Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom
Қазақ Т2 Үлестірме материал, Қазақ Т2 Үлестірме материал, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom
жауларын төменге айдағанда, Бұқтырма үстіндегі ағаш көпірден 
өтесіңдер. Қапы қалма... және бұл сырды тісіңнен шығарма...
Қандауырдың  маңдайынан  сұп-суық  тер  шықты.  Шолақ 
кол  тапаншасын  тағынып,  кителін  киіп,  үсті-басын  түзеді.  − 
мә, бастығын тастай зытқан қорқақ иттің мылтығын мойныңа 
асып ал, − деп, бесатарды Қандауырға ұсынды. − Жүр, кеттік. 
Әттең, қазақтардың барлығы сендей болса ғой... Онда айдағанға 
жүрмес ек, айтақтағанға үрмес ек...
Екеуі  екі  атқа  мініп  жолға  шықты.  Қаптаған  қалың  то- 
ғайдың  ішімен  асықпай  аяңдатып  келе  жатыр.  Дабырлап 
сөйлескен жоқ. Әрқайсысы өз ойын малталап, мынау әділетсіз 
әлемнің  жұмбағын  шеше  алмай  үзеңгі  қағыстырады.  Ертеңгі 
атар  таң,  шығар  күннен  үмітсіз  Қандауыр  ғана  емес,  мынау 
мұқым ауданды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, 
жылаған  бала  уанатын  інкібідінің  көңілінде  де  қаяу  бар-ау. 
Бұрынғы  құтырынған  мінез  жоқ,  момақан,  күрмеуін  шеше 
алмай  әуреленген  хал  кешкендей,  айналдырған  бір  сағаттың 
ішінде  қой  аузынан  шөп  алмас  кейіпке  түскеніне  Қандауыр 
қайран қалды. мүмкін, баяғыдан солай шығар, әдейі дөңайбат 
жасап, жұрттың зәресін алу үшін қасақана жасайтын шығар. 
Осыншалық бір қарекетін бір қарекеті жоққа шығарып, өзімен-
өзі атысып-шабысқан жұмбақты адамды алғаш жолықтыруы.
− мен сізден бір нәрсе сұрайын ба? − деді тебіне қатарласқан 
Қандауыр.

120
− ал, сұрай ғой.
− алдыңызға келген кісіні неге сабайсыз?
− Әдет болып кеткен ғой. Шыдай алмаймын. мінез солай.
−  Дегенмен,  жазықсыз  жандарды,  «жығылған  үстіне 
жұдырық» жұмсағаныңыз большевиктік қылмыс емес пе.
−  Қылмыс  деп  ешкім  қолымнан  қаққан  емес.  Дегенмен, 
қамалып жатқандардың барлығы сүттен ақ, судан таза екеніне 
кім  кепілдік  бере  алады.  адамның  ішіне  кім  кіріп  шыққан, 
ішінде ит өліп жатқандары бар. Солардан тазарту керек, санасын 
сауықтыру  керек.  Бүгін  мүләйімсіп  жүргенімен,  күндердің 
күні жалын күдірейтіп шыға келеді. Осы бастан бастарын отап 
тастамаса,  сүйікті  Отанымызға,  данышпан  Сталинге  қауіп 
төнуі мүмкін. Сақтансаң ғана сақтайды.
− Заңсыздық қой. Бір адам үшін мың адам не үшін жапа 
шегуі тиіс. Осы жұрт, өзіңіз де білесіз, енді-енді ғана еңсесін 
көтеріп,  көтерем  күйден  арыла  бастаған  жоқ  па.  «Жаулық» 
ойлағанды қойып, жанын сақтап алсын да. айталық, мына мен 
сол Жапония деген елдің қай жерде екенін де білмейді екенмін... 
ағыңыздан жарылыңызшы, Төлегенов қандай азамат еді?
−  Жапонияның  қай  жақта  екенін  өзім  де  білмеймін... 
Жігітім, тым тереңдемейік, − деп ажырая қарады. Шолақ қол 
ауылға жақындаған сайын күшіне мініп, сәл ұмытқан қызметін 
лезде қайтарып алды. − Біле-білсең осы сөзің-ақ сені қамауға 
жетіп  артылады.  мен  –  бұйрықты  орындаушымын.  Әлгінде 
сен  бір  сөзіңді,  ұмытпасам,  «заңсыздық»деп  айтып  қалдың. 
мойындайсың ғой.
− Өзімді қамасаңыз да, тілімді кесіп тастамассыз. айтқаным 
рас.
 − Ендеше, сәбет заңына күмән келтіргеніңнің өзі – алтын 
заңды бұзу болмақ. «Түлкі түрінен, адам тілінен тартады»деп 
қазақтар бекер айтпаған.
− Сол қазақтың «сөйлемейін десем – сөзім өледі, сөйлейін 
десем – өзім өлемін» дегені және бар.
− артты қысқан бай болады дегенім ғой...
− Қазір бай болуға рұқсат жоқ қой...
− Әй, өзің сөзге мәстірсің-ей, − деп Шолақ қол алғаш рет 
ақтарыла  күлді.  −  Жақсы  жігітсің,  қайтейін,  аман  қалдыруға 
амалым қайсы... О баста үстіңнен іс ашпауым керек еді. мұндай 
екеніңді қайдан білейін. Өздерің де бастықтарға жуық жүрмей 

121
шіренесіңдер. Осы қазақтардың қызық мінезі бар. Бойында күш-
қуаты, таланты барлар үдірейіп үлкен адамдарға жоламайды; 
ал, әлжуаз, алаяқтары алдыңды босатпай жылпостанады. Әне, 
сондықтан да олар аман қалады, өседі... Енді тым кеш, шегінетін 
жерім жоқ. айтқаным – айтқан, әйеліңді босатамын.
− Осыныңызға да рақмет. маңдайдағы жазуды өшіре аламын 
ба, − деп күрсінді Қандауыр. ауа жетпегендей омырауын ашып, 
кеудесін  керіктей  кере  дем  алды.  Осы  бір  мезет  ат  үстінде 
келе  жатқан  аңшы  жігіттің  ең  ақырғы  бостандық  ауасын 
жұтуындай еді. Енді қайтып мынау туған жердің тамылжыған 
табиғатын,  асқар  тау,  асау  өзенін  көре  алмасын,  емін-еркін 
сайрандап  аң-құсын  қуып,  орман-тоғайын  аралай  алмасын; 
көк шалғынына көлбей жатып, сонау тұп-тұнық аспанға қарап, 
тұнығы  шайқалмаған  көңілмен  армандай  алмасын;  құлын 
жоны  көрінбес  тау  шалғынын  кертіп  ойып,  қол  тартпамен 
алақанға түкіріп пішен ора алмасын; алтайдың аппақ қарында 
ат  шанамен  ағыза  алмасын;  мұртына  қатқан  сүңгі,  кірпіктегі 
қырауды сүртіп, тоңып-жаурап келгенде, Нюра құйып берген 
құла шайды самайынан тер ағып, сораптап іше алмасын; көктем 
шыға – көктен іздегені жерден табылғандай масайрай, жағасын 
кеміріп  долдана  таситын  Бұқтырманың  аққұла  толқынына 
қарап, тамырынан қопарылған сансыз салындыны санап, аяй 
алмасын; енді қайтып адамға жалғыз-ақ рет берілер тіршіліктің 
шәрбаты суалып, кермек татырын, кетеуі кетерін, сөйтіп, мынау 
жарық  дүниенің  торқалы  тойын  көріп,  топырақты  өлімінде 
ауыл  ақсақалдарының  ақылын  тыңдай  алмасын  сезді,  білді, 
түңілді, тайғақ тағдырының үкіміне жүгінді.
Қос жолаушы тоғайдан шыға келгенде, алдарынан андыздай 
қарсылаған  бір  қора  милиционерді  көрді.  Ішінде  мылтығын 
тастай зытқан бағанағы бала мұрт жігіт те бар. айқұлақтанып 
алда келеді.
− атаңа нәлет-ай, бүлдірген екен ғой, − деп астындағы атын 
борбайлап қалды Шолақ қол.
− аға, мыналарды бастап келдім, − деді, жерден жеті қоян 
тапқандай  жінігіп.  Оны  қамшымең  осып  өткен  нәшәндік:  − 
Батыр  қаранды!  −  деп  зілдене  айғай  салды.  −  Үйіңе  барып, 
боқшаңды дайындай бер. Қамаласың. Халық жауысың!
аттан  домалап  түсіп,  енді  тоғайға  қарай  қашқан  жігіт:  − 
Халық  жауы  атанғанша,  Бұқтырмаға  ағып  өлемін!  –  деп  зар 
еңіреді. Ұстайық деп ұмтылғандарды Шолақ қол тоқтатты.

122
−  Тимеңдер,  ешқайда  кетпейді.  Ондай  қоян  жүрек  еркек- 
шоралардың  қолынан  еркекше  өлу  де  келмейді.  Қазақтың 
түбіне  жететін  –  мынау  емес,  −  деп  Қандауырды  көрсетті.  − 
анау секілді сүрмелек сужұқпастар.
− Сіз ше? − деп қалды Қандауыр қисыны келіп қалған сөздің 
обалына қалмай.
− Жаудың мылтығын алыңдар, − деген Шолақ қол естімеген 
сыңайда.  Жан-жағынан  анталай  ұмтылған  милиционердің 
біріне  иығындағы  мылтығын  сыпырып  өзі  ұстата  беріп  еді, 
қалған екеуі аттан аударып алмақ болып борбайына жармасқан: 
бірақ ер үстінде тақымы жабысып қалғандай тәкаппар отырған 
Қандауыр  міз  бағып  місе  тұтпады.  Енді  қайтеміз  дегендей 
Шолақ қолға қарап еді ол:
− Тимеңдер, өзі барады. Әттең, мынау көп боқташаққа осы 
тұтқынның жалғыз өзін-ақ айырбастап алар едім, амал не, − деп 
алға түсіп сау желе жөнелді. Қалғандары соңынан салпақтай 
ерді. 
Шолақ қол інкібіді уәдесінде тұрды. ауылға қайтып барған 
соң Қандауырды алып қалды да, әйелін босатты.
«Қандауыр  абақтыны  өзі  ашып  кіріп  келгенде,  жүрегім 
жарылып, талып қала жаздап едім-ау. Оның өзі қамалып, бізді 
босататынын қайдан білейін», − деп күрсінді Нүрке кемпір.
Келіншегі мен баласын бауырына қысып, айналып-толғанып 
сүйген Қандауыр қанша қатты болса да, көзі жасаурап, алғаш 
рет көңілі босады.
−  «Көрешегіңді  көрмей,  көрге  кірмейсің»  деген,  Нүрке, 
қайтейік, жылаймыз да шыдаймыз. «Еркек тоқты құрмалдық» 
деген, екеуің аман болсаңдар, мені қойшы, мықтаса Колымаға 
қайта  айдар.  Өкінерім  де,  өшігерім  де  жоқ,  шүкір,  −  деді 
күштегендей болып күліп, баласын жоғары көтеріп. − Шүкір, 
артымда ұрпағым бар. Тек қайда, қандай қиындықта жүрсем де 
тілерім мен сенерім – сендер.
ағыл-тегіл көз жасын жеңімен сүрткілеген Нюра: 
− ақтық сапарға аттанардай қоштаспайықшы. ақ көңілдің 
аты арып, тоны тозбайды деуші еді атам, аман-есен ақталып 
келерсің. Шыдайық.
−  Иә,  шындық  үшін  қандай  қиындыққа  шыдауға  болар, 
егер сол шындық бар болса... кейде ойлаймын: біздегі шындық 
көсеммен қоса өліп қалды ма деп...

123
− Бар, бар, − деді Нюра, − ақиқатқа жетер адам табылар, 
үмітімізді үзбейік, Қанеке. Сары уайымға салынбайық.
−  Үміт  –  ол  да  бір  сағым  немесе  көлеңке  іспеттес,  күн 
шыққанда  ғана  пайда  болады,  ал  басыңды  қасіреттің  бұлты 
шалса,  іздеп  таба  алмайды  екенсің,  жоғалады.  Неге  екенін 
білмеймін, өзімді емес, көзі енді ғана ашылып, бауырын жаңа 
ғана  көтерген  елдің  ертеңі  алаңдатады.  Көзіне  қамшы  тиген 
ботадай  боздап,  тағы  да  үркіп,  үдере  көшіп,  бөрінің  боғы, 
бөкеннің сирағындай тоза ма деп қорқамын. Заңның бет алысы 
жаман...  Осы  кезде  абақтының  есігінде  тұрған  Шолақ  қол 
Қандауырдың соңғы сөзін құлағы шалып қалып:
− Сен сәбет заңын ғайбаттама, − деді түсін суытып. – Ол 
әрқашан да әділ, бәрімізге ортақ.
−  Заңның  әділдігіне  шәгім  жоқ,  алтын  заңды  бұрмалап, 
бұзатындарға ренішім бар.
− Кім бұзып отыр?! Сталин жолдас па?! Тіліңді тарта сөйле! 
Осы күніңе зар боларсың.
− Осы күніме қызықпай-ақ қойдым. Сендердің бұл бассыз- 
дықтарыңды Сталин жолдас білмей отыр ма деп қауіптенемін.
−  Оттапсың!  −  деді  нәшәндік.  −  Дүние  жүзінде  Сталин 
жолдастың білмейтіні жоқ. Ол – көсем! ал көсемнің көрмейтіні 
және жоқ. Уақыт бітті,қоштасыңдар.
Нюра күйеуіне ұмтылып, қапсыра құшақтап айырылмады. 
Екеуі  аймаласып,  етектерінен  тартқан  баланы  ұмытқандай 
болып еді. «Папа, үйге қайтайық», − деп ол шырқырай жылап қоя 
берді.Баласын жерден тіке көтеріп алып, бетінен сүйген әкесі: 
«мамаң екеуің үйге жүре беріңдер, мен артынан барамын», − 
деді кеудесін керген өксікті әрең басып. Жүйе-жүйесі босап, үні 
қарлығып шықты. Нюраныңда омырауы жасқа боялған. Бұлар- 
ды Шолақ қол ажыратты. ана мен баланы күшке сап итеріп, 
сыртқа  алып  шықты  да,  түрменің  шоқпардай  темір  құлыбын 
кілттеп,  жапты.  «Папалап»  есікті  тырмалаған  баласын  зорға 
дегенде  қолтығынан  көтеріп,  тыраңдатқан  қалпында  жылап-
еңіреп үйіне қайтқан Нюра өз ошағына жеткенше көз жасын 
тыя  алмады.  Бұл  шақта  таудың  ұшар  басындағы  ұшпа  бұлт 
етекке қарай жөңкіле көшіп аяқ астынан жел тұрды. Жапырақ 
жайған ағаш басы арпалыса суылдап, сабалақ жүнді бірлі-екілі 
ешкі қора-қораның ығына қарай тырағайлап барады. Желіккен 
желмен бірге жарыса түскен жаңбырдың хабаршы тамшылары 

124
жетіп,  әлгінде  ғана  будақтай  көтерілген  қара  жолдың  шаңын 
жерге шегелей бастаған. Қара бурадай құтырына жөңкілген бұлт 
бір-бірінен жерігендей үрке орналасқан бытыраңқы үйлердің 
жиналмай қалған кірін желпілдетіп, албастыдай апай-топайын 
шығарды. Тамшының арты бұжыр-бұжыр бұршаққа айналып, 
тақтай  шатыр,  қаңылтыр  пештерді  таңқылдатып,  төбеңді 
оярдай  пәрменмен  сабалаған.  Барабандап  бастаған  бұршақ 
қарақошқыл  бұлттың  құсығындай,  далада  жүрген  тіршілік 
иесін  бұрыш-бұрышқа,  ықтасын-қуысқа  қуалап  тықты.  Жер 
беті аппақ маржанға бөгіп,алтайдың алты айрығынан саулап 
бұлақ  ақты.  Бұлақтың  іші  толған  ақ  моншақ  –  әрі  суық,  әрі 
сұлу көрініске есік-терезеден сығалай мәз балалардың кейбір 
шыдамсыздары жалаң аяқ, жалаң бас далаға шапқылап шығып, 
шекесін ісіріп қайта оралады. Ең ғажабы, дәл сол күні бір жағы 
ақ, бір жағы қызыл бұршақ жауды. 
«СОл КҮН, СОл ЕрЕКШЕ БҰрШаҚ КЕШЕГІДЕЙ Жа- 
ДЬІмДа.  мЕН  БаЙғҰС  ҚаНДаУырымНаН  мӘҢГІлІК- 
КЕ аЙырылДым ДЕП ОЙлаДым-аУ», − НҮрКЕ КЕмПІр 
Тағы Да аУыр КҮрСІНДІ.
1937-інің  сойқаны  мұнымен  біткен  жоқ.  Ел  артынан 
естіді  Қандауырды  қосып  осы  ауылдың  бір  топ  азаматтарын 
Бұқтырманың  үстіндегі  ағаш  көпірден  айдап  бара  жатқанда, 
алды-арттарынан  қаумалаған  айдаушылар  тілге  келтірмей 
бытырлатып  ата  бастайды.  Дәл  осы  сәтте  Шолақ  қолдың 
жұмбақты  ескертуі  қапелімде  есіне  түскен  Қандауыр 
сасқалақтай шулаған жұртты қақ жарып барып, биіктігі отыз 
метрден  асатын  көпірден  төмендегі  көкпеңбек  иірімді  суға 
қарғиды.  Бәрібір  тұншығып  өледіге  жорыған  мылтықтылар 
оның соңынан қумайды, тірі қаларын елеп-ескеріп аңдымайды. 
Бұқтырманың арыстан жалды толқынында тербеліп өскен жігіт 
жүз қадамдай сүңгіп, басын қылт еткізіп шығарып ауа жұтып 
алған соң, тағы да су түбіне сүңгіп, ағыстың ырқында ығыса 
құлдап,  алыстап  кетеді.  Содан,  ешкім  жоқ,  тал-терегі  қалың 
өскен жағалаудан бір-ақ шығады. Сол бойында қашып кетпейді, 
үсті-басын  кептіріп  алғаннан  кейін  аудан  басында  отырған 
Шолақ қол іңкібідінің тура өзіне барады. Ол мұны «нағыз жүрек 
жұтқан батырдың өзі екенсің» деп, қарқ-қарқ күліп, арқасынан 
қағады да, қағазын реттеп Өскеменге жөнелтеді.

125
«ҚаНДаУыр СОл КЕТКЕННЕН СОғыС БаСТалғаН- 
Да ғаНа ОралыП ЕДІ-аУ», − ДЕП НҮрКЕ КЕмПІр КҮБІр- 
лЕДІ.
Қарлығаштың  ұясындай  ғана  шағын  үйелменнің  ошағы 
сөнбегенмен, басына төнген барлық ауыртпалықты Қандауыр 
арқалап кеткен жоқ, інкібідінің бақылауында болды. «Жаудың 
семьясы» деген жаман атақ тағылған соң, ауыл-аймақ, көрші-
қолаң  аса  сақтықпен  амандасатын,  тіпті  кейде  сәлемдесуге 
жасқанып, Нюраның жанынан үндемей өте шығатын. Осылайша 
бірте-бірте  суысқан  ел  жоқтан  өзгеге  күдік  алып,  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  жан  жарастығы,  ағайын  араластығынан 
айырылып,  әркімнің-әрқайсысының  ішінен  бұғып  жатқан 
жасырын  «жау»  іздеп,  жандарын  шүберекке  түйе  сезікті  де, 
сенімсіз күй кеше бастаған. Сүттей ұйыған ауылдың дәстүрлі 
ұжымдығы ұшына жабысқан аурудан қаншама жылдар өтсе де 
айыға алмай, сүйеккесіңді дертке ұласарын, әрине, зерделемеді. 
Ұсталғанның бәрін шын жау, қаскөй індет деп қабылдады да, 
өздеріне жұғып кетпес үшін пәледен машайық қашты немесе 
сиырдай  мүйіздеп,  бақсының  моласындай  жападан-жалғыз 
қалдырды.
«СОл ЖалғыЗДыҚТаН ӘлІ КҮНГЕ ҚҰТыла алмаЙ, 
ҚОр БОлДым-аУ», − ДЕП КҮрСІНДІ НҮрКЕ КЕмПІр.
...Иә,  жалғыздық.  Сол  жалғыздықтан  тағы  да  Көкен 
мен  аналық  құтқарып  еді.  Бұл  өмірде  бар-жоғы  белгісіз 
дарбазасыз  дара  үйде  ішерге  ас,  киерге  киім  таба  алмай,  зар 
еңіреп, зар жұтып жатқанында, тумасынан бетер бәйек болып 
қамқор  қолын  созды...  «Халық  жауының»  әйеліне  қыл  аяғы 
қара  жұмыс  та  бермей  қаңтарып  тастағанда,  тағдырдың  осы 
бір дағдарысынан аман-есен алып шыққан да солар. Бір күні 
жұмыстан әдеттегіден тым ерте оралған Көкен:
 − Ойбай, Нүрке, саған жасырыну керек, − деді өңі боп-боз 
болып. − ауданнан адам шығып сені қамауға алатын көрінеді. 
Шолақ  қолдың  айғайлап  айтқан  бұйрығын  есіктің  сыртынан 
естіп қалған бір сенімді кісі айтты.
−  Күз  болса  мынау,  енді  біраз  күнде  қар  түседі,  қайда 
қашамын, құдай-ау, − деп зәрезап болды.
− расында да, қайда барады мына қарашаның қара суығын- 
да, − деп сөзге араласты аналық.

126
− Соны өзім де білмей тұрмын. Сенің орныңа Қандауырдың 
соңынан мен-ақ кетер едім, қайтейін, алмайды ғой.
− Көңіліңе рақмет, Көкен. айналдырған Шолақ қол алмай 
қоймайды, ешқайда кетпеймін, бас сауғалап тығылмаймын да. 
Баламды бір құдайға, содан соң өздеріңе тапсырып, тас түйін 
дайындалайын. Әбігер болмаңдар.
− Тәңірім-ай, не жазып едің, енді не істейміз? − деп зарлаған 
аналықты еркектік көрсетіп жекіп тоқтатқан Көкен: − Біз қара 
басымызды сауғалап сенен безініп отырғанымыз жоқ, Нүрке! 
амал не, өзің шеш. алысқа, көз көріп, құлақ естімейтін жерге 
аттандырып  жіберуге  де  әзірмін,  осы  үйге  алып  қалуға  да 
дайынмын. Сенің балаң − біздің де бала, алда-жалда айдалып 
кетсең,  қайтып  оралғандарыңша  қанаттыға  қақтырмай,  әке-
шешесін  ұмыттырмай  қарағайдай  азамат  етіп  тәрбиелейміз. 
Басқа не келеді қолымыздан...
− ризамын сендерге, екі дүниеде де ризамын. мен тосып 
алдым  маңдайға  жазылған  сыбағамды.  Ұрпағым  –  аманат. 
абдырамай жұмысыңа бар.
Көкен басы салбыраған күйі, лажсыздық күйін кешіп шығып 
кеткен. Күйеуі ұзаған соң, аналық басқаша кеп танытты.
− Әй, Нүрке, менің тілімді алсаң, маған бір ой келіп отыр.
− Иә, қандай?− деп еміне түсті.
− Сен алғаш келген милициядан жасырынып қал.
−  Қалайша?  артынан  ұстап  алса,  одан  ары  күдік  алып, 
тергемей-ақ атып тастар.
−  алғашқы  іздеушіден  әупірімдеп  құтылсақ,  таңғы  нәсіп 
тәңірден деген, көріп алдық. Тіпті Көкенге де білдірмейік.
−  Түкке  түсінсем  бұйырмасын.  Сонда  бір  асым  ет  емес, 
алпамсадай етжеңді қатынды қай тесікке тығасың?
− Кержақтардың тас моншасына. Оның ішіне жын-шайтан 
ұялаған деп, осы ауылда тірі жан басын сұқпайды. Әмбесінде 
сол моншаның кіреберісінде жертөле бар. Бай кержақтар терең 
ғып қазып, азық-түлігін сақтайтын. міне, сенің ендігі үйің осы 
болады.
− Сенің де ойлап таппайтының жоқ-ау, аналық. Ескі подвал 
қайбір пана болып жарытар дейсің.
−  Егер  әлдекім  пысықсып  ішіне  кірер  болса,  жертөлеге 
түсіп кет, ал ешкім жоқта, моншаның ішінде отыра бер. Тамақ, 
сусыңды өзім тасып тұрармын түнделетіп.

127
− Қар жауып, қылышын сүйретіп қыс келгенде, жеті қат жер 
астында арам қатып қаламыз ғой. Одан гөрі жылымық түрмеде 
отырғаным озық-ау.
− Жетісерсің. Сені маздатып от жағып, алдыңа астау-астау 
жал-жая қойып асырайды деген. Бұдан он есе суық итжеккенге 
айдаса, кержақтардың апанымен жылап көрісерсің. Сөзді қой, 
бір тәуекелге бел байладық. ашаршылықтан да аман қалғамыз, 
қылышынан қан тамған заман өстіп тұра берер дейсің бе, біздің 
де айымыз оңынан туар.
−  Әй,  қайдам,  −  деп  сенімсіздікпен  басын  шайқаған  еді 
Нүрке  бір  пәледен  құтылдық  па  дегенде,  екіншісі  келеді 
едірейіп.  Бейне  бір  алтайдың  асулары  секілді  иін  тірескен, 
біреуінен ассаң – екіншісі тұрады...
− «Көп сөз – боқ сөз» деген атам қазақ, іске кірісейік. Сен 
қазір бар да үйіңдегі қомшаңды буып-түй. Керексізін лақтыр, от 
қойып өрте, тіміскілеген адам қашып кеттіге жорысын. Қызың 
естияр болып қалды ғой, түсіндіріп айт, тығыламыз, әйтпесе 
папаң секілді қараңғыға қамап тастайды да... мен зыр жүгіріп 
барып,  жертөлеге  төсеніш,  жылы  киім  апарып  әзірлейін...− 
аналық  өз  үйін  ақтара  бастаған.  −  Құдай-ау,  атамның  ескі 
қасқыр ішігін де «халық жауы» деп қамап тастады ма, қайда 
кеткен, тәңір алғыр...
Екі  күнді  әбігерлі  дайындықпен  өткізді.  Осынау  құпия 
әрекеттен  Көкен  қаперсіз  еді.  Үшінші  күн  дегенде:  «Шолақ 
қол  хабар  жіберіпті,  Нюра  Фадеевна  ешқайда  кетпесін,  хал-
жағдайын біліп қайтамын. Қорықпасын, күзетшісіз барамын», − 
деген сыбысты жеткізді. Бірақ өзі осы күні үйден ұзап шықпады, 
жұмысқа  да  бармай  қора-қопсысын  түзеп,  айналсоқтады-ай. 
аналық: «Іздеп қалған жоқ па, жүмысыңа барсаң қайтеді», − 
деп, жақауратып көріп еді, қас қылғаңдай қадалып, кетпей-ақ 
қойғаны.  «Шынымызды  айтсақ  қайтеді»  деген  тәуекелге  бел 
байлаған мезетте, ауылдың аш құрсақ итін шулатып Шолақ қол 
келіп үлгереді. амал жоқ, алдынан шығып қарсы алды. аттан 
адамша аттап емес, оң аяғын ердің алдыңғы қасынан асырып 
шабандоз баладай секіріп түскен нәшәндік:
−  Қоңдысыңдар  ғой  өздерің,  не  жеп  семірдіңдер?  –  деді 
қамшысын сапиян етігінің қонышына тыға сөйлеп.
− «Өлмегенге өлі балық» деген, жолдас бастық, колхоз не 
берсе – соны талшық етеміз,− деп жауап берді Көкен.

128
−  Есеп-қисаптан  жырым-шеттіктейді  деген  сигнал  бар. 
Істеп  жүрген  жерінен  тістеп  жүретін  қазақтың  ежелгі  әдеті. 
Сені  де  тексеру  керек.  Екі  қатынды,  екі  баланы  асырайтын 
азық қайдан келді саған.
− Тексеріңдер.
−  Көрші  ауылдағы  бригадирдің  қалай  ұсталғанын,  қалай 
сотталғанын білесің бе?
− Естімеппін, − деді Көкен.
−  Ондайда  құлағың  керең  бола  қалады.  ат-тонын  ала 
қашып танып болмаған соң, баласының тезегін тексеріп келіп 
жібергенде – ішінен бидай шықты, − деп қарқылдап күлді. − 
ал  енді  сендер  бара  тұрыңдар,  Нюра  Фадеевнамен  оңаша 
сырласып көрелік.
Үйге  екеуі  ғана  кірді.  Іргедегі  төсекке  былш  етіп  отыра 
кеткен Шолақ қол біразға дейін Нюраға қадала қараған қалпы 
жымси ежірейіп ләм демеді. Жылан арбағандай бүріскен әйел, 
өңменін  тесіп  жіберердей  қадалған  қиғаш  көзден  жасқана 
жанар қашырды. Шыдамның да шегі бар:
Сұрай беріңіз, − деді үні дірілдеп.
− Күйеуіңнің атылғанын естіген шығарсың.
− Естігенім рас, бірақ өлгеніне сенбеймін.
−  Халық  жауы  ретінде  атылғаны  туралы  актымен 
таныстырайын ба?
− Немене бұл... көңіл айтқаныңыз ба? айтсаңыз да абайлап 
естіртпейсіз бе?
−Да-а, − деп ойланды Шолақ қол. − Да-а... мен мәймөңкені 
білмеймін, қызметтің адамымын, турасын айтамын.
− Биліктіге де біліктілік керек дегенім ғой, әйтпесе түкірігі 
жерге түспей тұрған сізбен тайталасып нем бар.
Шолаққол  ескі  әдетінше  ойқастай  басып  үй  ішінде  әрі-
бері  алшаңдамақ  еді,  аядай  бөлме  таршылық  жасады.  амал 
жоқ, төсекке қайта отырды да, қарсы алдындағы әйелге тағы 
да қадала қарады. Бұрынғыдай емес бойы үйреніп, неге болса 
да  бел  буған  Нюра  шімірікпестен  сазарып  отыр.  Оның  өр 
сыңайын аңдаған нәшәндік әкіреңдеп әлек болудан еш нәтиже 
шықпасын сезді ме, көкейінде көптен жүрген жасырын сырын 
шым-шымдап шығаруға көшкен-ді.
−  мен  сені  қамауға  келгенім  жоқ  деп  ескерттім.  Бетінен 
нұры  тамған  сұлу  келіншекті  қараңғы  торға  қамап  ұстаудан 

129
үлкен қылмыс бар ма мен үшін. Жаным темірден жаратылмаған, 
менде де сезім, жүрек, түйсік бар. Егер қаттылығым, түрімнің 
суықтығы  білінсе,  оған  мен  кінәлі  емес,  талап  пен  жұмыс 
солай,  демек,  мен  түскен  қазан  қатты  қайнап  пісірді.  Күні 
бүгінге дейін салт басты, сабау қамшылымын. Қызмет қуамын 
деп, жар қызығынан айырылыппын...
Шолақ қолдың не бықсытып келе жатқанын ептеп іші сезе 
баста-ған  Нюраның  әлгінде  ғана  боп-бозданған  жүзіне  қан 
теуіп, бойынан үрей үркіп, денесі дірілдей бастады. «Тәңірім-
ау, енді жетпегені осы еді».
− Зорлықпен келгенім жоқ, сені алғаш көргеннен бері тағат 
таптырмаған...
−  Керек  емес,  −  деді  Нюра  зәрезап  болып,  −  ар  жағын 
айтпай-ақ қойыңыз...
− Өлмектің артынан – өлмек жоқ, басың жас, бақытың алда, 
балаңның үстінен құс ұшырмай тәрбиелеймін...
−  Жаудың  әйелін  алды  деп,  өзіңіз  де  ұсталып  кетерсіз... 
Болмайды!  Бекер  әуре  болмаңыз!  −  атып  тұрып  сыртқа 
беттемек еді, інкібіді бастығы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет