Бекітемін: : «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы мкқК-ның менгерушісі Ж. Жакенова



Дата30.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#130200
Байланысты:
Микробты болдырмау
цикл орта полный-1

Бекітемін: : «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы

МКҚК-ның менгерушісі

____________Ж.Жакенова.

« »__________________________


Тақырыбы: «Қолдың тазалығы-микобты болдырмау»




«Ортаңғы»Балауса тобы .

Тәрбиеші :Медетова М


Жеңіс ауылы 2021жыл


Тақырыбы: «Қолдың тазалығы-микобты болдырмау»

Мақсаты: Балалардың жеке бас гегиенасы,тазалық,денсаулық туралы ұғымдарын
кеңейту. Оларды жинақылыққа,ұқыптылыққа үйрету.Тазалықтың пайдасын
суреттер арқылы көрсетіп,ой-өрісін дамыту.тазалық бұйымдарымен таныстыру.

Сүлгі, сабын,жөке сөздерін қатыстырып, 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге үйрету. Балаларды таза жүруге үйрету.



Көрнекіліктер: тазалық заттары: Сабын,сүлгі,тарақ,айна.

Сөздік жұмысы: сүлгі,жөке,үлгі.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрсету,ойын.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тақпақ жаттау, Мультфильм көру. «Кір қожалақ»

Оқу іс-әрекеттің

кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық-

қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-

ізденістік




Шаттық шеңбері

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал,қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме апайлар!


Жарайсыңдар, балалар!

С.Қалиұлының «Үлгі» өлеңінен үзінді оқимын.

-Кім жек көрер мысықты

«Ылғый бетін жуады»

Деп, тәтеміз мысықты

Бізге үлгі қылды.


-Балалар, өлеңде не туралы жазылған.

-Ия,-балалар мысық ылғй бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал,сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?

-Таңертең жуынасыңдар ма?

-Немен жуынасыңдар?

-Сосын немен сүртінесіңдер?

-Тістеріңді жуасыңдар ма?

-Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?

-Таза болып жүргілерің келеді ме?

-Дұрыс, балалар тазалықты сүюіміз керек.Таза жүрсек ауырмаймыз.
Суретпен жұмыс

-Балалар, бізге таза болып жүруіміз үшін мынадай заттар қажет.

-мынау сабын,сүлгі,тарақ,тіс пастасы, тіс шеткасы осы заттарды қолдануға бізге не керек балалар.

-Ия, балалар су керек.Бізге тіс жуу үшін де, қол жууға да,басымызды жусақта,бет жусақта бізге су керек.

-Сүлгімен біз балалар не істейміз?.

-Қолымызды,бетімізді сүртеміз.

-Тіс щеткасымен тіс тазалаймыз.

-Тарақпен шаш тараймыз. -Айнаға қараймыз.


-Сабынмен қол, бет жуамыз.

Түрлі микроптарды кетіру үшін.



Сергіту сәті

Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын,

Тісімді тазалаймын,

Шашымды тараймын

Тап-таза боламын.


Ғажайып сәт

Үсті,беті кір қожалақ пен тазалық келеді.

-Саламатсыңдар ма балалар.
Тәрбиеші:

Жалқаубек сен қайдан келе жатырсың.



Жалқаубек:

-Мен тазалықтан қашып келемін. Менің қарным ашып тұр. Менің ас ішкім келеді.



Тәрбиеші:

-Жалқаубек ас ішуден бұрын сен беті қолыңды тазалап сосын ішуің керек.



Тазалық:

Жалқаубек маған қара мен әдемі таза болып жүремін. «Тазалық таза баланың досы»



Жалқаубек:

Жарайды мен жуынайын,сосын тамақ ішем бе?


-Балалар, жалқаубектің беті,қолы таза болу үшін қандай тазалық заттарын пайдаланамыз?

-Кане, балалар онда көмектесейік.

- Балалар, жалқаубек таза болды ма?

Жалқаубек:

-Балалар мен енді ылғый таза жүруге тырысамын енді жалқау болмаймын.

Сау болыңдар!

-Балалар, келіңдер ойын ойнап көңілденіп алайық.

Д.О. «Қайсысы тазалық заты емес?»

Суреттен артық затты табады.




Шеңберге тұрып қимылмен жасайды.

Өлең шумақтарын

тыңдап отырады

-Мысық


-Ия
Сұрақтарға жауап беруге тырысады

-Су
-Бетімізді сүртеміз

Балалар бірге қайталайды
-Тіс тазалаймыз
-Шаш тараймыз

-Айнага қараймыз


-Қолымызды жуамыз
Шеңберге тұрып іс-қимыл арқылы айтады

-Саламатсыз ба.

-Ия

Балалардың жауабы

-Ия

-Сау болыныз



Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар бүгінгі оқу қызметііміз ұнады ма?

-Тазалық заттарына қандай заттар жатады екен?

Жарайсыңдар; балалар.

-Ия
Тарақ,сабын,сүллгі,тіс щеткасы.



Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Тазалық заттарын:

Игереді: Тазалық туралы түсінікті:

Меңгереді: Таза жүруді.



     





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет