Бейбіт құрылысқа бейімделудегі ауыртпалықтар



Дата05.11.2022
өлшемі24,68 Kb.
#156665
Байланысты:
Бейбіт құр
МЕК211 Аман Ерасыл 9, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі. (1)

Бейбіт құрылысқа бейімделудегі ауыртпалықтар.
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П ХВЫЫЫ съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қарсы көзқарастың жалғасы еді.

Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру, «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты. Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. 20 ғасырдың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек

Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы, арнаулы орта, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.


1947 жылғы 16 қарашада БКП (б) ОК «Қазақ ССР-де жоғары және орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл маңызды шешім болатын, өйткені соғыс жылдарында КСРО ауылдық елді мекендердегі міндетті жетіжылдық және қалалық жерлердегі онжылдық білім беруді кідірткен болатын. Ол кезде жеңіске жету үшін буыны қатаймаған балалардың көмегі де қажет болғандықтан, білім беруге екінші кезекте мән берілді. Соғыс бітісімен еліміз өткеннің қарымын қайтаруды бастады: біртіндеп мектептерге қаржы бөлініп, оларды техникалық құрал-жабдықтармен және қажетті заттармен қамтамасыз ету басталды. Политехникалық білім құнды болып, оның алғашқы бастаулары мектеп қабырғасында беріле бастады.Білім беру саласына бөлінген зейін өз жемістерін бере бастады: егер 1948 жылы мектепте білім алмаған балалар саны 200 мыңды құраса, келесі онжылдықта бұл сан 16 мыңға дейін төмендеді. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-де халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады.Соған сәйкес 1962-1963 жылдары мектептер 8 жылдық білім беруге көше бастады. Еңбек политехникалық мектептері 11 жылдық білім беруге көшті. Совет мемлекетіне қажетті мамандыққа түскендерге қолдау көрсетілді. Еңбек етуші жастардың мектептері ашылды. Осы кездері педагогикалық білім өте танымал болып, педагогтар мәртебесі КСРО-да өте жоғары болып, мұғалімдер зор құрметке ие болды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білім алғандар саны 11 есе өсті. Тың игеру жылдарында КСРО-да ауыл шаруашылық-техникалық білім беру жүйесі қызмет етті. Оның үстіне, Кеңес одағының барлық түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеруге адамдар легі ағыла бастады. 70-ші жылдары жалпы орта білім беруге көшуге үлкен көңіл бөле бастады. Ал 80-ші жылдардың басында жалпы орта білім міндетті сипатқа ие болды. 1984 жылы жаңа мектеп реформасында материалдық-техникалық базаның сапасына баса көңіл бөліне бастады; оқушылар 1-ші сыныпқа 6 жастан бара бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс тілінде оқытатын мектептер басым болды. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны әжептәуір қысқарып қалды. Шағын деревнялар мен ауылдарда мектептер жабылып немесе біріктіріле бастады. Кейбір мектептер орыс және қазақ тілдерінде біріктіріп оқытты. 80-ші жылдардың ортасында Қазақстанда 55 жоғары оқу орны және 246 арнайы орта білім беру мекемелері болды. Оларда 200-ге жуық түрлі мамандықты ұсынды. Соғыстан соң Қазақ КСР-інің жағдайы мәз емес еді, бірақ қарапайым халықтың қажырлы еңбегінің арқасында өмір сапасы біртіндеп арта бастады. Мектептерге, арнайы оқу орындарында және жоғары оқу орындарына үлкен көңіл бөліне бастады, өйткені елдің әрі қарайғы тағдыры дәл осы жас ұрпақтың қолында болатын.

Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы


Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы осы жетістіктерге бастамашы болған. Екі жылдан кейін (тіпті одан да аз уақыттан кейін) ол өзінің 70-жылдық мерейтойын тойлайды. Академияның тарихы — бұл қазақстандық ғылым тарихының қалыптасу мен даму тарихы. Қазіргі кезде отандық ғылымның деңгейі жоғары, ғылым негізін аталған Академия қалаған. КСРО Халық Комиссары Кеңесінің қаулысына сәйкес 1945 жылдың 26 қазанында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы Қазақ КСР-ының Ғылым Академиясы ретінде қайта құрылған; бірақ, соған қарамастан, Академия ресми түрде тек 1946 жылдың 1 маусымында ашылды. Ғылым Академиясының негізін қалаушылар арасында 14 академик және ҚазКСР-ының 16 корреспондент-мүшесі болды. Осы кезде Қазақ КСР Ғылым Академиясының жарғысы мен құрылымы бекітілді. Ғылым Академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы және мәдениетінің зерттелуіне, оның табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы зерттелуіне жол ашты. Кейін Ғылым Академиясы халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Республика көлеміндегі ғылыми орталық құрылды, ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті. ҒА-ының құрамына 4 бөлім енді: минералды ресурстар, физика-математтикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар.Минералды ресурстар Бөлімінің құрамына 8 институт енді (Геологиялық ғылымдар институты, Кен жұмысының институты, Металлургия және кенді байыту институты, Құрылыс және құрылыс материалдары институты, Энергетика институты, Химикалық ғылымдар институты, Мұнай институты, Алтай тау-металлургиялы институты) және география секторы. Бөлім қарастыратын мәселелердің көбі география, геология, техника және химия салаларындағы сұрақтар болып табылады. ҚазКСР ҒА бөлімінің басшысы Әбікен Бектұрұлы Бектұров болып тағайындалды. Ол минералды тыңайтқыштар саласындағы маман.
Геологиялық ғылымдар институты Ғылым Академиясының құрылымындағы ең ірі ғылыми мекеме болған. Ол геологияның теоретикалық сұрақтарына жауап іздей отырып, геологиялық карталарды құрастырап, статиграфия, вулканизм, тектоника, литология, палеонтология ғылымдарының зерттелуімен айналысқан болатын. 1956 жылы Қ.И. Сатпаев басшылығымен ғалымдар-геологтар Орталық Қазақстанның комплекстіболжамды-металлогенді картасын құрастырып, оны жариялады. 1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланған. Ол Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланып отырды. Сонымен бірге, ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Осы жылы Энергетика институты құрылған, республикадағы барлық энегретикалық ресурстардың зерттелуі — оның жұмысының басты бағыты. Сонымен бірге, институт қызметкерлері «энергетикалық ресурстарды кешенді түрде пайдалану» деген мәселені зерттей отырып, «халық шаруашылығын қалай дұрыс электрлендіру» деген сұраққа да назарын аударды. Олар өзекті мәселелердің шешімін іздеп, терең теоретикалық зерттеулерді-де қатар жүргізді.
1945 жылы құрылған Химикалық ғылымдар Институтының маңыздылығы зор болып табылады. Ол республикадағы минералды ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт мұнай және көмірді тереңірек зерттей отырып, мұнай өндіретін өнеркәсіптегі мұнай және химия қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды.
1946 жылы құрылған Металлургия және кенді байыту институты көпметаллды және өндірістің жартылай өнімдерінің қайта жасап шығару әдістерін ашуға тырысып, кенді байыту жолындағы тиімді тәсілдерді құрастырып отырған.
Ғылым Академиясындағы келесі Бөлім — К. П. Персидский басшылығымен Физика-математика ғылымдар бөлімі. Аталған ұйымның құрамына 2 институт, 2 секторд және 1 зертхана енген. Астрофизикалық институт 1950 жылы пайда болды. Институтның маңызды жетістіктерінің бірі «Газ-тозаңды тұмандылық атласының" жасап шығаруы болды. Ол КСРО аймағында және шетелдерде тұратын азаматтарына белгілі боп кетті. Институт жетістіктерінің ішінде 2600 метр биіктігінде Короналды станциясының ұймдастырылуы, жарық шашырауы теориясының құрылуы деп атауға болады. 1951 жылы үш зертханасы бар Физика-техникалық институты құрылды. Оның 3 зертханасы бар: ғарыштық сәулелер, спектрлық талдау, металлфизика және металлтану. Институт қызметкерлері спектрлық сызықтардың және элементтер спектрлерінің атластарын дайындады. Металлургиялық өнімдерден сирек кездесетін металлдарды шығару әдіснамасы әзірленді. Биологиялық және медициналық ғылымдар бөліміне 7 Институт, Алма-Атылық ботаника бағы енді. Осы бөлімнің алғашқы Төрағасы академик Н. В. Павлов болды. Ботаника институты Қазақстан аумағындағы пайдалы және техникалық өсімдіктерді ажыратып, олардың тиімділігін арттыру мәселесін-де зерттеді. Республиканың флорасы жан-жақты зерттелді. Көптеген геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Физиология институты 6 зертханасы бар ірі ғылыми-зерттеу мекемесіне айналып кетті. Мұнда 4 ірі мәселе зерттелді: дем алу, лимфоайналым, қан айналымындағы жүйкелі-рефлекторлы реттеу; нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары; Қазақстандағы дәрілік шикізатты фармакологиялық тұрғыдан зерттеу; жануарлардың өнімділігі және олардың ағзаларындағы физиологиялық заңдылықтар.
Зоология институтының басты бағыты — Қазақстан фаунасын зерттеу (оның пайда болуы, дамуы және т.б.). 1945 жылы құрылған Топырақтану институты Қазақстандағы жер ресурстарын, олардың пайда болуын, дамуын зерттеді. Институт қызметкерлері Қазақстан ауданының топырақ картасын құрастырды. Өлкелік паталогия институты 3 мәселені зерттеді: «Өлкелік жұқпалы және паразиттік аурулары, олармен күресу жолдары», «Нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары», «Қазақстан шипажайлары».
Клиника және эксперименттік хирургия институты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үшін өзекті болып табылатын мәселелерді зерттеген: өндірістік және ауылшаруашылық жарақаттанушылықпен күресу жолдары. Қоғамдық ғылымдар Бөлімі екі институтты (тарих және археология, этнография және экономика) біріктірді. Институттың алғашқы Төрағасы Н. Т. Сауранбаев болды.
Тарих және археология институты Тарих секторының негізінде қаланды, ол келесі тақырыптар бойынша зерттеулерді жүргізді: Ұлы Қазан төңкерісі, қазақ мемлекеттілігі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел, қазақ халқының этногенезисі, төңкеріске дейінгі және кеңестік кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Сонымен қатар, археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізілді.

Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан және тың және тыңайған жерлерді игеру


Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет