Бекет ата бекет Мырзағылұлы



Дата06.05.2020
өлшемі439,97 Kb.
#66365
түріӨмірбаяны
Байланысты:
БЕКЕТ АТА

БЕКЕТ АТА


Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750Құлсары — 1813Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.

Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.

Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. 40 жасында ол суфий мәртебесіне иеленіп, балаларды сауаттылыққа үйретіп, жерасты құрылымдар салуды бастаған.

Өмірбаяны

Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.

Бекет ата төрт ағайынды: Бекет, Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл.

Бес баласы болған: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар.

Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:

Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.

Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.

Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.

Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.

Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.

Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.

ХЫХ ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Кеңес кезінде М. Меңдіқұлов, Ә. Кекілбаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов т. б. зерттеушілер жазған.

Қызметі


Мешіті

Бекет-Ата жер асты мешіті Үстіртте Оғыланды манында орналасқан. Мешіт бұталармен толтырылған терең құдықты төменге бағытталған үлкен тастың ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жер астындағы мешіттің кіреберісінде шағын алаң бар. Алғашқы бөлмеде жарық күмбезді төбеге оралған тесіктен жарық түседі. Осы бөлмеден шығыс оңтүстік қабырғасында михраб орналасқан намаз залына, сондай-ақ, оның біреуінде Бекет-ата жерленген екі оңтүстік-шығыс бөлмелерге апарады. Мешіт - Қазақстандағы қажылықтың белгілі орындарының бірі. Мешіттің жанында Бекет-атаның бұлақтары мен құдықтары бар.



Эверсман: " Үстірттегі таудан үңгіп жасаған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерде жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда",

- деген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет