Бекітемін «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Т. С. Иматалиев тамыз 2019 ж. Силлабус


Тапсырмалардың түрлері бойынша білімді максималды бағалау



бет6/8
Дата11.05.2022
өлшемі119,49 Kb.
#142409
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бекітемін «Дене шыны тыру» кафедрасыны ме герушісі Т. С. Иматал
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем) (1), Валеология Реферат, тест ішкі ауру тест, Айгүл патан 10, Б. Баймұратқызы

Тапсырмалардың түрлері бойынша білімді максималды бағалау


Қорытынды бақылаудың түрі

Бақылаудың түрлері

Балл




Бірінші аралық аттестация

Ағымдық бақылау сынақ мөлшерлерін тапсыру

30




Екінші финалдық аттестация

Ағымдық бақылау сынақ мөлшерлерін тапсыру

30




Емтихан

Қорытынды бақылау сынақ мөлшерлерін тапсыру

40




Барлығы:

100



Бақылаудың түрлері мен мерзімдері

Күзгі семестр

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау-дың апталық мөлшері

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Балл

2

3

3

3

3

3

3

10

4

4

4

4

4

4

6

Бақылаудың түрлері

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АрБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

ҚБ

Көктемгі семестр

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау-дың апталық мөлшері

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Балл

2

3

3

3

3

3

3

10

4

4

4

4

4

4

6

Бақылаудың түрлері

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АрБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

ҚБ

Бақылаудың түрлері: АБ-ағымдық бақылау, практикалық сабақтар, ҚБ – қорытынды бақылау, АрБ – аралық бақылау

Семестр соңында сіз семестр бойына жұмыстарыңыздың жалпы көрсеткіштері болатын қорытынды бағаңызды аласыз. Финалдық баға Сәтбаев университеті қабылдаған баға шкаласына сәйкес қойылады.
Сабақты бағалау, аралық бақылау және сынақ критериі бақылау нормативтерінің көрсеткіштері түрінде метрмен, сантиметрмен, минутпен, секундпен, рет санымен белгіленетін бақылау нормативтерінің көрсеткіштері, спорт түрлері бойынша бекітілген баға кестесіне, жынысына, медициналық бөліміне сәйкес болады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сынақ оқу сабақтарында семестрдің соңғы аптасында тарсырылады. Сынақты тапсыру үшін минималды баға 50 балл болуы керек. Сынақтың әріптік жүйе бойынша эквиваленттері: «P» (Pass) – «сынақ тапсырылды» және «NP» (No Pass) – «сынақ тапсырылмады». Сынақтың бағалары GPA есебіне қосылмайды, бәрақ пәннің сынағы диплом аларда ескеріледі.
10. Жұмыстарды кеш тапсыру политикасы/сабақтарды өтеу:
Сабаққа себепсіз жағдайлармен қатыспау осы баллдарды жоғалтады. Денсаулығының нашарлауына байланысты сабаққа қатыспаған жағдайда, cіз медициналық анықтаманы тапсырып, оқытушыдан осы жіберген мерзім аралығына тапсырма алуыңыз керек. Анықтама берілген күнінен бастап үш күн ішінде тапсырылуы тиіс. Анықтама берілген күнінен үш күн кешіктіріліп тапсырылса, онда сізге қатыспаған сабақтарды қайта өту құқығы берілмейді. Денсаулығына байланысты практикалық сабақтардан босатылған студент осы сабақтарды өтеуі тиіс.
11. Сабаққа қатысу политикасы:
Практикалық сабаққа қатысуы мен белсенділік көрсету міндетті түрде және ол сіздің қорытынды балл/бағаңызды құрайды. Әрбір сабаққа қатысуы 0-ден 6 баллға (1-ші аралық бақылау - 10 балл) дейін дифференциалды түрде бағаланады. Дәлелсіз сабақ жіберілген жағдайда осы балдар қойылмайды. Ағзаның бұзылуына байланысты сабақтан босатылған студент семестр басталғанда анықтаманы оқытушыға тапсырады. Сабақтан босатылған студент сабақтан толығымен босатылмайды. Ол әр сабаққа келуі тиіс. Мұндай студенттерді бағалау рефератты түрде жүргізіледі. Белсенділік, тәртіп, сабақтың барлық тапсырмаларын орындау сапасы ескеріледі.
Сабаққа қатысуы мен белсенділік үшін 60 балл максимум, емтиханға семестрлік бағасы тек 30 баллдан төмен болмаса ғана жіберіледі.
Аралық бақылау аттестациялық аптада өткізіледі және жұмыс ағымдық бақылау сынақ мөлшерлерін тапсыру нәтижелері бойынша бағаланады.
Емтихан семестрдің соңында өткізіледі және дене дайындығын анықтайтын бақылау тестерінен құралады.
Курстың саясаты келесі талаптардан тұрады:
Сабаққа кешікпеу және оны жібермеу, әр сабақта қауіпсіздік техникасын сақтау, қатаң түрде спорттық киіммен қатысу, ұқыпты әрі міндетті болу.
Қосымша: Спорттық киім: спорттық аяқ-киім (кроссовка немесе кеды), спорттық киім (футболка немесе спорттық майка, спорттық шолақ шалбар немесе трико). Кез-келген басқа киім (джинсы, жейде) спорттық киімге жатпайды. Ыстық күндері жеңіл бас киім кию ұсынылады.
12. Академиялық тәртіп пен этика саясаты:
Пән бойынша оқыту шеңберінде, академиялық әділетсіздік, академиялық пасықтық, академиялық алдау және сыбайлас жемқорлык көрінісінің кез келген түріне жол берілмейді. Осындай әрекеттерді ұйымдастырушы (олардын тапсырмасы бойынша оқытушы, студенттер немесе үшінші тұлға) ҚР заңдарын және университет ережесін бұзганы үшін толық жауапікершілікке тартылады.
Толерантты болыңыз, басқалардың ойымен санасыңыз. Қарсылығыңызды әдепті түрде жеткізіңіз. Басқа студенттің орнына сынақ тапсыруға, сыбырлап көмектесуге, басқа студенттің жұмысын көшіруге қатаң тыйым салынады.
Көмек
Бақылау жаттығуларын орындау, тапсыру мәселелері, өткен материал бойынша сұрақтарыңызды, практикалық курс бойынша туындап жатқан мәселелерді оқытушыңызбен бірге шешесіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет