«бекітемін» Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., доцент м а



Дата27.05.2022
өлшемі45,99 Kb.
#145232
Байланысты:
емтихан сұрақ кариесология 08,04,22 Word
120 сұрақ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


ТЕРАПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі,
м.ғ.к., доцент м.а.
__________ М.А.Искендиров
«___»__________2022 жыл


В54.204 «Кариесология және тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес аурулары» пәні бойынша
Емтихан сұрақтары


1

1

1

Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру.

1

1

2

Терапиялық стоматология бөлмесіндегі қолданатын құрал- саймандар.

1

1

3

Тістің қатты тіндерінің жейілуі, этиологиясы.

1

1

4

Тіс тастарын механикалық жолмен алу дегеніміз не қолданылатын құрал-саймандар.

1

1

5

Сына тәрізді ақау жайлы түсінік, этиологиясы.

1

1

6

Гипоплазия және оның этиологиясы.

1

1

7

Тісжегі қуыстарын егеп тазалаудың негізгі қағидалары.

1

1

8

Тіс формулаларының түрлері.

1

1

9

Терапиялық стоматологиядығы құжаттаманы жүргізу тәртібі.

1

1

10

Блэк бойынша 1ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

1

1

11

Блэк бойынша 5ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

1

1

12

Блэк бойынша 4ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

1

1

13

Терапиялық стоматологиядығы жансыздандыруды жүргізу тәсілдері.

1

1

14

Терең тіс жегінің жедел түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.

1

1

15

Блэк бойынша 2 ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

1

2

1

Тіс шөгінділері жайлы мәлімет.

1

2

2

Тұрақты пломбылық материалдардың жіктелуі.

1

2

3

Флюороз туралы түсінік.

1

2

4

Тістің қатты тіндерінің гиперплазиясы.

1

2

5

Терең тісжегінің клиникасы.

1

2

6

Орта тісжегінің клиникасы.

1

2

7

Бастапқы тісжегінің клиникасы.

1

2

9

Тұрақты пломбылық материалдарға қойылатын талаптар.

1

2

10

Стоматологиялық клиниканың терапия бөлімін ұйымдастырудың эргономикалық негіздері.

1

2

11

Ятрогенді және жұқпалы аурулардың алдын алу.

1

2

12

Құрал саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу және оны бақылау.

1

2

13

Беткей тіс жегінің клиникасы, нақтамасы және емі.

1

2

14

Терапиялық стоматологияда қолданылатын өткізгіштік жансыздандыру түрлері және қолдану орны.

1

2

15

Пломбылық материалдардың жіктелуі, олардың құрамы мен қасиеттері.

1

3

1

Сіз жаңадан терапиялық бөлме ашқыңыз келеді. Бөлме талапқа сәйкес жасалынуы қажет.

  1. Бөлмеге қойылатын талаптар қандай?

  2. Бөлмені жабдықтаңыз.

  3. Дәрігердің жұмыс орнын ұйымдастырыңыз.

1

3

2

Дәрігер стоматолог науқас қабылдау кезінде медициналық картаны толтыру кезінде картадағы реттілік , яғни диагноз деген жерге алдын ала диагнозды толығымен жазудан бастады.
1-Дәрігер тура жазды ма?
2- Стоматологиялық науқастың амбулаториялық картасын толтыру реттілігін жазыңыз.

1

3

3

Стоматологиялық поликлиниканың терапевт дәрігер стоматологы айлық есеп тапсыру кезінде қандай құжаттармен жұмыс жасайды?
1- Құжаттары толтыру реттілігін жазыңыз.



1

3

4

Науқастың жасы 20, ол тамақ ішкенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағынданады. Қарап тексергенде: 27 тістің дисталды бетінде кіре берісі үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар. Қуыс ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде тіс жегі қуысы түбінде ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға 10-15 секунтай ауру сезімі байқалды.



  1. Қандай қосымша тексеру әдістерін қолданасыз?

2- Сіздің нақтамаңыз қандай?
3- Қолданылатын ем реттілігі.

1

3

5

Науқастың жасы 32де, қышқыл, қантты тағамдарды жегенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің мойын бетінде эмаль деңгейде тісжегі анықталды. Шұқып тексергенде қуыстық табанында ауру сезімі жоқ. Қағып қарағанда ауру сезімі жоқ.

  1. Тексерудің қосымша әдістерін көрсетіңіз.

  2. Сіздің нақтамаңыз.

  3. Жасалынатын ем реттілігі

1

3

6

Науқасты қарап тексергенде 14 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуысы бар, дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ.

  1. Тексерудің қосымша әдістерін қолданасыз ба?

  2. Сіздің нақтамаңыз.

3- Жасалынатын ем реттілігі

1

3

7

Науқас 34 жаста. 15 тістің қатты тағамдар қабылдағанда ауру сезімі бар екеніне шағымданды. Ауру сезімі 1 ай бұрын пайда болған. Қарап тексергенде 15 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар. Қуысты сүңгілеп көргенде ауру сезімі болды. Ұуысқа суық сумен тампон енгізгенде қысқа мерзімді ауру сезімі байқалды. ЭОМ 12 мкА көрсетеді.

  1. Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?

  2. Нақтамасын қойыңыз.

  3. Жасалынатын ем реттілігі.

1

3

8

Стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезінде бүркелген қанды анықтау үшін азопирам сынамасын дайындау қажет.

  1. Азопирам сынамасының құрамына қандай заттар кіреді?

  2. Азопирам ерітіндісін дайындау ережесі кандай?

  3. Азопирам ерітіндісін қолдану тәртібі қандай?

1

3

9

Сіз медбикенің стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерін жүргізуін бақылауға келдіңіз. Ол құрал саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып қойды, одан алып жуу ерітіндісіне бөктірді.

  1. Медбике дұрыс орындап жатыр ма?.

  2. Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдері қанша?

3- Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдерінің реттілігін айтыңыз.

1

3

10

Стоматолог дәрігерге 36 жастағы А. есімді науқас алдын алу мақсатта тістерін көрсетуге келді. Ауыз қуысын стоматологиялық айна және зонд көмегімен объективті қарау кезінде 46,47,18-ші тістерінің табиғий ойықтарында ақ дақ пайда болғаны анықталды. Науқаста ешқандай шағым жоқ. ЭОМ 2 мкА көрсетеді. Термометрияда теріс көрсеткіш көрсетті.
1. аурудың нақтамасын анықтаңыз?
2. Қолданатын ем- шаралар реттілігін айтыңыз.

1

3

11

Науқас 23 жаста. Ол жоғарғы оң жақта тістің ыстық - суықтан қысқа мерзімді ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде еш бір тісте тісжегі қуысы байқалмады. Рентгеногарммамен тексергенде 16 тістің дисталды бетінде қатты тіндердің дентиннің ортаңғы бөлігіне дейін зақымдануы байқалды. ЭОМ 15 мкА көрсетті.

  1. Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?

  2. Нақтамасын қойыңыз.

3- Жасалынатын ем реттілігі.

1

3

12

25 жастағы Т. есімді ер науқас дәрігер стоматологқа алдыңғы күрек тістерінің қарайып қалғанына шағымданады. Ешқандай ауырсыну жоқ, тек эстетикалық бұзылыс болып тұр дейді. Стоматологялық айна және зонд көмегімен қарағанда 11 және 21-ші тістің түйіскен беткейінде қарайған тіс жегі бар. Шұқып көргенде ауырмайды, қағып қарағанда да ауырмайды. ЭОМ 2 мкА көрсетеді.
1. Тіс жегісінің бұл түрін Блэк қай сыныпқа жатады?
2. нақтамаңызды қойыңыз.
2. Аурудың емдеу реттілігін жазыңыз.

1

3

13

Науқастың жасы 20. Аурудың алдын алу іс - шарамен қарап тексеруде 11, 12 тістердің кесу қырында, сонымен қатар 16 және 26 тістердің төмпешіктерінде ақ дақтар анықталды. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды және қарап тексергенде басқа тістерде анықталмайды.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз

  2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

  3. Мұндай жағдайда қандай іс –шара қолданасыз?

1

3

14

55 жастағы науқас төменгі жақ тістер сауыттарының ақауына шағымданады. Объективті: 36,35,34,44,45,46 тістер вестибулярлы бетінің мойын аймағында дентин деңгейінде қабырғалары бұрыш түзетін ақаулар бар. Ақау беттері тегіс, жалтырланған. Зондтпен шұқығанда ауырмайды.

  1. Науқасқа қандай на қтама қоясыз?

  2. Қолданатын ем шаралар реттілігін көрсетіңіз.

1

3

15

Науқасты тексеру кезінде көптеген бастапқы тіс жегілер пайда болғанын анықтадыңыз.

  1. Қандай салыстырма нақтама жасайсыз?

  2. Науқасқа қандай жергілікті ем тағайындайсыз?

  3. Науқасқа қандай жалпы ем тағайындайсыз?

2

1

1

Терапиялық стоматология бөлмесіндегі қауіпсіздік ережелері.

2

1

2

Терапиялық стоматология бөлмесіндегі залалсыздандыру және зарарсыздандыру.

2

1

3

Азопирам сынамасының маңызы.

2

1

4

Фенолфталеин сынамасының маңызы.

2

1

5

Ауыз қуысының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

2

1

6

Стоматологиядағы науқасты тексерудің негізгі әдістері.

2

1

7

Стоматологиялық науқасты тексерудің қосымша әдістері.

2

1

8

Терапиялық стоматологиядығы жансыздандыруды жүргізу тәсілдері.

2

1

9

Тіс жегінің пайда болу теориясы.

2

1

10

Тістердің гистологиясы .

2

1

11

Тістің қатты тіндерінің ойықтарының этиологиясы.

2

1

12

Кіші және үлкен азу тістердің анатомиясы.

2

1

13

Тістің қатты тіндерінің патологиялық жейілуі, этиологиясы.

2

1

14

Жүре пайда болған тіс жегі емес ақауларының жіктелуі.

2

1

15

Тұрақты тістердің шығу және түбірлерінің қалыптасу мерзімдері.

2

2

1

Терапиялық стоматологияда қолданылатын өткізгіштік жансыздандыру түрлері және қолдану орны.

2

2

2

Пломбылық материалдардың жіктелуі, олардың құрамы мен қасиеттері.

2

2

3

Тіс жегінің жіктелу түрлері.

2

2

4

Тіс жегі қуыстарын Блэк бойынша жіктелуі.

2

2

5

Беткей тіс жегінің клиникасы, нақтамасы және емі.

2

2

6

Стоматологияда науқасты тексерудің негізгі және қосымша әдістерін жазыңыз.

2

2

7

Ауыз қуысының сілекей бездерінің қызметі және сілекей бездердің түрлері.

2

2

8

Бастапқы тіс жегінің клиникасы, емі және алдын алу

2




9

Уақытша және емдік төсемдерге арналған материалдар дайындау және пломбылау әдісі.

2

2

10

Терең тіс жегінің созылмалы түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.

2

2

11

Уақытша төсемдер, олардың түрлері, пломбылау техникасы.

2

2

12

Фиссуралық герметиктерді қолдану техникасы.

2

2

13

Жүре пайда болған тіс жегі емес ақауларының этиологиясы.

2

2

14

Терең тіс жегінің емі.

2

2

15

Терең тіс жегінің салыстырмалы диагностикасы.

2

3

1

Стеклоиономерлі цементтер стоматология саласының кең қолданылатын цементі болып саналады.

  1. Стеклоиономерлі цементтер құрамы қандай?

  2. Стеклоиономерлі цементтер жалпы қасиеттері

  3. Стеклоиономерлі цементтерді қолдануға дайындау әдісін айтыңыз

2

3

2

Науқас Д, 27 жаста, стоматолог қабылдауына келді. Қызыл иектің қанағыштығы мен кышымсу сезіміне шағымданады. Тексеру барысында 32, 31, 41, 42 тістердің мойнында тіс тастары байқалды. Науқас табиғатынан өте сезімтал екенін айтты.
1.Бұл жағдайда қандай анестезия түрін қолданасыз?
2. Науқасқа қолданатын ем- шара әдісін көрсетіңіз.

2

3

3

Науқас С, қабылдауға тістерінің эстетикалық бұзылысы шағымымен келді. Тексергенде 22, 23 тістердің жанасу беткейінің кариоздық бұзылысы анықталды. 23 тістің медиальды бұрыш беткейіне зақым келген.
1. Бұл Блэк бойынша қай классқа жататын тісжегі?
2. 23 тістің реставрациялау барысы реттілігін жазыңыз.

2

3

4

Терапиялық стоматология бөліміне 17 жастағы науқас келді. Шағымы : жоғарғы және төменгі жақ күрек тістеріндегі ашық қоңыр түсті дақтар. Зондтау кезінде беткей тегіс, эмаль жылтыр. Анемнезден: науқас 3 жастан 7 жасқа дейін су құрамында фторы көп (2,5 мг/л) мекенде өмір сүрген.
1. Нақтама қойыңыз.
2. Емін тағайындаңыз.

2

3

5

Науқас 47 жаста. Шағымы: Тістер сезімталдығы. Обьективті тексеру барысында тіс түбірінің 2/3 бөлігінің ашылуы, 14, 15, 24, 25 тістер мойнында тіндер жетіспеушілігі анықталды. Ақау бар жерде тіс беткейлері жылтыр, сарғайған, тегіс, шұқып көргенде ауырмайды, қағып қарағанда да ауырмайды. ЭОМ 2 мкА.
1. Нақтама қойыныз.
2. Аурудың этиологиясы.
3. Емдеу әдісі.

2

3

6

Терапиялық стоматология клиникасына 35 жастағы науқас келді ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. Қарап тексеру кезінде жоғарғы жақтың тістерінің таңдай және төменгі жақтың тістерінің тіл беткейлерінде қара- қоңыр түсті тіс кірлерімен ½ бөлігі жабылған.

  1. Қандай құрал- саймандармен тіс қақтары алынады?

  2. Тіс қақтарын алу кезінде дәрігер стоматолог қандай қорғаныс заттарынан пайдаланады?

  3. Ауыз қуысының жеке гигиенасы бойынша қандай ұсыныстар бересіз?

2

3

7

Науқастың жасы 20. Аурудың алдын алу іс - шарамен қарап тексеруде 11, 12 тістердің кесу қырында, сонымен қатар 16 және 26 тістердің төмпешіктерінде ақ дақтар анықталды. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды және қарап тексергенде басқа тістерде анықталмайды.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз

  2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

  3. Мұндай жағдайда қандай іс –шара қолданасыз?

2

3

8

Науқас химиялық зат өндіретін заводтың жұмысшысы. Жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінде ақаудың пайда болуына шағымданып келді. Обьективті көрінісі: 11,21,22, 12 тістерде эмаль денгейінде және дентиннің жоғарғы қабатында дөңес пішінді ойықтар анықталды, ойықтырдың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді.

  1. Нақтама қойыңыз.

  2. Емдеу реттілігін айтыңыз.

2

3

9

Науқастың жасы 36, тістерін тазалағанда жоғарғы жақ тістерінің сезімталдығының жоғарлағанына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтағы сүйір және кіші азу тістердің вестибулярлы беттерінде мойын бөлігінде ақаулары бар, қабырғалары қатты, тегіс, көлденен кесіндіде үшбұрышты пішіндес. Шұқып тексергенде сезімталдығы байқалады.

  1. Нақтама қойыңыз.

  2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

  3. Қолданатын ем –шаралардың реттілігін көрсетіңіз.

2

3

10

20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен – бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жалтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, дақ метилен көк ерітіндісімен боялмайды.

  1. Науқасқа нақтама қойыңыз.

  2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

  3. Қолданатын ем шаралар реттілігін көрсетіңіз.

2

3

11

55 жастағы науқас төменгі жақ тістер сауыттарының ақауына шағымданады. Объективті: 36,35,34,44,45,46 тістер вестибулярлы бетінің мойын аймағында дентин деңгейінде қабырғалары бұрыш түзетін ақаулар бар. Ақау беттері тегіс, жалтырланған. Зондтпен шұқығанда ауырмайды.

  1. Науқасқа қандай на қтама қоясыз?

  2. Қолданатын ем шаралар реттілігін көрсетіңіз.

2

3

12

25 жасар жігіт жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады. Тісінің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: алдыңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар орналасқан. Дақтың беті тегіс, жылтыр, дақ 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды.

  1. Науқасқа нақтама қойыңыз.

  2. Аурудың этиологиясын айтыңыз.

  3. Емдеу іс- шараларының реттілігін айтыңыз.

2

3

13

Ж. есімді 21 жасар ер науқас дәрігер стоматологқа профилактикалық мақсатта сухбат алуға келген. Объективті ауыз қуысын көру кезінде, 41-ші тістің мойын бөлігінде «кіреуке тамшылары» байқалды. Тіс тіндерінің артық мөлшерде өсуі байқалып,тістерінің көлемі қалыпты жағдайдан үлкейген.

  1. Сіздің нақтамаңыз?

2- Қолданатын ем – шараңыздың реттілігі

2

3

14

19 жасар бала жоғарғы және төменгі алдыңғы тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Тістер түсінің өзгеруі балалық шағынан бар. Балалық кезінде асқазан ішек жолдарының ауруларымен көп ауырған. Қарап тексергенде алдыңғы тістердің тістер кіреукесі кесу беткейіне жақын жерлері сары түске боялған. Тістер жылтыр, тегіс ешқандай ауру сезімі жоқ.

  1. Алдын ала нақтама қойыңыз.

  2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

  1. Емдеу іс –шараларының реттілігіне айтыңыз.

2

3

15

Пациент 21 жаста. Ол жоғарғы оң жақта тістің ыстық - суықтан қысқа мерзімді ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде еш бір тісте тісжегі қуысы байқалмады. Рентгеногарммамен тексергенде 26 тістің дисталды бетінде қатты тіндердің дентиннің ортаңғы бөлігіне дейін зақымдануы байқалды. ЭОМ 15 мкА көрсетті.

  1. Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?

  2. Нақтамасын қойыңыз.

3- Жасалынатын ем реттілігі.

3

1

1

Блэк бойынша 3ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

3

1

2

Блэк бойынша 2ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.

3

1

3

043/У формасын толтыру ережесі.

3

1

4

Күрек және сүйір тістердің анатомиясы.

3

1

5

Ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы.

3

1

6

Ауыз қуысының жеке гигиенасы.

3

1

7

Терапиялық стоматология бөлмелерінде қолданатын шығындылардың сыныптары жайлы мәлімет.

3

1

8

Тұрақты тістердің шығу және түбірлерінің қалыптасу мерзімдері.

3

1

9

Сүт тістердің шығу, түбірлерінің қалыптасу және сорылу мерзімдері.

3

1

10

Бактерицидті цементтердің қасиеттері, оларды қолдану орны.

3

1

11

Тістер тазаланғаннан соң оның сапасын бағалау әдісі.

3

1

12

Жүре пайда болған тіс жегі емес ақауларының жіктелуі, этиологиясы.

3

1

13

Тіс жегінің дақ түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.

3

1

14

Тістің қатты тіндерінің өлеттенүінің этиологиясы,клиникасы

3

1

15

Флюороз этиологиясы,жіктелуі, клиникасы.

3

2

1

Құралдармен стоматологиялық қондарғылардың күтімі, қауіпсіздік техникасы.

3

2

2

Ауыз қуысының шарышты қабатының анатомиялық -физиологиялық ерекшеліктері.

3

2

3

Тістердің клиникалық анатомиясы және формулаларын жазыңыз.

3

2

4

Цементтерді дайындау және пломбылау әдістері, қолданатын құрал- саймандар.

3

2

5

Жарық пен қататын пломбалық материалдар жүйесі, құрамы, қолданылу орны.

3

2

6

Терапиялық стоматологияда қолданылатын өткізгіштік жансыздандыру түрлері және қолдану орны.

3

2

7

Орта тіс жегінің клиникасы, нақтамасы және емі.

3

2

8

Терең тіс жегінің жедел түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.

3

2

9

Тістің қатты тіндерінің жүре пайда болған тіс жегі емес зақымдануларының этиологиясы.

3

2

10

Тістің қатты тіндерінің туа пайда болған тіс жегі емес зақымдануларының этиологиясы.

3

2

11

Дәрігерлік гигиенаның әдістемесі және реттілігі.

3

2

12

Ауыз қуысының жеке гигиенасы кезінде қолданылатын тазалау әдістері.

3

2

13

Тістің қатты тіндерінің патологиялық жейілуінің клиникасы.

3

2

14

Емдік төсемдер, олардың жіктелуі, пломбылау техникасы.

3

2

15

Композиттік пломбылық материалдардың жіктелуі, дайындау және пломбылау әдістері.

3

3

1

Г. есімді 18 жасар ер науқас дәрігер стоматологқа профилактикалық мақсатта сухбат алуға келген. Объективті ауыз қуысын көру кезінде, 31-ші тістің мойын бөлігінде «кіреуке тамшылары» байқалды. Тіс тіндерінің артық мөлшерде өсуі байқалып,тістерінің көлемі қалыпты жағдайдан үлкейген.

  1. Сіздің нақтамаңыз?

2- Қолданатын ем – шараңыздың реттілігі

3

3

2

Р. есімді 16 жасар қыз бала стоматологқа келді. Күрек тістерінің ағарып қалғандығына шағымданады. Ешқандай ауырсыну сезімі жоқ, бірақ тістерінің ағарып қалуының салдарынан күлуге уялатынына шағымданады. Объективті қарау кезінде 11 және 21-ші тістерінде кіреберіс беткейінде ақ дақтар пайда болған,ал басқа тістері мүлдем тіс жегімен зақымдалмаған. Кіреуке өзінің жылтыр қасиетін сақтап қалған. Анамнез барысында тіс жегісінен профилактикалық мақсатта құрамында фтор мөлшері көп тіс пастасын қолданған.

  1. Сіздің нақтамаңыз?

2- Қолданатын ем –шараңыз.

3

3

3

Науқас 21 жаста дәрігер стоматологқа көріну кезінде фронтальды күрек тістерінде ақ дақтар көрінеді. Сұрап сүрістіру кезінде ол науқас тұратын аймақта осындай ала, сары мүжілген, қңыр түсті тістер өте көп кездесетінін айтты. Дәлелденген мәліметтер қолданыстағы судың құрамында фтор мөлшері көбейіп кетуі анықталды.

  1. Сіздің нақтамаңыз.

  2. Қолданатын ем – шаралар әдісі.

  3. Аурудың алдын алу іс шаралары

3

3

4

20 жасар қыз жоғарғы және төменгі алдыңғы тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Тістер түсінің өзгеруі балалық шағынан бар. Балалық кезінде асқазан ішек жолдарының ауруларымен көп ауырған. Қарап тексергенде алдыңғы тістердің тістер кіреукесі кесу беткейіне жақын жерлері сары түске боялған. Тістер жылтыр, тегіс ешқандай ауру сезімі жоқ.

  1. Алдын ала нақтама қойыңыз.

  2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

  1. Емдеу іс –шараларының реттілігіне айтыңыз.

3

3

5

20 жасар жігіт алдыңғы тістерінің косметикалық ақауына шағымданады, бұл балалық шағынан байқалады. Қарап тексергенде жоғарғы күрек тістерінің кесу қырында жартылай ай тәріздес ойығы бар, тістің пішіні бөшке тәріздес.

  1. Науқасқа қандай нақтама қоясыз?

2. Емдеу іс – шараларының реттілігін айтыңыз.

3

3

6

Құрал – саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезінде су краны бұзылып қалды. Мұндай кезде құрал – саймандардың таза өңделгенінін қандай байқаулармен тексеріледі.
1. мұндай жағдайда мед бикенің іс әрекеті қандай болуы қажет?
2. байқаулардың қандай түрлері жасалады?

3

3

7

Сіздің қабылдауыңызға науқас келіп тістерінің бұзылмауы жайлы қандай шаралар қолдануын өтінді.

  1. Науқасқа қандай кеңес бересіз?

  2. Науқасқа не тағайындайсыз?

  3. Қолданатын ем- шараларыңыз бар ма?

3

3

8

Сіздің қабылдауыңызға аурулардың алдын алу мақсатында тексеру үшін науқас келді. Тексеру кезінде алдыңғы тістердің түйіскен беткейлерінде ағарған дақтар пайда болғанын көрдіңіз. Ешқандай ауру сезімін тексеру кезінде анықталмады.

  1. Қосымша әдістер жүргізесіз бе?

  2. Қандай байқаулар өткізесіз?

  3. Ем тағайындайсыз ба?

3

3

9

Науқасты тексеру кезінде көптеген бастапқы тіс жегілер пайда болғанын анықтадыңыз.

  1. Қандай салыстырма нақтама жасайсыз?

  2. Науқасқа қандай жергілікті ем тағайындайсыз?

  3. Науқасқа қандай жалпы ем тағайындайсыз?

3

3

10

Науқас Ш. 45 жаста. 36 тістің шайнау беткейінде тіс қуысымен байланыспайтын, терең тіс жегі қуысы анықталды. Зондтағанда түбі ауырсынады, перкуссияда ауырсынбайды.

  1. Салыстырма нақтама жасаңыз

  2. Нақтама қойыңыз

  3. Ем жүргізіңіз

3

3

11

Науқас М. 21 жаста алдыңғы тістерде косметикалық ақауына шағымданады. Сұрау кезінде қышқыл және тәтті тағамдарға қамасу сезімі болады. Науқас химиялық лабораторияда лаборант болып жұмыс жасайтынын анықтады. Қарап тексеру кезінде 11,12,21,22,31,32,41,42 тістердің кіреберіс беткейінде әр түрлі көлемде бор және пигменттелген дақтардың бары анықталды. Зондтап көргенде кіреукеде эрозивті ойықтар анықталды және жай ауырсыну да болды. Термометрия кезінде де ауырсыну анықталды.

  1. Ауруға салыстырма нақтама жасаңыз

  2. Нақтама қойыңыз

  3. Ем жүргізіңіз

3

3

12

Науқас Ж. 28 жаста. Тексеру кезінде тістің шайнау беткейінде тамақ қалдықтарына толы тіс жегі қуысы бар. Тамақтан тазаланып қараған кезде қуыстағы дентин жұмсарған, тез қопарылып алынады. Зондтау кезінде ауырсынады. Термометрияда ауырсыну 10-15 секундқа созылады.

  1. Қандай қосымша тексеру әдісін жүргізесіз

  2. Қандай салыстырма нақтама жасайсыз

  3. Қандай нақтама қоясыз

  4. Қандай ем жүргізесіз

3

3

13

45 жастағы науқас төменгі жақ тістер сауыттарының ақауына шағымданады. Объективті: 26,25,24,34,35,36 тістер вестибулярлы бетінің мойын аймағында дентин деңгейінде қабырғалары бұрыш түзетін ақаулар бар. Ақау беттері тегіс, жалтырланған. Зондтпен шұқығанда ауырмайды.

  1. Науқасқа қандай на қтама қоясыз?

  2. Қолданатын ем шаралар реттілігін көрсетіңіз.

3

3

14

Науқастың жасы 21. Аурудың алдын алу іс - шарамен қарап тексеруде 21, 22 тістердің кесу қырында, сонымен қатар 26 және 36 тістердің төмпешіктерінде ақ дақтар анықталды. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды және қарап тексергенде басқа тістерде анықталмайды.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз

  2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

  3. Мұндай жағдайда қандай іс –шара қолданасыз?

3

3

15

Науқас К, қабылдауға тістерінің эстетикалық бұзылысы шағымымен келді. Тексергенде 12, 13 тістердің жанасу беткейінің кариоздық бұзылысы анықталды. 13 тістің медиальды бұрыш беткейіне зақым келген.
1. Бұл Блэк бойынша қай классқа жататын тісжегі?
2. 13 тістің реставрациялау барысы реттілігін жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет