Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom
Қазақ Т2 Үлестірме материал, Қазақ Т2 Үлестірме материал, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom
−  Отыр!  Шошаңдамай,  сөзге  қонақ  бер!  −  деп  ақырып 
қалды. − Немене, менің әйел сүюге қақым жоқ па?
Қақыңыз бар, бірақ біреудің әйелін емес.
− Жесір әйелді деңіз...
− Жесір мен жетімнің заманы емес пе, осы өкіметті соларға 
теңдік әперу үшін орнатпап па еді...
−  Ол,  рас,  махаббатқа  да  бостандық  керек,  сондықтан  да 
саған  сөз  салып  тұрмын,  сондықтан  да  жуандық  жасамай 
жуас жолмен, қазақы жолмен үлкен басымды кішірейтіп келіп 
тұрмын.
− ақирет алдында да айтар сөзім – үзіңіз үмітіңізді. мен о 
дүниеде де Қандауырды ұмыта алмаймын.
−  Ұмытпай-ақ  қой.  Тіпті  бес  уақ  намазыңнан  қалдырма, 
суретін салып қабырғаға іліп қоялық.
− мен енді сізге еш нәрсе айтпаймын, білгеніңізді істеңіз. − 
Нюраның беті қайтадан қуарып кетті.
−  Қақ  маңдайдан  ұрдың-ау,  аспан  көз  қатын.  Қайтейін 
сені,  қайтейін,  жалғандағы  жалғыз  қуанышымнан  айырдың, 
абыройымды  айрандай  төктің,  жігерімді  құм  қылдың, 
жігіттігімді  қорладың,  аяулы  сезімімді  аяқ  асты  еттің.  Енді 

130
қайтіп  ашуланбаймын,  енді  қайтіп  елді  қан  қақсатпаймын, 
айтшы  өзің...  Жазығым  не,  жазығым  жар  қызығын  көрейін 
дегенім бе?
Нюра таң қалды. Шолақ қол бетін қос алақанымен басып 
алып, әйелдерше ал келіп солқылдап жыласын. Басқа – басқа 
да,  дәл  осындай  оқыс  қылық,  босаң  көңіл  күтпеген  еді,  әрі 
оған  тас  емен  жүрегі  жылып,  жаны  ашыған.  «Қойыңыз  аға, 
азамат  емессіз  бе,  босамаңыз»  деп  оған  деген  өшпенділігін 
жұмсартпаққа ниет қылды да, «қой, босқа емексітпейін» деген 
оймен  тез  айныды.  ал  анау  қалтасынан  орамалын  шапшаң 
суырып  алып,  жасқа  толған  жанарын  сүртіп-сүртіп  орнынан 
тұрды.  Белбеуін  ширыға  түзеді.  Тапаншасының  қабын  сипап 
тексерді.  Нюраға  қарамаған  күйі  шыға  берді  де:  −  Ендігі 
хабарды милиционерден күтерсің, сұлуым, − деп жымиды. − 
мен сенімен қоштаспаймын, көріскенше.
Шолақ  қол  шығып  кеткен  соң,  үйге  апыл-ғұпыл  кірген 
аналық, есі ауысқандай, аядай ғана әйнектен түскен жарыққа 
кірпік қақпастан телміріп отырған Нюраны құшақтай алды.
− Не деп кетті? Ұзақ сырластыңдар ғой, түге. ақсарбас, бір 
пәледен құтылдық білем.
−  Сол  пәле  енді  ғана  басталды,  құрбым.  Еркек  екен,  сөз 
салды,  жүрегін  ұсынды.  Көнбеп  едім,  көзіме  көк  шыбын 
үймелетем деп кетті ғой.
− Кетсін әрмен... еңді қайтып оралғанша, кім бар, кім жоқ. 
Жүнжіме. Шай қояйын. Балалардың да қарны ашқан шығар.
Осы кезде Көкен кірді:
Ертеңге дейін ойлансын дейді, не айтып еді, Нүрке?
− маған тұрмысқа шық дейді.
Онысы жігітшілік екен,− деді Көкен желкесін қасып.
− Кет ары, албасты басып тұр ма, Қандауырға не бетімізді 
айтамыз.
− Кісі тірі қалу үшін не істемейді... Өзің біл, мың жылғы 
жұмақтан бір күнгі жарың артық емес пе...
−  Сен  мені  білмейді  екенсің,  Көкен,  −  деді  Нюра  қабағы 
дірілдей  ренжіп.−  Байсырап  отырғаным  жоқ,  Қанекеңнен 
жаным  артық  емес.  аюдай  ақырған  ата-анамның  ақ  сүт,  ақ 
батасын  аттап  қосылған  жарымды  жасыққа  айырбастаймын 
ба.

131
− Кешір, − деді Көкен қалбалақтап. − мен... әншейін... сен 
үшін ғой бәрі де. Құрысын, қайтып алдым сөзімді. Әй, аналық, 
шайыңның түбіне тас түсіп кетті ме, неғып қайнамайды...
«ЖарыҚТыҚ  КӨКЕННІҢ  мІНЕЗІ  ҚыЗыҚ  ЕДІ-аУ,  − 
ДЕП ӨЗ-ӨЗІНЕН КҮлІмСІрЕДІ НҮрКЕ КЕмПІр. − аУЗыН 
аШСа,  ЖҮрЕГІ  КӨрІНЕТІН  аДал,  БалаДаЙ  аҢҚаУ 
ЕДІ».
Таңға  жуық  сыбдырын  білдірмей  тұрған  аналық  аса 
сақтықпен  киініп,  есікті  ептеп  аша  бергенде,  біреу  шымшып 
алғандай  сыңсып  қоя  берген.  Тықыр  еткенге  оянатын  күйеу: 
«Әй, бұл кім, аналық, сенбісің, қайда барасың?» − деді ұйқылы 
үнмен. «мен ғой, әлгі жалғыз сиыр кеше кешке өрістен келмеп 
еді, байқайын деп... ұйықтай беріңдер. Бала тоңып қалмасын, 
қымтай сал», − деп, қамқор кейіп танытты да, лып етіп шыға 
жөнелген.  Сол  бетімен  Нюраның  үйіне  беттеді.  Ол  да  ояу 
отыр  екен,  екеуі  ұзақ  күбірлесті.  Бәрінен  де  қиыны  шырт 
ұйқыда  жатқан  баланы  ояту  болды.  Түнде  қайда  барамыз 
деп,  қыңқылдап  жылады.  Буыншақ-түйіншектерін  арқалап 
үшеуі  ағаш  арасындағы  мыстан  кемпірдің  баспанасындай 
болып  жалғыз  қарауытқан  моншаға  қарай  аяңдады.  ауыл 
таң алдындағы өлі ұйқыда. Өліара кездің қараңғылығы енді-
енді  ғана  етек  түріп,  көбесі  сөгіле  бастаған.  ауыл  шетінен 
басталар отқа осы елдің бес-алты қара малы жайылып жүр. Тау 
қойнауы болғандықтан, таңға жуық қалың қырау түсіп, бейне 
бір  жұқалаң  қар  жауғандай  әсер  беретін  қарашаның  суығы 
жылы үйден шыққан денелерін тоңазытып, бүрсең қақтырды. 
Әсіресе,  ұйқысы,  әлі  де  ашылмай,  есінеп-құсынаған  бала 
«тоңдым,  мама»  деп  еріншектене  ереді.  «Тоңарсың  әлі,  бұл 
–  басы  ғана»,−  деп  күбірлейді  шешесі.  айдаладағы  моншаға 
жеткенде, балада тіпті зәре қалмады. «Кірмеймін, оның ішінде 
сайтан бар»,− деп шегіншектеді. Іші тастай қараңғы моншаға 
бірінші болып «бисмилла» деп өжеттене кірген аналық оттық 
тұтатып,  жарық  жасады.  Іші  ыс-ыс  бөлменің  қабырғасына 
жанап кетсең, үсті-басыңды күйелештеп шығасың. Бұрыштағы 
тастан  үйіліп  жиналған  пештің  үстінде  майшам  бар  екен, 
тұтатып  еді,  өлімсіреген  сәуле  таратып,  есіктен  ескен 
желемікпен қыпылықтай жанады. Қамбаның аузы ашық екен. 
Ішіне сып беріп түскен аналық:

132
− Әй, Нүрке, еңкейіп қарашы өзің, ұядай, − деп сыбырлады.− 
майшамды маған әперіп жібер.
Әуелі  жалауышкені,  содан  соң  қызын  шұңқырға  түсіріп, 
артынан өзі сусыды. Жертөленің іші, расында да, әрі кең, әрі 
тап-тұйнақтай. Бәрін де аналық сақадай-сай дайындап қойған 
екен. Кержақтардың ашыған капуста, қияр, балын сақтайтын 
тақтай  таушаны  жайып,  төсекке  айналдырған.  Жертөленің 
қабырғасына  дейін  тақтайланған,  тек  едені  жоқ,  құм  төккен. 
Жеміс-жидектері бұзылмас үшін, құм төсейтін шығар...
−  міне,  осы  ендігі  үйлерің,  −  деді  қарадай  борша-борша 
терлеген аналық.
− мынау – зындан ғой... Әттең, пеші болса, қыстан шығуға 
да болар еді, − деді әлі де жан-жағын тосырқай шолған Нюра.
− Кішкене ғана қаңылтыр пеш тауып келсем, суықтан емес, 
ыстықтан зәрезеп боларсыңдар.
−  Әй,  аналық-ай,  ол  пештің  түтінін  будақтатып  қалай 
жағамыз?
− Отты тек түнде ғана жағасыңдар, ал күндіз дымдарыңды 
білдірмей жым-жырт жатасыңдар. 
−  Сонда  біз  үкі  немесе  жарғанат  болғанымыз  ғой,  −  деп 
Нюра аузын басып, тұншыға күлді.
− Тірі қалу үшін бәрі болуға болады. ал мен кеттім. Тегінде, 
естеріңде болсын, жер қойманың қақпағын қазанмен бастырып 
кетемін,  шығамын  деп  әуре  болмаңдар,  өзім  ғана  ашамын. 
Екі  күндік  азықтарың  бар.  ыстық  тамаққа  әзірше  иектерің 
қышымасын.
− мен бір түрлі қорқып отырмын, − деді Нюра мұңайып. − 
Осыдан түрме артық секілді. Ойлашы өзің, қашанғы отырамыз: 
бір ай, бір жыл, содан соң...
−  Содан  соң  –  сол.  Сен  қызықсың-ей,  абақтыға  ас  беріп 
жатқандай-ақ  асығып,  басымды  ауырттың  ғой.  Оған  бүгін 
бардың не, бір айдан соң бардың не, ешқайда қашып кетпес, 
түрмесіз үкімет болушы ма еді, − деп, іргедегі нарға қисайып 
ұйықтап қалған баланың үстіне ішік жауып, жан-жағын қымтап 
қойды.
− Ішім пысатын шығар, тәулік бойы жер астында қамалып 
отырудан артық тозақ бар ма...
− Сені қойшы, − деп аналық тағы да сампылдай жөнелді. − 
Тоқыма тоқисың, бәрінен де жас балаға қиын, ойын баласы іші 

133
жарылып зерігер, әмбе саған ермек тауып, алдаусырату керек. 
ал мен кетейін.
ал  мен  кетейінмен  тағы  біраз  айналсоқтап,  құрбысын 
қимағандай әрең көтерілді шұңқырдан. Содан соң жертөленің 
қақпағын  жауып,  былайырақ  төңкерулі  жатқан  тайқазанды 
өзі  әрең  дегенде  орнынан  қозғап,  ырғай  жылжытып  әкелгені 
естілді. Есікті нығыздап жауып, сыртынан тіреу қойды. Жан-
жағына алақ-жұлақ қарап, жорғалап үйіне жеткен. Жолшыбай 
қара сиырды айдай кеткен. Қораға қамап, үйге бір құшақ отын 
құшақтай кірген. Әйелінің тықырынан оянған саққұлық Көкен: 
«Көп  айналдың  ғой,  сиыр  бар  ма?»  −  деп  есіней  сұраған. 
«Қасқыр жегірді әрең дегенде таптым. Терістің ішіндегі колхоз 
шөбінде белуарына дейін мелдеп тұр екен, ертелетіп іздегенім 
қандай  көрім  болған,  ұятқа  қалады  екенбіз»,  −  деп  өтірікті 
судай сапырып жіберді. «Үй суып кетіпті, пешке от жақпасам, 
қарағай  отын  әкелсеңші,  әкесі,  қайыңның  дуылдап  жанғаны 
болмаса,  қызуы  шамалы».  «Көлік  болмай  тұр  ғой,  әмбесінде 
қол да тимейді». «Колхоздан бір тырақы тауып берсең, іргеде 
жай түсіп сұлап жатқан молақтың бірін өзім-ақ сүйретіп әкелер 
едім».  «мұрындығын  тесе  алмайсың  ғой».  «Тескенде,  сенің 
білегің сыйып кетер ғып үңірентіп жіберем, ағаштың арасында 
туып, ағашқа жарымасақ не дауа. Әй, қазақтар-ай, орманның 
ішінде  тұрып  отынға  жарымай,  үйінің  бұрышын  жарып 
жағатын  еріншектіктен  қашан  арылар  екенбіз»  деп,  пештің 
күлін  шығарып,  көмейіне  жаңқа  тығып,  от  тамызып  толас 
таппады. «аналық-ай, қолыңмен қоса аузың да қимылдамаса, 
ұшынасың  ба»деген  күйеуі  ендігі  ұйқыда  маза  болмасын 
сезгендей, самарқау күйде киіне бастаған. − Бүгін ғой Нүркені 
айдап әкетеді.
Байғұсқа обал болды, − деп жаны ашығансыды әйелі.
− Кебежеңнің түбінде қалған-құтқан болса, жолына пісіріп 
берсеңші. Одан басқа қолымыздан не келеді...
− Қара сиырды Шолақ қолға жетелетіп жіберсек, босатар 
ма екен?
−  Қара  сиырға  сені  қосып  берсең  де  жібімейді,  −  деді 
Көкен  −  Қайта  басымызға  пәле  болып  жабысады.  Секретарь 
Төлегеновті  домбыра  шертеді,  ән  айтады,  рулардың  тегін 
таратады,  насыбай  атып,  ескіліктің  қалдығына  шырмалған 
деп айыптады емес пе. Әсіресе, балаларына қиын болды. Көзі 

134
мөлдіреген  бес  жасар  Бибігүл  атты  қызын  қимай,  «шөлім 
қанып бетінен де сүйе алмадым-ау» деп аһ ұрғанда, аузынан 
жалын атып қатты қамығыпты.
−  Сонда  қалай,  домбыра  шертіп,  ән  айтқанның  барлығы 
халық жауы болса, құрысын... Құртайық ана домбыраны...
−  айыптың  үлкені  ол  емес,  −  деді  күйеуі.  −  Шолақ  қол 
«Партбилетіңді  тапсыр»  деп  қожаңдағанда,  «билетті  сен 
берген  жоқсың»  деп  қасарысқан.  Тартып  алмаққа  ұмтылған 
Шолақ  қолды  қағып  жібергенде,  анау  орындыққа  шалынып 
шалқалай  құлап  түсіпті.  Бар  пәле  осыдан  әрі  асқынған. 
«Жапонның жансызы» деп куәлендірген қағаз дайындап, жым-
жылас алып кетті ғой. Әйелі мәнура балаларын жетелеп Семей 
жақтағы  төркіндеріне  көшіп  кетті.  Төлегенов  жалғыз  емес, 
қол астында істейтін алпысованы да аузы-мұрнынан шыққан 
екіқабаттығына да қарамай қамаған және екі ағасын да алған. 
Әйел байғұс түрмеде босаныпты деп естимін, ал баласын қайда 
жібергені  белгісіз...  ее-ее-ее,  қарағай  басын  шортан  шалды 
деген осы...
Түске  таман  аудан  орталығы  Қатоннан  милиционер  жігіт 
келіп, Нюраны таба алмады. Іздемеген, қарамаған жері қалмай 
мысы құрыған, жалғыз өзі лажсыз кері оралған жігітті жерден 
алып жерге салып ұрысқан інкібіді бастығы алашапқын болып 
өзі  жетіп  еді.  Тінтпеген  үйі,  жауап  алмаған  адамы  қалмады, 
тіпті  іргеде  сыңсып  тұрған  орман  ішін  де  сүзіп  шықты,  жер 
жұтқандай жым-жылас; із кесіп, сыбыс ести алмай дал болды. 
расында да, Нюраның табан астында − бір түннің ішінде түтіні 
өшіп,  түндігі  жабылып,  қайда  ғана  ғайып  болып  кеткенінен 
аналықтан өзге жұрт хабарсыз еді. ал аналық болса: «Құдайға 
анық, көрсем көзім шықсын, естісем құлағым керең болсын»,− 
деп,  қарғанып-сіленіп,  азар  да  безер  болған.  ал  оның  күйеуі 
Көкен: «апыр-ау, аспанда құдай, жерде шұнай алды ма, ғажап, 
ғажап»,–  деп,  таңдайын  қағып,  басын  шайқап,  әуелі  қайран 
қалғаны соншама, қызды-қыздымен Шолақ қолға қосылып өзі 
де іздеді. ал Шолақ қол – дүниедегі ең бір күдікшіл әрі иісшіл, 
тісқаққан, ізшіл маман кәсіптік түйсікпен бісміллә дегеннен-ақ 
Нюраның жоғалу себебін Көкендерден көрді. алдап та, арбап 
та  сұрады,  ұрсып  та,  ұрып  та  сұрады,  «білмеймізден»  басқа 
жарытымды жауап ала алмады. Әбден сілесі қатқан соң, тың-
тыңдап  осы  ауылға  түнеп  қалған.  Колхоз  кеңсесіндегі  қара 

135
былғарымен қапталған диванға сұр шинелін жамылып жатып 
қалған.  Онысы  көз  алдау  еді,  ел  орынға  отырып,  әрқайсысы 
майшамын  ерте  өшіріп  жым-жырт  жатып  қалғанда,  жымын 
білдірмей далаға шығып, ақырын басып байқастады. Әсіресе, 
Көкеннің  үйін  таң  сыз  бергенше  торуылдаған.  Ол  үйден  де 
қырылып қалғандай қыбыр еткен жан көрінбеген. Өліараның 
көрдей  қараңғылығында  ауыл  арасында  жусап  жатқан  жуас 
сиырларға сүрініп ұзақ жүрді. Жалғыз Нюра ғана емес, мұқым 
ел қаша көшіп кеткендей, тыныштық құлаққа ұрған танадай... 
әрі неге екені белгісіз, жау шауып, жұтап қалған ескі жұрттай 
қорқынышты...  «Жо-жоқ,  бұл  ауылдың  ұрлығын  ашу  үшін 
баяғының бақсысы, көріпкелі керек шығар»,− деп күбірлеген. 
Күн  шыға,  әбден  дымы  құрып  шаршаған  соң,  елікті  қуған 
аңшының итіндей бұралып кеңсеге оралды. Бәрібір көз іле алған 
жоқ.  «мүмкін,  Өскеменге  айдалған  Қандауыр  қашып  кетіп, 
әйелі мен баласын арғы бетке, не Қытайға, не моңғолға көшіріп 
әкеткен  шығар.  ал  ондай  көзсіз  ерлікті  ондай  жаужүректен 
күтуге  болады.  алтай  тауының  құзарларында  шекара  да, 
аңдаушы  да  жоқ,  мылтығын  шошайтқан  он  шақты  солдат 
тек  сайда  ғана,  оқта-текте  салт  атпен  қоқыраңдап  жоталарға 
жортып шыққаны болмаса, өркеш-өркеш тау шағылдарындағы 
көш  жолын,  аң  мен  аңшының  соқпағын  білмейді.  Қандауыр 
секілді  аңшы  шекарадан  көзін  жұмып  өтеді».  міне,  өз  ісін 
әлемдегі  ең  ақиқаттың  бірі  есептейтін  Шолақ  қол  шақшадай 
басын  шарадай  еткен  ойын  осындай  түйінмен  аяқтады. 
Колхоз  басқармаларына  «бәрібір  сендерге  сенбеймін,  бірің 
болмаса  бірің  саучастниксің»  деп,  атқа  қона  берген  кезінде 
бригадир:  «Осы  біз  кержақ  байдың  ескі  моншасын  қарадық 
па?» − дегені көзі ежірейіп. «Көрсет моншаны, ол қай жерде? 
Неге  айтпадың?»  −  деп  ақырып,  тапап  кетердей  қамшысын 
үйіріп,  атын  омыраулатты.  «Жүріңіз  көрсетейін,  осыдан  бір 
шақырымдай  жерде,  орманы  қалың  өзен  жағасында»,  −  деп, 
алға  түсіп  томпаңдап  жөнелген.  «Ой,  онда  сайтан  да  жоқ, 
маңайынан  жүруге  қорқамыз»,  −  деген  кәперсіз  Көкен.  ал 
аналықта  зәре  қалмады.  «Құрыған  жері  осы  шығар»,−  деп, 
бетін басқан күйі өз үйіне жүгірген-ді.
моншаға  жақындай  бергенде,  Шолақ  қолдың  тақымын- 
дағы аты қорсылдап өз-өзінен үріккені. Ойқастап бас бермей 
қойған  соң,  «шынында  да,  бұл  моншаның  бір  сиқыры  бар-

136
ау»  деп  ойлады  да,  аттан  түсіп,  ағашқа  байлап,  өзі  жаяу 
тартты.  Дегенмен,  бойында  сезік  бар.  Тапаншасын  суырып, 
барлауға  аттанғандай  байқастап,  бүкшиіп  басып  жақындады. 
Әуелі моншаның қурай басқан сыртын шола айналды да, өзі 
қабырғаға  жапсырыла  тұрып,  есіктің  тіреуін  аяғымен  итеріп 
түсірді. Тіреуі түскен соң, топсасы ескірген есік өз екпінімен 
шиқ  етіп  ашылғанда,  оңбай  шошыған  Шолақ  тапаншасының 
шүріппесін  басып  қалып,  жата  қалған.  албаты  атылған  оқ 
моншаның қарсы бұрышында қалқиып тұрған бригадирдің оң 
қолын жұла жанап өтіп, арт жағындағы қарағайдың қабығын 
тесіп кірді. Бригадир: «Ойбай-ойбай, өлтірдің!» − деп ышқына 
құлады.  Өкіріп-бақырып,  қан  саулаған  шынтағын  басып 
арпалыса аунады. «Өй, әкеңнің, алдымда неге тұрасың ербиіп!» 
− деп, орнынан көтерілген Шолақ қол әлі де сақтық білдіріп, 
моншаның  босағасынан  бой  тасалай  сығалаған.  Ешкім  жоқ. 
Қапырық иіс қана мұрын жарады. Дізесі дірілдеп ішке кірді, 
қазанды  бір  теуіп  қайта  шықты.  Қансыраған  бригадирдің 
жаралы шынтағын өз көйлегін айырып жіберіп таңып жатқан 
Көкен «аңқау елге дөң айбат жасағаны болмаса, нәшәндігіміз 
бұтына тышқан қорқақ екен-ау» деп ойлады. алғашқыдай емес 
бойын тік ұстап, қоқилана жақындаған Шолақ қолға бригадир: 
«Өзің секілді мені де шолақ етейін деп пе едің, үстіңнен жәлібі 
жасаймын,  неге  атасың?»  −  деп  аңқиды.  анау  сасқан  жоқ: 
«Жауды ұстау майданында өлім-жітім болмай тұрмайды, оқыс 
қой, қан шықпастай етіп мықтап таңып ал да, артыма мінгес, 
ауданға  апарып  доқтырға  емдетем»,  −  деп,  үлкен  «кісілік» 
жасады.
− Әлгі жаудың қатыны моншада жоқ, бірақ... Әлдекім біз- 
ден  бұрын  тінтілеген  секілді,  өйткені  кіреберістегі  өрмекші- 
нің торы бұзылған, бетіме жабысқан жоқ, − деп қауіп айтты.
«апыр-ай, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін нәстені 
сезуін,  жыланның  жусағанын  білетін  нағыз  тыңшының  өзі 
екен?»  −  деп  таңырқаған  Көкен  ілби  басып  ауылға  аяңдады. 
«Құдай-ай,  Нүркені  жер  жұтып  қойды  ма?»  «Жаудың» 
қатын-баласы  табылмады  деген  хабарды  естіген  аналықтың 
қуанышында  шек  болмады.  ал  інкібідінің  артына  мінгесіп 
кеткен бригадир қара орманына қайтып оралған жоқ; «Шолақ 
қолдың өзімен атысып, оқ тиген Нюра Фадейқызын ізім-ғайым 
қашырып жіберген сол екен, жымын білдірмей жүрген нағыз 

137
халық  жауы  екен,  Төлегеновтің  өзімен  сыбайлас  болыпты» 
дейді-дейді  –  не  дейді  екенмен  айыпталып,  итжеккенге  ай- 
далған. «Қақаған суық, қатаң тәртіпке төзе алмай, сол жақта іш 
құса болып, буынып өліпті», дейді, дейді – не демейді.
алайда, шындық еді. 
«Ол  Да  КЕТТІ  ҰрПаҚСыЗ,  −  ДЕП  КҮрСІНДІ 
НҮрКЕ  КЕмПІр.  ТӘҢІрІм-аЙ,  мылТыҚ  ТарС  ЕТКЕН- 
ДЕ  ҚЬІЗЬІмНыҢ  ШырылДаП  ЖылаП  ҚОЯ  БЕр- 
ГЕНІ.  аЙғаЙ-ҰЙғаЙмЕН  алғаШҚы  ДаУыСТы 
ЕСТІмЕЙ  ҚалыПТЬІ,  арТыНаН  БаламНыҢ  аУЗыН 
ТҰНШыҚТыра БаСа ҚОЙДым. ТЕК мҰрНымЕН ғаНа 
ДЕм алғаН ҚҰлыНым, Олар ҰЗаП КЕТКЕНШЕ ӨлІП 
Қала ЖаЗДағаНы-аЙ» 
алтайдың  мұқым  орман-тоғай,  сай-сала,  бұта-қарағайын 
аппақ  мамыққа  бөлеп  қар  жауды.  Бұл  шақ  қарашаның  қара 
суығы  ашуын  азайтып,  тау  ішіне  үп  еткен  желсіз  жуас  та 
жұмсақ тыныштық орнаған момын шағы еді. алғаш рет қыстың 
таза  қары  түскенде,  азынаған  ызғырық  азаятын  да,  әдемі  бір 
жылымық орнайтын. міне, биыл кештеу келген есесін алғысы 
келгендей  күні-түні  қапалақтап  жауып,  тізеден  келетіндей 
омбыға  айналды.  алтай  қысының  да  өз  сұлулығы,  еш  жерге 
ұқсамас ерекше бір әдемі суреті болушы еді. Әсіресе, жалғыз-
ақ  күнде  салаң  ете  қалатын  қысының  жұмбақты  да  жым-
жырт  кейпіне  қарасаң,  көктемге  бергісіз  жаныңды  жарылқар 
сыршылдығын  аңғарасың.  амал  не,  осына  ішкі  сарайыңды 
сансыз сиқырлы әуезге бөлер сабырлы қуанышың салқындап 
барып, тым келте қайырылар еді...
айға  жуық  айласын  асырып  келген  аналық  алғашқы 
сонарда  із  кесіп,  моншада  жасырынып  жатқан  Нюраға 
қатынаудан жасқанды. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, 
Нүркенің баласына суық тиіп, өкпесі сырылдап қатты ауырып 
жатыр еді. Не істерін білмей басы қатқан аналық бүгін де ерте 
тұрып,  тәуекелге  басып  жар  жағасындағы  жалғыз  моншаға 
қарай  бет  түземек  ниетте.  Пиманың  қонышынан  асар  қарды 
жаяу кешуден гөрі, Көкеннің ара-тұра аңға шығатын шаңғысын 
аяғына кимек болды да, қораны, отын сарайдың ішін қарап еді, 
таппады. Қанша қайраттымын деп сыр алдырмағанмен, соңғы 
кезде шаршап та жүрген. Бармаудың реті тағы жоқ, екі көзі төрт 
болып дімкәс баласы мен құрбысы күтіп отыр. Тамақ түйілген 

138
түйіншігін  қойнына  тығып,  құдайға  тапсырып  жүре  берген 
кезінде, артынан: «Әй, аналық, қайда барасың?» деген дауыс 
естілді. Оқыс естілгені соншалық, «Ойбай, көтек!» − деп, қар 
үстіне жалп етіп отыра кетті. Есін жиып қарағанда көргені: өз 
күйеуі еді, үстіне шолақ тонын желбегей жамылып, төбесінен 
төніп тұр. «Түу, сен екенсің ғой, зәре-құтым қалмады-ау...»
Омбы қарға белшесінен батып отырған әйелін қолтығынан 
демеп тұрғызған күйеуі:
− Қара сиыр қорада қамаулы түр, таң атпай қайда барасың? 
менің көзіме шөп салып жүргеннен саумысың? − деп сұрады 
әзіл-қалжыңы аралас түсін суытқан болып.
−  Иә,  деген,  сенен  басқа  біреу  қарайды  деген  маған... 
Әншейін жүрегім қысып, тынысым тарылып, дем жетпей бара 
жатқан соң, ауа жұтайын деп...
− Өтірік айту үшін де қисын керек, аналық, − деді Көкен келін- 
шегінің  етегіне  жабысқан  қарды  қағып.  −  Әсіресе,  сенің 
қолыңнан келмейтін өнер ол. Сырғақсып менен жасырып жүрген 
сырыңды  баяғыдан  білемін,  әншейін  кедергі  жасамайыншы 
деп, үндемегенмін. Жүр, бірге барып білейік хәлдерін, − деп 
алға түсіп, айдаладағы моншаға қарай аяңдай жөнелді. аналық 
ләм деместен, өз мініне өзі өкінгендей, күйеуінің қар кешкен 
ізін қуалай ерген еді. Олар қарсыласқанына қарамастан Нюра 
мен баласын үйлеріне алып келді. Ел көзінен тасалап бақты, 
аузындағы  азын-аулақ  астарын  бөле-жарып  асырады,  жан 
адамға білдірмей сақтады. Бұл үйге қарай әлдекім қарға адым 
жақындаса, березеп болып, алдынан өздері шығып щаруасын 
бітіріп  қайтарады  немесе  Нюра  мен  қызын  жертөлеге  түсіре 
қояды. Қаншама қайрат көрсетіп ем-дом жасаса да, Нюраның 
баласын  аман  алып  қала  алмады,  әбден  суық  тиіп,  өкпесі 
қабынған  сәби  таңға  жуық  жантәсілім  берген.  Сонда  бейне 
бір  түшіркеніп,  ұйықтап  жатқандай  боп-бозданған  баласын 
құшақтай  құлаған  Нюраның  жылағаны-ай...  Қыстың  қақаған 
суығында  тірісінен  гөрі  өлі  баланың  денесін  жасыру  қиын 
болды. Тұлыпқа орап алдына өңгеріп ала жөнелген Көкеннің 
артынан  шашын  жұла  тұра  ұмтылған  Нүркені  аналық  әрең 
тоқтатып,  белінен  құшақтап  айырылмай,  құдайдың  зорына 
алып  қалып  еді-ау.  Сөйтіп,  қаңтардың  қарабарқын  түнінде 
Қандауырдан қалған жалғыз тұяқ көңілінің медеті, тас емшегін 

139
жібіткен,  тар  құрсағын  кеңейткен  жалғызынан  мәңгілікке 
айырылып, қош-қошын айтқан. Жалғанның жарық дүниесінен 
безініп,  жаратқан  иесін  қарғап-сілеген,  дүниедегі  жақсылық 
атаулыдан тағы да күдерін үзген...
«мЕН  БЕЙБаҚ  БҰДаН  СОҢ  ҚаЙТыП  Бала 
КӨТЕрмЕСПІН,  ал  ҚаНДаУыр  ЕНДІ  ҚаЙТа  ОралмаС 
ДЕП ОЙлаП ЕДІм».
Қыс  өтіп,  көктем  туды.  Түнде  үйде,  күндіз  жер  астында 
жарғанат  секілді  ұры  ғұмыр  кешкен  Нюра  да  тірі  жанның 
көзіне  түспей,  ілініп-салынып  қыстап  шыққан.  Жадырап  жаз 
келгенде, яғни 1938 жылдың жазында мұқым ауданды бидайдай 
қуырған Шолақ қолдың өзі істі болып, айдалып кетіпті деген 
қуанышты  хабар  жетті.  міне,  осынау  «қаптап  жүрген  халық 
жаулары  түгесіліп»,  елді  алатайдай  бүлдірушілердің  өзіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет