Бекітемін: Мектеп директоры Г. Құлмаханова 2023ж



бет1/12
Дата03.09.2023
өлшемі70,54 Kb.
#180105
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
КТЖ Қазақ тілі 9-сынып 2023-2024 ж дұрысы



Бекітемін: ________________
Мектеп директоры Г. Құлмаханова
« _____ » __________ 2023ж


Келісемін:_________________
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Құлпайыстанова
« _____ » __________ 2023ж


«Қаралды»
Хаттама № « » ________ 2023ж.
Бірлестік жетекшісі Ж.Шілдебаева


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Ж.Шілдебаева
Сағат саны: 68 сағат , аптасына 2 сағат

Баспасы: «Атамұра» 2019 жыл Авторлары: Ж.Дәулетбекова, А.Рауандина, М.Дусимбаева


«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен жүзеге асырылады.
2023-2024 оқу жылы


Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі»
оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)


1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
6. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) мәтіннен ақпаратты анықтау;
4) негізгі ойды анықтау;
5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
6) оқылым стратегияларын қолдану;
7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;
2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
4) эссе жазу;
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. «Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;
2) орфоэпиялық норма;
3) лексикалық норма;
4) грамматикалық норма;
5) пунктуациялық норма.
14. 9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
әртүрлі жанрдағы орта көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен тілдік құралдардың рөлін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу, мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау, мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беру;
2) оқылым:
тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу, қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану, мақала, аннотация, презентация, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, әртүрлі стильдегі мәтіндердің қызметін, құрылымын, ерекшелігін салыстыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу, ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
3) жазылым:
күрделі жоспар құру, әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, жағдаятты талқылау, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе), перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу, эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау;
орфоэпиялық норма: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; лексикалық норма: лексикалық стилистика заңдылықтарын дұрыс қолдану;
грамматикалық норма: құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу, салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану;
пунктуациялық норма: құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет