Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары Бейорганикалық қосылыстар



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата13.05.2022
өлшемі126,12 Kb.
#143049
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
beyorganikaly osylystardy negizgi klastary 746
жалпы физика есептері, учебник ТЕХНОЛОГИЯ БУМАГИ, 04-Chapter-04
Тұзтүзбейтін оксидтер қышқылмен де, негізбен де әрекеттескенде, тұз түзілмейді. Мысалы,
азот (I) оксиді 
, азот (II) оксиді 
.
Элементтердің оттегімен тағы да бір қосылыстары белгілі, олар құрамы бойынша оксидтер
класына, ал құрылысы мен қасиеттері бойынша тұздарға жатады. Ондай заттардың мысалы
ретінде металдар пероксидтерін айтуға болады. Мысалы, барий пероксиді 
, натрий
пероксиді 
. Табиғаты бойынша металдар пероксидтері әлсіз қышқылдың сутегі
пероксидінің 
– тұздары болып табылады.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына қышқылдар, негіздер және тұздар
жатады.
Электролиттік диссоциациялану теориясы тарапынан қышқылдар ерітінділерде сутек ионын
бөліп диссоциацияланатын заттар. Қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы
тұрғысынан қышқылдар сутегі ионын беруге қабілеті бар заттар, яғни протондар донорлары.
Қышқылдарға тән химиялық қасиеттері – олардың негіздермен әрекеттесіп, тұзтүзу
қабілеттері, мысалы:
Қышқылдар күштеріне, негіздіктеріне және қышқылдың құрамында оттегі болуы мен
болмауына сәйкес жіктеледі. Күштері бойынша қышқылдар күшті және әлсіз болып бөлінеді.
2
3 2


Маңызды күшті қышқылдар – азот қышқылы 
, күкірт қышқылы 
және тұз
қышқылы 
. Оттегінің болуына сәйкес оттекті қышқылдар 
мен оттексіз
қышқылдарды 
айырады. Негізділігі бойынша, яғни қышқыл молекуласы
құрамындағы сутек атомының санына сәйкес қышқылдар бірнегізді 
, екінегізді 
, үшнегізді 
т.б. болады. Оттексіз қышқылдардың атаулары
қышқыл түзетін элементтің атауына «сутек» жұрнағын қосу арқылы беріледі: 

хлорсутек, 
– күкіртсутек. Оттекті қышқылдардың атаулары элемент атауына «қышқылы»
сөзін қосу арқылы пайда болады. Егер элементтің тотығу дәрежесі ең жоғары болса келесідей
аталады: мысалы, 
– күкірт қышқылы, 
– азот қышқылы. Элементтің тотығу
дәрежелері төмендеген сайын олардың атаулары келесі тәртіпте жүреді: 
- хлорлы
қышқыл, 
- хлорлау қышқыл, 
- хлорлылау қышқыл.
Электролиттік диссоциациялану теориясы тарапынан негіздер ерітінділерінде гидроксид-
иондарды бөлу арқылы диссоциацияланатын заттар. Негіздердің маңызды химиялық
қасиеттері – қышқылдармен (қышқылдық және амфотерлік оксидтермен) әрекеттесіп, тұзтүзу
қабілеттері, мысалы:
Қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы тұрғысынан негіздер сутек иондарын қосып
алуға қабілеті бар заттар, яғни протондар акцепторлары. Мысалы: аммиак – сутек протонын
қосып алып, аммоний – ионын 
+ түзеді. Негіздер тәрізді аммиак қышқылдармен
әрекеттесіп, тұз түзеді:
Қосып алатын протондар санына сәйкес бірқышқылдық негіздерді 
және екіқышқылдық негіздерді 
т.б. айырады. Күштері бойынша
негіздер күшті және әлсіз болып жіктеледі: күшті негіздерге барлық сілтілер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет