес аз болмайды әлі.

Әннің музыкасына сөзі сай келгенде ғана бағы жанады. Әбекең мұны жақсы біледі. Қазақтың қара сөзінің терең қатпар-қатпарына дейін қанық ол өзіне ұнаған мәтінге ғана ән жазады. Дегенде, Әбекеңнің кейбір әндерінің көңіл жықпастықтың жемісі болғаны байқалады. Жаман мәтін - жақсы әуеннің жауы. Мен мұны Әбекеңе айтқанмын да, ол күліп қана қойған, білгені де. Білгенін айтамын, Әбекең-ән сөзіне аса кірпияз.

Мен ақын емеспін. Атам қазақтың бір ауыз өлең шығара алмайтыны жоқ, мен соның біреуімін. Өмірдің өте бір қимас, алыста қалған сағынышты сәтін өлеңге айналдырып, Әбекеңе бердім, ұнатса, ән жазуын өтіндім. Содан бері бірер жыл өтті, ән жоқ. Әбекеңе несі ұнамады, білмеймін. Өлеңде өрілген өзек өртер өкініш екеуімізді де шарпыған. Біздің жастық шағымызда ауылымыздың екі шетіндегі екі шеткі үйде тұрған екі гүл-қызға арналған өлең - бұл.

Соны жария етсем, несі айып?! Ол мынау:

Сонау бір шеткі үй ақ шаңқан, Балалы үй еді бақ шалған. Гүл-қызы болған сол үйдің Қимасым, алыс шақ қалған.

Келдім, шеткі үй, еңселі,

Өмірді біраз еңсеріп.

Ақ қызың жоқ, аһ ұрып,

Тұрысым мынау теңселіп.

Жылжыды жылдар, өтті күн, Білмеймін өшті, өсті кім? Болды,ескіүй, есті қыз -Өмірі өшпес өксігім.

Шеткі үйде жүр басқа қыз.

Өшіпті біздер басқан із.

Адасып қалған ай қабақ,

Қайтейін енді басқамыз.

Әбеке, жанға айтпайтын сырымыз ғой бұл. Өмірі өшпейтін, тұтанбайтын қоз.

«Өлең, шіркін, өсекші» - деп Абай атам тауып айтқан. Өлеңімді, соны біле тұра, жария етіп отырмын, мақсатсыз емес, әрине.

Әбекең - үлкен отбасының иесі.

Лиза жеңгей екеуі ұлдарын ұяға ұшырып, қыздарын қияға қондырып отыр.

Әбекең - азамат. Ол - атаның емес, адамның ұлы. Қазактың ғасырда бір туар ұлы.

Елі, оның басшысы Әбекеңді «Құрмет» орденімен марапаттап отырса, бұл - оның талантына құрмет.

Әбекең - бұл құрметті азырқанбайтын адам, біз, халқы, көпсінбейік.

Мен осы хабарды Әбекеңе жеткізіп тұрып:

  • Бұл - үлкен құрмет, - дедім.

  • Сен білесіңғой, белсің, - деп көңілі босады Әбекеңнің.

Әй, айналайын Әбеке-ай, өлмейтін, өшпейтін, халықпен бірге

жасайтын күйлерің сені күнде құрметке бөлей береді.

Нарық деген шіркін қалталыны шірентіп, былайғыны тұқыртқан бұл кезде енер жолы жіңішке болып түр ғой. Әбекең қаржы тапшылығынан күйлері мен әндерінің тарауының кемшін болып жүргенін айтып қояды.

Әбеке, әлі-ақ жақсы күндер келеді, халыққа қажетті дүние халықты табатын болады. Тек соларды туындата беріңіз.

ТҰНЫҚ ТАЛАНТ ЕДІ

Қарауылбек екеуміз құлын-тайдай тебісіп бірге өетік. Екеуміз егіздің сыңарындай едік. Мейлі екеуміз бір көктемде дүние есіген ашқан ауылдың адамдары, мейлі екеуіміз бірге оқыған университеттің оқытушы, студенттер қауымы, мейлі кейін ол да, мен де сапына тұрған жазушы ағайындар болсын, бізді бір-бірімізден бөлектеп көздеріне елестете алмайтын. Мені көрсе, Қарауылбекті, оны көрсе, мені сұрайтын. Енді мені көрсе, Қарауылбекті ешкім сұрамайды, еске алады. Қарауылбекті білетін дос-жаранның, ағайын-туғанның ендігі еншісі - осы, еске алу. Сұм ажал оны арамыздан тым ерте, 46 жасқа қараған шағында алып кетті. Ал, оның талассыз талантын құрметтейтін қалың қауым то-лассыз мәңгі жастықжырындай, табиғат ананыңтамаша суреттері жүрек шымырлататын шығармалары арқылы қауыша береді. Та-лант құдіреті уақыт дегенге бағынбайды, қайта жыл өткен сайын тұлғалана түседі. Қарауылбек Қазиев - сондай сом, халқымыздың рухани өмірінен ойып тұрып орын алған қаламгер.

Жақсының артында - сөз, жаманның артында - бөз қалады. Қарауылбектің артында сөзі қалды. Оның сөзі әлденеше кітап болып өз ана тілімізде, орыс, украин және басқа тілдерде жарық көрді. Қарауылбек талантын құрметтейтін баспагерлер оның әр жылдары жарияланған шығармаларының басын қосып, 1988 жылы «Ақ шуақ» деген атпен үлкен кітап етіп шығарды. Жинақты екеуі тұңғыш рет бір тақырыпқа жарысып, «Ақбантик» атты әңгіме жазған, бірге оқыған досы Ерғали Ахметов құрастырды. 2003 жылы тағы бір досы, белгілі ақын Есенбай Дүйсенбайұлы құрастырған «Көктемгі күн күркірі» кітабы жарық көрді.

Қарауылбек - менің балаң балалығым, солқылдаған жігіт Шағым.

Біз мектепте оқып жүргенде ақын болуды армандайтынбыз. Бірақ ақындықтан көңіліміз ерте қалды.

Қойын дәптеріне жасырып өлең жазып жүретін ұяң жігіт Қарауылбек 1957 жылы Алматыға оқуға түсуге барып, жолы болмай қайтты. Сол жолы «Лениншіл жас» газетінің редакциясына өлеңдерін апарыпты. Ондағылар Қарауылбекке өлеңдерінің дүмбілез екенін айтады. Қарауылбек намысшыл жігіт еді, екі беті от боп жанды. Сынды мойындамайды, сыншыны байқамақ болып, ертеңіне Мұса Жәлелдің бір өлеңін көшіріп апарады, тағы сыналады.

Керемет жақсы көретін ақынының:

Екеуміз де алыстанбыз,Ертеден-ақ таныс жандай

Жүректен қол алысқанбыз, - деп сорғалап тұрған жан сыры сынға ұшыраған соң Қарауылбек ақындық аулақ жүретін тірлік екен деген тұжырымға келді. Мен де өлең дәптерімді қолға алғанды қойдым.

Келер жылы екеуміз бірге барып, университетке түстік. Ауылдың аңғал балалары болсақ та екеуміз де зерек, алғыр едік. Университет бағдарламасы әдебиеттің арғы-бергісін кең молынан қамтиды, білім керек екенін білдік те біз одан да тереңдеп кеттік. Лекция, одан шығып барып А.С.Пушкин атындағы көпшілік кітапхана жабылғанша отыру - бізді тез жетілдірді, өсірді.

Біз, ақын-жазушы боламыз дейтін біраз жігіт, редакцияларды жағалай бастадық. Қарауылбек жазуға асыққан жоқ, бірақ жазушы болатыны, онда да мықты жазушы болатыны белгілі еді. Көрген-білгеніміз, оқыған-тоқығанымыз жөніндегі пікірталас кездерінде оның шоқтығы биіктігі байқалып тұратын. Қарауылбек бесінші курста оқып жүргенде барып алғашқы әңгімесін жазды. Қыздың балауса шағының бойжеткендікке ұласуының айғағы - ақ бантик тағуды тастау екенін өмірде өзім құралпы жігіттерден бұрын мен көрдім. Сол жайды Ерғали мен Қарауылбекке айтып едім, екеуі қатты қызықты, жатпай-тұрмай әңгіме жазды. Қарауылбектің әңгімесі іле «Қазақстан әйелдерінде», көп ұзамай Ерғалидікі «Жұлдызда» жарияланды. Екеуі де елді елең еткізіп, талантты жастар екендіктерін танытты.

Қарауылбек қаламы енді жүрдек тартып жүріп берді. Дегенде Қарауылбек - көп жазбаған жазушы, талғампаз талант. Қазір оның аз жазғаны үлкен өкініш болып отыр. Қолына журналист пен жазушы қаламын қатар ұстаған адам үшін Қарауылбектің жазғаны аз да емес. Қызметі үнемі қарбалас қимыл үстінде жүруге мәжбүрлейтін журналист ағайынның жазушылық жолда да бірдеңкелер тындыруы оңай шаруа емес. Ал, Қарауылбек артына бірдеңкелер емес, өңкей бірегей дүниелер қалдырып кетті.

Қарауылбек Қазиев-уыз жастық жазушысы. Ол өте әсершіл еді, сергек, сезімтал, сұлулыққа ғашық болатын. Кеудесі күмбірлеген күй еді, музыканы өте жақсы көріп түсінетін.

Флобер: «Эмма - ол менмін», - деген. Ұлы жазушының өзін Бовари ханыммен теңдестіруінде аса терең ұғым бар. Жазушы бейнелеген көркем, озық образ - оның өзі. Жазушы өз бойындағы барша арман-аңсарды, ізгілік атаулыны өзі жақсы көріп бейнелеген кейіпкеріне қиып береді, сол арқылы өз болмысын алға жайып салады. Осы тұрғыдан алсақ та, шындықтың өзіне жүгінсек те, Қарауылбек шығармаларындағы Қайрош, Қаржау, Қалау, Қайыржан - оның өзі.

Жазушы құдіреті өмірдің өзіндей шығарма Жазуында. Қарауылбек таланты осысымен, өзі көрген өмір үзіктерін шынайы өрнектеуімен үздік. Жазушы ешқашан фотограф болған емес, қандай да оқиға жазушының азаматтық алғырлығы, қаламгерлік қарымдылығы, таным таразысы, суреткерлік сүзгісі арқылы еленіп-екшеліп барып әдеби шындыққа айналады. Қаруылбек шығармаларының шыншылдығы сондай олардың бәрін өмірбаяндық екен деп қаласың. Рас, олардың өмірбайдықтары да, ұшқыр қиялынан туғандары да бар. Оны жасымыздан қанаттас болып бірге өскен, әдебиет айдынында қаламдас болып қатар ұшқан мен білмесем, басқалар аңғара бермейді. Қарауылбек өмірбаяндық хикаяттарында өз есімін бүркемелеп, кейіпкерлерінің атын өзгертпей жазады. Содан да шындықты жазуға онсыз да шебер жазушының шығармалары тым «жанды» болып шығады.

Қарауылбек өзі аралас-құралас болған ауыл адамдарының, аяулысы санаған қыз-жігіттердің сан алуан мінез-құлқын, мысқал-мысқал сөзін, үзік-үзік сырын, аяулы арманын - бәр-бәрін әңгімелері мен хикаяттарына қүлпыртып енгізеді. Олардың жазушы мақсат еткен образды ашуға қызмет етіп,өзгеріск ұшырайтын, яғни басқа мінез-құлық танытатын кездері де болады.

Біздің ауылдың адамдары Қарауылбек жазғандағыдан ай-нымай ма, жоқ па, ол бір басқа, бастысы - кітап бетінде өң өмірдегі адамдар шүпірлеп тұрғандай. Олардың бәрі - әйбат, кеуделері толған арман-аңсау, өмір қойнауларын кеулеп кету-ге әзір. Бірақ енді олар Қарауылбек қаламына ілікпейді. Алай-да, жазушы өмірден іңкәр болып өткен қыздар - Гүлзат, Мақпал, Зина, Назыкен, балалықтың бал дәуренін бірге өткізген достары - Әбдімомын, Нүсіп, Әділхан, Аралбек, Рақтай, Орынбасар, Сай-лау, тағы басқалар осы кітаптағы қалыптарымен-ақ ыстық, замандас. Өйткені Қарауылбек - өткінші емес, өмірлік дүниелер жазған жазушы.

Алғашқы «Ақ бантик» әңгімесімен-ақ Қарауылбек табиғаттың ғажайып жыршысы екенін аңғартқан. Ол сол үдерісінен жаңылған жоқ, қайта үдете түсті. Қарауылбектің суреттеуінде үш Кербұлақ, Шу бойы бар реңкімен мөлдір, тұнып тұрады. Табиғат ананың адамдардың көңіл-күйімен астасып, бірге қуанып, бірге мұңайған райын дәл Қарауылбектей жетік біліп, жеткізе жазу хас шеберлердің ғана еншісі, айырықша қасиет. «Ирек-ирек із астында қалған қара қошқыл қою раң жығылып түсіп, апыл-ғұпыл қайта түрегеледі. Түкті бастарын сілкілеп көпке дейін ес жия алмайтын сияқты». «Айнадай ағын уыстап шашқан жұлдыз дастарқанындай. Шайқала жанып, қос-қостан үйіріліп, дірілдеген су астынан сілкінеді. Білегіңді түрініп жіберіп, қолынды жүгіртсең, жып-жылы сәуле сынықтарына тиетін тәрізді».

Бұл кітапта осы тәрізді жүрек елжіретер суреттер өте көп. Аңғарымпаздықты, шеберлікті былай қойғанда, жазушыны мұндай биікке шығарған құдірет туған жерге деген шексіз махаббат деп білген мақұл. Шудың биік аспаны, жыпырлаған жүлдызды түндері, Кербұлақтың бай хайуанат, өсімдік әлемі, тау өзендерінің таусылмас күрілі қайда жүрсе де, не жазса да Қарауылбек қаламынан қақас қалып көрген емес.

Қарауылбектің толысқан, оңын-солын таныған шақтағы өмірі Шымкентте өткенімен, ол туған жерін, оның адамдарын шығармаларына алтын арқау етіп кетті. Ол әркез Шуды, біздің ауылымызды сағынып жүретін. Машинасына балаларын салып алып, жолай маған соғып, туған жерге тартатын. Содан біраз уақыт өткенде өзі де, бала-шағасын да шаршап-шалдығып Шымкентке қайтап бара жататын, бәрі жарастықты болатын.

Қарауылбек - әр сөздің бояуын қандырып, жан беріп жазатын жазушы. Оның қолдануында күнделікті жұрт аузында жүрген қарапайым сөздің өзі ерекше жарастық тауып, жанып, іс-әрекетке айналып жүріп береді. Ол - кейіпкерлерін мүсіндеудің, сөйлетудің айтулы шебері. Өмірдің өзінен ойып алған бейнелер кітап бетінен бері жаңыңызға жақындап, өзіңізбен араласып кеткендей болады. Қарауылбек өмірде аса көңілді, тапқыр қалжың, өткір әзіл-оспаққа өте жүйрік жігіт еді. Шығармаларында бұл мінезі жақсы көрініс алған. Ешкімді ренжітпейтін оралымды юморды күлдіріп отырып салмақты сатираға ұластыруға келгенде ол жан адамға жеткізбейді. Қарауылбектің тіл байлығын бағамдап отырып, мен оның пайдалануындағы екеуміз туған ауылдың адамдарының аузында жүрген сөздердің соншама оралымды, образдылығына тәнті болдым.

Салиқалы прозашыға тарихтың, мәдениеттің, әдебиеттің арғы-бергісін көп білу керек, ол жағы Қарауылбекте жеткілікті болатын, университетті үздік бітірген. Дегенде, бүгінгі қайнаған өмірдің өзінен көз алған қайнардың мөлдір болатынын Қарауылбек шығармалары дәлме-дәл дәлелдей түседі. «Балауса машақат», «шынайы ықылас-шырыны», «сабыры сұйылып», «бәсіре пешене», «бүйығы бүкпесіз». Тұтас бір сөйлемдерді былай қойғанда, осы сияқты ұрымтал, айшықты ұғым білдіретін сөз үйлесімдерін Қарауылбек көп түзген. Және де олардың бір де біреуі қазақ прозасында бұрын қолданылмаған, бәрі - Қарауылбек талантының таңбасы.

Шебер прозашы қаламы жүрдек, ойы ұшқыр журналист, жалынды көркемсөзші де еді. Журналистік қызметін Жамбыл радиокомитетінде бастаған ол өмірінің ең әдемі, толысқан жиырма жылында Шымкентте тұрып, облыстық радиохабарларын тарату жоне телевизия комитетінің бас редакторы қызметін атқарды. Ол жпзған дәмді очерктер мен толымды ойтолғаулар Қазақ радиосынан да жиі беріліп тұратын. Оларын Қарауылбектің өзі оқитын. Оның үні атақты дикторлардан бір кем соқпайтын. Біз бесінші курста оқып жүргенде Қазақ радиосы дикторлыққа жариялаған конкурста озып шығып, біраз уақыт ел құлағын елеңцеткені, яғни, диктор болғаны бар.

Ол мұның бәрінің үстіне сүттей ұйыған тату отбасының бас иесі еді. Әкесі Қазы Ұлы Отан соғысына аттанғанда екі жаста қалған оны «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» өсірген шешесі Ермекке жазушы мәңгі ескерткіш орнатып кетті. «Біз аби-іурент едікте» Қаржаудың сүйген қызы Мақпал мен сүйікті шешесі Ермектің таразының екі басына түсетіні бар, сонда албырт жас ана-сы жағына шығады. «Менің шешем» әңгімесінде: «Сен - алыпсың, колхоз өміріне кірген бақ пен дәулеттің, қыдыр мен ырыстың барлығында сенің үлесің жатыр, соның көбі сенің жұмыскер қолыңнан өткен», - деп тебіренеді жазушы. Әбден аяулы шындық - бұл. Қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтарды ұшпаққа шығарғандар аналар болғаны біздің ұрпаққа жақсы мәлім.

Соңғы жылдары Қарауылбек екеуміздің өрісіміз бөлек болды, сағынысып кездесетінбіз, достығымыз пәс тартқан емес, құшақтасып көрісіп, аңқылдап сыр айтысатынбыз. Қарауылбек кейін қатты есейген, көпті көрген. Солардан түйген соқталы ойлары күрделі шығармалар жазуға жетелейтін. Роман жазып жүргенін айтқан соңғы кездескенімізде. «Оңтүстік Қазақстан» газетіне оның үзіндісі де шығыпты. Осы әңгімеден аз уақыт өткен соң маған айтқан романынан үзінді жіберіпті, біз онысын Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетіне жарияладық. Жазушының сол романының газеттерде жарияланғаннан басқа бөлігі табылмай қалып отыр. Өкінішті! Қуанарлығы - Қарауылбек Қазиев артына қалдырып кеткен аз шығармаларымен-ақ қазақтың өзі құралпы жазушыларының көш басындағы тобы арасында тұр. Оның жұлдызы әрдайым биік жарқырай беретіні анық. Оған бұл тұнық таланттың әр кітабын оқыған адамның еш күмәні болмайтыны айдан анық.

АҚПЕЙІЛ

Күмән жоқ, Совет Әлімқұлов - әдемі ақын, құдай жақсы жаратқанжан.

Міне, мен қазір Советтің, өмірден сәл ертелеу өтіп кеткен достыңқай қасиетін, ақындығын ба, азаматтығын ба алға шығарып айтарымды білмей дал болып отырмын.

Совет адамның ала жібін аттап көрмеген иманды, адал, дос-жарандарына қоң етін кесін беретін мырза, пейілі кең, жаны жо-март, үлкенге де, кішіге де сыйлы, сүйкімді жігіт еді. Сонымен бірге ол ойға алғанын айтатын, ойлағанын істейтін, сөзіне берік, ісіне мығым болатын. Өзі өмір сүрген, бұл күнде қытымыр заман аталып жүрген кезеңде ер Совет тайраңдап та, сайраңдап та жүре алатын, жалғанды жалпағынан кешіп кете беретін. Бірақ соның бәрі оның жаратылысынан момын, биязы, ақпейіл, мәрт қалпына жарасып тұратын.

Өз басым Советті олай-бұлай еді дегең бір адамды кездестірген емеспін, бәрі: «Жақсы», - дейді. Бұл - шындық.

Мен өзінен бұрын Советтің сөзін таныдым.

1962 жылғы көктемде Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің бір топ студенті Алматы облысының Қаракемер ауылындағы орта мектепте ендірістік тәжірибеден өттік. Сон-да жүргенімізде «Балдырған» журналында жарияланған «Қарындасым бар менің» атты бір өлеңді оқыдым. Өлең өмірдің өзінен ойып алынғандай шыншыл екен.

Апам жокта бөлмені

Қоятұғын тазалап,

Білгісі кеп әрнені

Сұрайтұғын мазалап,

Қарындасым бар менің, - деп басталатын бұл елең балаларға арналған шығармаларды әжептәуір оқып, біраз жайдың ұштығын біліп қалған, ептеп қалам тарта бастаған маған қатты ұнады, та-лантты ақынның жазғаны-ау, деп ойладым.

Қателеспеппін.

Сол жылы жазда Советтің өзімен де таныстым.

Бір курста, бір факультеттің журналистика бөлімінде оқитын досым Қарауылбек Қазиев Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетіне өндірістік тәжірибеден өтуге барған, біраз жанашыр дос тауып қайтыпты. Ол солармен енді мені таныстырды. Олар ақын ағамыз Жақсылық Сәтібеков пен замандасымыз Совет Әлімкұлов еді. Бұл екі асқан ақын, аяулы азаматпен де Қарауылбек екеуміз қаламдас, қанаттас болдық. Қарауылбек Шымкентте аман-есен шапқылап жүргенде Жамбылдағы үшеуміз тілеулес болып, тақымымызды қысып отырар едік.

Қарауылбектің талантына Совет қатты тәнті болатын. Қарауылбек те Советтің ақындығын жоғары бағалайтын.

Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайларына Қарауылбек Шымкенттен, біз Жамбылдан барып қатысқан күндері жұбайымыз жазылмай, бірге жүретінбіз. Сол кезде езуден күлкі кетпей, ойын-сауық ернеуінен асатын.

Қазір енді Қарауылбек те, Совет те жоқ, екеуі де бақилық болған. Екеуінің де ордалы отаны, оларда үбірлі-шүбірлі болып өсіп жатқан үрім-бұтағы бар.

«Момынның ісін Құдай жемейді» - деген сөз бар. Сол рас, тегі.

Аузын ашса, көмекейі көрінетін ақпейіл, кісінің ала жібін аттамаған адал, жан адамның көңілін жығып көрмеген жуас, момын ақынның сүйіп, сыйлаған жары - Сарасы отыр артын күтіп, нөмерелерін бағып. Бұл - бақыт! Сәкеңнің бақыты.

Қашаннан ақынның ерекше бақыты - артында өлмейтұғын сөз қалдыру. Совет бұл бақыттан кенде емес. Ол - көзі тірісінде рөспубликалық әдеби баспалардан 10 поэзиялық кітабы жарық көрген үлкен ақын.

«Тұңғыш кітап», «Өрімтал», «Күн көсем» кітаптары Советті нағыз балалар ақыны дегізген болатын. Ал, «Қолайна», «Сыбызғы», «Ықылас», «Ораласың ба, көктемім?» жинақтары оны тамаша лирик ақын ретінде танытты.

Лирикалық өлеңдері мен балладалары топтасқан. «Ораласың ба, көктемім?» жинағы жыр сүйер қауымды Советтің қызығы мен қиындығы, оны айтамыз, қияметі мол шығармашылық жолда маңдай терін аянбай төгіп, үнемі ізденіп, еңбектеніп жүретініне селкеусіз сендіріп еді. Ақынның ез дауысы, өзіне тән қолтаңбасы, поэзиялық көркемдік тәсілдерді қолдану әдісі анық аңғарылатын (бұл жинақ Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысына арналған жиынында жоғары бағаланған болатын.

Бұл әділ баға еді. Жинақтағы әр шығарма оқырман жүрегін биязылығымен, сыршылдығымен, нәзік сезімталдығымен баурайды. Ақын - аңқылдаған ақкөңіл, әсерленгіш, өмірді, оның сан түрлі бояу-бедерін, сан қырлы сырларын тануға құштар, ел-гезек. Ол табиғаттың әсемдігі мен ғажаптығын, адамның жүрек шымырлатар ыстық сезімдерін шынайы бедерлейді. Туған жер, табиғат, адамдардың бір-бірімен достығы, сыйластығы - Совет поэзиясының басты тақырьібы. Ақын кіндік қаны тамған жердің өз ұлына үлкен сенім артқанын, сол сенім үдесінен шығу – асқан абырой, борыш екендігін тебірене өлеңге қосады, ой бөліседі, сырласады. Ақынның лирикалық кейіпкерлерінің бойынан адамгершілікке толы асыл қасиеттерді, өр сезімді, жігерлік пен құлшынысты сезінесің, сөйтесің де онымен бірге қуанып, бірдей толғанасың.

Ораласың ба, көктемім,

Қанағат емес жеткенім.

Көкірегімде от демің,

Өкінішім де көп менің.

Осы бір шумақтың өзінен-ақ Совет Әлімқұловтың тұңғиық тереңдігі аңғарылмай ма. Ақын арманы - биік, суреткер жүрегі -мазасыз.

Совет жеткенін қанағат тұтпай, көп өкінішімен өтті өмірден.

Бір жақсысы - ол бұл сөзді айтқанға дейін де, айтқаннан кейін де көп-көп жыр жазды.

Шүкір, ақынды ел-жұрты түсініпті, сылайды екен. Ақын біраз жыл тұрып, еңбек еткен, жақсы айларын өткізген, жақсы ойларын қалдырған Аса ауылындағы үлкен көшеге Совет Әлімқұлов есімі берілген. Жыл сайын Асада ақын құрметіне жас ақындар мүшәйрасы өткізіліп жүр. Совет дүение есігін ашқан Құлан ауылында да оның есімімен аталатын көше бар. Қуаныштысы - осындай игі шаралар жалғасып келеді.

Талантты таныған жақсы.

ЖАЗА БЕРІҢІЗ, ӘЛЕКЕ!

Оқырман қауым қолына Әлмұхан Исақовтың «Өткен күнде белгі бар» атты кітабы тиді. Алдымен айтарымыз: «Бұл - атына заты сай кітап».

Өткен күнде белгі бар. Әр адам айтуға құқылы сөз. Бұл пенде тірісінде не көрмейді, ыстыққа күйіп, суыққа тоңады, өлшеулі өмір алаңын шиырлайды. Егде тартқан адам өзінің өрлеу, толысу, шарықтау, пәс тарту жолын көктей шолып өтер болса, көп-көп жайларды бағамдап, ой таразысынан өткізіп әңгімелер еді. Ал, ол әңгімеші адам ақылды, білімді, көпті көрген, оқыған-тоқығаны мол, айтпағын төгілдіріп жаза алатын қабілетті болса, бітті дей беріңіз, әдемі кітап туындайды.

Біз білетін Әлмұқан Исақов - білім-танымы мол, өмір тәжірибесі жеткілікті адам, еңселі азамат. Әлмұқан университетте бізден бір курс кейін оқыды. Лениндік стипендиат еді, суреті жоғары ілінген. Оқуы озық жігіттің жүріс-тұрысы да орнықты болатын. Сол Әлмұқан білімінің зорлығын, пайымының молдығын қызметке араласқан соң студент кезіндегісінен де жарқырата көрсетті. Мектеп мұғалімінен облыс басшылығының жоғарғы баспалдағына дейін көтерілді. Әкеден ерте айырылған Әлмұқан бұл деңгейге еш қолдау-қолпаштаусыз, тек өзінің салиқалы тірлігі, салмақты болмысы нәтижесінде көтерілді.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалтай Мұхаметжанов осы жуырда Әлмұқан жөнінде мына тәрізді бір сөз айтты: «Коммунистік жүйенің бір зияны - Әлмұқанды жазушы болуға көп ден қойдырмағаны. Әйтпесе, Әлмұқан үлкен жазушы, сыншы болатын адам. Қазір де ол -жазушы. Қызмет емес, әдебиетке мықтап кіріскенде нағыз мықты болатын еді». Білгенге Қал-ағаңның мына сөзінде өкініш те, мойындау да бар. Шынын-да, Әлмұқан өзін әдебиетке арнағанда әлдеқашан атақ-абыройға белшесінен бататын жазушы болмақ екен. Оны Әлмұқанның мына кітабын оқып отырғанда сезінген үстіне сезіне түстік.

«Өткен күнде белгі бар», - шын мәнінде, жақсы кітап. Кітапқа қаламгердің 26 әңгімесі, 2 тарихи очеркі енген. Әңгімелердің бәрі емірдің өзінен ойып алынған. Партия, кеңес жұмысында, оның басшы буынында істеген адам бұқара халықтың қуаныш-қайғысын көп бөліседі, алдына келгендердің шаруасын тындырады. Осындай жағдаяттың бәрінде әңгімелердің басты геройлары, есімдері әртүрлі болғанымен, біздіңше, олардың бәрі автордың өзі, нағыз адамға тән, көптің көңілінен шығатын әрекет қылады.

Әлмұқан Исақов - үнемі басшы қызметте істеп келе жатқан азамат. Аупартком, ауатком деп аталатын басшы буындардың барлық деңгейінде болған. Қолында билігі бар адамды кімдер төңіректеп, кімдер ішке тартпақ болмаған, өскісі келген де, өшпек болған да келеді. Ия, рас, бір коммунист аупарткомның бірінші хатшысына әйелінён ажыраспақ болғанын, ажырасса, партиядан шығарып жібермес пе екен деген хаупіне жауап алғысы барын айтып келеді. Бұл - оның адам ретінде де, коммунист ретінде де өшуі. Әлмұқан жағынғысы келгенге де, табынғысы келгенге де жол бермеген. Адамдармен қарым-қатынаста табиғи қалпынан айнымаған. Мен мұны оны замандасым ретінде білетін болғандықтан ғана айтып отырғаным жоқ, әңгімелердегі партия, кеңес қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бағамдап, ой түйіп те айтып отырмын. Әлмұқан әңгімелеріндегі өрелі, өрісті геройлардың есімі Мұхтар, Сапар, Асқар, тағы басқалар болып келгенімен, олардың бітім-болмысы Әлмұқанның өзі екеніне еш күмәніңіз болмасын. Ұлы Флобер: «Бавари ханым - мен өзім» - деген Таңданатын дәнеме жоқ, рас, Флобер әйел емес, бірақ Баваридің бүкіл арман-мұңын, өшіп-жануын ғажап өрнектеді емес пе?! Ал, мына әңгімелердегі өмірдің сан тарау бұралаңынан, тіптен кішкентай бір тосын жағдайдан адаспай жол табатын ақылды, салуатты геройларға жан беру Әлмұқан тәрізді ақылды азаматқа, шын қаламгерге тән болса керек.

Бұл Әлмақан - қызмет, мансап дейтін талайды бұзып, жолдан шығарған, қазір де бұл зұлымдығы өрши түспесе, кемімеген зұлматтан бойын да, ойын да аулақ ұстай білген қайраткер. Міне, дәл сондықтан да Әлмұқанның іс басында жүрген кейіпкерлері -жаны да, ары да таза, әсемдік пен сұлулыкты сезінетін, жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білетін адамдар.

Әдебиетте социалистік реализм әдісі зорлап таңған партия, кеңес қызметкерінің бейнесін жасау жейтін бір процесс үзбей жүріп жататын. Жазушылар қаншама әрекет еткенімен, солардың толыққанды образын шығара алмаған, ейткені қаламгерлеріміз түгелдей дерлік өмірдің ол мектебінен өтпеген, содан барып ұранға үн қосу мақсатында партия, кеңес қызметкері дейтін кейіпкерге ана жақсылықты да, мына жақсылықты да жапсыра беретін, таңа беретін, бірақ одан оңды бейне түзілмейтін. Ал, Әлмұқан көптің қолынан келмеген осы тірліктің ұшығына шыққан. Өмір тәжірибесі дейтін, міне, осы болар.

Әлмұқан -жазу техникасын жақсы меңгерген қаламгер, әңгімені әдемі бастап, орынды аятайды. Қай әңгімені оқымаңыз, автордың соңғы нүкте қоярдағы айтар ойын біле алмай, ынтығып отырасыз, мұның үстіне ол әңгіме жазуға татырлық оқиға табуда да даңғайырлық танытады, тіптен көзге іліге бермейтін штрихтардың өзін ойнатып жібереді. Бөтен сөзбен былғанбаған өрнекті тіл, жеңіл юмор - прозашыға аса қажет бұл екі қасиет те Әлмұқанда.

Ең бастысы - кітаптағы әңгімелердің барлығы заманмен үндес. Мысалға, кітаптың беташары - «Текетірес» әңгімесін алалық. Онда бүгінгі күннің бір дүрлікпе тірлігі әжуаланады. Елдің саяси-экономикалық жағдайына сайлау дейтін шіркіннің тигізген зияны айтылып та, жазылып та жүр. Мұның үстіне бұл сайлауыңыз: заман қанша өзгерді дегенімізбен, адамдар санасының, мінезінің ұлы Абай өткір сынға алған дәуірден онша алшақтай қоймағанын алға жайып салып отыр. Сайлауға әзірлік, дауыс беру тұсындағы қазіргі қулық-сұмдықтар тым жиіркенішті-ақ. «Текетіресте» сол қажетсіз, қасиетсіз, әбиірсіз тірлік әжуаланады. Ия, шынында, әжуаланады, ейткені Әлмұқан - сатирик. Дәл осы жерде Әлмұқан әңгімелерінің жазылу мәнерінің, өмірді қамту, бейнелеу күшінің әлем әдебиетіндегі әңгіме жанрының теңдесі жоқ шебері Чехов шығармаларымен үндес екенін қуана айтуымыз керек. Өз заманының бүгесі мен шігесін, жақсысы мен жаманын новеллашы әңгімелері арқылы-ақ ақтарып айтып тастамап па еді. 26 әңгімені өмірдің айнасы деу, әлбетте, артық ал, көп нәрсе қамтылғаны анық. Кішкентай ғана «Қырсық» әңгімесіндегі жас өскін Сапарды алып қараңыз. Шешесі оны ауылына келіп, ағайындарына қонақ болып жатқан ықпалды, аты озған аталасы Ерімбетке сәлем беруге жұмсап, «Сұраса, оқудың айт, тәртібіңді айт. Мектебіңді бітірген соң оқуға барып қалсаң, бір себі тиер», - деп тапсырады. Сапар барады, қызметі үлкен ағасының қуыс кеуде екенін көреді де, көңілі қалып үн-түнсіз қайтып кетеді. Әңгіме «Қырсық» аталғанымен, Сапар қырсық емес, нағыз намысты бала. Кішкентай әңгіме үлкен ой айтады желеп-жебеу, қолдау-қолпаштау деген пәледен аулақ жүру керектігін ерте білген бала ертең шеккі азамат болмайды.

Әңгімеші Әлмұқан өмір үзіктерін өзіндік үрдісімен ойнатып, солардың туғызған себеп-салдарлардың әдеби шешімін әдемі бедерлейді. О заман да бұ заман обкомның бюросынан жаза алып, қор болып, құмығып шыққан аупарткомның бірінші хатшысының аянышты халіне ез шоферінен медеу, әрекетіне төрелік айтуын күткенін кім керген?! Шоферді айтамыз, құдайын ұмытып кетіп еді ғой ол кездің хатшылары. Сөйтсек, сол бюрократия мейлінше белең алған тұста да адам қалпынан айнымаған біріншілер болған екен, болмаса, болуы қажеттігін айтады автор. Сондай адамдықты ардақ тұтатын хатшы алдына келген алаяқ журналисті, ағайындығын сатып, жағдайын жақсартпақ болған қартты, бір сіздің ғана аузыңызға қарайық дейтін жағымпаз директорды ешқандай дерекілік керсетпей-ақ, тыйып тастайды, керек десеңіз, оқытып, үйретеді. Кадр таңдауда да ол жаңылыспайды, адам бойындағы білгірлік, біліктілік қасиеттерді бірінші кезекке қояды.

Өмірді артқа тартқан келеңсіздіктерді сынап-шенуге келгенде Әлмұқан тапқырлық танытады. «Травиата», «Эликсир», «Фотосурет», «Дорақ», «Пропуск» тәрізді әңгімелердің айтары құлаққатосын естіліп қана қоймайды, олардың геройлары да шәлкем-шалыс адамдар, заманның қисық бұтақтары. Солдарды ешқандай әсірелемей, мақтамен бауыздайды.

Геройларының портретін жасауға Әлмұқан әдебиеттің алуан түрлі формаларын емін-еркін пайдаланады. «Есік дыбыссыз ашылды. Орта жастардағы, шашын қысқа етіп алдырған, кенетоз, бірақ таза жұмыс киімі бар, кепкасын бір қолына ұстаған кісі есікті ашса да, кірер-кірмесін білмей, кідіріп қалды. «Шофер, не слесарь болар», - деп ойлады Мұқтар есіктің жақтауын қапсыра ұстаған қолға кезі түсіп». Жазушы «Екіұдай хал» әңгімесін осылай ба-стайды. Білгенге осы бір кішкентай үзіктің өзі-ақ әңгіменің екі геройының да қандай адамдар екенін бірден аңғартпай ма. Білгір, аңғарымпаз хатшы, арыз айта келген жасқаншақ, бедерсіз коммунист. Коммунистік партияның мүшесінің бір белігі, айта берсеңіз оның негізі саналған еңбеккер адамдар, қанша жаттат қанмен, өз міндетін, мақсатын, жалпы партия мүшесі болудың не екенін білмеген күйі кетіпті ғой. Автор бұл әңгімесінде осы келеңсіздікті көздеп жазды ма, жоқ па, ол жағы бізге беймәлім, ал, шындық оқырманды осы ойға жетелейді. Көркем әдебиеттің, жалпы өнер туындысының қүдіреті де, міне, осында, оны әркімнің өз қиял, білік күшімен әрі қарай түсінуінде, қабылдауында. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» дейтін ұғымды ұстанады шығармашы. Жаны, қаны, көркем шындығы бар шығарма ешкімді бейжай қалдыра алмайды. «Ең жаман деген кітапта бір ақыл болады», - дейтін менің бір досым, ал Әлмұқанның мына кітабына енген әңгімелердің әрқайсысы бір-бір ақыл арқалап тұр. Әдеби бояуының қанықтығымен қоса бұл кітап осынысымен де құнды. Әлмұқан әңгімелерін бұрын да түрлі баспасөзге жариялап жүретін, енді кітап борлып түзілгені жақсы болған. Бұрын оны жақсы білетіндер ғана жазушы деп білсе, енді көпшілік көретін болады.

Ашығын айту керек, Әлмұқан -үлкен жазушы, әдебиеттің тарихына да, теориясына да жетік сыншы. «Теңіздің суының дәмін білу үшін оның суын таусып ішудің қажеті жоқ, бір ұрттаса, болды» -демекші, Әлмұқанның қандай жазушы екенін білгісі келгенге оның бір әңгімесін оқып көрудің өзі жетіп жатыр. Кез-келген әңгімеден өмірлік те, әдеби де процестерді жақсы білетін адамның ыстық демі сезіліп тұрады.

Әрбір жақсы тірліктің бір әттегенайы болады. Мына кітаптың ол әттегенайы - екі тарихи очерктің енуі, баспагерлердің салақтығы. Очерктер - Әлекеңнің белгілі даталарда сөйлеген сөздері, кітапта орфографиялық қателер көп. Сөздер өз жүгін арқалаған күйінде қалған, ал, қателер сөз мазмұнын бұзып, қаламгердің жазғаны осы екенау дегізгендей. Жазушы, әлбетте, сауатты, баспагерлер, әрине, абай болулары керк еді.

Арамызда ақылды, арлы қаламгер жүр екен, ағайын, біз бүгін соған қуанамыз.

Жазушылық - жарыс, ақыл-ой, өнер, шеберлік жарысы. Қолыңа қалам ұстаған екенсің, жарысқа түстім дей бергін, жүйрік екенсің, оз, шабан екенсің, қал. Жарыс заңы - осы. Жазушылық - тиіп-қашпа тірлік емес, үнемі, үзбей айналысатын іс. Адам қай деңгейде жүрмесін, мейлі, тіптен, депутат болсын, бір шаруамен айналысуға шектеу жоқ, оның аты - шығармашылық еңбек. Ал, ол әлемдегі ең таза еңбек екінің бірінің қолынан келе бермейді. Жазушы - сирек кездесетін талант. Әлмұқан - сондай адам. Жаза беріңіз, Әлеке!

ЕҢБЕКҚОР ҚАЛАМГЕР

Болат Бодаубай менен тұп-тура бір жасы кіші екен. Бір кездері ол маған ересек көрінуші еді.

1951 жылы Шоқпар стансасындағы орталау мектептің бесінші класына оқуға келсем, Болат бесіншіні бітіріп, алтыншыны аудан орталығындағы орта мектепте оқуға кетіпті. Бірақ оның үлгілі де озат оқушы екендігі жөніндегі әңгімелер ұстаздар аузында да, оқушылар ортасында да лаулап тұр екен. Мұғалімдер өкшесін қия басқан оқушыға Болатты үлгі тұтатын көрінеді.

Болат - Шу ауданындағы Шоқпар стансасының баласы. «Шақырады жол алға» деп аталатын повесінде ол сүйсіне суреттейтін Шоқпарда да, Шу ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде де мен одан екі сынып төмен оқыдым. Болат мектепке алты жасында барыпты. Ал мені оқуға апам: «Миы ашып кетеді», - деп сегіз жасымда жіберген, аяғым сынып бір жыл оқымай қалғанмын. Сөйтіп Болат менен бұрын ержетті. Болаттай зерек баланың бар екенін, оның стансада кеңсе сыпырушы болып істейтін шешесін, ағасын, інісін, олардың жетім-жесір екенін мен ерте біліп өстім. Ал, Болат ол кезде мені білді ме, білмеді ме, қайдам?

1958 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөліміне қабылдау емтиханын тапсыру кезінде тоқайласқалы бері Болат екеуміз бір-бірімізді жақсы білеміз. Болат та, мен де қазақ тілінде өткен емтихандардан өң бестік баға алып, соңғы орыс тілінен диктанттан мен «үш» алдым. Болат диктантты «төртке» жазыпты. Бұл - дұрыс. Біз, орысшаға шорқақ ауыл балалары үшін бұл «үш» оңай емес. Ал, Болат -Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында от пен судан өтіп шынығып келген жас.

Болат журналист оқуына түсті, мен қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне қабылдандым.

Студент болған бес жыл бес күндей зулап өте шыкты. Университеттен кейін ол да, мен де Кеңес Армиясы қатарында, ол Түркменстанның Мары қаласында, мен Ашхабадта қызмет еттік. Әскерден оралғалы ол да, мен де журналистика саласында еңбек етіп, жазушылық кәсіпті де айналдырып келеміз.

Болат Бодаубай өзінің талабы мен таланты арқасында үлкен өмір жолынан өтіп, абыройға бөленіп отыр. Оның қызмет баспалдақтарына көз қырын салар болсақ, былай өрнектеледі екен: «Лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер болып қабылданған ол бас редактордың орынбасары дәрежесіне дейін көтеріліпті. «Социалистік Қазақстан» газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты қызметкері, республикалық «Жалын» баспасының директоры, республикалық «Қазақ кітап» кітап саудасы бірлестігінің бастығы, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің кітап шығару және тарату жөніндегі Бас басқармасының бастығы, мемлекетаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазір де ол жауапты қызметте - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Аударма, редакциялау және Парламент актілерін шығару бөлімінің меңгерушісі.

Бұлардың бәрі - журналист істейтін қызмет. Аса жауапты, жетілген көсіпкерлікті, қаламгерлік шеберлікті қажет ететін қызмет. Болат - бұл талаптардың бәріне жауап беретін белгілі журналист.

Біз әлі кітаптан бас көтеруге жарамаған тұста, яғни бірінші курсты жаңа бітірген кезде республикалық жастар газетінде Болаттың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы» атты өткір сын мақаласы жарық керді. Жап-жас жігіттің қазақтың әдеби тілін таза сақтау женінде салиқалы ой айтуы әдебиет сүйер қауымды да, замандастары - біздерді де қатты таңдандырған. Ол кезде байбына жетпеппіз, сейтсек, КПСС Орталық Комитетінің органы «Коммунист» журналының бетінде сынға ұшырапты. Ал, Болат бір мақала жазумен тоқтап қалатын көлденең кек атты емес еді, содан бері түрлі басылымдарда оның көркем очеркі, проблемалық мақалалары, әңгіме-повестері үзбей жарияланып келеді. Ол -Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Жазушылыққа Болат журналистикадан келді. Рас, ол мектепте оқып жүрген кездің өзінде өлең жазатын. Олары Шу аудандық «Кировшы» газетінде жарияланып тұратын. Арманы ақын, жазушы болу екен. Алайда, оның қаламгерліктің жедел түріне айрықша бой ұруында ерекше себеп болған. Болат әкееі ерте қайтыс болған, мектепте, жоғары оқу орнында оқысын, шолжаң болмаған. Әмір атты ұлы жорықта ол езін де, бауырлары мен анасын да ақша тауып асыруға үнемі ұмтылып отырған. Қандай да қаламгер үшін саудасы шарт-шұрт жасалатын тірлік - журналистика. Міне, дәл содан да Болат журналистикаға көп тер тегіп барып, жазушылыққа бой ұрған. Меніңше, мұнысы жөн болған. Болаттың прозасы -жазуға әбден жетік қаламгердің қолтаңбасы. Оның «Жас жүректер», «Май жаңбыры», «Желсіз түнде жарық ай», «Бір үйдің балалары», «Ескі дәптер шерткен сыр», «Қарт тергеушінің әңгімелері» повестерін осы мақаланы жазар алдында тағы бір оқи отырып мен Болаттың қазақ прозасныда белгілі биікке көтерілгенін анық аңғардым.

Болат - біртоға, асып-тасуды, өсіп-бөсуді білмейтін азамат. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас» дейтін өсиетін берік ұстануға жаралған жан. Дегенмен ол өмірде де, өнерде де (шығармашылықты айтамын) есесін жібермеген.

Егер Сіз Болаттың мен жоғарыда атаған кітаптарын оқысаңыз, жасынан-ақ оның кеудесіне ізгі сезім, жарқын мақсат ұялап өскен, солары оны үнемі өрге сүйреген жас болғанын байқар едіңіз.

Біреудің ала жібін аттап көрмеген, ешкімге қылпықтай циянаты болмаған адам осы Болаттай-ақ болар. Қанағат, рахым ойлап жүретін кісіңде осы. Мен ұзақ жыл араласып жүріп оның қарапайым қаллынан айнығанын, кеудемсоқтық көрсеткенін көрген емеспін. Ол - бүгінгі жеткен биігінің бәрін бір ғана еңбегімен алған адам. Тегі Болат сияқты азаматтарда ақылы мен намысынан, өз күшіне сенуден басқа не болсын?!

Болат - заты момын жігіт, бірақ намысын ешкімге таптатып көрген емес. Қаңқу-саңқу сөзге араласып, ақылсыздық танытқанын да білмеймін.

Болаттың көптеген шығармалары лирикалық герой - «Мен» атынан баяндалады. Бұл - екінің бірі жетік емес төсіл. Болат болса, бүлайша жазуды жақсы меңгеріпті. «Мен» арқылы, яғни бірінші жақта баяндау, жақсы меңгерсе, шығарманы шыншыл етіп жіберді. Болатта бұл жағы жеткілікті. Айталық, оның «Шақырады жол алға», «Май жаңбыры» осы тәсілмен жазылған повестері бір-бірімен сабақтас, үндес, бірін-бірі жалғастырып, толықтырып тұратын шыншыл шығармалар. Бас кейіпкер - Бақыт арқылы автор сезімтал да сергек, рухани дүниесі бай, ізгілікке іңкәр, арманы ұшқыр жас замандас бейнесін жасайды. Бақыт - лирикалық герой. Ол оқыған ауыл, ұшқан ұя маған жақсы таныс. Бақыт

  • Болат оқыған ұстаздан мен де оқығанмын. Болаттың жас армандастарын да, алғашқы махаббатын да танитын сыңайлымын. Шығарманың шыншылдығы, шынайылығы деген осы болар, мен өмірде бар, Болат жазған геройларға иландым. Шағын Шоқпар бекетінің жетім баласының кеудесі алтын сандық екен. Өмірде көпті көрген, кекірегіне кепті түйген, Алматыда білім нәрінен қылтың-сылтыңсыз жүріп мейлінше сусындаған Болат Бодаубай - бұл күнде қарымды қаламгер.

Болат Бодаубай - шебер аудармашы ретінде де жемісті еңбек етіп жүр. Ол атақты жазушы Н.Носовтың «Дымбілмес пен достарының басынан кешірген хикаялары», «Дымбілмес күн қаласында», «Дымбілместің айға саяхаты» романдарын, Юз Алешковскийдің «Кіш, қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар», «Кіш екеуміз Қырымдамыз» повестерін орысшадан қазақ тіліне аударған. Балалар жазушысы ретінде білемін ғой, аударманың сәтті шыққанына оның көлемінің үлкендігін қоссақ, Болаттың бұл еңбегін ерекше бағалаған ләзім.

Болаттың қазіргі қызметі де адамнан мол білімдарлыкты, қарымды қаламгерлікті талап ететіні белгілі. Жақсы сөз жерде жатпайды, естіп жүреміз, біздің Болат Парламент қабылдайтын заңдардың мәтіні мейлінше сапалы, тілі жатық, мағынасы айқын әрі дл болуы, сол бір мәртебелі шаңырақ астында ана тіліміздің мерейі арта беруі үшін аянбай еңбектенеді екен. Ол басқаратын бөлімнің дайындап құрастыруымен заң актілері мен ресми құжаттарда жиі қолданалатын терминдердің «Орысша-қазақша ықшам сөздігі» жарық көріп, «Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы» екі тілде үзбей шығып келе жатыр.

Біз университетті бітіретін жылы Болат Хабиба есімді әдемі қызбен танысқан, кейін екеуі тұрмыс қүрып, үбірлі-шүбірлі бол-ды. Жары Хабиба - профессор. Ұлы Данияр жауапты мемлекетік қызметте, қыздары Дина мен Еңлікталантты музыканттар, екеуі де шетелде оқып, магистр атағын алған. Дина қазір Американың Колорадо штатындағы университеттің докторантурасында оқиды.

Болат жолдың бойында туып өскен Болат алпыс жасқа толыпты. Ол мүшел жасына шарболаттай берік, шабыты шалқар, ауыз толтырып айтар шығармашылық табыстарымен келіп отыр.

Алдағы уақытта да осы қарқыныңнан тайма, жақсы журналист, жазушы, аудармашы дос!

АЯЗ АҚЫН

1974 жылдың жазында Отар даласында теңдессіз той өтті. Қазақ сал-серісінің соңы атанған, ән мен жырдың кені - Кенен Әзіәрбаевтың тоқсан жылдық тойы еді ол.

Сол тұста облыстық партия комитетінде қызмет істейтін мен тойды өткізу жөніндегі алғашқы әңгімеден оның атқарылған соңғы шарасына дейін жақсы білемін. Бұл той ұсақ-түйегіне дейін мықтап ойластырылып, барлық шараларына қапысыз қам жасалынып, ұлан-асыр болып еткізілген еді.

Той салтанатын көрген де, көрмеген де арманда болған.

Қазақтың бір үлкен ақыны:- Қазақ жерінде енді мұндай той өтпейді, бұл соңғысы, - деп күрсініп еді.

Мен бұл сөзді ақынның Кенекең талантына табынғаны, тарылып бара жатқан заманды танығаны, өзіне мұндай той өтпейтініне налығаны деп ұғып едім.

Шүкір, тәуелсзідік алып, өз қолымыз өз аузымызға жетіп, өз ақынымызды, батырымызды ешкімнен қаймықпай қастерлейтін дәрежеге жеттік. Абай тойы, Жамбыл тойы, Бауыржан тойы өтті, Мұндай тойлар алдағы уақытта да өте береді, Сүйер ұлымыз болса, сүйеміз.

Кенен тойының бір шарасы ақындар айтысы болды.

Қазақ айтыс өнерінің өрен жүйрігі Кенекеңе арнаған айтысты аңыратып өлеңмен ашатын ақын ізделіне бастады. Тандау Аязға түсті.

Облыстық мәдениет басқармасының сол кездегі бастығы Рахман Медеулов пен инспекторы Қалымбек Еркінбаев Аязға сенді, күмән келтіргендер алдында шыжылдап қорғады.

Сөйтіп айтыстың беташарын айтуға жұрт алдына Аяз Бетбаев есімді бозжігіт шықты.

Жамбыл мен Сарыбастан алған бата, Ассалаумағайлейкум, Кенен ата. Арыны басылмаған ақын едім, Сөзімді кешіріңіз болса қата, Арнайы ат арытып сонау Шудан Кеп тұрмыз тойыңыздың дәмін тата, Жидебай, Сауытбектің жолын қудым, Өнерге жүрген жаспын үміт арта. Мен едім Бетбайұлы Аяз атым, Өлеңге жастайымнан болдым жақын, Шамамның келгенінше жеткізейін. Жүректің Сізге деген махаббатын,..Аяз осылайша шабыттана шырқап барып, жөпелдемелетіп төгіп-төгіп жіберді:

Ал, кәнекей, көмейім, Көпшіліктің алдында. Жырдан шашу төгейін, Алдында топтың келейін. Ойын тербеп халықтың Домбырамды жебейін...

Шіркін-ай, сөз қандай, ән қандай!

Тойшылар таңдай қағысты.

Абыз ақынның езі де қатты разы болып, батасын берді:

Әнің мәнді екен.

Сөзіңдәмді екен.

Сәлем берсең, бағың жансын,

Өнерің жалындасын.

Өнер жолы қиын жол,

Кейде кідіресің.

Кейде қабынасың,

Бірақ талмай ізденсең,

Халыққа таныласың.

Кенен атаның айтқаны айнымай келді.

Аяз көреген кісі атап көрсеткеннің бәріне лайық болды: бағы жанды, халыққа танылды.

Аяз Бетбаев - бұл күнде қазақ еліне белгілі есім.

Айтыскер ақын, әнші, жыршы, сазгер. Жұртшылыққа осыншама қырымен кеңінен мәлім болуды құдайым екінің бірінің еншісі етпеген. Ал, өнердің осы қырларының біреуін алып жүрудің өзі еш талантқа тарлық етпейді. Біздің Аяз - осылардың бәрінің ұшығына шыққан азамат.

Аяз тақыр жерге біткен тал емес, құнарлы, құйқалы өңірдің өскіні. Өзі: «Жолын қудым», -деп отырған Жидебай мен Сауытбек - Аяздың аталастары. Жидебай мен Сауытбек - Ашаның атақты алты серісінің серкелері. Аяз бұл аталарының сөзін жасынан жаттап өскен, қадір-қасиетіне қаныққан. Ол сондай-ақ Әбу, Жомарт, Саяпберген, Артықбай, Жампоз, Әшірәлі сияқты ақындардың өлеңдерін таңды таңға үрып айтатын болған.

Солардың әсері, әрине, Аяз өлең сөзде оңайлықпен дес бермейтін ақын болды.

Аяздың айтыскер ақын ретіндегі жұлдызды шағы былай түзіледі.

1972 жыл. Облыстық ақындар айтысы. Екінші орын.

1974 жыл. Кенен Әзірбаевтың 90 жылдығына арналған ақындар айтысы. Бірінші орын.

1980 жыл. Республикалық ақындар айтысы. Жүлдегер.

Айтысқанның бәрі жеңе бермейді. Аяз да сейтті. Айтыс ақындарының жаңа толқыны шықты сахнаға. Аяз орынын соларға берді; бірақ туа бітті өнері - ақындықтан қол үзген жоқ. Халқы ақын Аязын ортаға шақыруын тоқтатқан емес. Жамбыл мен Жәзілбектің, Қарасай мен Өтеген батырлардың тойларының беташарына жырмен шашу шашты. Бұл жерде бір гәп бар: «Аяз -арқалы ақындығымен қоса жезтаңдай әнші, ғажап жыршы, сыршыл сазгер, дәулескер домбырашы. Осы қасиеттердің бәрінің бір кісінің басына қонуы - сирек құбылыс. Оларды қатар ұстаған адамды атам қазақ ерекше құрмет тұтқан. Аяз сондай құрметке бөленіп отыр.

Аяздың сөзін де, әнін де өзі шығарған термелері өзінің орындауында әлдеқашан жұрттың құлақ құрышын қандыратын болған.

1983 жылы Ташкенттегі Бүкілодақтық фирмадан «Жетісу әуендер» күйтабағы, 1995 жылы Қытайда үнтаспасы шықты. Беріде Алматыдан «Шу толқындары» өлеңдер жинағы жарық көрді.

Аязды көзі қарақты, көңілі ояу қазақ алақанында аялайды.

Кенекеңнің тойына шымкенттіктер делегациясы құрамында келген, Шудан шыққан талантты жазушы Қарауылбек Қазиев Аязды көрген бойда құлап түсіп еді. Аяздың ән, термелері Қарауылбектің үзбей тыңдайтын үнтаспалары жинағынан түскен емес. Тіптен, Аязды Оңтүстік өңіріне арнайы шақырып, қазақтың құйқалы ел-жұртына өнерін тамашалатқанын қайтерсің.

Аяздың үнтаспасының Қытайдан жарық көруіне кезіндегі «Ақбақай» кен байыту АҚ президенті Төлеухан Оспанбеков демеушілік көрсетіпті.

1999 және 2000 жылдары Мәскеуде тұратын қазақтар Аязды арнайы шақырып, туған жер өнерін тамашалап, мауқын басты. Аяздың бұл сапарларына Жәнібек Елікбаев деген ұлтжанды азамат қолдау жасады.

Осыдан бірер жыл бұрын қазақ телевизиясы белгілі қаламгер Орысбай Өбілдаевтың отбасы туралы бейнефильм керсетті. Ол кісінің өзі де, балалары да домбыра тартып, ән айтады екен. Бәрі бір кісідей ездерін Аяздың шәкіртіміз деп отырды.

Шынында, Аязды ақын, әнші-термеші ретінде ұстаз тұтқан өнерпаздар аз емес. Өзімбек Жанқұлиев, Базарбай Асқаров, Бейбіт Шошабаев тәрізді белгілі енерпаздар - Аяздың шәкірттері. Бұлардың кейбіреуі айтыста Аяз жеткен биіктен асып түсті, бірақ бір нәрсе анық- олар Аязға еліктеп ақын, әнші болған, ал, Аяздың әншілік, жыршылық енерінің өріне көтерілген шәкірт табыла қояр ма екен. Домбыра мен әуезді соншама жымдастырып, сөздің мағынасын мейлінше жетік түсініп, сазды сан құбылтып айту Аязға ғана тән десек артық айтқандық емес. Айтысты Аяз қойғанымен, айтыскерлер Аяздың әнімен және мақамымен айтудан аттай алмай келеді. Өйткені Аяз - айтысқа нағыз халықтық әуен әкелген сазгер. Оның ерекше бір атап етерлік таланты шығыс поэзиясының жауһары Омар һәйәм рубайларын өзгеше мақаммен жырлауы болды. Омардың теңдессіз тәржімашы Қуандьщ Шыңғытбаевтың қазақшалаған рубайлары Аяздың орындауында жұртшылықтың іңкәр дүниесіне айналғалы қашан. Бұл күнде ол Омар һәйәмның Арғынбай ағасы аударған рубайларын, Арекеңнің Омарша толғаған төрт тағандарын нәшіне келтіріп айтып жүр.

Аяз - тамаша жыршы. Есте сақтау қабілеті ерен, бір ғана Омар һәйәмнің 1000 жылдан астам жырын жатқа айтады екен. Бұл -ерекше өнер.

Аяздың өзі шығарған әндері де бір төбе. Өзі, әнші жары Гүлшара Сәуірбайқызы, қызы Айзада, сазгер-термеші шәкірті Бейбіт Шошабаев болып Аяз әндерін айтқанда үлкен бір концерт түзіледі екен. «Жұлынған гүл», «Қызғалдақ», «Сағыныш» сияқты лирикалық әндерді әр жерден естіп жүрміз.

Әкесі Бекетай майданға аттанғанда артында ұлдары - төрт айлық Аяз бен бес жасар Сарноғайды жас жары Дәнебала құшақтап қала берген екен. Ана солдат түтінін өшірмей, екі ұлын да ел қатарына қосты. Сол қос жетім ұлдың бірі - бүгінде қалың қазаққа талантымен танылып отырған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Аяз ақын.

Өнерің өрге басып, өмірің өсе берсін, арқалы ақын, жезтаңдай жыршы, саңлақ сазгер, Аяз! Інім!

ЖАНЫ ІЗГІ ІНІ

Болат екеумізді жақындастырған менің «Шаншар атай» атты драмам. «Шаншар атай» 1979 жылы Жамбыл облыстық драма театрында сахналанды. Пьеса кейіпкерінің дені - балалар.

Спектакльді қоюшы-режиссер Тұрар Дүйсебаев балалардың рөлін ойнауға Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің бірнеше түлегін шақырыпты. Ішінде Болат та бар екен. Болаттың еншісіне сотанақ, сонымен бірге ақ көңіл, ақылды бала Санатбай тиді. Болаттың өзі де сондай бала-ау деймін, Санатбайды сан түрлі етіп құбылтып, құлпыртып, ең бастысы өмірдің езіндей етіп ойнады.

Спектакль Бүкілодақтық байқаудың бас жүлдесіне ие болып, даңққа бөленді. Мен қазір ойлаймын: Санатбайды Болат сомдамағанда спектакль діттеген жерден шықпас еді. Ауылдың

қағілез әдемі баласы Болаттың оң жамбасына келгендігі сонша (спектакльді көрген адам қайран қалатын.

Мен Болаттың талантты жас екенін бірден таныдым, екеуміздің арамызда ағалы-інілі әдемі қатынас орнықты. Содан бері сыйластығымыз бір мысқал да пәсең тартқан емес.

Болат біраз уақыт өнер ауылын жағалап жүрді де ат басын журналистикаға біржола бұрды, осы саланың жоғары білімді маманы болып алды.

Біз бір ұжымда бірге еңбек еттік. Сол жылдары облыстық «Ақ жол» газеттің басшылығында істейтін мен Болаттың азаматтық өсу, кәсіптік шыңдалу жолын өте жақсы білемін. Намысқой екен, демде-ақ аз жазса да саз жазатын қаламгер болды, журналистиканың қатты-қайрым шаруасының барлығын атқара беретін дәрежеге жетті. Осы тұста облыстық «Ар-Ай» жастар газеті ашылып, оның вас редакторлығына Болат Бекжанов тағайындалды. «Адамды сынағың келсе, қолына билік бер» - деген сыңайлы бір сөз бар, сол рас. Бас редакторлық Болаттың сыналар кезінің келгені еді.

Болат бұл жұмысты ұршықша үйіріп әкетті. Облыс баспасөзінің қара шаңырағы «Ақ жолдан» жақсы тәрбие алып, жеткілікті шыныққан екен, газет жұмысының барша ыстық-суығына қайыспай, «Ар-Айды» байыпты, іскер басқарып отыр.

Мен «Ар-Айдың» жас журналистерімен аз-кем араласқан сайын Болаттың адам танығыштығына қайран қаламын. «Ар-Айға» журналист ағайындарға да, оқырмандарға да беймәлім өң өрімдей жастарды жинап, жақсы газет шығару, әлбетте, оңай шара емес, ал Болат сондай тәуекелге барды. Қуаныштысы, ол іріктеген жастар сенімнен шықты. Біреуін атасақ, өзгесінің көңілін қалдырар, бәрі жазғыш жастар газетті қазір тамаша етіп шығарып жүр.

Болат ол жастарға ақылшы аға, қамқор да қатал талап қойғыш бастық болып отыр. Шығармашыл ұжымды алуан тақырыпқа қайрап салып, жастардың жазғанын ұқсатып жариялау бас ре-дактордан мол білім-біліктілікті талап етеді. Бас редактор ез қызметкерлерінен оқ бойы озық болуы керек. Болат қазір дәл сондай бас редактор. Ол, шын мөнінде, облыс, тіптен республика бас редакторлар корпусының саңлақ сардарының бірі, ақын, жазушы-драматург.

Сол Болат, жас Болат елуге келіпті. Тәйірі не, елу - ердің жасы.

Сенің таланттың сәйгүлік торысына қамшыны аямай басатын, қызмет бас палдағына жасқанбай ерлейтін жасың бұл, Болат. Әмісе сені өрден керейік, Жаны ізгі іні!

АУЫЛ АДАМЫН АСҚАҚТАТҚАН

Шулық журналист-жазушы Ахметжан Қосақов телефон шалып, «Қанатбай қарт биыл сексенге толады. Кітап жазылыл еді, оқып шығып, алғысөз жазып берсеңіз қайтеді?» - деп сұрады.

Сыйлас, ауылдас ініме етқызумен «Мақұл», - деп қалып, біраздан соң әлейім-жәлейім күйгетүстім. Сондағы мені мазалаған ой - кейбір қарттардың қолдарынан келмейтініне қарамай, белесті жасқа жетті екен, әдеп кітап шығарып жататыны. Нәтижесінде жылымшы бірдеңелер жарық көріп, оларды мақтайтындар да табыла кетеді. Шу еліне мол қадір-қасиетімен сыйлы, ғибратты өмір кешіп келе жатқан қарт Қанатбай Рысмендиев те осындай тірлікке барса, қайтем, мақтап ала женелемін бе, жоқ... Өз-өзімнен өстіп азапқа түстім.

Бай болғыр Ахметжан қолжазбаны ізін суытпай қолыма тигізгені, алғашқы сөйлемдерін оқысымен, кеудем кеңіп сала берді. Ахмет-жан ақсақалды қинамай, оның өмір жолын өзі жазыпты. Енді гәп басқа, кітап, жақсы ма, жаман ба, ол жағы - Ахметжанға сын.

Мен Ахметжанды асыра мақтамайын деп өзімді-өзім тәк-тәктап отырмын, әйтпесе, қаламдас інім бір деммен оқитын әдемі, татым-ды туынды әкеліпті өмірге. Оның ең басты жетістігі - қаламгер өз кейіпкерін өте жақсы біледі. Шығармаға ең әуелі керегі - автордың ез кейіпкері болмысының барлық қатпарына ендеп те, бойлап та қанық болуы. Ахметжан кітабының табысы да осы.

А.Қосақов кітабын «Өмір-өкініш», «Өмір-өнеге», «Өмір-өзен» атты үш белім етіп түзген, сейтіп, әр белімнің атына сай келетін етіп Қанатбай Рысмендиевтің өмір шежіресін шерткен. Осы бөлімдердің бірінде Ахметжан жазушы, бірінде ақын, бірінде журналист болып қалам тербейді. Дегенмен, мақсат біреу - ол Қанатбай қарттың толыққанды бейнесін жасау.

Ахметжан бұл мақсатына жеткен. Ал, шындығында, Қанатбай ақсақалдың өмірі бүдан үлкен кітапқа да арқау боларлықтай өте бай. Қанекеңнің емір жолы беті жай жылжып жататын, асты алапат ағынды езен іспетті. Әмісе сыпайы, ойлы жүретін, жан ,баласын ренжітіп көрмеген бұл қария - сейлесе қалсаң, шежіре, айтар ақылы, лұғаты мол абыз. «Ақырын жүріп, анық басқан» ақсақал - өмірдегі өз үлесінен құры қалмаған бақытты, бақуатты адам. Шырайлы да шынайы жары Әсембала екеуі өмірге он бала әкеліп, тәлім-тәрбиелі етіп есірген. Әттегенайы, аяулы жары өмірден озған. Сол ғана қартты қамықтырады.

Қанекең - қызмет деп аталатын бәйгеде де оза шапқан аға. Бір ғажабы - ол кісі өмірінде бір-ақ қызметті қаузаған – ауылдық кеңестің хатшысы, төрағасы болған. Мұндай өмірінде бір-ақ адамды сүйіп, өсіп-өнген, бір-ақ қызметтің баянын көрген адам некен-саяқ. Кітап кейіпкерінің оқырмандар ғибрат аларлық ең ғажап тұсы ді осы болар, сірә.

Алғыс сөздің діттейтіні көпіртіп мақтау да, тұқыртып даттау да емес, тоқ етерін әділ де нақты айтуға сайса керек. Осы тұрғыдан келер болсақ, Ахметжан өз кейіпкерінің - Қанатбай қарттың өмір кезеңдерін әдебиет пен журналистиканың барлық құралдарының басын тоғыстыра отырып толғап, үлкенге үлгі, кішіге өнеге боларлық әдемі кітап жазған.

Бұрын Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіров ағамыз жөнінде кітап жазған, драма жанрында да қалам қарымын байқаған, өлеңдері баспасөз бетінде жарияланған, ән мәтініне айналған Ахметжан мына кітабы арқылы көп өскенін көрсетіп отыр. Осы бағытыңнан таймай сілтей бер, інім!

Сенің назарыңа өмірі нұрлы, ғибратты Қанатбай іспетті қарттар бәрімізден бұрын түседі. Өйткені сен - өмірдің қайнаған ортасында жүрген қаламгерсің. Осы қалпыңнан айныма, бағытыңнан тан-ба, Ахметжан!

Ал, Қанекеңе, Қанатбай ақсақалға айтарым: бала-шағаңызға бас-көз болып жүре беріңіз!

Сіз - Қанатбай ақсақал - бақытты қартсыз!

ЖАСТАР ҚЫЗЫҒА ОҚИТЫН ШЫҒАРМА

«Жазушы» баспасынан жыл сайын біздің облысымыз қаламгерлерінің туындылары өз әл-қадарынша жарық көріп келеді. Міне, биыл да сондай дүниелердің бірі - жас жазушы Әлімқұл Бүркітбаевтың «Мұғалім» деп аталатын кітабы өмірге жолдама алып, оқырмандар қолына келіп таді.

Әлімқұлдың есімі баспасөз бетінде соңғы үш-төрт жылдың бедерінде керіне бастады. Сол кезде осы өзіміздің «Еңбек туы» газетінің мәдениет және тұрмыс бөлімінде істеп жүрген маған «Мына жігіттің жазған повестері бар екен. Оқып көрші», - деп таныстырып еді Әлімқұлды бір дос. Жас қаламгер творчестволық жолын әдебиеттің кішігірім жанрынан бастау керек деген ұғым бар. Бірақ ол шартты емес, әрине. Оны әдебиет алыптарының да, қазіргі әр деңгейде жүрген қаламгерлердің де жүріп еткен жолы дәлелдеген.

Дегенмен әу дегеннен әдебиеттің етегінен емес, шалғайынан алған жігіттің жазғандарына белім қызметкерлері қызыға көз салып едік. Бірден байкағанымыз: Әлімқұл өзі керген өмір үзіктерін жап-жақсы баяндай алады екен. Жетіспей жатқан жері көп-ақ, автор тілді еркін, жатық пайдалана алмайды. Осы іспетті сын-ескертпелер айтылып еді, Әлімқұл қызарақтамады, керісінше қуанып, сыннан қорытынды шығаратындығын білдірді. Арада екі-үш күн өтпей ол редакцияға қайтып келді. Бүл жолы біз мына жігіттің еңбекқорлығына таңданып қалдық. Жылдам жазатын алғыр сергек жігіт болып шықты Әлімқұл. Осы мінезінен ол күні бүгінге дейін айныған емес.

Әлімқұл спорт тақырыбына қалам тартады. Мұның өзі өте заңды да. Өмірді білмейінше өміршең дүние тумайды. Әлімқұл Бүркітбаев кезінде белгілі спортшы болған, бокстан СССР спорт шебері, қазір «Алатау» футбол командасының бастығы. Осыдан кейін Әлімқұлды споршылар өмірін білмейді, деп айта алмайсыз. Сонда да болар Әлімқұл геройларының барлығы спортшы.

«Алтын» Әлімқұлдың алғашқы повесі осылай аталады. Алғаш «Жалын» альманағында жарияланған бұл повесть ауыл балаларының совет жастарына тән оқуды, еңбекті, спортты сүю сияқты асыл қасиетке ұмтылуын ұтымды бейнелеген шығарма. Жасынан ер балаша киініп, еркешора болып өскен Алтын ауыл балаларының жаны, ордалы ойынның, алыс-жұлыстың ортасында жүреді. Нәтижесінде қыз қайсар, өзімсінген балаларды талай рет жер қаптырған қарулы болып өседі. Балалық базары асыр ойын, ерке күлкісімен өте шығады. Самат пен Алтын арасындағы жіңішке достық жібі екеуін махаббат деген құдыретті сезімге әкеліп жалғастырады. Колхоз бағында ай астында қауышқан құшақ бұл екі жасты мәңгіге бір болмаққа серт байлатқызады. Әстіп жүргенде Самат мектеп тамамдап астанаға арман қуып жол тартады да, Алтын туған ауылында қалып қряды. Алтын да спортқа алғашқы қадамын сәтті жасаған, езін енердің осы бір қызықты өлкесіне арнаған жас еді. Мезгілсіз соққан бір кара дауыл Алтын арманын қиып кетеді. Өгей шеше езі бас болып Алтынды мүлде сүймейтін жігіт Сейілхан үйіне келін етіп түсіреді. Бірақ Алтын өзі сүймеген адамына асыл жар бола алмайды. Алғашында түсініспестжтен алшақ кеткен Самат Алтынын қайта табады. Екеуі де енді өздері мақсат тұтқан арман биігіне қол ұстасып ұмтылады.

Бұл повесть жас қалам иесінің алғашқы адымын, болашақ алымын танытатын шап-шағын, жұп-жұмыр, шымыр дүние.Кітапқа спортшылар өмірін арқау еткен тағы үш әңгіме енген. Оның алғашқысы «Мұғалім» деп аталады. Мұны біз проблемалық әңгіме дер едік. Олай дейтініміз ауылдық жерде спортты дамыту - күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан толғақты мәселе. Жасыратыны жоқ, мектептерде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетіспеуінен кездейсоқ адамдардың еншісіне тиіп кетіп жүр. Содан да бұл мәселе жеткіншектер келешегін ойлайтын әрбір адамға түрткі салмай кете алмайды. Спортшы-жазушы да өміріміздегі осы бір ақаулықты аттап ете алмаған. Ауылға келген арнайы білімі бар ұстаз Әділбек мектептегі спортжұмысын жандан-дырып жібереді. Соның нәтижесінде денешынықтыру сабақтары жүйеге түсіп, қыз балалар әлі күнге етектен тарта беретін ескілік сарқыншақтарын әлдеқайда серпіп тастап, волейбол секциясында шеберлік шыңдайды. Нәтижесінде мектеп командасы аудан чемпионы болып, облыста жүлделі орынға шығады. Бұл, әрине, үлкен жеңіс. Алайда ең бастысы ауыл жастарының жүрегіне спортқа деген сүйіспеншілік орнайды. Өзін өрелі іске бағыттаған осы жігіт жұмысқа жан-тәнін сала беріле істеп, қайта асқынған ауруын өлемей еренсіздік етіп жүріп ауруханаға түседі де, қатарға қайтып қосылмайды. Осы бір жалт еткен жарқын өмірді өзінің ізбасарлары жалғастырады. Әділбек ауыл жастарының санасында әр кез тағылым тұтатын адамы болып қалады.

Әлімқұлдың ендігі екі әңгімесі «Қасымда сенсің, Раушан», «Көк телпек» деп аталады. Бұл лирикалық әңгімелер алғашқы жеңіс дәмін татқан жастар жайлы сыр шертеді. Әңгімелердің геройлары Раушан мен Сандуғаш велосипедші қыздар. Боксшы-жазушы Әлімқұл спорттың бұл түріне де жетік екен. Велосипед спортында кездесетін кездейсоқ қиындық, оны жеңу жолындағы спортшыға тән қайсарлық, спорт табыстырған татулық, махаббат осылардың барлығын Әлімқұл нанымды суреттейді. Жығылып тұрып жарыс жолын жалғастырған Раушан, жаттығудан жалықпайтын Сандуғаш еңбексүйгіштік, өжеттік деген әдемі күй шертеді.

«Көк телпек» атты әңгімені мен характер қақтығыстары бар, жас жазушының осы жинақтағы ең жақсы туындысы, дер едім. Жас бала Сағын, жаттықтырушы Сайлау, бұрын босаға көрген Сандуғаш арасындағы алуан түрлі сезімдер жасандылық танытпай жақсы бейнеленген.

Ия, шағын жинақпен әдебиетке жас жазушы келді. Ол біз жоғарыда тізіп еткен көптеген жақсы жақтарымен қоса кемшіліктерімен де келді. Олары қайсы енді? Алдымен мен Әлімқұлдың тілге салақтау қарайтынын айтар едім. Жазушы елегінен өткен ой маржан болып тізілгенде ғана оқушысын толғандыра алмақ. Осы тұрғыдан келгенде Әлімқұлдың олақтық керсетіп, мені айт деп тұрған әдемі ойларын жеткізе алмай қалатыны бар. Кейбір сөздердің ез мағынасында айтылмайтыны да кездеседі. Әйтпесе жалғыз ағасы еліп, шырылдап жылап жатқан Айгүлді «ол да бір бейбақ екен» (27 бет) деуге кімнің аузы барады?!

Жас жазушы баяндауға, баяндау болғанда да тізбектеп кетуге әуестеу. Баяндаудың өз ырғағын таба алмаған жерде кісіні мезі етіп, ойды көмескілендіріп кететіні бар. Әсіресе әңгімеде баяндаудың аз болғаны жақсы. Жас қалам иесінің осы жағына көңіл аударғаны, жанр ерекшелігін жақсы білгені дұрыс дер едік.

Шығармаға арқау боларлық әр құбылыстан сол дәуір, дәуір туғызған өмір шындығы керініп тұруы керек. Осы тұрғыдан да Әлімқұлға сын айту ләзім. Әлімқұл шығармаларын оқып отырғанда уақыт тынысын аңғара алмай қалатынымыз бар.

Мұның бәрі әрбір жас жазушыға тән кемшіліктер болуы да мүмкін. Дегенмен көрген-түйгені мол Әлімқұл сиякты жастың шығармаларынан ендігәрі кездеспесе құба-құп болар еді. Қандай да бір жақсы шығарманың оқушысына оп-оңай жол табатыны сиякты, Әлімқұл Бүркітбаевтың «Мұғалімі» де жастардың қызыға оқитын шығармасы болатынына біз кәміл сендік. Әсіресе спортты сүйетін жеткіншек қолынан кеп керінетін дүние бұл.

САУЫТБЕКТАНУДЫҢ САУАТАШАРЫ

Тараз мемлекеттік университетінің баспасынан С.М.Исматованың «Сауытбек ақын» атты монографиясы жарық көрді.

Сауытбек Ұсаұлы - XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Шу өңірін өн мен жырға бөлеген әуезді әнші, сыршыл сазгер, асқан айтыскер ақын. Соншама әріде емес, бері де ғана - 1870-1934 жылдары өмір сүрген Саукең шығармаларының сиырдың бүйрегіндей бөлтек-бөлтек болып, шарбы бұлттай шашырап кеткені өкінішті-ақ. Сауытбектің ел-жұрты білетін төл ту-ындыларын кейбіреулердің иемденбек болған әрекеттері де көрініс бергені таңдандырады әрі реніш туғызады. Тіптен ақын, әнші-сазгердің ел-жұртқа кеңінен танымал болған «Ақбөпе» әнін жинақтарға біресе халық әні деп қосып, біресе көл-кесір ән сөзінің бір-ақ шумағын енгізіп шұнтитқанын қайтерсің?

Алмас кездік қап түбінде жатпайды. Жүйелі сөз иесін табады. Сауытбек мұрасы да сондай, тұмшалауға, көлегейлеуге көнбей, сан-алуан жылға тартып өзін таба берген. Әлбетте, бұл - оның шын талант екенінің белгісі.

Шығармашыл адамның көп жазғаны, әрине, дұрыс, сөйте тұра оны бір-ақ шығармасы даңққа бөлейтіні бар. Сауытбек те сон-дай..Саукеңді әдебиет, енер әлемінің төрінен ойып тұрып орын алғызған туындысы - «Ақбөпе». Мұны белгілі бір жанрға таңбай, туынды деп отырғанымызда бір сыр бар. «Ақбөпе» ән, «Ақбөпе» - дастан, «Ақбөпе» - айтыс.

Ия, Сауытбек Ұсаұлы - бүкіл қазақ жартына осы «Ақбөпелерімен» мәшһүр. Дегенде, Саудекеңнің басқа да айтыстары, өлеңдері, әндері де аз емес еді. Әкініштісі, олары «Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кеткен.

Міне, енді сәті түсіп, әжептеуір дерлік бір ізге түсіпті. Бұрынғы өткен өнерпаздың барлығы, сөз жоқ, зерттеушіге зәру. Зерделі, адал, ізденгіш зерттеушінің зейінін аударған ақын, әнші, сазгердің бағы жанар болар.

Тараз мемлекетітк университетінің аға оқытушысы Сәрсекүл Исматованың монографиясын осындай ойлармен қолға алған едік. Бірден айту керек, автор Сауытбек Ұсаұлының эпик, лирик, айтыскер ақын ретіндегі болмысын бірқыдыру тындырымды зерттеп, танымды дүние ұсына білген. Біздің «әжептәуір», «бірқыдыру » деп пәстарта сөйлеуіміздің ұштығы С.Исматоваға емес, С.Ұсаұлы шығармаларының тым шашырап кеткендігіне барып тіреледі. Дегенмен, Сауытбек шығармашылығы әдебиет зерттеушілерінің назарынан ешуақыт қағыс қалып керген емес.

Қазақтың қазіргі ғұлама ғалымдарының бірі - Мырзатай Жолдасбеков, әдебиетші Б.Адамбаев, жазушы Әбді Шынбатыров, шымкенттік Ө.Оспанұлы, шулық әдебиетшілер Уәш Асатов, Жақан Қожағұлов, Бақытжан Текебай, марқұм Қарауылбек Қазиев, халық ақыны Ж.Жантөбетұлы, т.б. там-тұмдап болса да Сауытбек шығармаларын әр жерден қолдарына іліккендерін жариялаған болатын. Солардың көбісінің көп үңілген көзі Саукеңнің жиені айтыс ақыны Смайыл Қалипанов болатын. Смайыл ақсақалдың қолындағы Сауытбек шығарадалары бір чемодан екен. Қулық-сұмдықтан ада Смайыл ата нағашысының шығармаларын жария бола берсін деп сұрағанға бере берген ғой. Оның қаншасы адал. Қаншасы арам қолға тап болды екен, бимәлім. Монография авторы да бұл жайды жақсы аңғарған.

Сауытбек Ұсаұлының өмірі мен шығармашылығы мені көптен қызықтыратын, азды-көпті білетінім де бар. Саукең - менің аталас атам, күнту. Содан да болар, ол кісі жөнінде үлкен-кіші бас қосқан жерде әңгіме бола қалса, қандай да бір дерек-дәйек күткендер маған қарайды. Ұлтымыздың мақтанына айналған ағамыз Шерхан Мұртаза: «Сен неғып Сауытбек жөнінде шығарма жазбай жүрсің?» - деп тұқыртып та алған. Осы тілекті қазіргі қатарымда жүрген қаламгерлер де айтады. Әрине, белгілі тұлға жөнінде шығарма жазу үшін бір ғана аталас болғаның аз. Ол үшін. кейіпкерің болар тұлғаның өскен ортасын, өмірін, егер ол өнер адамы болса, шығармашылығын жақсы білуің керек. Міне, маған осылар жетпей жүретін, Сәрсекүл Исматованың монографиясымен танысқан соң менің Сауытбек Ұсаұлын тану көкжиегім қандай да бір әрекетке баруға жетерліктей болып кеңіді.

Сауытбекті жұрт көбіне «Ақбөпе» әнінің авторы деп бағалайтын. Ия, көзін көргендердің айтуынша, ол - сөзін де, әнін де өзі шығарған, өзі тамаша орындаушы да болған кәдімгі қазақ сал-серісінің асқан өкілі. Мен өзімнің «Мен - апамның баласымын» атты романына «Ақбөпе» дастанын енгізіп, отбасы түгел отырғанда дауыстап оқып бергенімді жаздым. Сонда әкемнің мынандай сөз айтатыны бар:

- Жөн екен. Бұл бәрі емес, біразы екен. Саукең мұны бір түн жырлайды екен. «Ақбөпенің» әні де бар.

Әкемнің осы сөзінің анықтығына С.Исматова монографиясынан толық жауап алып отырмын.

Сәрсекүл былай деп тұжырымдайды: «...Сауытбек сол күйікпен сол жерде атақты «Ақбөпе» әнін шығарып, әлемге бақытсыз махаббатын жария етеді. Ән артынан ақын «Ақбөпе» дастанын тудырады. Сауытбектің Ақбөпемен айтысы, «Ақбөпе» өлеңі мен «Ақбөпе» әні, «Ақбөпе» дастаны ортақ бір тақырыпта үш жанрдың бірлескен циклы ретінде қазақ мәдениеті тарихында бұрын-соңды болмаған өзгеше құбылыс». Өте дұрыс, әділ баға.

С.Исматованың мына монографиясын оқыған соң Сауытбектің әдебиет пен өнердің барлық саласында өрен жүйрік екенін ерекше сезініп, ерен қуанышқа кенеліп отырған жай бар. Әмісе Саукеңнің «Ақбөпе» әніне ауып келген көңіл құрғыр оның басқа жанрда басын оздырғысы келмейді. Алайда, Саукең айтыс өнерінің ақтаңгері екен. Оның біз бұрыннан білетін інісі Сыбанбекпен айтысы Сәрсекүл талдаған Майса қызбен және Ақбөпемен айтыста-ры нағыз інжу-маржан деген ой түйгізіп отыр.

Саукең айтыстарында өмірдің боямасыз шындығы бар. Сауатбектің айтыс өнеріне ден қоюы інісі Сыбанбекпен сөз қағыстырудан басталады. Ағайынды екі ақын осы айтыстарында өздерінің кедейліктерін ашына жырлайды, алайда армандарына жететіндіктеріне сенімді екендіктерін реалистік тұрғыда жария етеді.

Сауытбек алты ағайынды: Зәуірбек, Күсебек, Сауытбек, Іңкәрбек, Тәтелбек, Сыбанбек. Бұлардың Сауытбегі мен Сыбанбегі - ақын, Тәтелбек - күйші, қалғандары - шаруа. Сауытбек пен Сыбанбектің айтысында ағайынды алты кедей жігіттің хал-ахуалы адам аярлыктай болып көрініс алған.

Қараңыз, Сауытбек:

Сыбанжан, жүр дегенде қалдың неғып,

Өте ме сенің күнің жылқы бағып.

Бола ма тәуір жігіт деп ойлаушы ем,

Қор болдың Жеріндіктің отын жағып, - деп қағытса Сыбанбек:

Басыма жарасымды кидім тымақ,

Ауылым Майтөбеден кетпейді ұзап.

Баққаным менің жылқы зиян емес,

Бөркімді киіп жүрсің тойға сұрап, - деп жауап қатады.

Бүған Сауытбек былайша ренжігендей болады: Бетіме бір бөркіңді еттің салық, Мінеки, қимай тұрсаң, қалғың алып. Саған міндет қылып мен неге айтпаймын, Жасыңда арқалаттың жетім қалып.
Сыбанбектің жауабы тіптен әдемі:

Рас-ау, жас күнімде асырадың,

Намыс қып оның несін жасырамын.

Отын жақ Жеріндіктің дегеніңе,

Азырақ бауырлықпен ашынамын.

Осы бір кішкентай үзіндіде үлкен өмір бар.

Жасынан жетім қалып, Жеріндік деген бай әйелдің жылқысын бағып жүрген іні Сыбанбектің, оны арқасына салып асыраған қамқор, бүгінде тойға киер киімі жоқ ақын Сауытбектің шер-мұңы - бұл айтыс. Сол заманның шындығы шырқырайды мұнда.

С.Исматова Сауытбектің Майса қызбен айтысын тамаша талдайды, «...көркем қыз бен жігіт айтысының қорын байытатын озық тумалардың бірі» деп қорытынды жасайды.

Біздіңше, Саукең - көп айтысқан ақын. С.Исматова да оның біразын атап өтеді. Ақын айтыстарының ішіндегі шоқтығы биігі -Ақбөпемен айтысы.

Кенесары хан жасағының құрамында келіп Шу бойына тұрактан қалған отыз үйлі қыпшақтың қызы, ақмаңдай ару Ақбөпе мен Сауытбектің айтысы - бағасын толық алып болмаған айтыс. Сәрсекүл Исматова бұл ретте орнықты да батыл қадамға барған.

Тор жайсам деп едіңіз тұйғын құсқа,

Оралсын. Торыңыздың жолын нұсқа.

Ойлаған мақсатыңыз орындалсын,

Созыңыз қолыңызды, қолымда ұста.

Сауытбек, ақ тұйғынға қолыңды кер,

Қолыңа қондырсаң, жұрт орында дер.

Қосамын тілегімді мен де сізге,

Қолымды қысып ұста, қолыңды бер.

Ақбөпенің бұлай ағынан жарылуы бұл айтыстың ХІХ ғасырдағы басқа айтыстардан озық екенін көрсетеді. Осыны жақсы аңғарған С.Исматова мынадай ой түйеді: «Біржан мен Сара айтысында Біржан да Сараға теңі емес адамға ұзатылып бара жатқанын айтқанда, Сара мүдіріп, айтыс токтайды. Ал, «Сауытбекпен Ақбөпе айтысында» Сауытбек Ақбөпенің теңі емес адамға ұзатылып бара жатқанын айтқанда, Ақбөпе мүдірмейді, одан шығатын жол іздеп, айтысушы жігітке қолын ұсынады, әрекет ойлап, қайшылыкты шешу қамына кіріседі. Сауытбек те таққан мінінде тұрып қалмай, қыз әрекетін дұрыс керіп, серт байласады. Драма шешілмейді, жалғасады».

Монографияда Саукеңнің әнші, сазгерлігі жайлы да кеңілге ұялатарлық пікірлер айтылады. Саукеңнің өлеңдері мен айтыстарына ешкімнің таласы жоқ, ал қазақ өнінің ең әдемісінің бірі «Ақбөпеге» суық қолын сумаңдатпақ болғандардың аз болмағаны мәлім. С.Исматова зерттеуінде «Ақбөпенің» Сауытбектің өні екендігіне еш күмән туғызбайтыкдай болып дәлелденген.

«Сауытбек Ұсаұлының «Ақбөпе», тағы басқа әндерін алғаш нотаға түсіріп, ұлттық мәдениет қорына енуіне себепші болған адам - Сәкек Сейфуллин» деп жазады С.Исматова.

Бұл ретте, әсіресе, осы еңбекте келтірілген Б.Ерзакович пікірі ерекше құнды. Ендеше, музыка білгірінің пікірін келтірейік: «озық классикалық үлгісіне «Ақбөпе» өнін де жатқызамыз. Оны XX ғасырдың сонау басында-ақ қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің (1894-1939) әндетуімен А.В.Затаевич жазып алған. Алайда А.В.Затаевичтің жазғанымен (мәтінсіз) біздің үлгіміз арасында біршама айырмашылық бар, Әннің көркемдік құндылығы мен әлеуметтік мәнділігі жоғары. «Ақбөпені» бізге қазақ өнерінің белгілі қайраткерлері, халық әндерінің әрі үлкен білгірі, әрі тамаша орындаушысы Құрманбек Жандарбеков айтып берді. Ол «Ақбөпені» Сауытбекпен кездескенде автордың өзінен үйреніп алған».

Музыка білгірі Б.Ерзакович Саукеңнің «Ақбөпесін» әдемілепталдап, жоғары бағалайды. Саукеңнің аса дарынды сазгер екендігін құяды құлаққа. «Акбөпе» өнін қазақтың белгілі әншілерінің көбісі орындаған, Жамал Омарованың, Құрманбек Жандарбековтің, Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауындағы «Ақбөпе» радио-концерттерде өлсін-өлсін естіліп қалады. Бір ғажабы әртүрлі екпінмен, мақаммен шырқалады. Біз өз ауыздарынан естіп жүрген бүгінгі Аяз Бетбаев, Асылхан Шүңіреков орындаған «Ақбөпе» де екі түрлі ырғақпен әндетіледі. Бұл Сауытбектің Ақбөпесі тура-лы әртүрлі жағдайда әрқалай зар төккенін білдірсе керек. Жә, «Ақбөпе» әні әйтеуір бар, ал «тағы басқалары» қайда? Олар Саукеңнің кезін көріп, әнін тыңдаған қарттармен бірге келмеске кетіп барады. Олар Сауытбек туралы монография жазып отырған С.Исматованың да қармағына ілінбеген.

Сәрсекүл Исматова монографиясының ең табысты тұсы – Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында тұрып, өмірден өткен (1902-1966ж.ж.) халық ақыны Белгібай Бектұрғановтың деректері. Белгібай - кезінде Саукең ауылында алты ай жаз жатып, айтулы ақын, әнші-сазгердің өз аузынан «Ақбөпені» де, тағы басқа шығармаларын да жазып, үйреніп алған ақын. Осы бай материалдарының негізінде «Ақбөпе мен Сауытбек» деп аталатын ұзақ дастанжыр жазады. Сәрсекүл Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының қорына Белгібай ақын тапсырған қолжазбаны тауып оқып, ғылыми айналымға түсірген.

Біз «Ақбөпені» өзі жоқта ұзатылып кеткен сүйген қызын Ұланның тұмсығына дейін қуып барып, ұлып қалған Сауытбектің зары деп білуші едік. Белгібай ақын түнемелдеп отырған көштің арты-нан қуып жетіп, ебін тауып Ақбөпесімен жолыққан Сауытбектің бақытты да қайғылы халін жырға қосыпты.

Көрінді таңның жарығы,

Құшақтасып қайғырып,

Кеттік деп енді зарығып,

Таң ата жылап айырылды,- деп аһ ұрады Белгібай ақын қос ғашықпен бірге.

Сәрсекүлге рахмет айтсақ, болар, өмірдің, өнердің драмасын алға тартып отыр.

Монография авторы Саукеңнің өмірде көрген қуаныш-қайғысы жөнінде өлеңдерінің қолына түскендерін келтіріп, олардың қандай жағдайда туындағаны жайлы жақсы талдау түсінік береді. «Садыр болысқа», «Сауытбектің Солтыбайға амандасуы» тәрізді жырлары - өмір шындығы. «Сауытбектің Тұрармен амандасуы», «Сәкенге жолдауы» Саукеңнің ұзақ толғауға да сарабдалдығын көрсетеді. Сонымен бірге,ақынның соқтықпалы, соқпақсыз өмірінен мол дерекбереді.

Біз Сәрсекүл Исматованың осы шағын, тап-тұйнақтай ғылыми еңбегіне таңданыс білдірсек те болады. Мұнда ел аузында онсыз да еленіп жүрген Сауытбектің өмірі мен шығармашылығының мәлім және беймәлім тұстары жылы, сондай-ақ жинақы, ғылыми тұрғыдан нақты да дәлелді өрнектелген. Ең бастысы, зерттеуші Сауытбектің бағасына жеткен. Оның бәрін айтып жату артық болар, дегенмен Сәрсекүлдің «Сауытбек - айтулы айтыскер ақын. Қыз-жігіт айтысының озық үлгілерін жасаған майталман жүйрік... Сауыт-бек өлеңдері, дастандары-көркемдігі биік тұрған шығармалар», т.б. пікірлерін разы көңілмен атап өткен ләзім.

Монография әдебиет білгірі профессор Мекемтас Мырзахметұлының, филология ғылымдарының докторы Зейнол-Ғабден Бисенғалидың пікірін білдірулерінен кейін барып жарық көрген. Мұның өзі де бұл еңбектің құндылығының айғағы.

Ежелден қалыптасқан дәстүрмен «әттеген-айларды» да айта кету керек шығар. Бұл тұрғыда кітаптағы әріп қателеріне көп көңіл бөлінбегені өкінішті. Өйткені, әріптердің ауысып түсуі сөздің мағынасын өзгертіп жібергуе дейін барған. Автордың осы жағына мұқият болғаны жөн еді. Сауытбектің ақындық, азаматтық ортасы деген мәселелерді С.Исматованың өзі де айтып отыр. Жам-был бабамыздың ізбасарлары, шәкірттері, жоғарыдағы Шу бойы ақындары Бармақ, Қылышбай, Майса қыз, Жақсыбай, Ашаның алты салы, соның ішінде, әсіресе, Сауытбекпен аталас Жидебай ақын-шешеннің шығармашылығымен Саукең туындыларын, өмірін өзектестіре, монографиядағыдан кеңірек қамтып баяндағанда жақсы болатын еді.

Сөз соңында айтарым: Сәрсекүл Исматова Сауытбектану жөнінде сауатты еңбек жазған. Өзі бұл еңбегін бұдан әрі ендеп те, бойлап та ұлғайта түсуді кездеп отыр екен, іске сәт!

«ҰШҚАН ҰЯ» - ҰЛТТЫҚ ШЫҒАРМА

Ұлтымыздың біртума ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы - үлкен жазушы да. Баукеңнің өзі бастан-аяқ қатысқан Ұлы Отан соғысындағы қаруластарының теңдессіз ерлігі жайлы төл туындылары, оның аузынан жазып алып, бір әрпін өзгертпей қағазға түсірген Александр Бек пен Әзілхан Нұршайықовтың та-маша романдары әлемді шарлап кеткелі қашан.

Баукеңді әдебиеттің биік тұғырына көтерген шығармасы - «Ұшқан ұя» кітабы. Бұл кітабы үшін ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ие болған.

Кезінде бұл кітап туралы белгілі қазақ қаламгерлері Тәкен Әлімқұлов, Сәуірбек Бақбергенов, Рамазан Тоқтаров, Әміртай Бөриев және басқалар тебірене қалам тербепті. Біздің мақсатымыз - «Ұшқан үяға» бүгінгі күн тұрғысынан үңілу.

Бірден айту керек, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы - нағыз ұлттық шығарма.

«Куба әсерлері» кітабында Баукең, жалпы, өзі қалам тербеп жүрген тақырыптары, оның алғашқысы жөнінде былай дейді:

«СССР азаматы тұлғасындағьі қазақтың қалыптасу процесі. Бұл тақырыптың өзі 1911-1941 жылдар аралығын қамтиды. Осы тақырыпты игеру үстінде менің «Біздің семья» («Ұшқан ұя») деген кітабым және бірнеше әңгімелерім жарық көрді».

Ия, солай, жазушы өткен ғасырдың отыз жылын қамтитын үлкен шығарма жазуды жоспарлаған. Алайда оның орында-луы «Адамның айтқаны болмайды, алланың дегені боладыға» сайған, толық жүзеге аспаған. Бұл жөнінде баласы Бақытжанмен әңгімелесіп отырып Баукең: «Өзім жайында айтайын. «Біздің үй» деген кітаты жаздым да, оны әрі қарай жалғастыра алмадым», -дейді. Бір жақсы жері шамамен қазақтардың 1911-1920 жылдар бедеріндегі тыныс-тіршілігі өмірдің өзінен ойып алынып, аса дәл де нанымды етіп бейнеленген тамаша шығарма - «Ұшқан ұя» игілігімізге айналған.

Өзі де, сөзі де өткір, батыр Бауыржан «Ұшқан ұяда» қазақ халқының өмір тынысын кең, қапысыз қамтып, оймақтайдан соқталы ой түйіп, өн бойына өң шындық тұнған шығарма жазған.

Адамның ең аяулы, ең ыстық, кейінгі бүкіл өміріне өзек болар ақыл-ойы қалыптасатын, тірісінде есінен де, түсінен де кетпейтін кезі - балалық шағы.

Балалық шағын еске алып, келелі шығарма жазбаған жазушы кемде-кем. Олардың есімдерін атар болсақ, ұзыннан-ұзақ тізім түзілер еді. Оны қойып, «Ұшқан ұя» туралы таратып айтайық. Баукенің өзі оны «жеке азамат әңгімесі» - дейді. Біз айтамыз: әңгіме болғанда қандай! Ғажап!

«Ұшқан ұя» — сан қырлы, алуан бедерлі, айтарлықтай күрделі шығарма. Бір қарағанда ол анау айтқан көлемді дүние емес, бірақ «кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» дәл өзі. Баукеңнің өзі оған ен тақпаған, жанр жамамаған, «Біздің от-басы» деген де қойған. Оны орыс тілінен қазақшаға аударған Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя» деп атаған. Біз білеміз, Баукеңнің келісімінсіз жан адам ол кісінің жазғанының да, айтқанының да жарты сөзін өзгертіп көрген емес. Тұтқабай да сөйткен, соған орай біз де «Ұшқан ұя» деп сөйлеуге мәжбүрміз.

Рас, асау, ашулы полковниктің бұл асқан шығармасы алғаш рет 1956 жылы орыс тілінде Ресейдің Калинин қаласында жарық көрді. «Баспадан» деп берілген аннотацияда бұл әзірше автор ойлаған өмірбаяндық үлкен романның басы ғана делінген.

Қалай дегенде де «Ұшқан ұя» - осы күйінде бас-аяғы жұп-жүмыр, кесек шығарма.

«ұшқан ұяның» ұлттық сипаты оның алғашқы беттерінен-ақ аңғарылады. Бауыржанның атасы Имаштың, әжесі Қызтумастың әрекеттері нағыз қазақы қалпымыздың қалыбынан шыққан. Қазақ халқы ұрпағының келешегіне ешуақыт енжар қарамаған.

Бауыржанның әжесі «аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен», атасы «қазанның түп күйесінде» қара болыпты. Әжесі немерелерінің жиіркенбей сүйетіндей болып туғанын қалап, балаларына ай көрікті ақ перизатқа үйлен деген қатаң талап қояды. Содан да ұлының үлкені - Момыш отыз үш жасында бір-ақ үйленеді.

Қазақ перзентінің бәрін жақсы көрген, бірақ ұл баланың жөні бөлек. Әбден күттіріп барып, төрт қыздан кейін келеді өмірге Бауыржан. Сонда, шілдехана тойында тоқсан бір жастағы Имаш ба-басы былай деп бата берген екен:

Алатаудың қыраны мол еді -

Қырағы болсын, қүлыным.

Қойнауы суға мол еді -

Бұлағы болсын, құлыным.

Елдің тілегі зор еді -

Шырағы болсын, құлыным.

Ата тілегі оң еді -

Құмары болсын, құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді -

Сыңары болсын, құлыным.

Бауыржанның анасы Рәзия - қазақ келіні.

Мен «Қазақ келіні» деген сөздің алдына әдейі ешқандай анықтауыш қоспай айтып отырмын. Шешесінен үш жасында жетім қалған, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен ғана білетін жазу-шы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді. Сөйте тұра, кішкентай бір өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт-дәстүрімізге жетік, ибалы, иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі әрі дәл бейнелеген,

Ерте көктемде ағаш көшетін отырғызып жүрген атасының алдына екі-үш айлық Бауыржанды әкеліп:

- Атасының қолын үзартып, қолқабыс беруге келді, - депті Рәзия ізетпен иіліп.

Неткен инабаттылық! Ата дәстүрімізге адалдық-ақ қой, шіркін!

«Ұшқан ұяның» өзінен үзінді келтірейік. «Атам еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:

Құрық деп берсем - құл болма,

Шыбық деп берсем - шіл болма.

Бәрінен де, шырағым,

Баяны жоқ ұл болма,

- деп келініне мені қайтып берген екен.

Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп әкем сол күні кешке мал сойып ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты».

Баукең Имаш бабасының екі рет қол жайып, сақалын сипағанының біріншісін бата, екіншісін есиет деп біледі. Екеуі де сағынтып дүниеге келген ұлдың жақсы азамат болуына арналып айтылған тілек. Екеуі де - жаттанды емес, шын көңілден шыққан сәз. Екеуі де біздің халқымыздың шешендік өнері үлгісімен аяқ астынан суырып салып айтылған сез. Міне, енді кітапты сол дара қарияның дана сөзінің қабыл болғанын біліп отырып оқығанның өзі қандай жақсы! Халқымыздың ойға зерек, сөзге жүйріктігін сезінуіміз қандай жақсы! Ия, Бауыржан атасының батасы дарып, өсиет-тілегін орындаған азамат болып еседі. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» - деген бабалар арманының терең мәнін ұға түсетініміз қандай жақсы.

Осы жерде айтқан ләзім, Шерхан Мұртаза Баукең жөніндегі «Ноқтаға басы сыймаған» атты драмасын осы аяулы детальды ойнатып пайдаланудан бастайды. Спектакльді көрген жұрт Имаш атамыздың тебірене айтқан бата-өсиетіне қатты ұйып, қайран қалған.

«Ұшқан ұя» - терең теңіздің түбінен терілген ең осындай інжу-маржан тізілген дүние, батыр Баукең бала Бауыржан күнін егіліп еске түсіреді.

Кітап кейіпкері - халқымыздың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының ет жақындары. Баукең олардың бір де біреуіне бүйрегі бұрмай, ешқайсының болмысын бұрмаламай, өзді-өз мінез-құлыктарымен бедерлейді.

«Бала қиялы кергендерінен көлемді ой түйіп жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді. Дәл қазір кез алдыма сонау сәби кездегі қызық пен қуаныштың елестері түйдек-түйдек жаңғырып, жанымды жай таптырмай отыр».

Рас сөз. Балаларға арнап шығарма жазған жазушылардың бәрі дерлік есінде қалған «үзік-үзік үмітті» сүзіп кәдеге жаратады. Баукең де сөйткен. Баукеңнің есінде қалғандары аса зерек адамның айтуымен адам жанын айрықша баурайды. Көлемі шап-шағын «үміттердің» салмағы зіл қара тас, бәрі ұсынықты ой түйгізеді.

Солардың бірінде әжесінің жанында жатқан бес-алты жастағы Бауыржан жарым түнде оянып кетіп, қораның екінші бетіндегі әкесі жатқан үйге беттейді. Ертесіне үйдегілер оны екі ботаның ортасында ұйықтап жатқан жерінен тауып алады. Әкесі мейірлене күледі, әжесі қатты ашуланады. Бәрі бала қылығының астарын түсінеді, бірақ ешкім тіс жарып ештеңе айтпайды. Ләм-мим деу артық, бәрі түсінікті. Баланың әкесін жақсы көретінін білдіруін қалай әдемі тауып жазған Баукең?!

Шешесінен үш жасында жетім қалған Бауыржан да, бұл отбасының басқа балаларының бәрі де әжесінің бауырында өседі.

Бауыржанның әжесі - Қызтумас ана - қазақ әдебиеті әжелер галлереясындағы ең жарқын да аяулы бейнелердің бірі. Бұл адам бір үй емес, бүкіл әулеттің қамқор анасы, ақылшысы. Баукеңнің әжесі - асқан ақылды, халқымыздың ұшан теңіз ақыл-ұлағатын бойына мол сіңірген, солардың бәрін немерелерінің бойына да-рыта алған адам.

Баукеңнің өзіне сөз берелік:

«- Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын...»

Ананың бесік әнін, әженің ертегілерін құлағына құйып өспеген баланың көкірек көзі көр болатыны әлімсақтан белгілі. Бала Бауыржанның дана Баукеңе айналуының бастауы әжесінің ғажайып ертегілеріне қанығып өсуінде екені айдан анық.

Бұл тұрғыда ұлы Бауыржанның әжесі Қызтумаспен ұлы Абайдың әжесі Зеренің ұқсастығы байқалады. Зере әжемізді ұлы Мұхтар Әуезов сүйсіне жазса, Қызтумас әжемізді ұлы Бауыржан Момышұлы елжіреп еске алады. Екі әже де қазақтың қайталанбас ұлдарын өмірене сүйіп, немерелерінің бойына қазақтың ең жақсы қасиеттерін еккен, адам болуды ардақтауға бағыттаған.

Қызтумас әжей балалары мен немерелеріне асқан ақылшы болумен бірге әділ, қатал тәрбиеші де. Бұл жөнінде көп айтуға болады, әжей өзінің тәрбиешілік қызметін мейірімін төгіп отырып та жүзеге асырады. Бұл жерде, әсіресе, тым қызу қанды, ұрма-соқпа кенже немересі Момынқұлға деген мейірімділігі адамның ет жүрегін елжіретеді.

Баласының әрбір әбес қылығына шыж-быж болатын әжеміздің ендігі бір сәтте: Қай жерің ауырады, құлыным? Сусын берейін бе? Жастығың
жайсыз емес пе? - деп елпең қағуы қағылезділік емес, қазақы
мінез.


Айналып қана кетейін апалар-ай, сендердің ашуларыңның бары осы ғой. Олар балаларын осындай жұмсақ ашумен де тәрбиелеген.

Бауыржан Момышұлы - кемел ойлайтын кенен, ұсақ-түйектен аулақ, жасқауды білмейтін өжет, ойындағысын ірікпей айтатын өткір, барлық тірлігі батыр адам.

«Ұшқан ұяны» оқыған адам Бауыржанға тағдыр берген талай қасиеттің туп-төркіні оның тегіне тірелетінін айнытпай аңғарады. Бауыржанның өз жұрты да, ңағашы жұрты да - кесек. Бауыржан өз тегінің парқын біліп өскен бала.

Бауыржанның «орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы шымыр шал» Имаш атасы баласы Момыш «атжалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде шаруа билігін соның қолына берген. «Ауылдағы келін-кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас» өжейдің өзі де:

  • Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, - деп отырады екен».
    Сол кездегі қазақ ауылына тән мәселелер - алыс-беріс, көшіқон, жер мәселесі, ас-той, дау-думай жайы - бәр-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Бауыржанның әкесі араласқан ісінің бәрін тындырымды атқарған. Затында салауатты, әділ, бекзат адам ерелі тірлік терінен көрінген.


Реалист жазушы Бауыржан әдеби әдістерді молынан пайда-лана отырып, әкесінің образын өте жақсы сомдаған. Момыш - ел-жұртқа қисса оқып беретін зерекбала, жастық желікпен қыздармен айтысқа түскен ақын, өз бетімен тырбанып жүріп сауатын ашқан молда, өмір ағымына ілесе алатын білімді адам, қиындыққа қарамай балаларының бәрін аяқтандырған аяулы әке.

«Үйдің жақсы болмағы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» деген аталы сөз бар қазақта. Әлбетте, қазақ мұны жақсы жиенге айтқан. Бауыржанның әкесі Момыш осындай жақсы жиен болған.

Жазушы әкесі Момыштың нағашы атасы Текебайдың парасаты мол ақсақал, нағашы ағасы Серкебайдың арсың-күрсіңдеу, алайда әділеттіліктің ақ жолына басын тигізуге әзір шалт мінезін кішкентай-кішкентай өмір үзіктер! арқылы-ақ әдемі бейнелейді.

Серкебайдың шектен шығып бара жатқан Момынқұлды қыржақтап-тыржақтағанына, әкпесі Қызтумастың қарсылығына қарамай, ауылына алып кетіп, екі жыл үстіне ұзын ақ шапан кигізіп, басына сәлде оратып оқуға үңілдіріп қойғаны ұрпақ тәрбиесіне біздің қазақтың ерекше назар аударатындығының көрінісі іспетті.

Сайлаудың ел ішін бұзатыны ежелден белгілі. Момыштың жас жігіт кезінде өткен сайлауда Текебай мен Талас Алатауының бөктерін жайлаған жаңабайдан шыққан атақты Байзақ датқаның баласы Қабылбеқ бақталас болады.

Сайлауда бақталасының үстінен арызды қарша борату - сол кездің бір жиіркенішті көрінісі. Қабылбекжағы да сөйтеді. Олардың жаласына шыдай алмаған Текебайдың отыз жасар ұлы Серкебай жасақ жинап барып, Қабылбектің ауылына ат ойнатып, аузына келгендерін айтады.

Сонда Қабылбек тырс етпепті. Қайта ашу кернеген ауыл жігіттеріне:

- Тоқтат! - деп ақырып қалған. - Опық жейтін сол Серкебайдың өзі болады әлі, - депті.

Ал, жау шапқандай болып келген баласына Текебай:

- Ақымақ! - депті.

Үш күн дегенде Серкебай әкесіне келіп, аяғына жығылады.

- Мені құдай сыйлады. Өзімнен жиырма жас үлкен Қабылбектің бетінен алып, тілім тиді. Ел көзіне қарайтын бет қалмады.

Ақыры, әкелі-балалы екеуі Қабылбектің алдына кешірім сұрап келеді.

Сондағы Қабылбектің айтқаны айқайға сүрең қосып отыратын парықсыздарға сабақ боларлық-ақ.

- О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болса да сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені?! Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой, әттеген-ай. Ат-шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстіндегі зерлі шекпенін шешіп Текебайдың иығына жауыпты. Сөйтіп тұрып Жаңабай жағына қарап:

-Уа, ағайын! Сайлауда Текебайға дауысберіңдер! Мен қойдым дауысқа түскенді! - деп айқай салған.

Қандай әдемі, қазақы мәрт мінез.

Коммунистік идеология би-болысты, бай атаулыны түгелдей жексұрын деп үйретіп, бас шұлғытып қойған заманда Баукең осы бір кішкентай деталь арқылы олардың адамгершілігін ардақтап жазады. Өйткені, Баукең - қазағын сүйетін, қазағының қадір-қасиетіне жеткен биік тұғырлы тұлға, жазушы.

Адам - өз заманының перзенті, соның отын оттап, суын ішеді, сөзін сөйлеп, ісін істейді, қас-қабағын күйттеп, дәмін татады. Текебай би мен Қабылбек болыс та солай. Соны жақсы ұққан жазушы: «олардың аттандаулы аламантасыр өміріндегі бір парасатты сәт әлгі сол екеуі де аттан түсіп, бір-бірінен кешірім сұраған кез екен» деген әдемі байлам айтады.

Қазақ халқының өміріндегі келеңсіз бір тірлік - қалың мал. Та-лай арудың көз жасын ағызып, талай кедей жігіттің жігерін құм ектен бұл кесепат та ілігіпті Баукең қаламына.

«... Мал бергені барады алып кетіп,

Кедейшілік қолымды кесіп отыр», - деген Сауытбектің Ақбөпесіне қолы жете алмай, «тағылық заңына лағнет» айтып, күңіренген зарын мысалға келтіріп алып, Зәпира сұлудың зарлы өмірін жан ашырлық етіп баяндаған.

Кітапқа тағы бір қазақ әйелінің тәлекке түскен тағдыры арқау болған. Ол - күйеуінің күдігіне нақақтан күйген Зәуре.

Осы тұста негізсіз күмән тағылған Момынқұл мен намысы аяққа тапталған Зәуренің, бұл іске билік жүргізген Жарымбет ақсақалдың сөздері шешендіктің үлгісіндей болып түзілген. Ұшқыр ой, мірдің оғындай өткір сөз, сол кездегі жиналғандардың да, бүгінгі оқырманның да сай сүйегін сырқыратады.

«Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады», - демекші, Зәурені де, Момынқұлды да шешен еткен, Жарымбет ақсақалға кетіп бара жатқан Зәуреге «тоқта» деп айтқызбаған жайт, адам арының аяққа басылуынан асқан әділетсіздіктің болмайтындығы.

Момыштың інісіне: «Есуас болсаң да бүгін өзіңді ақылды ұстадың», - деп разы болуы да халқымыздың әділеттілікті әркез әспеттейтінің бір көрінісіндей.

Бауыржан Момышұлы 1942 жылғы қазанның 18-інде майдан-нан «Абай» романын авторына жазған. «Ардакты Мұхтар аға» де-ген хатында қысқа да нұсқа ойларын айтады. Хаттың бір жерінде мынандай сөздер бар: «Қазақтың салт-санасы, әдет-ғұрпы толық, айқын, көркем көрсетілген (мен олардың шет-жағасын көргенмін, сондықтан түсініп, біліп отырмын, тек айтылған сез деп таппаңыз)».

Баукең өзі керген «шет-жағасын» «Ұшқан ұяда» тек ғажап деген сөзге ғана лайықты, кел-кесір қылып жазған. Бауыржанның екінші әкпесі (ия, әпкесі емес «әпке» деген сөз Дулат Исабековтің осы аттас драмасынан кейін пайда болды. Баукең тіптен орысша да әкпе деп жазады: «Зачем ты, акпэ, мне родила такого племянника?» «Наша семья») Үбиянды ұзату кезіндегі қазақтың тұрмыстық салт-жоралғыларының қызға құда түсуден ол келін болғанға дейінгі аралықтағы жен-жосықты жасау кәдімгі бір әдемі сценарий іспетті. Баукең, әлбетте, бұлайша анық-қанық етіп тектен-тек жазбаған. Қазақ тілі, ділі, салт-дөстүрі туралы әркез шын жанашырлық танытып отырған Баукең осыншама әсерлі әрі жанды етіп әдейі жазған. Ана тілімізден, ата салтымыздан айы-рылып, анығы қызыл империя алыстатып бара жатқан сол тұста қыз ұзату, келін түсіру жайын осыншама кең келемде, соншама байыбына барып, қызығушылық туғызатындай етіп суреттеу -Баукеңнің кең ойлап, кемел пішкенінің жемісі, Баукеңнің қазақ деп соққан алып жүрегінің алапат дүрсілі.

Осы тұста «Ұшқан ұядағы» қызды құтты орнына қондырудың жай-жапсарын бастан-аяқ жазуы Бауыржан Момышұлының ұлы ағасы Мұхтар Әуезовпен үндес болғанын атап айтқан жөн. Мұхаң Абай мен Ділдәнің отау құру жайын оқиғаға ұл жағынан еніп суреттесе, Баукең қыз жағынан кіріп толғайды. Әрине, Абай мен Ділдәнің үйлену тойы екі апайтөс байдың ас та төк байлығын, мырзалығын бір-бірінен асыру бәсекесі райында өтеді. Ал, Үбианды ұзату үрім-бұтағымен намыстан жаралған Момыштың жоқты бар еткен жанкешті әрекетімен жақсы мәресіне жетеді. Аюбайдың әкесі Майлыбай да бай емес, сөйте тұра ол да ел-жұртымен келіндерінің ақ босаға аттау тойына барын салады.

Қазақта үміт артқан баласын ерте бастан ел-жұрт жиналып көңілденетін, кесем сөз айтылатын думанды ортаға, қарама-қарсы жақтар шарпысып, айтысатын даулы жерге қатыстыратын бір жақсы үрдіс болған.

«Әке - балаға сыншы». Момыш сияқты ақылды әкенің жөні-бір бөлек. Момыш Бауыржанды жасынан атына міңгестіріп алқалы жиынның бәріне алып барып жүреді. Олардан көргендері Бауыржанға үлкен сабақ болады. Егер әкесі олай етпеген болса, «Ұшқан ұядағы» өткен ғасырдың екінші он жылдығындағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі дәл осыншама толыққанды болып көрініс алмаған болар еді. Сондай басқосулардан болмаса, Жарымбет, Аққұл, тағы басқа дана да дара қарттардың ақылсөзін тындамаса, ауылға жаңалықтың лебін әкелген білімдар саясаткер Сыдық Аблановтың елім деп соққан жүрек лүпілін, лұғатын естімесе, Бауыржан зерделі, зейінді болып есер ме еді, жоқ па, кім білген.

Бір нәрсе анық - Бауыржан Момышұлына батырлық та, даналықта езі шексіз сүйген қазақ дейтін халқынан, ұшқан ұясынан жұғысты болған. Баукеңнің «Ұшқан ұяда» біздің халқымызға тән асыл қасиеттің бәрін асқақта жазуының сыры да осында.
АБАЙТАНУШЫ АҒА

Мекемтас ағаны танып, біліп, араласа бастағаныма кеп болған жоқ, бас-аяғы бес жылдың жүзі дерлік қана уақыт өтті. Соның белгісі - ғұлама ғалым ағаның 2000 жылы жарық көрген «Айналған аты аңызға Момышұлы» атты кітабына қойған мына қолтаңбасы: «Кештетіп табысқан бала көңіл Әлдиханға ағалық көңілден ескерме. 4.10.2000».

Ия, ескерме. Бауыржан ағамыз қолтаңбаларын осылай түйеді екен. Мекемтас көкеміз де ұлы ұстазы әрі ет жақын ағасынша осылай жазыпты.

Міне, содан бері Мекең ағалық, мен інілік көңілден айныған емеспіз.

Біз сияқты әдебиеттің айналасында жүргендер түгілі қалың қазаққа белгілі ғалым ағамыздың Тараз қаласына қоныс аударып келгені, әлбетте, елеулі оқиға. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы мұндай белгілі тұлғаның облыстың осы сал адағы тыныс-тірлішігіне сілкініс әкелері сөзсіз еді, солай болды да.

Мұның үстіне Мекең ұлтымызға, туған тілімізге, ділімізге жаппай ден қойған кезде келді Таразға. Дәл осы кезде көл-көсір білімімен көсіле сөйлер бір білімдар қажет еді біздің өлкемізге. Сол кісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттіксыйлығының иегері, профессор Мекемтас Мырзахметұлы болып шықты.

Сол жылдары облыс баспасөзінің көшбасшысы - «Ақ жолдың» тізгінін ұстаған мен халықтың өткені жөніндегі материалдарға кең жол ашатын едім. Меніңше, тарихи, әдеби, мәдени мүдделерімізді сөз еткен материалдар аз жарияланбаған сияқты. Сауатсыз, жазба әдебиеті, көне мәдениеті жоқ бұратана деп тұқыртып тастаған еліміздің бай мұраларына әділ бағаны шын таланттылар ғана берсе керек. Ондай адамның қол жетер жерде болғаны қандай жақсы Біз атақты ғалыммен шығармашылық байланыс орнаттық.

Мекеңнің редакцияға әкеліп тапсыратын мақалалары мен сөздері тым өткір. Оның көбінде бұрын ешкім жеріне жеткізіп айтып көрмеген қомақты ойлар тұнып тұратын. Ғасырлар бойы құқай көрген, шектеудің шеңберіне қамалған халықтың мұң-шерін айту қашан оңай болған?! Оның үстіне Мекең - бүгінгі тірлікке сын көзбен қарайтын талғампаз, ойлы адам. Ғылым-білім, дауы бітпейтін тіл проблемалары жөнінде біреуге жағатын, біреуге жақпайтын кесімді, өткір материалдар ұсынды «Ақ жолға». Мен бір де біреуінің мұртын бұзбай жарыққа шығардым.

Бір нәрсе ерекше атап өтуге тұрарлық - ол тарихты әдебиет арқылы танытты бізге. Алып Ер Тоңа, шығыс әдебиетінің жауһарлары туралы терең зерттеулері, нақты да дәл ғылыми тұжырымдары тұшындырып қана қоймайтын, таңдандыратын да.

Мекемтас Мырзахметұлын республиканың ғылыми элитасы аса білгір абайтанушы деп біледі. Абайдың жүрегінің түбіне терең бойлаған адам саусақпен санарлық. Соның бірі – Мекең ағамыз болғаны қандай ғанибет!

Мекең қаншама асқан абайтанушы болса, соншама бауыржантанушы да. Оның бастамасымен өткен жылдан бері «Бауыржан Момышұлы мұралары

XXI ғасыр көгінде» атты ғылыми-зерттеу орталығы ашылып, жұмыс істеп жатыр. Орталық-жұмысына профессор ағамыз жетекшілік етеді.

Осы жылдың басынан бері орталыкта мен де еңбек етіп жүрмін. Аз уақыт, дегенде, қызмет бабында ғалыммен пікірлесіп қаламыз, әр әңгімеден соң біртүрлі байып қаламын. Бір ғана Батырлығына ерекше тәнті болып жүрген Бауыржан ағамыздың ұлы ойшыл, ақын, жазушылық қырларының айдыны ашыла түседі. Бауыржан мұралары халық игілігіне айналса, рухани өміріміздің байып, мәдени байлығымыздың арта түсетіні кәміл. Осы игі істің бастауында білгір адамныңтұрғаны қандай жақсы!

Профессор Мекемтас Мырзахметұлы - үлкен ұстаз. Оның бұл саладағы қызметі өте көп. Ол туралы айтылар әңгіме аз емес. Олар, әрине, басқалардың еншісі.

Мен Мекеңнің әдебиеттің тамаша білгірі екенін әз басымнан өткен мына бір жайдан да анық байқадым. «Мен - апамның баласымын» атты романымды көңілдес ағайындардың бірі ретінде Мекеңе де қолтаңба жазып бердім. Редакцияға бір келгенінде Мекең «Роман өте жақсы екен. Ондағы оқиғаның бәрі өмірде болды ма, болмады ма, мәселе онда емес, оқушыны бәріне нандыра алыпсың, мәселе сонда» деді. «Әжең керемет, Абай мен Баукеңнің әжесі тәрізді. Қазақ әдебиетіндегі әжелер бейнесінің ең бір әдемісі екен», деді. Тағы бір кездескенде Мекең: «Қазақ әдебиетіндегі Абай, Бауыржан және сенің әжең жөнінде магистрантыма зерттеу жұмысын жүргізуді тапсырдым» - деді. Міне, енді сол магистрант еңбегін сәтті аяқтап, қорғап шығыпты. Адамға еңбегінің еленгенінен артық не бар, ал оған себепші болған ағадан артық кім бар?!

«Мен - апамның баласымын» романымды өткен жылы Қазақстан Жазушылар одағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынды. Өкініштісі, сөреге жете алмады. Сыйлыққа ұсынып, қолдап, пікір айтқандар арасында Мекемтас аға да бар еді, енді көңіл айтты: «Ештеңе етпейді, өкініш өтеді, шығарма қалады».

Рахмет, аға!

Үлкенге де, кішіге де шарапаты, қамқорлығы мол аға 75 жасқа толып отыр екен, өмір жасыңыз ұзақ болып, атқарар істеріңіздің ауқымы арта берсін, аға, дейміз біз оған.
АЙНА-ҚАТЕСІЗ

1. Взвод командирі

Алпысыншы жылдардың ортасында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің жиырма жылдығына орай Мәскеу баспаларының бірінен Александр Бектің «Волоколамское шоссе» романы қалың, әсем безендірілген кітап болып басылып шықты.

Ол кезде мен әскерде қатардағы жауынгер болып қызмет етіп жүргенмін. Біздің әскери қалашық Ашхабад қаласының дәл ортасына орналасқан. Қалашыққа таяу жерде үлкен кітап дүкені бар. Мейлі жарты күндік, мейлі санаулы сағаттық еркіндік алып қалаға шықтым болды, алғашқы бас сұғатын жерім - осы кітап дүкені. Сондай бір барғанымда «Волоколамское шоссені» сатып алдым.

Әлбетте, мен кітаптың аудармасы - «Арпалысты» бала күнімде оқығанмын. Біз - Бауыржан Момышұлының ұлтымыздың ұлы перзенті екенін ерте біліп өскен ұрпақпыз. Аты аңызға айналған ағамыз жөнінде талай әңгімеге қанықпын. Алматыда еткен студенттік күндерімде халық батыры әрі жауынгер жазушымен болған кездесулерде талай рет көргенмін, лұғат сөздерін естігенмін.

Александр Бектің айтулы романын университеттік әдеби біліммен, әскери өімрдің қайнаған ортасында жүріп түп нұсқадан оқу керемет әсер етті. Баукеңнің хас батыр, асқан ақылман бол-мысын осыншама жанды, әсерлі сөзінген кезім болған емес. Бауыржан тәрізді ұлы бар қазақ халқы қандай бақытты еді десеңші!

Ленин бөлмесінде кітапты осындай бір аяулы да асқақ көңіл-күйде оқып отырғанмын, байқамаппын, жаныма взвод командирі аға лейтенант Растрыгин келіп қалыпты. Орнымнан атып тұрдым.

  • Отыра беріңіз, отыра беріңіз, андағыдай ғажайып кітапты оқып отырған солдатты мазалау - күнә, - деді аға лейтенант.

  • Шынында, жақсы кітап екен, аға лейтенант жолдас.

Сіз сыпайылық білдіріп тұрсыз, ефрейтор жолдас. Айттым ғой, бұл - ғажайып кітап. Ия-ия, сіз әдебиетті жақсы білесіз, бұл кітаптың басты геройы - Бауыржан Момышұлы - сіздің жерлесіңіз, қазақ. Ол - бір ғана батыр емес, білікті қолбасшы, ғажап стратег, нағыз өскери педагог. Ұлы Отан соғысы туралы осыншама шыншыл шығарманы мен өлі кунге оқыған емеспін. Бұл кітаптың шынайылығының басты себебі - Бауыржан Момышұлының қайталанбас қасиетіне тікелей байланысты. Тіптен, білгіңіз келсе, айтайын, Бауыржан Момышұлы - романның тең авторы. Кітапқа бастан-аяқ Бауыржанның айтқандары арқау болған. Момышұлы алдыңғы шептің, үздіксіз шайқастың командирі, әйтпесе, оның өзі де кітап жаза алатын ақылды адам. Ол - небір қысылтаяң шақта жол тауып кететін сұңғыла командир, қарамағындағыларға қатаң да қамқор әке, бір сөзбен айтқанда, бәріміз үлгі алатын тұлға. Қарулы күштер осындай қолбасшыларымен күшті.

Сіз сенесіз бе, кітаптың кей беттерін оқығанда көңілім босап, көзіме жас келді. Момышұлы - неткен қайтпас қайсар, өр тұлға, сонымен бірге неткен еңбегі елеусіз қалған аянышты адам. Мұндай ұлы бар қазақ халқы - ұлы халық.

Мен кеудемді қуаныш кернеп, тұла бойым ұйып, сілтідей тынып тыңдап қалыппын. Сөйтсем, Ленин бөлмесінде отырған солдаттардың бәрі бізді" қоршап алыпты. Бәрі командиріміздің айтқанын селт етпей, тыңдап қалған.

Аға лейтенант Борис Александрович Растрыгин - өзгеше офицер, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен қандай да бір зиялылық, тектілік байқалып тұратын. Солдаттарға зекіп ұрысқанын көрген емеспін, жай сөлепақ қатаң талап қоя білетін, бір де бір бұйрығы орындалмай қалмайтын.

Мен түсініп тұрмын, біздің командиріміз Бауыржан Момышұлын пір тұтып, сондай болуға тырысады екен.

Кеудемді қуаныш кернеп, көзіме жас үйірілді.

Бауыржандай ұлы перзенті бар халықтың ұлымын - мен!

«Волоколамское шоссені» мен көзімнің қарашығындай сақтап оқып жүретінмін, мына әңгімеден кейін оған сұраныс көбейді. Кітап тұрмақ жарты күлше нанды бөлісіп жүрген солдат достарыңнан қайтіп аярсың. «Оқыған соң өзіме қайтар», - деп беріп едім, қайтып қолыма түспеді, бүкіл батальон қолдан-қолға тигізбей оқып жүрді. Мейлі, қайта солдаттар оқысын, білсін Бауыржан Момышұлының кім екенін!

Осыдан біраз жыл өткен соң, Одақтарардың алдында Алматы-Мәскеу жолаушылар пойызында ойламаған жерден Борис Александрович Растрыгинді кездестірдім.

Бір кездегі жіптіктей, сұңғақ бойлы, менен көп үлкен емес, мауыздай жас аға лейтенант шашы бурыл тартқан, сәл толған, басалқалы полковник болыпты.

Бір-бірімізді бірден таныдық.

  • О-о, сіз де Бауыржан Момышұлы сияқты полковник болыпсыз ғой, - дедім бірден қуанышымды білдіріп.

  • Ия, полковник болдық, бірақ Момышұлындай болу қайда?! -деп ағынан жарылды Растрыгин.

  • Мен сіздің осындай парасатты адам екеніңізді солдат болып жүргенде-ақ білгенмін.Солай ма?

  • Солай. Сіз әлі генерал боласыз.

  • Қалайша?

  • Бауыржан Момышұлына жабық болған жол, сізге ашық. Ол да, мен де үнсіз ойланып қалдық.

Әңгіменің ауаны қайда алып бара жатқанын екеуміз де түсіндік.

Сол кезде дауыстап айтуға болмаған жайды қазір жазуға да болады.

Әй, қойшы, айтарым да, жазарым да Бауыржан Момышұлы -Ұлы қазақ!

2. Нұсқаушы

Жетпісінші жылдардың басы. Облыстық партия комитетінің на-сихат және үгіт бөлімінде нұсқаушы болып қызмет істеп жүрген кезім.

Бір күні әріптесім Юрий Константинович Руденко:

- Айтшы, Бауыржан Момышұлы дивизия командирі болған ба?

- деп жабыса кетті.

- Болған, - дедім бірден.
-
Оны қайдан білесің?

- Оны қазақтың алты жасар баласынан алпыс жасар қартына дейін біледі.

- Ой, қойшы!

- Жоқ, қоймаймын. Бауыржанның кім болғанын білмейтін қазақ

- адам емес, айуан!

Юрий Константинович Руденко - менен жасы біршама үлкен, жуас, партиялық жұмыстың майын ішкен, іскер адам, менің неге қызарақтағанымды түсінді.

- Сіз ренжімеңіз, ашуланбаңыз. Сіз жалпы қазақты айтасыз, ал Момышұлының дивизия

командирі болғанын обкомның хатшысы білмей отырса, қайтпексіз?

Маған осыны біліп беруді хатшы тапсырды, көмектесіп жібергеніңіз жөн, - деді.

  • Қайтіп?

  • Білетіндерден сұраңыз.

  • Менің бетім шыдап оны ешкімнен сұрай алмаймын. Жұрт: «Топас», - дер, өзіңіз бірдеңе етерсіз.

«Іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ» кез еді ғой ол. Әйтпесе, осыны сұратып отырған хатшыны біраз жерге апарып тастауға болар еді, оның үстіне партиялық әдеп тағы бар, адымыңды аштырмайды.

Юрий Константинович - істің көзін білетін қызметкер. Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат табу оған көп қиындық келтірген жоқ, әлбетте.

Облыстық кітапхананың қызметкерлері бір құшақ кітап әкеліп, Руденконың айтқанын тауып беріпті.

Шаруасы бітіп, хатшыны разы етіп, көңілі орнына түскен соң Юрий Константинович:

  • Сіздің айтқаныңыз рас екен, менің сұрағыма кітапханашылар кәдімгідей дүрдиіп қалды, бірақ сыйлап ештеңе демеді. Шынында да, Бауыржан Момышұлының өмір жолын, әскери қызметі баспалдақтарын қазақтың бәрі біледі екен. Біздің хатшы неге білмейді? - деп ойланып қалды.

  • Юрий Константинович, сіз оған қиналмай-ақ қойыңыз, халық білсе болды. Хатшыға сіз боп, біз боп жазып береміз, - дедім күлімдеп.

  • Бұл күлетін жай емес, ұят. Момышұлын бәріміз білуіміз керек екен. Мен кітапханашылар әкелген мына кітаптарды түгел оқып шығып барып, қайтарамын өздеріне, - деді Руденко құлшынып.

  • Көріңізші, олардың ішінде «Волоколамское шоссе» бар ма екен?

- Бар.

- Онда алдымен соны оқыңыз.

Юрий Константинович - түсінігі мол адам, ешқандай артық-ауыс сөзге келмей, менің айтқанымды істеді.

Оның романды оқып шыққаннан кейінгі қуанғанын көрсеңіз. Сондағы маған айтқандарын бір кездегі Растрышннің айтқанының тұп-тура кешірмесі дерсіз! Сондықтан оны қайталап жатпай-ақ ең бастысын айтайын, ұлы орыс халқыныңтағы бір сауатты, ақылды азаматы қазақтың ұлы перзенті Бауыржан Момышұлына тәнті болып еді сонда.

Ал, халқымыздың маңдайына біткен бірден-бір біртуар перзенті жөнінде дымды да білмейтін хатшының бұл күнде ұлтжанды азамат болғансып жүретінін қайтерсіз?

ЕКІ ДҮНИЕ АЙЬІРЫҒЫНДА

Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театры жергілікті қаламгер Елен Әлімжановтың «Жанталас» атты драмасын сахнаға шығарды.

Оқиға 1920 жылдың көктемінде Жетісуда өтеді. Бұрын әлденеше повесть, әңгімелер жазып төселген прозаик, қаламы жүрдек журналист көрермен ынтығып отыратын оқиғалар тізбегін құрып, тарихи шындықтан қылпықтай да ауытқымай, сол бір аумалы-төкпелі заманның шытырман шырғалаңы көп тірлігін кең ауқымды, сонымен бірге тұтас та шымыр етіп сомдаған.

Жаңа заманның өзгеше тірлігі Шалқар байдың ақ ордасын шайқалтып тұр. Жырынды бай біраз адамның басын қосып, «мынау кілең дінсіздер жайлаған өлкеде орын жоқ» екенін, ар жаққа кешу керектігін айтады. Енді қас пен көздің арасында драма кейіпкерлерінің бар болмысы, бетперделері ашылып жүріп береді. Ауыл ақсақалы Әбілаһат ата мекенінен аяқ аттап кете алмайды, осында оның ата-бабасының сүйегі жатыр. Оқыған жігіт, алашорда партиясының бұрынғы мүшесі Шәкіртте қытай өтіп кетуге қарсы, ол - халықпен бірге болуды ойлайтын азамат, Шалқардың күйеу баласы осы қазір кешуге пейіл, оның көкейін тескен - байдың қалың жылқысы.

Осылайша екі дүние айқасы басталады.

Сахнаға енді жасағымен Кочкарев шығып, оқиға мүлде шиыршық ата түседі. Бұл - ақтардың штабс-капитанының Қытайға өтіп бара жатқан беті. Ол күні өткенін іштей сезсе де сырттай жа-лын күдірейтеді. Әбден ашынған жаралы жыртқыш бейбіт ауылға лаң салады. «Ұлы Россияның шекарасын аттайтын күнді үлкен «той» жасап етпек?!

Кочкаревтің ойраны екі дүние айрығында тұрған адамдарды шұғыл белсенді әрекетке бастайды.

Шалқар бай тобы Кочкаревтің айтқанына көніп, айдауына жүріп, елпең қағады. Ойлағандары - қайткенде де малын, дүниесін аржаққа аман-есен алып етіп кету. Кочкаревтің ауылды басынып, қызы Сәнімді қорлауы Шалқар байдың жанын ауыртпайды.

Ақтарды өкшелеп қуып келген Әділет бастаған қызылдар от-ряды халық қайғысына ара түседі. Халық дәулетін әкетіп бара жатқан Шалқар мен Кочкарев жазалануы керек. Әділет дереу шара қолданып, аржаққа ететін жалғыз аяқты жауып тастайды.

Жолы кесілген жаулар қызылдар алған қылтадан ету үшін айла ойластыруда бірінен-бірі асып түседі. Кочкарев қалың жылқыны қаптатып, сонымен араласып етіп кетпек. Шалқар бай Әділеттің осал жерін нұсқайды, оның туысқандарын, ауылдың кедей-кепшігін алға салып барып етуді үйретеді.

Сонымен Жандайдың жалғыз аяғы қызылдар қолында, одан өту үшін халықты алдына салып айдап ақтар келеді. Оқиға өзінің кульминациялық шарықтау шегіне жетеді.

Спектакльдің негізгі өзегі, бас кейіпкері - халық тағдыры. Жеке-леген кейіпкердің барлығының әрекеті, сөзі осы халық тағдырына байланысты туындап, өрбиді. Ақтар оны алға, яғни оққа тосып аржаққа өтпек болса, қызылдар қутқарып алмақ. Халық қауқарсыз емес. Халықтың бір өкілі Далабек Кочкаревтің өктемдігіне мойынсұнбай, дүре соғуға тиіс солдатты өлтіріп қашып кетеді. Сол қайсар жігіт ең шешуші кезеңде халқын құтқару жолында қаза табады. Халықтан шыққан тағы бір кесек тұлға - Әбілаһат. Ол Далабектің сүйегін аттап өтпеймін, деп ата жолын алға тартады. Қайда да халқыммен бірге дейтін оқыған жігіт Шәкіртті де халық өкіліне жатқызуға болады. Ішіне жарылғыш зат салынған сандықпен ол ақтардың кейін серпіліп, қызылдардың ауыл адам-дарын құтқарып алуына үлкен көмек көрсетеді. Сөйтіп халық қатерлі өткелде өзін-өзі құтқарады.

Режиссер Әскер Құлданов осылайша халықты алдыңғы планға шығарып, спектакль шешімін дұрыс іздестіреді. Бірақ бұдан басқа кейіпкерлердің әрекеттеріне ешқандай да көлеңке түспейді. Осы орайда пьесаның басты-басты екі ерекшелігін айырықша атап өткен ләзім. Біріншіден, ондағы барлық характерлер дараланған. Бәрінің де аласапыран кезеңде үстанған өз позициялары бар. Әрбір образ біртендеп дамып, өрбіп, идеялық нүкте қойылып отырады. Азамат соғысының талай шығармаға арқау болғаны аян. Алайда автор бұл тақырыпқа өзінше келген. Пьесада өмірлік позициялар мен идеялық позициялар кескілескен қақтығыстарға түседі. Автордың қызылдар мен ақтарды кездестірулері, міне, осыған қызмет етеді.

Екіншіден, пьеса тілі шұрайлы. Әрбір кейіпкер өз сөйлеу мәнерімен ерекшеленеді. Мәселен, Әбілһат би шешен болса, Шалқар байдың күйеу баласы, қызыл командир Әділеттің ағасы Қасым томырық. Сөз арасында «жануар» деген сөзді қосып отыруы оның характерін, өзінің де малдан өзгені білмейтіндігін көрсетеді. Ал, қызыл әскер Қойшыбай әзілқой болса, қазақшаға еркін тілі келмейтін Петр шымшыма. Сөз реті келгенде айта кетейік, қарапайым шаруа екілдері - қызыл әскерлер қарым-қатынасы оқиғасы қою да ауыр спектальдің өн бойында көреремендерді серпілтіп отыратын шұрайлы бейнелер. Және де бір жақсы ерекшелігі екі үлт өкілінің сол ерте кезеңнің өзіне лайық әдемі әзілдерінің жарасып түруында жатыр. Көрермендер аса жылы қабылдаған осы екі бейнені театр артистері Ә.Тінәлиев пен Қ.Қасымов сәтті сомдай білген.

Қазақ сахнасында көп кездесе қоймаған тың образ деп байдың қызы - Сәнімді айтса болар. Аздап қала көрген, өмірде сүрініп үлгерген бұл қызды әкесі аласапыран шақта мал-жанына бас көз болар деп жалшы жігіт Қасымға қосады. «Айдай толықсыған - азиатка» Кочкаревтың қармағына ілігеді. Тағдыр оны қызылдардың лагеріне алып келеді. Ақтар алтын бар деп ұққан, ал шын мәнісінде, ішіне қызылдар жарылғыш зат салған сандықты жолдың ортасына әкеліп қою міндеті осы бір кеудесінде суық жел азынаған әйелдің үлесіне тиеді. Ақыры бір жағы қызылмен, бір жағы қарамен боялған сахнадағы екі лагерьдің шартты шекарасында ақтардың оғына ұшады. Осы күрделі бейнені театрдың екі бірдей белді актрисалары М.Әлімбетова мен Г.Қыпшақова ойнай-ды. Екеуі де кейіпкерінің ішкі драматизмін тап баса біледі.

Әлбетте спектакльдегі басты кейіпкер-қызыл командир Әділет. Оқиға диалектикасына орай сиректеу көрінгенімен бүкіл оқиға тізгіні соның қолында. Спектакльге нүкте қоятын да сол. Артист Ү.Әлжановтың сомдауында ол құры қимылдың, соғыстың ғана адамы емес, жарқын заманның, жаңа идеяның күрескері. Шәкіртпен, Кочкаревпен, ағасы Қасыммен бұрынғы сүйген қызы, қазір Шалқар байдың тоқалы Толқынмен кездесіп, сөйлескен кездерінде оның ұлы мұратқа берілгендігі кереметтей жарқырап көрінеді. Екінші актіде, спектакльдің шешімді тұстарында Ү.Әлжанов Әділеттің өркенді әрекеттерін шыншылдықпен алға тартады.

Бірінші актідегі оқиғалардың дені шекарадан өзегі өртеніп өтіп бара жатқан ақтың офицері Кочкаревтің лаңын көрсетуге құрылған. Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты Ж.Әбіхалықов штабс-капитанның ішкі иірімін де, сыртқы пішімін де, одыр мінезін де тап басып ойнауда тамаша шеберлік танытады.

Спектакльде Әділет пен Кочкарев екі рет келіссөз жүргізеді. Осы жерде екі дүние егесі, идеялар қақтығысы шырқау шыңына жетеді. Бірақ олардың шарпысуы жалаң сөз, құрғақ ұран емес, нақты жағдайға, яғни ауыл адамдарын бейтарап қалдырмайтын, жүрегін шымырлататын сөздер.

Идеялар қақтығысы демекші, ол көп кейіпкерді қамтиды. Соның бірі - оқыған азамат Шәкірт. Бір кезде алаш партиясының мүшесі болған, енді ол дүниеге киіз үйдің іргесінен қарап жатыр. Бірақ ол енді халқымен бірге болмақ, не көрсе де сонымен бірге көрмек. Әділетпен кездескенде: «Сендер де қару ұстап келдіңдер ме халыққа?» десе, Кочкаревтің ар-ұятын оятпақ болып айты-сып қалады. Кочкаревтің жандайшабы Сұлтановқа «арын, нәмін, намысын сатқан азғынсың» дейді. Спектакльдің өн бойында ол үлкен эволюциялық өсуден өтеді. Актер А.Сәтібеков кейіпкерінің интеллектісін дәл табады, дегенмен кейбір мизансценаларды со-зып жіберетіні бар.Сұлтанов - жас совет өкіметінің нағыз кас жауының бірі. Оның зұлымдығы, қаскөйлігі Кочкаревтан асып түспесе, кем емес. Бір кезде «алаш» деп ұран тастап, кейін Колчактың, спектакльде Кочкаревтың қолжаулығына айналған. Кочкаревқа қызмет көрсететін ол өз халқын қырады. Шәкіртке қарсы оқ атады. Кочкарев ішсе, аузына арақ тосады, сөйлесе шапалақ ұрады, билесе гармон тартады. Бір сөзбен айтқанда, ол - сатқын. Алайда бұл күрделі образды театрдың ең тәжірибелі актерларының бірі М.Бақытжанов бірсыдырғы ойнағанымен, әдеттегідей жанып кете алмады.

Спектакльдегі барлық оқиғаның қақ ортасында Шалқар бай (артист Қ.Сатқанбаев) жүреді. Олай болуы заңды да, біз алдыңғы планда халық тұр десек, сол халықтың антиподы - Шалқар. Соған қарап тіпті режиссер спектакльді Шалқар арқылы шешуі керек пе еді деп те ойлайсың. Ақтар келеді. Оның жылқысына, алтынына көзін алартады. Күйеу баласы Қасымның (артист С.Мұқышев) да мақсаты - оның малын түгел иемдену. Қызы Сәнім болса, өлген анасының тайтұяқ алтын жамбысы үшін адамдықтан шығып, кішкентай бауырының кеңірдегіне қол салады. Қызылдар сол дүниені - халық байлығын аржаққа өткізбеуі керек. Сахнадағы жанталасудың материалдық негізі - осы Шалқар иемденген байлық. Осындай тығырыққа тірелген Шалқардың әрекет-сөзін шынайы етіп жеткізуде Қ.Сатқанбаевтың шеберлігі айқын ашылады. Аукыл адамдарын жинап, сөз бастап, сыр аңдап отырған Шалқар - Қ.Сатқанбаев паң да салмақты, ақтардың алдында -көлгір, екі жүзді, қызылдармен сөйлескенде қыңыр-қырыс, күйеу баласымен кездескенде аяр. Қ.Сатқанбаевтың трактовкасында бай өстіп сан қырынан көрінеді.

Спектальге қатысқан актердің барлығы бірдей мінсіз ойнады деу артық болар еді. Театрдың жас актрисалары М.Қабышева мен А.Атымтаева Шалқардың тоқалы Толқын бейнесін өз дәрежесінде жасай алмады. Бұл жас актрисалардың үлкен рольді алғаш рет ойнағандары, тәжірибесіздіктері анық байқалып тұрды. Екеуі де халық тіліне терең мағына беріп айта білмейді. Режиссер осы жағына жете мән бермегенге ұқсайды.

Сахнаның шешімінде де кемшілік көрініп тұрды.Сценографиялық шешім станок арқылы берілді. Оның үстінде бесік ілулі тұрды. Бұл - символ. Ол - халық бесігі, өмірдің жалғасы. Алайда әуеде салбырап тұрып алған бесік көңіл бұрып, көз көлегейлейді. Пьесада оқиға екі-ақ жерде - бірінші актіде Шалқардың үйінде, екіншісінде таудағы асуда ететін еді. Спектакльде станок көп айналып, оқиғаны бөлшектеп, үзік-үзік етіп жібереді. Кейбір көріністердің нүктесі болмай, спектакль созалаңқы тартады. Сонымен ертеректе, шекарада өткен осы оқиғаны қазіргі керерменге ұсынғанда автор не айтты, режиссер оны қалай жеткізді? Е.Әлімжанов азамат соғысы деп аталатын аумалы-төкпелі кезеңге бүгінгі күннің биігінен көз салған. Режиссер Ә.Құлданов пен театрдың бас суретшісі В.Волжанкин автордың сол позициясын дамытпаса, алшақ кетпеген. Спектакль финалындағы төрт өлім бұған жақсы дәлел. Бай қызы Сәнім екі дүние айрығында қалды. Ақтың солдаты Матвей: «Бұл өмірден не көрдім, не бітірдім, құдайым-ай?» деп елді. Толқын: «Жалғызым!» деуге ғана шамасы келіп, Шалқар байдың қолынан қаза тапты. Көрермендердің сүйіктісіне айналған ақкөңіл әзілқой - Қойшыбай: «Менің алған азаматтығым осы ма, енді аз ғана шыдағанда отырар едім орталарыңца. Апа!» деп кез жұмады. Бұл сөзді ол апасына, жоқ, әлде залда отырғандарға, бүгінгі ұрпаққа арнап айтты ма, оны ұғу – көрерменнің өз шаруасы.

Жеңіс үшін өлгендердің рухы мәңгі жасайды. Жаңа заман үшін күресіп, жеңіске жеткендердің мерейі биік. Бірақ қызыл командир Әділет масаттанбайды. Рас, ол өзіне берілген тапсырманы орындады - алтын қолға түсіп, ауыл адамдары ажалдан құтқарылды. Енді шаттанса да болар, бірақ небір қырғынды көрген қызыл командир қаруластары жатқан бейіт басында басын иіп жылап тұр. «Олардың арасында біздің де жатуымыз мүмкін еді» - дейді Петр. «Мүмкін еді, бірақ біз тіріміз. Сондықтан да өзімізді кінәлідей сезінуіміз керек. Біздің мойнымызда екі дүние айрығында жатқан осынау қаруластарымыздың өтелмеген борышы қалды», - дейді Әділет. Автордың да, спектакльдің де айтары осы.

МҰРАТТЫ МЕН ЕНДІ ТАНЫДЫМ

Атам қазақ кәдімгі қара өлеңмен-ақ соқталы ой айта алған. Қараңыз:

Қолда бар алтынның қадірі жоқ,

Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ау,- деп қайыратыны бар.

Мұны кім айтпаған, кімге айтпаған. Мұны бүгін мен Мұрат Сыздыққа арнап отырмын. Мен Мұраттың алтын екенін көзі тірісінде біліп, қадіріне жеткенмін.

Мұнымды Мұраттың өзі де білетін.

Ал, менің өзек өртеген екінішім-өзімнің еншім, Мұрат білмейді. Қайран Мұратжан қынаптан суырып алған қылыштай жарқырап жүрген жасында қыршын кетті.

«Қазақ әдебиеті» газетінің 1996 жылғы 2 шілдедегі санында жарияланған қазанамада «41 жасқа қараған шағында талантты жазушы, журналист Мұрат Сыздықов автомобиль апатынан қайтыс болды»,- делінген.

Біз бүгін осындағы «таланттың» алдына «аса» деген сөзді қоссақ, түк артық емес.

Мен бүгін Мұраттың қазасынан бір жыл кейін достары құрастырып шығарған «Қуатым менің» атты қомақты кітабын оқып шығып, осындай ой түйіп отырмын.

Жамбылдық жазушылардың бір тобы - Қазақстан Жазушылары ХІ съезінің делегаттары Одақ үйіне екпіндеп келсек, бізді далада Толымбек Әлімбеков күтіп түр екен. Қашан көрсең, езуінен күлкі кетпейтін Толымбек жабырқаңқы, сүлесоқ көрінді.

«Мұнысы қалай?» - дегенімше болған жоқ Толымбек:

- Мұраттан айырылып қалдық! - деді көкірегі қарс айырылып. Бәріміз сілтідей тындық. Ендігі бір сәтте есін жиған жазушылар маған көңіл айта бастады. Мұның жөні бар.

Мұрат - менің інім. Екеуміз - бір ауылдың төліміз. Бір-бірімізді қара тартатынбыз. Аталас емеспіз, рухани інім.

Мұратпен менің таныстығым, ұмытпасам, 1977 жылдың басынан бастау алады. Сол жылдың алғашқы айларында облыстық «Еңбек туы» газетінің редакциясына ҚазМҰУ-дің бірнеше студенті өндірістік тәжірибеден өтуге келді. Олар бұдан бір жыл бұрын, мен облыстық партия комитетінде қызмет істеп жүрген кезде де келген екен. Облыстық газеттің кімнің кім екенін алғашқы аяқ алысынан-ақ аңдайтын аға журналистері Анарбек Айтбаев, Мейірхан Қуанышбаев, Арғынбай Бекбосынов, Бақтияр Әбілдаев Мұрат қаламының қарымын қалт жібермепті, үлкен үміт артады екен.

Облыстық деңгейде үлкен бір жиын өтетін болып, қапелімде со-дан есеп жазатын сақа журналист табылмай, сасқалақтап қалып едім, бөлім меңгерушісі Мейірхан Қуанышбаев:

- Мұрат Сыздықов деген практикант бала бар, соны жұмса -деді.

- Оның жөні қалай болар екен? - деп жүрексіндім мен.

- Мұратты практикант дейтін емес. Рас, жиналыстан есеп жазу - жастарға қиын. Сенгін Мұрат ешқайсымыздан кем жазбайды, әуелім артық жазады, -деп итермелеуін қоймады Мекең.

Журналистік қызметтің қырсырына қанық журналист, жақсы жазушы Мейірхан ағаның ешнәрсені асырап та, жасырып та айтпайтыны белгілі, көндім, Мұратты жұмсадым.Шынында, Мұрат шымыр жас болып шықты, жиналыстың есебін өте біліктілікпен, иін қандырып жазып әкелді.

Әңгімелестік. Мұрат мен туып өскен Шу ауданындағы Жамбыл атындағы кеңшардан шыққан тұңғыш жоғары білімді зоотехник әрі педагог Жұман Сыздықовтың баласы екен. Әкесі мен шешесі студент кезінде үйленіп, Мұрат Алматы қаласында егіздің сыңары болып дүниеге келген. Сыңары шетінеп кетіп, Мұрат ана кекірегін жалғыз емген. Інілері, қарындастары бар көрінеді.

Нұрбековтер - үлкен әулет. Мұраттың әкесі Жұман - үш ағайынды кісілердің кішісі. Үлкендері Ыдырыс пен Сәрсембектің фамилиялары - Нұрбеков, Жұмандікі - Сыздықов. Мұраттан біліп отырмын, Жұманды кішкентай кезінде Нұрбектің інісі Сыдық асырап алыпты. Сөйтсе, ауылдық кеңестің хатшысы Жұманды Сыздықов деп жазып жіберіпті. Сөйтіп, Жұманға өз әкесінің де, асырап алған әкесінің де есімін алып жүру бұйырмалты. Мұрат та осы бөтен фамилиямен өтті өмірден.

Ыдырыстың үлкен ұлы Сайлау екеуміз аудан орталығындағы орта мектепті бірге бітіргенбіз. Алматыға оқуға түсуге де бірге барғанбыз. Екеуміздің де жолымыз болып, қалаған оқуға түсіп кеткенбіз.

Оқуды бітірер жылы, яғни 1963 жылы қысқы каникулда Алматыдан келе жатып Сайлаумен бірге Жұман ағайдың үйіне бардым. Жұпар жеңгеміз жолсоқты болып шаршап әрі тоңып кел-ген бізді қуана қарсы алып, жақсылап тұрып шай берді. Онсыз да көңілденіп отырғанбыз, жеңгей алдымызға бір топ кітап әкеліп жайып салды, ішінде менің «Көк дөңгелегім» де бар екен.

- Қайным, Мұратжан осы кітапты өте жақсы көреді. Мұның ағасының кітабы екенін біледі. «Үлкейгенде мен де Әлдихан ағаға ұқсап жазушы боламын», - дейді деп балалар бақшасындағы баласын мақтан қылды.

- Мұрат әйбат бала екен онда, - дедім қуанып отырып. Менің Мұратқа әдеби ықпалым тұңғыш рет осылай тиген.Мен де, Мұрат та осы жайды сүйсініп еске алатынбыз.Мұрат алғашқы кітабын «Әйбат бала» деп атады.Мұның сырын екеуміз де білетінбіз, бірақ білмегендей болып жүретінбіз.

Мейірхан ағам дұрыс айтыпты. Мұрат өндірістік тәжірибе кезінің өзінде-ақ келешегі ешкімнен кем болмайтынын байқатты.

Сол тұста облыстық газетте қалыптасқан жақсы бір дәстүр бар еді. Ол - редакция қызметкерлерінің қатарын тәжірибеден өткен студенттердің жарамдыларымен, яғни таланттыларымен толықтырып отыру. Мұрат сондай тандауға ие болды, тәжірибесін өте жақсы өткізгенімен қоса Баспасөз министрлігі мен университетке редакция тарапынан шақыру қағазын да алып кетті. Мұндай шақырту алған Болат Мәуленовтің де, Толымбек Әлімбековтің де, Мұрат Сыздықовтың да, Қуаныш Иембердиевтің де кейін редакцияда қызмет істеп, газет жұмысына қанық, қайыңқаптал журналистер болып шыққаны әмбеге аян.

Облыстық газет жанындағы жас журналистер мектебіне мен жетекшілік ететін едім. Қазір ойлап отырсам, ол жас журналистер ғана емес, жас әдебиетшілер мектебі де болған екен. Сол мектептен өткен Мұса Рахманбердиев, Мұрат Сыздық, Толымбек Әлімбек, Көсемәлі Сәттібайұлы белгілі қаламгерлер болды. Болат Мәуленов, Сапарғали Өлібаев, Айзада Баекова, Рахметбек Өзбеков, Әбілда Сәрсенбиев, Мақұлбек Малдарбеков, Қуаныш Иембердиев облыс журналистерінің кешін бастады. Соларға кезінде азды-көпті ақыл айтып, жол сілтегенімді мен қазір мақтан тұтамын. Олардың әрқайсысы кең толғап сөз етуге тұрарлық жігіттер.

Адамды бір-бірімен салыстырып әңгімелеу - әбестік. Әр адам - өзінше тұлға.

Мұрат жөніндегі бүгінгі азды-көпті әңгімемді мен осы ұстаныммен өрбітіп отырмын.

Мұрат, менің түсінігімде, ерен жүйрік журналист, шын талантты жазушы, ғажап жігіт еді.

Ол кезде облыстық газет аптасына бес рет шығатын, жігіттердің жазғанын жазғандай жалмайтын. Мұндай бас айналатын екпінге біреу төтеп, біреу сансырап қалатын.

Мына бір әңгіме ойға оралады.

Сол тұста облыстық партия комитетінің бір бөлім меңгерушісі ақын інісін редакцияға жұмысқа қабылдауға редакторға айтып, ықпал етуімді сұрады.

  • ініңіздің обалына қаласыз, - дедім.

  • Неге? - деп шошып қалды белім меңгерушісі.

  • Газет редакциясында еңшең сен тұр, мен атайын жігіттер істейді. Ініңіз оларға астар бола алмай, қор болады. Өзінен өзі түңіледі.

Бөлім меңгерушісі ойланып қалды, қайтып бұл әңгімені жаңғыртқан жоқ.

Шынында да, сондай еді ғой, ең бір сайдың тасындай жігіттер шоғырланып еді редакцияға.

Мұрат қажуды білмейтін қайратты жігіт, ойлы, алғыр, алымды қаламгер еді.

Ол газет жанрының бәріне жетік те жүйрік болатын. Хабар дейсің бе, очерк дейсің бе, проблема яки сын дейсің бе – бәр бәрін білгірлікпен орындайтын. Өз басым оның сапасыз материал жазып, қызарғанын көрген емеспін.

Мұраттың талантын бүкіл республика таныды. Облыстық газетте аз ғана мерзім әдеби қызметкер болды да бөяім меңгерушілігіне жоғарылатылды. Содан соң «Жалын» журналының жауапты жатшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша тілшісі, Баспасөз және ақпарат істері женіндегі Ұлттық агенттігі бас басқармасының бастығы, Жамбыл облысы өкімінің баспасөз хатшысы болды. Осы қызметтің бәрін ол ойдағыдай атқарды.

Облыс әкіміне еріп ел аралаған сапарлардан жолжазбалары қандай еді, шіркін! Көркем очерктәрізді болатын. Ел, жер туралы тебіреністертін.

Журналистік қызметінде шашасына шаң жұқтырмаған Мүрат жазушылығымен де көзге ерте түсті.

Бердібек Соқпақбаевтың: «Менің байқауымша, алғаш бастап жазатындардың көпшілігі әуелгі кезде балалар, жастар баспасын жағалайтын тәрізді», - дегені бар. Мұрат та сөйткен, балаларға арналған әдемі әңгімелер, повестер жариялаған. Жастар қызыға оқырлық фантастикалық шығамалар жазған. «Әйбат бала», «Жаздың соңғы күндері» атты кітаптары әдебиет сүйер қауымның жоғары бағасына ие болған. Мұраттың «Күміс сақалды арыстан» хикаясы балалар мен жастарға арналған республикалық жабық бәйгеде екінші орын алған.

Баспасез және ақпарат істері женіндегі Ұлттық, агенттікте қызметтес болған достары Мұрат дүниеден озған соң ізін суытпай, 1997 жылы «Қуатым менің» деген атпен әңгімелерін, повестерін, пьесасын топтастырып қомақты кітабын шығарған болатын. Кітапты қүрастырған Райхан Сыздықова маған өз қолымен тапсырғанды. Мұрат екеуміздің бір-бірімізді қара тартып жүретінімізді әдебиеттің айналасында жүргендердің бәрі білетін.

Қуат - Мұраттың өзімен бірге автомобиль апатына түсіп, аман қалған ұлы, тұлпарының тұяғы.

Достары кітаптың атын тауып қойған, Амал қанша, ұлының қылығына сүйсініп айтылатын сөз өкініш болып айтылған.

Осы эссені жазбас бұрын мен «Қуатым меніңді» байыппен оқып шықтым. Менің Мұрат жөнінде бірдеңе білемін деп жүргенім бекер екен, нағыз талантты жазушыны енді таныдым. Қандай ауыр жұмыс тапсырсаң да мақүлдан басқаға жоқ елгезек, жан адамның көңілін қалдырып көрмеген сергек, ақпейіл, аяулы ініміз жомарт жазушы екен.

Заты Мұрат кеп оқыған, көкірегіне көп ой тоқыған жігіт еді. Мұнысы мына кітабында бірден байқалып тұр. Шығарманы бұлайша сауатты, адам өмірінің ең бір қиын, күрделі иірімдерін ешбір тайсалмай, бабын келтіріп, бояуын қанық етіп жазу білімді, білікті қаламгердің ғана қолынан келеді. Мұрат туындыларында адамға тән қуаныш-қайғы, сүйініш-күйініш, өшіп-жану - бәр-бәрі қамтылған. Жазушыны құдды бір артында қалған адамдарға әмісе естерінде жүрер, сабақ алар жайларды әдеби көркем об-раздармен айтып кеткен дерсің.

Мені тағы бір таңдандырғаны - Мұрат адам тап болып қалатын шетін жағдайлардан адам болып шығуы, адам болып қалуы керек деген ұлы идеяны берік ұстанған. Ең ғажабы, жастығына қарамай, Мұрат классик жазушылар құсап кейіпкерлерін еш аямай, небір қиын жағдайларға салып, солардан тайсалмай толғап, толық қанды адам етіп алып шығады.

Мұрат әңгімелері мен хикаяттарындағы жер аттары маған жақсы таныс. Бәрінде Мұрат тәрізді менің де ізім қалған. Адамдар да маған таныс десем болады. Сол жерлерде бұрын-соңды өткен оқиғалар, адамдардың сан-алуан тағдырлары Мұратқа басқа ой салған, сөйтіп ол Шу өңірінің көркем шежіресін жасаған.

Мұраттың оқиғаны баяндауы басалқалы, әсіресе, шығарма шарықтау шегіне келгенде шебер, ой айтар тұсы тұғырлы.

Мен Мұрат шығармаларын талдауды мұрат тұтып отырған жоқпын, сонда да сөзім жалаң болмас үшін шет жағалап, оқырман аңдарлық етіп айтайын. «Қуатым меніңнің» беташары «Көңіл көзі» әңгімесін алып қарайық. Соғыстан екі көзінен бірдей айырылып қайтқан сырнайшы қарт Жақайдың тірлігі адам аярлық емес, қайта кесек. Өзін мүсіркемек болған жігіттердің екі аяғын бір етікке тығады. Соңғы шайқаста ие болған «Қызыл Жұлдыз» ордені араға ұзақ жылдар салып барып тапсырылғанда сырнайшы шал ежелгі серігі - сырнайын құлаштай көріп, боздата безілдетеді. Ол шырқаған «Жарық дүние» әнінде «Соғыста қыршынынан қиьшған әндір жастардың дариға арманы; ерте солған қыз-келіншектердің көзайым мұңы; қайғы-қасіретке қарсы лағнет қарғысы бар еді» -деп аһ ұрады жазушы.

Мұрат өзі құралпы жазушылардан оқ бойы озып кеткен қаламгер екен. Мұраттың жасындағылар жастық кешу қызықтарын айналсоктап, өрі кетсе, махаббат мұңын маңайлап жүргенде ол еліміз жүріп еткен тағдырлы, күрделі, ауыр жолды жасқанбай жазыпты. Мұратты жас емес, жасамыс жазушы деп қалғандайсың. Мұрат қаламынан шыққан «Көк кептер», «Моцарттың мүсіні», «Әйел махаббаты», «Ем», «Жынды», «Қияңдағы қаза», «Шатқалда» тәрізді әңгімелерді бүгінгі классик атанып жүрген жазушыларымыз да жаза алмаған. «Қияңдағы қаза» мен «Шатқалда» әңгімелерінде шырқыраған шындықбар. Алғашқысында «халықжауы» деген жаламен қамалған Қылышбек, жанында үш тұтқын бар Тасеева түбіндегі Лагерьден қашып шығып, түнде үш қуғыншы - қызыл әскерді жайратып салады. Таң атқанда мәлім болғанындай, олардың біреуі кішкентай кезінде нағашы жүрты асырап алған өз ұлы болып шығады. Сондағы Қылышбектің өкіре айқайлағаны самай шашыңызды жүлғандай тітірентеді. Осы жан түршігерлік оқиға кеңестік кезеңде, 1947 жылы өткенін ескерсек, Мұраттың жап-жас қалпымен халық трагедиясына қапысыз қанықтығына қайран қаласың.

Ақкөз көтерілісіне қатысқан екеу - Аманқос пен Жетпіс жазалаушылар отрядынан құтылып-ақ кететін еді, Үңгірлі шатқалында екі мұңдыққа кез болады. Тығырыққа тығылған төртеудің тағдыры қыл ұшында тұрады. Жазалушылар екі қашқын бірілмесе, жазықсыз екеуді жайрататынын айтып шарт қояды.

- Аманқос, бейкүнә жандардың обалына қалып, қанын мойнымызға жүктесек, нағыз ит өлім сол болмақ - деп тебіренеді Жетпіс.

-Ағалар-ау, мен үшін бастарыңды ажалға тіктіңдер ме?! - деп шырқырайды жас қыз.

Екеу қаруларын тастап, өлімге кетіп барады.



Қандай аянышты! Қандай мәрттік! Кішкентай ғана штрихқа ерлердің ерен ерлігін сыйғызған Мұратжан!

Мұрат осындай кең қарпып, кемел ой айтатын жазушы болған екен. Әттең, ерте өлді!

Жамбыл облыстық драма театры Мұраттың «Жетісі берілмеген өлім» пьесасы бойынша спектакль қойып, премьерасына «Ақ жолдың» бір топ қаламгерлері бірге бардық.

Театр залы толы көрермен сілтідей тынған. Біздің қоғамдағы парақорлық, сыбайлас жемқорлық, адамдардың қатыгездігі, сатқындығы, опасыздығы, кеудемсоқтығы, жағымпаздығы, ең ақырында жадысыздығы аямай сынға алынған спектакльден бәріміз ой арқалап қайтқанбыз.

Аңғал ата, қатыгез келін әдебиетте көптен бар геройлар, әлбетте, оны әркім әрқалай бедерлейді. Мұрат та сөйткен, ай-налайын атаны аяйсың, кер келінге кектенесің. Мәселе мұнда емес, мәселе Мұраттың біз орынды-орынсыз күстәналай беретін жастарға ерен жанашырлығында, атасының да, әкесінің де үмітінің ендігі егесін жібі түзу ұл етіп көрсетуінде. Шешесі баласы Қайсарды өліп жатқан әкесіне қаратпай, АҚШ-қа оқуға аттан деп қиғылық салады. Сона Қайсардың: «Қателесесіз. Әкемің соңғы сапарына қолымды бір сілтеп, оқуға кетіп қалсам, оның өзекті өртер өкініші өмір бойы жанымды жегідей жеп өтпей ме?» - деп көнбеуі драматургтің осындай саналы ұл өссе, қане дегенді меңзейді. «Қара атан өлсе, сойылар, хан әкем өлсе, қойылар» -деген жетесіз ұлдан мына Қайсар анағұрлым артық. Мұрат жақсы тәлім ұсынған.

Мұраттың соңғы кітабы - «Қуатым менің» мұраттанудың алғашқы кітабы дерік.

Өзгені қайдам, мен Мұратты аса талантты жазушы ретінде енді таныдым. Ол шын мәніндегі шебер прозаик екен. Мұратты аңдап, байыбына жетіп оқыған адам оның қырқында, қыршын жасында қиылған өміріне қатты өкініп, оның осыншама татымды, тамаша шығармалар қалдырып кеткенін көңілге медеу етер.

«Жақсы адам Құдайға да керек» - деген сөз бар. Солай ма екен, Мұраттың өмірі ерте үзілді, ал рухани өмірі жалғаса береді.

«Қуатым меніңнің» алғы сөзін жазған Мұраттың қарамағында істеген, бүгінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Талаптан Ахметжан: «Талантты жазушы Мұрат Сыздықтың шығармашылығы жайлы айтылар сөз әлі алда. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында артына үлкен еңбек қалдырған жазушының қадірін білетін де, бағасын беретін де төрешісі өздеріңіз», -дейді.

Талаптан дұрыс айтады, Мұрат туралы айтылар әңгіме, көрсетілер құрмет алда. Қуанарлығы - Мұрат құрметтен қазір де құры алақан емес. Таразда Мұрат тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған, атамекені - Шу ауданының орталығы Төле би ауылының бір көшесіне есімі берілген, осындағы ол оқып бітірген М.Әуезов атындағы орта мектепте оның өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш бар.

Сөз жоқ, Мұрат шығармалары - қазақ әдебиетіне, оның әңгіме деп аталатын ақ айдынына қосылған әдемі ағыс, сез ұғарлық адамға мол ғибрат.

ӘДЕБИЕТ - «ҰЛАННЫҢ» ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

Белгілі балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевпен сұхбат

- Балалар жазушысының балалық шағы кімді де болса қызықтырмай қоймасы анық. Сіздің бал-балалық шағыңыз қалай өтті?

-Жиырмасыншы ғасырдың ұлы жазушысы Эрнест Хемин-гуй: «Үлкен жазушы болу үшін талант, біліммен қоса бақытсыз балалық керек», - деген екен. Менде осылардың бәрі белгілі бір дәрежеде бар, десем, әдепсіз болмаслын, деп ойлаймын. Өйткені осылардан мақұрым болсам, жазушы болмас едім. Ал, бұлардың қайсысына қаншалықты дәрежеде иемін, оны енді таразылау маған тиесілі емес. Адам тәңір берген деңгейден асып кете алмайды. Осы тұрғыдан айтсақ, менде азды-көпті талант бар, жинаған білім де бар, бір басыма жетеді, ал балалық...

Сенің сұрап отырғаның осы ғой. Оны білу үшін мені оқу керек.

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, біз құралпы жазушылардың бәрінің дерлік кітабының редакторы болған, яғни біздің, оның ішінде менің шығармашылығымды аса жетік білетін Машқар Ғұмар «Шаншар атай» хикаятымды өмірбаяндық депті. Соғыс жылдарғы ауыл өмірі суреттелетін бұл хикаяттың басты кейіпкері Әлден - бастауыш сынып оқушысы. Ал, мен - Әлдихан соғыс басталғанда екідегі, аяқталғанда алтыдағы баламын. Хикаяттағы суреттелетін жайлар - өмірдің езі. Соның бәрін мен көргенмін. Ел сенбес деп баланың жасын өсіріп жазғанмын. Міне, біздің балалық шағымыз. Машқар аға осыны біліп айтып отыр жоғарыдағы сөзді.

Жазушының ең басты объектісі – өзі. Жазушы өзі көрген, білген жайдан асырып ештеңені жаза алмайды. Ең шыншыл дүние шындықтан туындайды. Бұл, өсіресе, балалар жазушысына тән болса керек. Балалар жазушысы тек шындықты жазуы тиіс. Баланы алдау - қиянаттың үлкені, тіптен, мен айтар едім, баланы алдай алмайсың.

Мен осыны мұрат тұтқан қаламгермін. Хикаят жазайын, әңгіме, ертегі, мысал жазайын, бәрінде өмір шындығы бар. Ал мен сол өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра алдым ба, ол -үлкен әңгіме.

Отызыншы жылдардың сарқындысында туып, балалығы қырқыншы жылдары, елудің басында өткен біздің балалығымызды бал-балалық деу қиын. Хемунгуэйше «бақытсыз» деуге де келмейді, бірақ дәл қазіргі балалардікінен ауыр, анығьірақ айтқанда, мағьіналы болды. Біз жоқшылықтыңда, тоқшылықтыңда дәмін әбден таттық. Осының өзі-ақ бізге емірдің ащы-тұщысының бағасын ерте білгізді. Ал, бұл жазушы үшін аса қажет.

Сонымен мен бұл сұрақтың жауабын былай түйіндейін: балалар жазушысы балалығы мағыналы болған адамнан шығады.

- Мектепте қалай оқыдыңыз?

-Жақсы оқыдым. Алғыр болдым. Бірақ оқуға жағдай болған жоқ. Ол бір үлкен әңгіме. Менің әкем Қалдыбай ұжьімшардың барлық жұмысын атқарған адам, ғажап темір ұстасы, диірменші болды, мал бақты, алыс мал жайылымдарында отырды. Шешем Әміржан он бір құрсақ көтерген, соның сегізі - үш ұл, бес қыз тіріміз, есіп-өніп отырмыз. Мен нағашы апам Айшаға тән болып, сол кісінің бауырында өстім, бірақ бәріміз бір отбасы едік. Осы шиттей жан, шикі өкпелерді асырау, өсіріп, жеткізу әке-шешеме керемет қиын болды. Әкем ауыл орталығынан алыста, қияндағы ескі жұртта диірмен ұстады, мал бақты. Мен кісі есігінде жүріп оқыдым. Он жылдың төрт жылында ғана өз үйімде жүріп оқыппын. Сонда да мектепті жақсы бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне бірден түсіп кеттім. Сондағы ой - ақын болу еді, балалар жазушысы болдым.

  • «Ұланның» мыңдаған оқырманының арасында өзіңіздей жазушы болуды армандайтыны да жоқ емес. Оларға не дер едіңіз? Жалпы, жазушы болу қиын ба?

  • Бір үлкен жазушының айтқаны бар емес пе, «Жазушы болу үшін аздаған талант, көп-көп еңбек керек», - деп. Менің де айтатыным осы. Жазушы болу - кімге қиын, кімге оңай. Бұл тарапта көп әңгіме айтуға болар еді, біздің әңгімеміз оны көтермейді. Жазушы болу Мұхтар Әуезовке қиын болды, халтурщикке оңай. Ұлы Әуезов халқының ұлы шежіресін жасады, халтурщик жоқты-барды бірдеңе жазған болды. Әрқайсысы бір романға татырлық «Қыр әңгімелерін», тас түйін драмалық шығармаларын, теңдегі жоқ «Абай жолын» жазған кезде алып Әуезов қаншама қиналды екен, ойлаудың өзі қиын. Міне, жазушы боламын деген бала осыны білсін. Халқына қандай да бір пайдасы тиетін, ғибраты бар шығарма жазсын. Әне, сол адам жазушы, әйтпесе, тыныш жүрсін.

  • Неге дәл балалар жазушысы бояуды қаладыңыз?

  • Әуелде ақын болғым келген. Әлбетте, батырлар жырларынан, қазақ ертегілерінен сусындап өстік. Кейін балаларға арналған шығармаларды сүйсініп оқитын болдым. Джек Лондон, Марк Твен, Мұхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаев шығармалары менің ерекше қызықтаушылығымды тудырды. Олар «Ақ азу», «Том Сойердың басынан кешкендері», «Кек серек», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа». Мен осылардың алдын 4-5, соңын 2-3 реттен оқыдым. Осылардағыға үқсас қызық жәйттар өз басымнан да өткен еді. Ұлылардан үйрендім, сөйтіп өзім де жазуды бастап кеттім.

Біз университетке түскен 1958 жылы «Балдырған» журналы жарық көрді. Онда қазақ балалар әдебиетінің алыптары Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырзалиев, Әнуарбек Дүйсенбиев қызмет ететін. Үшінші курста оқып жүргенде дәптерге әдемілеп жазылған төрт әңгімемді қолыма үстап «Балдырған» журналы редакциясының табалдырығын жасқана аттаған сәт естен кетер ме?! Әңгімелерімді Бердібек Соқпақбаев оқып шықты да қуанып кетті. Сөйтті де Бекең:

- Әй, бала, сен жазушы екенсің. Мыналарыңның бәрі - әңгіме. Қымыз, жоқ, қымыран. Бұларды әлі сапыра түсу керек. Сен бұлардың әрқайсысын әлі екі-үш реттен қайта кешір. Сөйт те әкел, «Балдырғанға» басамыз. Сен балалар жазушысы болатын бала екенсің, - деді.

Редакциядан екі бетім от боп жанып, тәлтіректеп шықтым. Алматының көшесіне сыймай келемін. Айналадағы адамдардың бәрі әншейін біреу, мен - жазушымын.

Мен Бекеңнің айтқанын істедім, әңгімелерімді қайта-қайта көшірдім, құлпыра түсті. «Балдырғанға» басылды. Содан бері «Балдырғанға» үзбей әңгіме жазып келемін. «Ұланды» да ренжіткен емеспін. Мен бұл газетте 1965 жылы күзде аз уақыт қызмет те істегенмін. Ол кезде газет редакторы Сейдахмет Бердіқұлов болатын. Әскер қатарынан оралған мені Сейд-ағаң ауылда жатқан жерімнен жеделхат жіберіп жұмысқа шақырып алып еді. Аз уақыт істеп, отбасы жағдайыма байланысты ауылға қайтып кеттім. Сейд-ағаң да, Бердібек аға да, қаламдас достарым да бұған қатты өкінді. Өмірдің аты өмір, мен содан бері Жамбылда, Таразда тұрып, қаламымды қолдан тастамай жазып келемін. Балаларға арналған 12 кітап, 1 пьеса жаздым. Менің «Шаншар атай» атты комедиям бойынша Жамбыл облыстық драма театры қойған спектакль балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдардың В.И.Лениннің 110 жыл толуына арналған Бүкілодақтық байқауында бірінші орын алды. Егер сол байқауда Михаил Шатровтың «Именем революции» спектаклі екінші, грузиндердің спектаклі үшінші орын алғанын айтсам, менің қаншалықты абыройға бөленгенімді анық байқуға болар еді. Бірақ, амал қайсы, алматылықтарда басқа авторды да, шығармаларды да көрмейтін, көре алмайтын театр сыншылары, әдебиетшілер мұны өлең қылмаған болды. Қайта мені «жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты» еткісі келгендер де болды. Ал, мен одан кейін де екі комедия - «Қайран Ынтықбай ағай-ай» мен «Сәлім-Сәлиманы» жазып, драма жанрында кездейсоқ қаламгер емес екендігімді дәлелдедім. Бүкілодақтық байқауда мен құсап бірінші орын алған қазақ драматургы жоқ.

Ал, «Шаншар атай» балаларға арналған шығарма ғой. Шаншар атай жөнінде мен әңгіме, хикаят, комедия жаздым, енді киносценарий да дайын болды. Оған киногерлер қызығып отыр. Құдай қаласа, менің шалым бір күні балаларға экран арқылы ақыл айтып тұруы да ғажап емес.

Балалар жазушысы болу - бақыт. Атам қазақ: «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» - деген. Балалар жазушысы - міне, осы принципті ұстанған адам.

- Аға, соңғы рет оқырман қауымды «Ата» атты кітабыңызбен қуантқан едіңіз. Ендігі жоспарьщыз қандай?

- «Ата» - менің біраз жылғы еңбегімнің ең таңдаулыларынан түзілген кітап. Оқығандар жақсы пікір айтады, олар мені керемет қуанышқа бөлейді. Тараз мемлекеттік университетінде студент-
теримен кездестім. Сонда оқу озаты Райхан Елубаева деген қыз: «Құдайым-ау, біз Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаевтан басқа балалар жазушысы жоқ екен деп жүрсек, нағыз балалар жазушысы Әлдихан ағай екен ғой. Мен ертең мұғалім боламын, сонда балаларға тек осы кісінің шығармаларын оқытатын боламын», - деді.


Айналайын ақылды қыз түсініп айтты. Көзіме жас келді. Жуырда ақын Жақсылық Сәтібековтің жары, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, әдебиетші-ұстаз Әзиза Халықова:

- «Атаны» оқып шықтым. «Ата» -- «Ана тілі» оқулығы екен. Бастауыш сынып мұғалімі «Ана тілінің» орнына осыны оқытса, жетіп жатыр. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» - деген, Әлдихан - сұмдық жазушы екен. Бала тілін, психологиясын осыншама білетін жазушыны мен білмеймін, - деді.

Айналайын әкпей, біліп айтып отыр. Мерейім есті.

«Ата» әлі талайды таңдандырады.

Менің қазір балаларға арналған романымды аяқтап отырған жайым бар. Романды үш рет көшірдім. Бұл менің ұстазым Бердібектің өсиетіне - адалдығым. Әлі де бір рет кешірсем, екшей түссем, толықтыра берсем, деймін. Әбден илеуін жеткізіп барып ұсынамын. оқырманға. Бұл кітап - менің баяалығым, аяулы ауылым, үш бәйтерегім - әкем, апам, шешем, отбасымыз, өзім туралы көлемді дүние. Оның бір тарауы «Ұланда» жарияланды да. Осы бір белесті кітабым болады-ау, деп отырған жайым бар.

- Қазір дүкендерде балаларға арналған мұқабасы әсем безендірілген орысша кітаптар көздің жауын (ал қазақша осындай кітаптар аз) алады. Осыны көргенде «балалар әдебиеті кенжелеп бара жатқан жоқ па» деген ойга қаласаң.

- Бұл - бізде баспа ісінің қожырап кеткенінің көрінісі. Қазақ балалар әдебиеті кенжелеп көрген емес. Құдайға шүкір, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Машқар Ғұмар, Сұлтан Қалиев, Ескен Елубаев, Құрманбай Толыбев, Ермек Өтетілеуов, Пернебай Дүйсенбин, тағы басқалар бапаларға жазудан танған жоқ. «Балауса» баспасы біздің бәрімізден қол үзіп отыр. Баспалар бизнесті қуып кетті. Тіптен, «Балалар - әдебиетіңің антологаясын» басуды токтатқанын қайтерсің?! Тегінде, «Балауса» балалар әдебиетін басса, көркейеді. Баспаның өзі, үкіметіміз осы жағын мықтап ойластырғаны жөн болар еді. Балалар кітаптарын өгейсітуге болмайды. Мұны билік басындағылар білуі тиіс. Осындай игі іске нарық заңы да қайшы келмес, деп ойлаймын.

  • Сіз облысымыздағы қара шаңырақ «Ақ жол» газетінң бас редакторысыз. Осынау жауапты қызметіңіз әдеби шығарма жазуға кедергі келтірмей ме?

  • Бұл - бір күрделі сұрақ. Қазақ кеңес жазушыларының барлығы дерлік қандай да бір жұмыс істеп жүріп жазған. Әлбетте бірен-саран бірыңғай шығармашылықпен айналысқандары да болған, бірақ олар - некен-саяқ. Мен де өмір бойы қызмет етіп келемін, Жамбыл облыстық газетінің кіші әдеби қызметкерінен бас редакторлығына дейін өстім. Бұл - айтар ауызға оңай, әйтпесе қиямет-қайым тірлік. Газет - қаламгерді сығып алатын машина. Бұл жұмысқа барыңды сарқа жұмсамасаң, әшейін біреу болып жүресің. Менің жақсы жылдарым газетке кетті. Қазір де бар қажыр-қайратымды жұмсап еңбек етемін. Бас редактор болу оңай емес. Мен басқарған газет Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сара саясатын, оның облыс тізгінін сеніп тапсырған адамы, әкіміміз С.Ә.Үмбетовтің атқарып отырған жұмысын халыққа жеткізіп отырады. Тәуелсіздігіміздің он жылы бедеріндегі барлық тірлігіміз газет тақырыбы болып отыр. Мұның бәріне мемлекеттік тұрғыдан қарап, көрсетіп отыру, шығармашылық ұжымды осындай өркенді іске жұмылдыру - менің міндетім. Әлбетте, бірыңғай шығармашылықпен айналысса болар еді, оған жағдай қайда, атам қазақ айтатын «қара қазан, сары баланың қамымен» жүрген жай бар. Бірақ шығармашылықтан қол үзіп көрген емеспін, ерте тұрып жазамын, жылына бір рет тиесілі демалысымды босқа өткізген емеспін. Барға, шүкір, дейік.

- «Ұланның» жас оңырмандарына не дер едіңіз?

- Бүгінгі ұланға айтар сөз көп, ең әдемісі - ол ертең жақсы азамат болсын! Баланың кесегесін көгертетін, көкжиегін кеңейтетін күш-әдебиет. Осыны білсін. Әбеди шығарманы көп оқысын. Менің ұстазым Бердібек Соқпақбев: «Қазақ баласын оныншы сыныпты бітірген соң қолына Абайды беріп, үш күн қамап қою керек жеке үйге. Абйды оқысын, жаттасын. Содан кейін жібер өмірге, адаспайды», - деп еді. Осы сезде керемет мағына жатыр. Бір Абайды ғана емес, «Абай жолын», тағы-тағыларды оқы. Қайта-қайта оқы. Айталық, мен өзім жаным жабырқап, тарықсам, «Абай жолының» бірінші кітабын қолыма аламын. Біраз оқыған соң сауығып жүріп беремін. Әдебиет - жанның емшісі.

Әдебиет - ұланның ұлы ұстазы.
Сұхбатты жүргізген Қуат ӘУЕСБАЙ.

«АҚ ЖОЛ» - БАҚ ЖОЛ

«Соңғы түйенің жүгі ауыр», - дейді атам қазақ. Өте дұрыс айтқан. Қазақ әуелгі түйелерге әдемі дүние-мүлкін артқан, оны-мұнысы соңғы түйеге іркіліп қалған. Оны-мұны көбейіп кетіп, соңғы түйенің үстіне белі қайысарлық жүк салынған.

«Ақ жолдың» көзі тірі бұрынғы редакторларының соңғысы ретінде мен де сол соңғы түйенің күйін кешкелі отырмын. Екі ағам Баттал Жаңабайұлы мен Арғынбай Бекбосын сөздің әуелгісін, әдемісін айтты, мен қалғанының басын қайырып көрейін.

Мен сиякты қара шаруаның баласына жұмыссыздық қамыты Кеңестік кезең тұсында да кигізілген, оны мен өз басымнан өткізгенмін.

1963 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітіріп, одан соң екі жыл Кеңес әскері қатарында азаматтық борышымды өтеп, туған жерге оралдым. Жұмысқа тұрайын десем, не аудандық оқу бөлімі, не бір мектеп, аудандық газет маңайына жолатсашы. Жамбыл педагогикалық училищесінің орыс бөлімін бітірген, екеуміз жаңа ғана жұп құрып үлгерген Бануға қайда барсақ та орын табыла кетеді.

Содан ел арасында:

- Оқу бітірген Қалдыбайдың баласындай болса, оқу құрысын!
- деген сөз тарады.

Әкем де, мен де мұны намыс қылдық.

Туған жерді тастап, Жамбылға тартып кетуге тура келді.

Мен университеттің соңғы курсында оқып жүргенде «Көк дөңгелек» атты суретті-кітапшам шығып, Жазушылар одағына «Қос тентек» атты әңгімелер жинағымды тапсырған, оным өзім әскерде жүргенде жарық керген жас жазушы едім. Осыларымды бетке ұстап, облыстық «Еңбек туы» газетінің редакторы Баттал Жаңабайұлының алдына бардым, жағдайымды айтып, қызметке қабылдауын сұрадым.

Журналист ағаның жауабы қысқа болды:

- Жазушының бәрі журналист бола алмайды. Жұмыс жоқ. Мен тағы да талай есікті қақтым, сөйтіп жүріп облыстық телевизия және радио хабарларын тарату комитетіне штаттан тыс тілші болу мүмкіндігіне ие болдым. Жазушының журналист бола алатынын мен осы жерде көрсеттім. Журналистиканың барлық жанрында жазған материал-дарым облыстық, республикалық эфирлерден күн сайын дерлік беріліп, «Еңбек туы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жариялана бастады. Көп ұзамай штатқа қабылдандым, енді тіптен үдей түстім, көзге іліктім.

«Еңбек туының» бір лездемесінде мен жазған материалдар мақталыпты.

- Бұл кім өзі? Қаламының желі бар екен, көп жазады, - дейді редактор.

Менің кім екенім айтылады. Қашан да елгезек Бақытяр аға:

- Ол - былтыр сіздің алдыңызға келген жігіт. Сіз алмай қойғансыз, - дейді.

  • Жазғыш жігіт екен. Біреуің сұрап біліңдерші, келер ме екен, қызметке алайын, - дейді үлкен Бәкең.

  • Келеді, - дейді кіші Бәкең.

  • Онда шақыр, - дейді редактор.

  • Бүгін шақырамын, - дейді бөлім меңгерушісі.

Шақырды. Бардым. Редактор сөзді созып жатпады, қызметке қабылдайтынын айтты.

Мұнда қуанбағанда қайда қуанбақсың, жүрегім алып-ұшып келіп, кабинетіме кіргенім сол еді, телефон шылдырады. Тұтқаны көтердім. Мені іздеп, телефон соғып отырған Шу аудандық «Шу өңірі» газетінің редакторы Б.Байсақалов екен. Қысқа амандық сұраудан соң Б.Байсақалов: «Былтыр сені қызметке алмағаныма өкініп жүрмін. Жазуың жақсы екен, ауылыңа келгің келсе, кел, қызметке алайын», - деп Шуға шақырды.

Мен рахметімді айттым.

Сөйтіп, 1966 жылы тамыздың 5-інде «Еңбек туына» баспасөз атаулының сол кездегі ең төменгі шығармашыл қызметі - кіші әдеби қызметкер болып қабылдандым. Содан 2004 жылғы қазанның 4-інде «Ақ жолдың» бас редакторы қызметін атқарып жүріп зейнет демалысына шықтым. Ұзақтығы отыз сегіз жылға созылған қызметім тікелей (бесжыл облыстық партия комитетінде баспасөз жөніндегі нұсқаушы болғанымды есептемегенде) «Ақ жол» газетімен байланысты. Мен оның қызмет сатысының бәрінен өттім. Бұл күнде өткен өміріме кейде бір үңіліп қойып, он сегіз жыл «Еңбек туының», кейін «Ақ жолдың» редакторларының орынбасары, бірінші орынбасары, он жыл бас редакторы болғанымды мақтан тұтамын.

Белгілі сатирик ақын, «Ақ жолдың» бел баласы Толымбек Әлімбеков басқа жаққа қызмет ауыстырып бара жатқанда айтыпты деген мынадай бір сөз бар: «ішімде екі арманым кетіп бара-ды, біреуі - Әбілдаевтан бұрын айлық, екіншісі - Байтуовтан көп қаламақы ала алмадым». Бұл сөзде аңғарғана өмір шындығы жатыр. Бақытяр Әбілдаев, шын мәнінде, ғажап ылдым-жылдым, қай шаруаны болса да демнің арасында опырып істеп тастайтын талант. Ал, Қыстаубай Байтуов"- газеттің ең қысқа жанры - хабардан, бастап көлемі көлдей материалдарға дейін жалықпай жаза беретін еңбек торысы.

Билік жұмысқа араласқанша мен де қаламақыны ең кеп таба-тын журналистердің бірі болғанымды мақтана еске алсам болады. Сол жылдары марқұм Әкпарбек Доспамбетов екеуміз қаламақы табудан кезек-кезек кеш бастаушы едік. Айтпаса да, түсінікті, көп жазған, көп еңбектенген адамның қаламақысы да көп. Бастысы - сан емес, сапа, әлбетте. Шүкір, ол жағынан ақсап керген емен. Сол ғой мені көтерген, әйтпесе, қолтығымнан демейтін жанашыр-сыз өстім емес пе.

Құдай маған әріптестерімнен салды, кілең бір сайдың тасындай, білімді, жазғыш жігіттер газет жұмысына жарыса құлшынатынбыз. Өң отыз жетінші жылғы Арғынбай Бекбосын, Бақытяр Әбілдаев, Рахметілда Құдабаев, Жақан Сатаев, Кеңес Рахметуллаев, Базар Қилыбаев, олардың екшесін басып келе жатқан Жанайдар Бұралқиев, Қасықбай Асаубаев, Қыстаубай Байтуов және мен, біздің інілеріміз Әбдуәлі Әлиев, Елен Әлімжан, бәріміздің ағамыз Мейірхан Қуаышбаев, бейнелеп айтқанда, «Ақ жолдың» «Алтын ғасырын» орнаттық-ау деп ойлаймын. Бұл бір ұрпақ алмасу жылдары болған. Бұрын журналистиканы жағалағандар бірен-саран болса, есімдерін мен атап отырған жігіттер бұл іске арнайы кәсіптік білім алып кіріскен керуеннің басы болатын.

Қазір ойлап отырсам, «Ақ жолда» сол бір жылдары әрқайсысы бір өзі күніне газеттің бір нөмірін шығарса, қабырғасы қайыспайтын, өңшең «сен тұр, мен айтайын» жігіттер еңбек еткен екен. Ал, олардан кейінгі жігіттер менің тәрбиеммен әсті десем, әрі артық айтқандық, әрі дәл айтқандық болады. Бұлай дейтінім, мен орынбасары болған екі редактордың тұсында да редакция жанындағы жас журналистер мектебі мен әдебиет бірлестігінің жұмысына жетекшілік еттім.

Іс тетігін қашан да кадр шешеді. Меніңше, кадрлармен жұмыс жүргізуде коммунистік партия керемет мол тәжірибе жинақтаған. Кадрлармен жұмыс үш қағидаға негізделетін. Олар - кадрды іріктеу, орналастыру, тәрбиелеу. Редакцияда бұлардың бәрінің тоқайласатын жері - редактор. «Ақ жолдың» маған бастық болған редакторларының екеуі де - кадрлармен жұмыстың майын ішкен, екеуі де облыстық партия комитетінде шыңдалу мектебінен еткен, мен де сейткенмін. Ендеше, олардың жас журналистер мектебінің жұмысын жүргізуді маған тапсыруының сыры, меніңше, осында. Ал, енді әдебиет бірлестігі туралы айтпасам да түсінікті, ол -менің меншігім.

«Мен - пәленшенің шәкіртімін», - деп ыздиған шығармашыл адамнан мандымды ештеңе шықпайды. «Мен оған ұстаздық еттім, ол сондықтан мықты болды», деу - әбестік. Талантты адамға Құдай береді. Дегенмен мен жетекшілік еткен жас журна-листер мектебі тыңдаушылары мен әдебиет үйірмесі мүшелерінің қатарында кейін есімдері облысты былай қойғанда республикаға да жақсы мәлім болған Мұса Рахменбердиевтің, Мұрат Сыздықов, Толымбек Әлімбектің, Доқтырхан Тұрлыбектың, Асқаржан Сәрсектің, тағы басқалардың болғанын ойлағанда әжептәуір әсерленемін, кемінде кәделеріне жараған бір ауыз ақылды сөз айтқан болармын-ау, деп қоямын.

«Ақ жолда» жақсы бір үрдіс болған, ол - Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің өндірістік тәжірибеден өтуге келген студенттері арасынан келешегінен үміт күттіретіндеріне шақырту қағазын беру. Студенттердің өндірістік тәжірибеден өту кезіндегі жұмыстарына да мен басшылық жасайтынмын. Сондықтан да жастардың қайсысы шақыртуға лайық екеніне түрткі болатын да мен едім. Мұрат, Толымбек, Қуаныш менің осындай сүзгімнен өткен жігіттер еді, кейін үшеуі де сенімді ақтады, бесаспап қаламгерлер болды.

Тәжірибе де, қабілет те жеткілікті жағдайға жеткенде 1994 жылы маусымның 29-ында ұстадым мен газет тізгінін.

Қайта құру, сөз бостандығы, пікірлер алуандығы дейтін шіркіндер баспасөз атаулыны бір қиырдан бір қиырға заулатқан. Тісің, қолың қышып бара жатса, сары запыран алқымыңа тығылса, тұлыпқа айналған компартияға тиіс, жер-жебіріне жет.

Елімізде орныға бастаған демократиялық үдеріс құры желігуді қойып, басалқалы, байыпты болуға бастағандай еді. Мұны дер кезінде түсінген бұқаралық ақпарат құралдары аяғын нық басып қатарда қалды, ал түсінбегендері тәуелсіз, биресми деген сияқты атау жамылып, адасып кетті.

Мен «Ақжолды» салиқалы газеттер санатында ұстадым. Бірақ ешкімді бетінен қаққаным жоқ.

Менің редакторлық қызметімді жеңілдеткен бір жай - облыстық газет редакторларының облыс әкімі аппаратының кеңесіне қатысуы болды. Дүйсенбі сайын ертеңгілік өтетін бұл кеңесте облыста өткен аптада атқарылған істер бүкпесіз ортаға салынып, жаңа басталған аптада жүзеге асырылатын шаруалар нақтыланатын. Басқаны қайдам, өз басым сол кеңестерден газеттің алдағы апталық нөмірлерінің нобайын бағдарлап шығар едім Редакцияға келе салып, кімнің немен айналысатынын ортаға салатынмын. Бұл әдісім - газеттің әкімиятпен үндестігіне қол жеткізетін. Содан да болар «Ақ жолдың» ұстанған бағытына, оның бас редакторы менің қызметіме көз алартқан облыс басшысы болған емес. Ал, мен, Құдайға шүкір, облыстың осы уақытқа дейінгі бес әкімінің кезінде де бас редактор болдым ғой.

Мен редакторлық қызметімді бастағанда ең басты пробле-ма қаржы болды. Редакцияның қаржы көзі екеу, бірі - таралым, екіншісі - дотация. Таралым құлдырап кеткен, одан түсетін қаржымен қыр аса алмайсың, мемлекеттің қалтасының түбі тесік. Күнелтудің бір-ақ жолы демеушілер іздеу еді.

Облыстың сол кездегі әкімі Өмірбек Байгелдиевке осы жайды білдіргенімде ол кісі ғажап сөз айтты: «Демеушілер іздеу- мәдени қайыршы болу. Қаржы тауып беремін, газетті шығара бер». Солай болды. Өмекең қаржыдан тарықтырған жоқ.

Сөз орайы келгенде сәл шегініс жасайын. Газетті газет ететін күш - сын және проблемалық жарияланымдар. Біз мұны жақсы біліп, оларды аз жарияламайтынбыз. Бірақ біздің сынымызды елең қылған адам азайып бара жатты. Әлімсақтан газет бұқаралылығымен және ықпалдылығымен күшті. Газет сынын бюроға дейін шығаратын коммунистік партия жоқ, қайтпек керек? Осы жайлы Өмекеңмен ақылдастым. Өмекең орнықты жауап берді: «Коммунистік ұстындар келмеске кетті, қоғамдық қатынастар басқаша өріс алды, нарық өмірімізге ендеп те, бой-лап та еніп келеді. Газет бұрынғыдай сыпыра сынай беретін өндіріс, шаруашылық басшылары, партия ұйымының хатшыла-ры, кәсіподақ ұйымының төрағалары жоқ. Жеке кәсіпкерге тиістің не, тиіспедің не, олар сыныңды құлағына іледі, ілмейді, өзі біледі. Сендердің ендігі сындарың - ардың ісі. Сынаңдар. Сыналғандар бала-шағасынан, әріптестерінен, көрші-қолаңынан ұялатын бола-ды. Біз оларға басқа ешқандай шара қолдана алмаймыз».

Рас-ау! Газеттің енді шопанды 100 саулықтан 150-200 қозы алмадың, директорды күздікті уақтылы сеппедің, хатшыны үгіт-насихат жұмысын ақсаттың, төрағаны социалистік жарысты дұрыс ұйымдастыруға қол жеткізбедіңдеп сынай алмайтыны анық болды. Барлық баспасөздің айналдыратыны руханият мәселелері, қайта оралған дініміз, діліміз, тіліміз болды. Бұл бағыттағы жұмыстарды мен шашау шығармай жариялап отырдым.

Жұмыстағы ең қиын мәселе қаржы болып қала берді. Әкімдер жомарттық танытқанымен, қаржыны тікелей қолына ұстап отырғандар түрлі бұлтаққа салар еді. «Алашаққа алтау - аз, берешеккке бесеу - көптің» кері жүйкені жұқартатын. Сол жылдары мен облыстық мәслихаттың депутаты болып сайландым. Мәслихаттың бюджет қаралған тұрақты комиссиясының отырыстары мен сессияларында сараң мырзаларға мемлекеттің ақшасы ғана емес, астындағы атын түсіп берерлік ащы сөздер айтатынмын.

Қаржы үшін небір шешуші қадамға бардық. Облыстық баспахананың, поштаның қызметін арзандату жөнінде жанкешті жұмыс атқардық. Айталық, пошта қызметін арзандатып, артық алып қойған 3 миллион 400 мың теңгесін қайтардық. Олар бізбен соттасып еді, жеңіп шықтық. Осындай жұмыстардың нәтижесінде газет дер кезінде шығып, қызметкерлер айлығын уақытылы алып тұрды. Рас, елде жүрген жаппай штат қысқарту «Ақ жолды» да айналып өткен жоқ. Реніш те, көз жасы да болды, қайтейін, амал жоқ барған қадам. Маған, әсіресе, қатты батқаны шығармашыл әлеует әлсіреңкіреп қалып еді. Мен қыбырымызға дейін қалт жібермей қадағалап отырған облыстық қаржы қызметкелерінің көзін ала беріп, қандай да бір себептермен редащиядан шеттеп қалған Елен Әлімжанды, Рахметбек Өзбековті, Қуаныш Иембердиевті қызметке шақырдым және де олардың қажеттілігін, іскерлігін ескеріп, бөлім меңгерушілері етіп тағайындадым. Олар менің өздері үшін отқа түскенімді білді ме, білмеді ме, қайдам, маған қажеті осылардай нағыз журналистер еді.

Мен редакцияның ұйымшыл, іскер ұжымын қалыптастырып, соны зейнет демалысына шыққанға дейін шашау шығармай, ұстап тұрдым-ау, деп ойлаймын. Бұл - ең бастысы. Қалған шаруаны көптеп-көмектеп атқарып отырдық.

Осы жерде мына бір жай ойға оралып отыр. Облыстың бір басшы қызметкері жақын адамын жұмысқа қабылдауымды сұрады.

  • Қабылдайын. Бірақ ініңізге обал болады, - дедім.

  • Неге? - деп шошып кетті әлгі кісі.

  • Біздің журналистер - автомат. Солардың екпініне ілесе алмай ініңіз жүнжіп кетеді.

Басшы аға түсінді де қайтып мазалаған жоқ. Шыны солай еді, «Ақ жолдың» журналистерінің екпініне шыдау екінің бірінің қолынан келе бермейтін.

Редакцияда екі қария: Бақытяр Әбілдаев пен Рахметілде Құдабаев еңбек ететін. Сол екеуінің қатарда жүргенін кере алмай, қыржыңдап-тыржыңдайтындар кездесетін. Сондай рай байқатқан облыстық әкімияттың бір жауапты қызметкеріне былай дегенім бар:

- Сол екі қарияның әрқайсысын мен жүз жас жігітке айырбастамаймын. Маған қызметкердің жасы емес, жұмыстың сапасы керек. Әрі-беріден соң олардың адамның ең басты конституциялық
құқығы - еңбек ету құқығын кім тартып алыпты? Бұл шын сөзім еді.


Секретариат - редакцияның штабы. Жауапты хатшы - штаб бастығы. Ол жұмыстың қыры мен сырын білетін адам - некен-саяқ. Рекең-сондай бірегей қызметкер. Әрі анда-санда мөлдіретіп очерк жазып тұрады.

Бақытяр Әбілдаевты біздің бұрынғы редакторымыз Баттал Жаңабаев: «К-700» деп атайтын едім», -дейді. Бұл үлкен Бәкеңнің кіші Бәкеңнің қажыр-қайраты мен қабілет-қарымына разы болып айтқаны, әрине. Мен мұның үстіне Бәкеңді білгір ғалым, қарымды қаламгер, ұшқыр журналист, елгезек азамат дер едім.

Жүйрік аттың ерен шабыс шығаратын, қаламгердің ерекше ша-быт шақыратын кезі болады. Журналистиканың қара жұмысына шаршаңқырап жүрген Бәкеңе мен шығармашылықпен армансыз айналысуына жағдай жасадым. «Сарыағаш», «Меркі» Т.Рысқұлов атындағы шипажайларда айлап жатып жазды, Алматы, Ташкент мұражайларында он күндеп отырды. Сол уақыттарда редакцияның барша шығармашылық жұмысына басшылықты жалғыз өзім атқаратын едім.

Бәкең тарихи тақырыптарды толығырақ игеру жөнінде тапсырма берген облыс басшыларының да, басқамыздың да үмітімізді ақтады. Облыс орталығына өзінің ежелгі Тараз есімінің қайтарылып, оның екі мың жылдық мерейтойының аталып өтуінің бастауында Бақытяр Әбілдаевтың тұрғанын, оның өзінің және ұсынысын қолдаған материалдар ағынының «Ақ жолда» жедел жарияланғанын менің де осы ұлы іске қосқан азды-көпті үлесім-ау, деп ойлаймын.

Кешегі тоталитарлық жүйе кезінде қағажу көрген немесе ерліктері жете айтылмаған Қойгелді, Өтеген, Саңырақ, Жауғаш, Қосы, Рысбек, Байзақ, Сыпатай, Биназар батырлар, Ноғайбай би, т.б. туралы тың деректер жариялап, оларға ескерткіш, кесе-нелер тұрғызуға мұрындық болғанымыз игілікті іс еді. Төле би, Өтеген, Наурызбай батырлар туралы бұрын тиіп-қашып айтылатын жырлардың негізінде тарихи деректер бар екенін де «Ақжол» республикада алдымен жариялады. Сондай-ақ, Қазақстанңың ең ежелгі қаласы Тараздың, Аңырақай шайқасының, Атлах шайқасының терең тарихын, ұлы ғұлама бабамыз Дулат Мұхаммед Хайдардың шығармашылығы мен өмір жолын танытуда біздің газет көшбасшы болды.

Осы материалдардың бәрін дерлік Б.Әбілдаев жазды, Кім не десе, о, десін, Бәкең газетке керек болатын. Өзім зейнет демалысына кеткенше ол шабысынан жаңылған жоқ.

Мен тарихи танымдық шығармалар жазуда Бақытяр Әбілдаев бір өзі бір ғылыми-зерттеу институтына пара-пар жұмыс атқарды деп емін-еркін айта аламын.

Бұл, әлбетте, басқа тарихшылар ештеңе бітірмеді деген сөз емес. Біз К.Рыспаеватың, Ә.Жургеновтің, С.Байтіленовтың, т.б. жазғандарын тоқтатпай жариялап тұрдық.

Мен «Ақ жолдың» тізгінін ұстап тұрған жылдары Таразға бірнеше, атапайтқанда Ислам Жеменей, Әлімғазы Дәулетхан, Дархан Қыдырәлі тәрізді талантты шәкірттерін ертіп, аты бүкіл түрік әлеміне әйгілі профессор Мекемтас Мырзахметұлының келуі елеулі оқиға болды. Біз атакты ғалыммен және оның шәкірттерімен тығыз шығармашылық байланыс орнаттық, тіптен, бұл іспен бір қызметкеріміз - Елен Әлімжан тікелей айналысып отырды десе болады.

Мекеңнің де, Исламның да мақалалары мен сөздері тым өткір болатын. Мекең - бүгінгі тірлікке сын көзбен қарайтын адам. Ғұлама ғалым ғылым-білім, дауы бітпейтін, алға жылжымайтын қазақ тілінің проблемалары жөнінде кесімді материалдар ұсынды. Мен бір де біреуінің мұртын бұзбай, жарыққа шығардым.

Мекең «Ақ жолдың» оқырмандарына тарихты әдебиет арқылы тану женінде ой салды. Алып Ер Тоңа, шығыс әдебиетінің жауһарлары туралы терең зерттеулері, нақты да дәл ғылыми тұжырымдары тұшындырып қана қоймай, таңдандыратын да.

Мекеңмен, Исламмен пікірлесе жүріп, Елен Әлімжаи қазақ халқының өткені, ертеңі туралы аса терең ойлы мақалалар жазды.

Сол жылдары «Ақ жол» қазақстандық патриотизмді, ұлттық идеологияны қалыптстыру жөніиде өлшеусіз жұмыс атқарды десем, еш артық айтқандық емес.

Қашаннан газет таралымы - халық тұрмысының айнасы. Шындық көз алдымызда, халықтың әл-ауқаты артса, таралым да өседі. Осыны жақсы білген мен езім де, қызметкерлерім де таралым сұрап ешкімге алақан жайған емеспіз.

А.Қ.Тшанов селекторлық кеңеске әуес еді, көбіне өзі өткізетін. Бір кеңесте «Егемен Қазақстанға» осыншама, «Казахстанская правдаға» мұншама деп тапсырма беріп жатты аудан әкімдеріне. Естуімше әлгі газеттердің қызметкерлері келіп сұрапты осыншама таралымды. Бізге қарап:

  • Сіздер не айтасыздар? - деді әкім.

  • Әбеке, білсеңіз керек, мынадай бір әңгіме бар. Бір байқұстың пісіріп отырған сүті өзіне бұйырмапты. «Көбелек келіп, көлк етіп, көбігін ішіп, ол кетті. Қарға келіп, қарқ етіп, қалғанын ішіп, ол кетті, Сауысқан келіп, саңқ етіп, сарқып ішіп, ол кетті», - дейді күлкілі әңгіме. Біз де сөйтіп жүрмейік, таралым сұраушылар көбейіп барады екен, - дедім.- Біз алдымен өз газетімізді жарылқаймыз, - деп күлді Әбекең.

Солай болды да. Таралым мәселесін түгелдей облыстық әкімият шешетін. Экономика даңғыл жолға түсуге бет алған соң таралым да есе бастаған. Қазір тіптен жақсы қарқын алған сыңайлы.

«Ақ жолға» мен өзімдегінің бәрін: білімімді, білігімді, талантымды түгел бердім. «Ақ жолдан» мен онда бардың бәрін алдым, олар - адамдармен жұмыс істеу, ел өмірімен тыныстау, тапсырылған істі абыроймен атқару, ең бастысы - адам тану ғылымын игердім.

«Ақ жолда» мен іштей жазушы, сырттай журналист болып жүрдім. Көрген-білгенімді жазушылық сүзгіден өткізіп, көкейіме тоқыдым, журналист ретінде газет бетіне шығарып отырдым. Қайсысының салмағы ауыр, сорабы көп? Алдағы уақытта оны оқырмандар көріп қалар.

Бәріміздің ақ жайлауымыз - «Ақ жол» 85 жылдығын тойлағалы жатыр, бұл - үлкен оқиға. Оны ме жақсы білемін. Өйткені, осы газеттің 75 және 80 жылдық мерейтойлары кезінде оның бас редакторы болғанмын. Екі мереке кезінде де редакция қызметкерлері мемлекеттік наградаға ие болды, облыстық әкімият тарапынан сый-сияпат көрді. 85 жылдық мерейтой кезінде осы жақсы дәстүр жалғасса деймін.

Ақжолдықтарға айтарым: ақжолдарың алысқа апарсын!


Каталог: admin -> files
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі
files -> Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет