«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет2/28
Дата05.12.2023
өлшемі85,08 Kb.
#195188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
molekulalyk biologiya
дәріс -3, Журналистика каз
2.2 Пән/модульдің саясаты ...
Оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген.
Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың
жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
• Дәріс сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
• Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
• Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беріп тапсырудан тұрады.
• Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу.
• Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.
• Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.
• Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.
• Топтардағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау.
• Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.
2.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Студенттерге қазіргі заманғы ағзаның негізгі молекулалық – генетикалық және жасушалық механизмдері, ағзалардың биологиялық тіршілік негіздері және оны медициналық – биологиялық, клиникалық пәндерді игеруге және практикалық медицинада қолдануға үйрету


2.4 Пәнді оқытудың міндеттері:



  • ДНҚ-технологиялар бойынша кәсіптік тәжірибе алу, жоғары технологиялық молекулалық генетикалық лабораторияларда жұмыс істеуді үйрену;

  • трансгенді ағзаларды алу әдістері туралы білім алу, биотехнологияны медицинада қолдану;

  • кең таралған ауруларды тиімді анықтау (диагностика), алдын алу және емдеу мақсатында адам ағзасының қалыпты тіршілігінің және патологияларының дамуының молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктерінің ролін ұғынуды қалыптастыру;

  • ауруларды диагностикалауда қолданылатын заманауи гендік инженерлік технологияларды зерттеу;

  • кейбір жиі кездесетін тұқым қуалаушылық ауруларды дер кезінде анықтау және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуге үйрету;

ғылыми әдебиетпен және электронды базамен жұмыс істей білуді үйрету




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет