Бекмұратова Назгүл Мирамбайқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі


Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата15.12.2016
өлшемі2,65 Mb.
#3856
1   2

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:

Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Дамытушылық:
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:
Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, рөлдік ойын, әңгімелеу және т. б.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. Балалар үш топқа бөлінеді: қызыл түсті белгісі бар балалар–«Қызылдар», сары түстілер - «Сарылар», жасыл түстілер–«Жасылдар».
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.

Тәрбиеші: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол- көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі– көптеген жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің тобымызда бүгін «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын менде,

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз

Аспандағы күнге.
Тәрбиеші: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы. Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы:
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы:
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
Тәрбиеші:

2. Тапсырма: Жол ережесіне байланысты сұрақтар.



1-ші топ: «Қызылдар»

1.Жол белгісі неше топтан тұрады?

2. Бағдаршам көздері қалай орналасқан?

3.Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?



2-ші топ: «Сарылар»

  1. Велоспед жолға шығарда ненеі тексеру қажет?

  2. Бағдаршамның көздерінің түстерін ата?

  3. Көліктер неше топқа бөлінеді?

3-топ: «Жасылдар»

1.Көлікті кім жүргізеді?

2.Көліктің пайда қандай?

3. Көліктердің зиян жағы?


3-тапсырма: «Кім жылдам?» Бағдаршамның көздерін бояу. (3 топ)
4-тапсырма: Бағдаршамды құрастыру.

Бағдаршамның сырын білейік. Балалар сырын айтып береді.



Дана:

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Рамазан:

Сары шамы жанғанда,

Сақ абай бол барынша.

Ержан:

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

«Жол белгілері»
Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» және сары түспен «Міндеттеу белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.
1 - топ: Тыйым салу белгісі. Дінмұхамед:
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты.
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі.
Міндеттеу белгісі. Аружан:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,


Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!
3-топ: Гауһар:

Баратын жерімнің бағытын тұратын,

Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын.

Күндізде түнде де от болып жанады.

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

5-тапсырма: «Жұмбақтарды шешу»
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
4. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)
5. Өзі тым күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)
6. Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді. ( машина)
6-тапсырма: «Велоспедпен жарыс»
Жол ережесіне байланысты тақпақтар.

Нұрдария:

Жол көліктің жүрегі,

Машина көп жүреді.

Қауіп жоқ деп ойлама,

Жолда футбол ойнама.

Шахризат:

Үлкенмін ғой міне мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

Ерсін:

Бип-бип-бип дейді,

Жолдан былай кетпейді,

Алға қарай ұмтылмай,

Машинадан қаш дейді.

«Әдептілік әліппесі»
Тәрбиеші:
- Балалар енді мен сендерге мынадай жұмбақ - әңгіме оқып берейін. Шешуін өздерің айтыңдар.

Алмас көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге:


-«Айтыңызшы, сағат қазір қанша?» - деп айқайлады.
Ол жүргінші уақытты айтқан соң, алмас бұрылып жөніне кетті. Бала бөтен адаммен қарым - қатынасында бірнеше қателік жіберді. Осы қателіктерді кім табады?
Жауабы:
1. Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек!
2. «Сағат қанша?» емес, «Уақытты айтып жіберіңізші» немесе «Сағат қанша болғанын айтыңызшы» деп сұрауы қажет.
3. Алдымен кешірім өтінуі керек.
4. Алмас ол адамға «Рахмет» айтуды ұмытты.
7-тапсырма: «Жағдаяттарды шешу»
«Қызылдар» тобы:
Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану керек еді?
«Жасылдар» тобы:
Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан - жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан қалай өту керек?
«Сарылар» тобы:
Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған балалар машиналар зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?
1. «Бағдаршам» ойын. Ойынның шарты:

  1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

  2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

  3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

2. «Бағдаршам» ойын. Ойынның шарты:

Бағдаршамды әр түс бойынша орналастыру.



Тәрбиеші: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл балалар көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Міне балалар жол жүру ережесін сақтау сендердің міндеттерің. Егер жол ережесін бұзсаң өзіңе қауіп төндіріп қоймай басқа адамдарға да зияның тиеді. Сондықтан жол ережесін сақтап, жолдан сақ болайық.







Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет