Бейбіт уақытта және ерекше кезеңде”


Бейбіт уақытта жүргізілетін шараларға



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата02.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#117039
1   2   3   4
Байланысты:
ТЖ Ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар

Бейбіт уақытта жүргізілетін шараларға

жатады:

Жұқпалы аурулардың табиғи ошағын және таралу жолдарын зерттеу.



Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау тәсілдерін дамыту.

Тұрғындарға жоспарлы иммунизация жүргізу.



Жеке қорғану мед. құралдарын және дезинфекция, дезинсекция, дератизация

құралдарын артығымен алу.

Тұрғындарға жеке және қоғамдық гигиена ережелерін үйрету.



Медициналық эпидемияға қарсы ұйымдарды құру, жабдықтау, оқыту.




Мұндай шаралар жүргізілу қажет:

1. Тұрғындар мекендейтін қалаларда, халықшаруашылық объектілерінде санитарлық-гигиеналық



және эпидемияға қарсы бақылауды күшейту.

2. Қоршаған орта боъектілеріне үнемі бактериологиялық және лабораториялық бақылау



ұйымдастыру.

3. Апат медицинасы мен АҚМҚ-ң күштері мен құралдарының, сонымен бірге тұрғындарды



эпидемияға қарсы қорғау күштерінің дайын болуы.

4. Тұрғындарға алдын-алу иммунизациясын жүргізу.



5. Эвакуациялау және орналастыру кезінде тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғауды

ұйымдастыру.

6. Эвакуацияланған тұрғындар мен АҚ күштері топтарының уақытша орналасқан жеріндегі



эпидемиологиялық жағдайлары туралы ақпаратты жинауды ұйымдастыру.

7. Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту.




Апаттан соң алғашқы сағаттарда гигиенист дәрігер, токсиколог,

радиолог, эпидемиолог, паразитолог, сонымен бірге коммуналдық-

тұрмыстық қызмет өкілдері көмегімен кең көлемде медициналық

барлау жүргізіледі. Аймақты эпидемиологиялық тексеру жұқпалы

аурулардың пайда болу себебі мен жағдайын анықтау мақсатында,

жүргізіледі.




Осындай барлау нәтижесі бойынша ТЖ ауданында санитарлық-

эпидемиологиялық жағдай сәтті, сәтсіз, тұрақсыз және төтенше түрінде

анықталады.

Сәтті жағдай – бұл тұрғындар арасында жұқпалы аурулар жоқ немесе

бір-біріне қатысты емес бірен-саран сырқаттанушылық орын алады.

Тұрақсыз жағдай – бұл тұрғындар арасында бұрын тіркелмеген

жекелеген жұқпалы аурулардың пайда болуы, таралмайтын, яғни

эпидемия белгісі жоқ топтық сырқаттылықтың пайда болуы.

Сәтсіз жағдай – ары қарай таралу қауіпі бар топтық жұқпалы

аурулардың пайда болуы немесе АҚИ (оба, тырысқақ т.б.) жекелеген

оқиғаларды байқалады.

Төтенше жағдай – бұл эпидемияның пайда болуы немесе АҚИ топтық

сырқаттылығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет