Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары



бет14/31
Дата15.09.2017
өлшемі5,83 Mb.
#33621
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

Ескертпелер:

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

Әскери-теңіз күштеріндегі оқу-жаттығуларына жиындарына шақырылған запастағы офицерлерді,

старшиналар мен матростарды заттай мүлікпен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 15 нормасы*


Р/с




Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №




1. Киім-кешек







1

Белгіленген түсті кепи

1 дана

1

2

Белгіленген түсті теріден тігілген құлақшын

1 дана

2

3

Белгіленген түсті астары жылы күртеше мен шалбар (жұмысқа арналған)

1 дана

2

4

Белгіленген түсті жұмысқа арналған көйлек (шағын погондары бар жейде мен шалбар)

1 дана

-




2. Аяқ киім







5

Белгіленген түсті былғары бәтеңке

1 жұп

1

6

Белгіленген түсті іші жылы қысқа қонышты етік (бәтеңке)

1 жұп

2




3. Киім







7

Белгіленген түсті тельняшка

2 дана

-

8

Іштен киетін кальсон (трусы)

2 дана

-

9

Мақта-мата ұйық

3 жұп


-

10

Мақта-мата сүлгі

2 дана

-




4. Жылы заттар







11

Белгіленген түсті жылы тельняшка

1 дана

2

12

Жылы кальсон

1 дана

2

13

Жүн ұйық

2 жұп

2

14

Қара түсті іші жылы қолғап

1 жұп

2




5. Амуниция







15

Шалбар белбеуі

1 дана

-

16

Қара түсті белдік белбеу

1 дана




17

Далалық сөмке

1 дана

-

Ескертпелер:

Осы норма бойынша сонымен қатар оқу-жаттығу жиындарына жіберілген офицер атақтары бар жоғары оқу орындарының студенттері қамтамасыз етіледі.

Мүлік кейіннен осы заттарды әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындарын өткерген әскери бөлімдердің жұмылдыру қажеттіліктерін жабдықтау үшін 1-санатты беріледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Жылдың жазғы уақытында беріледі.

2. Жылдың қысқы уақытында беріледі.

Әскери қызметшілерді жылы заттармен, жабдықтармен және

төсек орын керек-жарақтарымен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың

№ 16 нормасы


Р/с




Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Кию мерзімі

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №




1. Жылы заттар*










1

Погондары бар қой терісінен тігілген қысқа тон

1 дана

5 жыл

1

2

Табаны резеңке пима

1 жұп

3 жыл

2

3

Іші теріден тігілген биялай

1 жұп

2 жыл

3

4

Астары бар ұйықтауға арналған қап

1 жиынт.

5 жыл

4

5

Жылу-оқшаулау (каримат) кілемшесі

1 дана

5 жыл

4

6

Тері унты

1 жұп

3 жыл

5

7

Іші жылы резеңке етік

1 жұп

1 жыл

6




2. Амуниция










а)

Армиялық киім нысанын алатын әскери қызметшілер үшін










8

Металл құты

1 дана

6 жыл

7, 8

9

Құтыға арналған тыс

1 дана

2 жыл

8

10

Металл қолбақыр

1 дана

6 жыл

8

11

Құрыштан (кевралдан) жасалған дулыға

1 дана

10 жыл

8

12

Жүн малақай-маска

1 дана

2 жыл

9

13

Қатпарлы кеудеше

1 дана

2 жыл

10

14

Броньды кеудеше

1 дана

5 жыл

10

15

Рюкзак (зат қабы)

1 дана

2 жыл

11

16

Шыбынға қарсы перде

1 дана

1 жыл

10

17

Масаға қарсы перде

1 дана

1 жыл

10

18

Қол гранаталарына арналған сөмке

1 дана

7 жыл

-

19

Жазғы бүркеніш костюмі

1 жиынт.

3 жыл

10

20

Қысқы бүркеніш костюмі

1 жиынт.

3 жыл

10

21

Күннен-шаңнан қорғайтын көзілдірік

1 дана

3 жыл

10

22

Шынтаққа және тізеге арналған қорғаныш қалқандары

1 жиынт.

3 жыл

10
















б)

Флоттық киім нысанын алатын әскери қызметшілер үшін










21

Рюкзак (зат қабы)

1 дана

4 жыл

11

22

Металл құты

1 дана

6 жыл

8

23

Құтыға арналған тыс

1 дана

2 жыл

8

24

Металл қолбақыр

1 дана

6 жыл

8

25

Қатпарлы көкірекше

1 дана

2 жыл

10

26

Броньды көкірекше

1 дана

5 жыл

10




3. Төсек орын керек-жарақтары **










27

Мақтадан немесе қауырсыннан жасалған жастық

1 дана

3 жыл

-

28

Сыртқы жастық қабы

3 дана

1 жыл

-

29

Ақ жайма

4 дана

1 жыл

-

30

Көрпе қабы

2 дана

1 жыл

12

31

Мақта-мата жапқыш

1 дана

2 жыл

12

32

Мақтадан жасалған матрац

1 дана

3 жыл

12

33

Жартылай жүн немесе бәйкіден жасалған көрпе

1 дана

3 жыл

12

34

Матрац астары

1 дана

3 жыл

13

35

Кереует жанына төселетін кілемше

1 дана

3 жыл

13

Ескертпелер:

* Ұшу-техникалық киім-кешек алатын авиацияның жеке құрамына осы норма бойынша жылы заттар берілмейді.

Корабльдерде қызмет өткеретін Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамына осы норма бойынша жылы заттар берілмейді.

** Төсек орын керек-жарақтарымен:

әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусының және «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері казармаларға орналастырылған кезде, ал матростар мен старшиналар одан басқа корабльдерге орналастырылған кезде;

жиындарға шақырылған запастағы әскери міндеттілер мен жоғары оқу орындарының студенттері;

офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер казармаларға, корабльдерге орналастырылған кезде және тәуліктік (жауынгерлік) кезекшілікті атқару орындарында;

сарбаздар мен сержанттар жауынгерлік кезекшілікті атқару орындарында;

әскери қызметшілер полигондарға, шатырлы лагерьлерге, оқу-жаттығу орталықтарына және қосалқы әуеайлақтарға орналастырылған кезде;

әскери қызметшілер мен талапкерлер әскери оқу орындарына, оқу орындарының әскери факультеттеріне түсу емтихандарын тапсырған кезде;

әскерге шақырылушылар аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру пункттеріне орналастырылған кезде қамтамасыз етіледі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қауырсыннан жасалған жастықтар теңіз деңгейінен 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан аудандардағы шекаралық бекеттердің, уақытша шекаралық бекеттердің, шекара заставаларының (оқу-жаттығудан басқа), шекара комендатураларының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің, шекара қызметі теңіз бөлімдері корабльдерінің, катерлерінің офицерлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері, сондай-ақ әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері үшін беріледі, оларды силикон жастықтарға ауыстыруға рұқсат етіледі; шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ орталық аппаратты күзету және қамтамасыз ету бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне қой терісінен тігілген қысқа тон орнына погондары бар астары қырқылған қой терісінен тігілген пальто беріледі; 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан аудандарда әскерге шақыру бойынша сарбаздар, сержанттар үшін жартылай жүн көрпе 1 данадан 6 жылға қосымша беріледі.

Климаты суық және қалыпты аудандарда және оларға теңестірілген аудандарда әскери қызметшілерге бүркеніш түсті жүн свитер 2 жылға қосымша беріледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Теріден тігілген қысқа тон климаты суық аудандарда жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына, ыстық және қалыпты – 30 пайызына беріледі.

Арнайы киіммен жабдықтау нормалары бойынша теріден тігілген костюм, десанттық астары жылы күртеше мен шалбар алатын әскери қызметшілерге, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлерінде офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қой терісінен тігілген қысқа тон берілмейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Президентінің Күзет қызметінде қой терісінен тігілген қысқа тон орнына иленген былғарыдан тігілген күртеше берілуі мүмкін.

2. Табаны резеңке пима климаты суық аудандарда жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына беріледі.

Климаты қалыпты және ыстық аудандарда табаны резеңке пима тек далалық оқу-жаттығу шығуларын қамтамасыз ету үшін жеке құрамның тізімдік санының 50 пайызына беріледі. Пиманы кию мерзімі климаты қалыпты ауданда – 4 жыл, климаты ыстық ауданда – 5 жыл.

Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілеріне барлық климатты аудандарда жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына беріледі.

Шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне пима орнына іші тері етік беруге рұқсат етіледі.

3. Астары теріден тігілген биялай жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына беріледі. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге астары теріден тігілген биялай 1 жылға беріледі.

4. Астары бар ұйықтауға арналған қап пен жылу-оқшаулау (каримат) кілемшесі Республикалық ұланның әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарына оқу-жаттығулар, далалық шығулар мен арнайы іс-шаралар өткізу кезінде мүкәммалдық мүлік ретінде беріледі.

5. Арнайы іс-шараларға қатысатын әскери қызметшілерге беріледі. Республикалық ұланда тері унты орнына барлық климаттық аудандарда іші теріден тігілген етік беруге рұқсат етіледі.

6. Іші жылы резеңке етік уақытша шекаралық пункттердің, шекаралық пункттердің, шекара заставаларының (оқу-жаттығудан басқа), шекара комендатураларының әскери қызметшілеріне беріледі. Іші жылы резеңке етік болмаған кезде резеңке етік пен тері ұйық беруге рұсат етіледі.

7. Металл құты орнына климаты ыстық аудандарда полиэтиленді құты 2 жылға беруге рұқсат етіледі. Аэроұтқыр әскерлерінде құрастырылған қолбақыр 1 дана 4 жылға және қолбақырға тыс 1 дана 2 жылға беріледі.

8. Жиындарға шақырылған офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскери оқу орындарының курсанттарына, Кадет корпусының және «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілеріне, әскери міндеттілерге және жоғары оқу орындарының студенттеріне беріледі.

9. Жүн маска-малақай климаты суық аудандарда жеке құрамының тізімдік санының 100 пайызына, қалыпты – 50 пайызына, ыстық – 30 пайызына беріледі.

10. Мүліктің осы заттарымен қамтамасыз ету тәртібін әскери қызметшілердің міндеттерді орындауына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары айқындайды.

11. Жиындарға шақырылған офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздарға, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына, Кадет корпусының және «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілеріне, әскери міндеттілерге және жоғары оқу орындарының студенттеріне беріледі.

12. Көрпе тысы, мақта-мата жапқыш тәрбиеленушілер үшін беріледі.

Республикалық ұланда және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде төсек орын керек-жарақтары:

жартылай жүн көрпе 1 дана 1 жылға;

мақта-мата жапқыш 1 дана 2 жылға беріледі.

13. Әскери бөлімдер мен мекемелерге есептен шығарылған заттай мүліктің заттарынан матрац астарын және кереует жанына төселетін кілемшелер жасауға рұқсат етіледі.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет