Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар 6-сынып Қазақ әдебиеті


минут Мұғалім түсіндірмесі



бет2/31
Дата16.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#181239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
6 кл Әдебиет ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024 1
Карточка СВОЙСТВА ФУНКЦИИ 10 класс
20 минут


Мұғалім түсіндірмесі
Халық ауыз әдебиетінің тарихы
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.
Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған ұжым болып шығармашылық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің әдебиетіне айналып кеткен.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1.Тұрмыс-салт жырлары
2. Ертегілер
3.Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар
4.Шешендік сөздер
5.Батырлар жыры
6.Лиро-эпостық жырлар
7.Айтыс
8.Аңыз-әңгімелер
9.Тарихи жырлар


1-тапсырма
Жұптық жұмыс
1.Венн диаграммасы арқылы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің айрырмашылығы мен ұқсастығын жазыңыз.
Халық ауыз Жазба
әдебиеті әдебиеті


2-тапсырма
Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылаңыз.

  1. Талқы себепшісі – ертегі бойынша (кейіпкерлері, сюжеті, қарым-қатынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) сұрақтар құрастырады.

  2. Белгілеуші – ертегінің қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.

  3. Байланыстырушы – оқиғалардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

  4. Қорытындылаушы – көтерілген мәселені қорытындылайды.




Халық ауыз әдебиет жөнінде өздері білетін бұрынғы ақпараттарды жинақтай отырып, танымдарын дамытады.
Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылық
тарын талдайды.
Ауыз әдебиетінің түрлерін атап, олардың ерекшеліктерін көрсетеді.

Жұптық жұмыста


венн диаграммасы арқылы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің айрырмашылығы мен ұқсастығын жазады.

Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысады. Рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылайды.


1.Талқы себепшісі
2.Белгілеуші
3.Байланыстырушы
4.Қорытындылаушы

Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау



Дескриптор
Білім алушы
-рөлдік тапсырмаға қатысады;
-ертегі бөлімдерін талқылайды


Оқулық
6-сынып
Қазақ тілі
«Атамұра» баспасы
2018 ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет