Бейімбет Майлин 1894-1937 ж ж



бет5/5
Дата19.03.2022
өлшемі338,16 Kb.
#136311
1   2   3   4   5
Байланысты:
Слайд,Кенжәлі Аружан
34DH3TDnoD0pMIc715yWDQtmUBGLkauaNNxQs1Ok, 34DH3TDnoD0pMIc715yWDQtmUBGLkauaNNxQs1Ok, 34DH3TDnoD0pMIc715yWDQtmUBGLkauaNNxQs1Ok, 34DH3TDnoD0pMIc715yWDQtmUBGLkauaNNxQs1Ok, Лекция № 2 Жалпы анестезия. Жергілікті жансыздандыру

«Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типтік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір өтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің өмірінде болған өзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.


Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет