Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) Ұлың өссе,Ұлықтымен ауыл бол.Қызың өссе



Дата09.04.2023
өлшемі24,99 Kb.
#174068
түріСабақ
Байланысты:
6 сабак кукык


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар»

Күні

28.02.23ж

Сынып жетекші:

Игілік А.Д.

Сынып: 11 «а»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Ұлың өссе,Ұлықтымен ауыл бол.Қызың өссе,Қылықтымен ауыл бол. 

Сабақтың мақсаты:

Халқымыздың ертеден қалыптасқан дәстүрлерінің мәні мен ерекшелігін шәкірттердің өзін қатыстыра отырып ашу; олардың бойына ұлттық сананы қалыптастыру; ана тілі халық дәстүрін құрметтеуге үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Ішкі тыныштық

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация,Жағдаят сұрақтары

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

5 мин
7 мин


13 мин



Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.


Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер бар.
Оқушылар арасында – халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру біздің азаматтық борышымыз.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек би.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.


Сұрақтар:
1. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (Бәйге)
2. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды? (Көкпар)
3. Ертедегі елін жаудан қорғаған қазақ батырларының адам жинауын қалай атаған? (Қол жинау)
4. Қазақтан шыққан алғашқы космонавт кім? (Тоқтар Әубәкіров)
5. «Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім? (Сырым батыр)
6.Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
7.«Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер? (Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, БейімбетМайлин)
8.Үш дана кім? (Абай, Ыбырай, Шоқан)
9.Үш байлық не? (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
10.Үш жұрт? ( Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
11.Үш арсыз не?(Ұйқы, күлкі, тамақ)
12.Үш тәтті не? (Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
13. Үш жүз? ( Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)
14. Еліміздің намысын қорғаған қандай боксшыларды білесіңдер?
(Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов)
15. Қазақстанның атын әлемге жайған қандай балуандарды білесіңдер?
(Әлсейіт Айханов, Дәулет Тұрлыханов)



Оқушылар мұғаліммен амандасады,
түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары 
бойынша орындарына 
отырады.


Оқушылар слайд арқылы қазақтың мәдениетіне қатысты мәліметтер алады.


Оқушылар қойылған сұрақтарғажауап береді.






Презентация


Карточкалар


Карточкалар



20 мин



Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден-ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген ұлдар жау келгенде де жайдақ таққа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Оқушылар бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі қандай деп ойлайсыздар?

Сабақты мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды мен бастайын, сендер жалғастырып айтыңдар.


1. Тойдың болғанынан ... (боладысы қызық)
2. Таз таранғанша... (той тарқайды)
3. Әншейінде ауыз жаппас... (той дегенде өлең таппас)
4. Жүзігің алтын болғанша... (жүзің жарқын болсын)
5. Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді)
6. Ұяға отыз үйден тию... (қызға қырық үйден тыйым)
7. Қыз жоқ жерде... (қызық жоқ)
8. Әкенің жақсылығы... (жездедей-ақ)
9. Астың дәмін тұз келтірер... (ауылдың сәнін қыз келтірер)
10. Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)
11. Білекті бірді жығар.... (білімді мыңды жығар)
12. Шешен сөз бастар... (батыр қол бастар)
13. Әке көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер)
14. Жақсы байқап сөйлейді... (жаман шайқап сөйлейді)
15. Әдепті бала – арлы бала... (әдепсіз бала – сорлы бала)
16. Жақсыдан үйрен... (жаманнан жирен)
17. Баланың ұяты әкеге... (қыздың ұяты шешеге)
18. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
19. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
20. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)

Бүгін бізбала тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.





Оқушылар
бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі қандай болатынына жауап беріп, ой-пікірлерін ортаға салады.

Тапсырма:
Оқушылар мақалдардың
Жалғасына айтады.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгенін ортаға салып қорытындылайды.





Презентация


Поезентация мен суреттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет