Бекітемін: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж. Айжігітова Күні



Дата13.12.2022
өлшемі16,73 Kb.
#162521
түріПрезентация
Байланысты:
Бала тәрбиесі - тал бесіктен
Tasks, sillabus korkem enbekti ok tud n teoriyas 2022-2023, БОЖ 13

Бекітемін: __________
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Айжігітова
Күні: 15.09.2022 жыл


Тақырыбы: Бала тәрбиесі – тал бесіктен
Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді санамызға сіңіру. 
Көрнекілігі: презентация, ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, фото-сурет
Барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі 
1) Сәлемдесу 
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ.
М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту – ең басты мәселелердің бірі.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады деп бекер айтпаған. Сол себепті баланы бесіктен тәрбиелеу қажет екенін баршаңыз білесіздер.
Тәлімге ұлды шақырар,
Қызға да дейді - қарағым.
Тілеуін тілеп отырар
Әрдайым үйде баланың.

Дейді олар ақыл санада -
Жүгін деп, бойды билетіп.
Отырар әр кез балаға
Адалдық жолын үйретіп.

Дей ме олар сонда құт тұрар,
Бақыт боп сонда келмек күн.
Сондықтан айтып ұқтырар
Не екенін адал еңбектің.

Өлшеусіз ісі олардың,
Жай ғана жандар әрі ұлы.
Бойында әрбір адамның
АТА-АНАНЫҢ жатар тәлімі.
«Гүл – От – Жүрек» тренингі
Ата-аналарға сурет қиындыларын құрастыру тапсырылады, құрастырылған суретке атау беріп, тақырып қояды. Сол тақырыпқа сәйкес ақал-мәтелдер айтады.
Қызықты сұрақтар
Енді сіздермен «Қызықты сұрақтар» айдары бойынша сергіту сәтін жасап көрейік. Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз? Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік:

1. Балаңыздың туылған күні? Жұлдызнамасы?


2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі? Хоббиі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

«Көңіл-күй» тренингі
Ата-аналарға көңіл-күйді білдіретін смайликтер беріледі. Сол смайликтер арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Мен ата-анамды және ұстаздарымды сыйлаймын

  2. Мен арасында бұзықтық жасаймын

  3. Мен қоғамдық шараларға белсенді қатысамын

  4. Мен кейбір сабақтардың болмай қалғанына қуанамын

  5. Мен мектеп бітіргесін бизнесмен боламын

  6. Мен достарыммен кешкілік уақытта көшеде жүремін

  7. Мен мамандық таңдағанда ешкіммен ақылдаспаймын, өз қалағаным болады

  8. Мен бос уақытымда телефонды көп ұстаймын

  9. Мен мектеп формасын кигім келмейді

  10. Мен сабағымды жақсы оқимын

Қорытынды
«Көрген білгенін айтпаса – кәрі кінәлі, оның айтқанын ешкім тыңдамаса – жас кінәлі» 
Олай болса, атадан қалған мұраны, анадан қалған өсиетті бағалай біл, Жас ұрпақ демекпіз!
Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз» демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет